Корпоративті жауапкершілік – Samsung Newsroom Қазақстан

[Инфографика] Samsung Solve for Tomorrow: 68 елден 2,8 миллион қатысушылармен бірге болашақты 15 жыл қалыптастыру
Samsung Solve for Tomorrow – бұл онда жастар өздерінің STEM (ғылым, технология, инженерия және математика) білімдерін аналитикалық ойлауды дамыта отырып, қоғамдастықтардағы өзекті мәселелерді шешу үшін қолданатын, Samsung Electronics компаниясының ашық конкурс түріндегі жаһандық білім беру бағдарламасы.

Аталған бағдарлама тек жәй ғана идея байқауынан гөрі әлдеқайда терең нәрсені ұсынады. Қатысушылар инновациялық процестің әрбір сатысында: мәселені тұжырымдау мен идеяны құрудан прототипті әзірлеуге және шешімді сынауға дейін іс жүзінде тәжірибе жинақтай отырып, Samsung-тан Design Thinking әдістемесі бойынша оқытылады. Бұл тәсіл жастарға негізгі дағдыларды – креативті, жүйелі ойлау және практикалық шешімдерді табу қабілетін жинақтауға көмектеседі.

Алғашында 2010 жылы АҚШ-та эссе байқауы ретінде басталған Solve for Tomorrow, қазір әлемнің 68 елін қамтиды, ол әлемнің түкпір-түкпірінен келген жастарды жарқын болашақ үшін шешімдерді бірлесіп іздеу істеу үшін біріктіреді.

2025 жылдан бастап бағдарлама жаңа жаһандық тақырыптық бағыттарды алды. Олардың біріншісі – «Технология арқылы экологиялық тұрақтылық» және «Спорт пен технология арқылы әлеуметтік өзгерістер». Бұл бастаманың әмбебап мәселелерді шешудегі және халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы рөлін күшейтті.

Samsung жастарға – design thinking бастап экологиялық және әлеуметтік жобалауға дейін болашақтың дағдыларын дамытуға көмектесе отырып, білім беру мүмкіндіктерін кеңейтуді жалғастыруда. Компания оларға жарқын және тұрақты әлемді қалыптастыруға белсенді әсер ету мүмкіндігін бере отыра, студенттерге олардың идеяларын нақты жобаларға айналдыру жолында қолдау көрсетеді.

Төмендегі инфографикадан Samsung-тың Solve for Tomorrow жаһандық білім беру бағдарламасының 15 жыл ішінде дамуымен танысыңыз.

Samsung «Python және Big Data негіздері» курсы аясында оқу жылының қорытындысын жасайды
Наурыздың соңында Big Data-ны зерттеу курсы және Python бағдарламалау тілі бойынша кезекті оқу мерзімі аяқталды. Қазақстанның түкпір-түкпірінен 150-ден аса оқушылар және студенттер бағдарламалау негіздерін оқыды, ерекше тапсырмаларды шешті және IT әлемімен танысты.Бұл ағын Атырау және Қостанайда, қос өңірде де оқушылар арасында танымал болған офлайн-сыныптарын алғаш рет ұсынды.

Студенттердің көпшілігі бірнеше ай бойы Samsung Innovation Campus жобасының оқытушылары дайындаған үй тапсырмаларын сәтті орындап, емтихандарын тапсырды. Ал ақпан айында студенттер бітіру емтиханын тапсырды, оның нәтижесі бойынша олардың көпшілігі арнайы сертификаттардың иегерлері атанды. Сонымен қатар, қорытынды тапсырмаларды басқаларға қарағанда сәтті орындаған үш оқушыға фирмалық рюкзактар ​​мен Galaxy A сериялы смартфондары табысталды.

«Мен Samsung Innovation Campus командасына Python бағдарламалау бойынша тегін курстан өтудің бірегей мүмкіндігі үшін шын жүректен алғыс айтамын. Бұл жай ғана курс емес – бұл өскелең ұрпақтың дамуына қосқан үлкен үлес, мен оның бір бөлшегі болғаныма өте қуаныштымын», – дейді бітіру емтиханында ең жоғары балл жинаған Аружан Сыздықова.

Бойжеткен оқу кезінде IT саласындағы білімін тереңдете алғанын, өз қабілеттеріне сенім артқанын, соның арқасында бірінші орынға ие болғаны туралы айтып берді.

«Мұндай бастамалар шын мәнінде шабыттандырады, олар қаржылық мүмкіндіктерге қарамастан дамуға және керемет болашақты жасауға мүмкіндік береді», – деді Аружан.

Алдыңғы ағынның ақпан айында аяқталуымен «Python және Big Data негіздері» жаңа курсы басталды. Сонымен қатар, мобильді даму және Java бойынша оқыту жалғасуда. Жақында студенттер өздерінің соңғы жобаларын дайындайды, олар (бірінші қазылар алқасының мүшелерін) өздерінің тапқырлығымен және бағдарламалауға дәстүрлі емес өскелең көзқарасымен таң қалдыруға үмітті.

Сондай-ақ сәуір айының соңына дейін Solve For Tomorrow жобасына Samsung Electronics компаниясының әлемді өзгертуді қалайтын мектеп оқушыларына арналған стартап байқауына өтінімдер қабылданады. Solve For Tomorrow көрмесінде ұсынылған көптеген жобалар мақсатты аудитория мен жас дарындардың идеяларын жүзеге асыруға мүдделі ұйымдар арасында қолдау тапты.

Samsung Innovation Campus курстарына жаңа іріктеулер және жобаның өзі туралы толық ақпаратты samsung-campus.kz ресми сайтынан табуға болады. Solve For Tomorrow өтінім беру туралы ақпаратты . https://solvefortomorrow.kz/ сайтынан табуға болады

Samsung Innovation Campus (SIC) – Samsung Electronics компаниясының әлеуметтік білім жобасы. Бұл біздің компания өкілдік ететін көптеген елдерде жұмыс істейтін SIC жаһандық білім беру жобасының бөлігі. Аталған бастама коммерциялық емес және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылады. Жобаның басты мақсаты – балаларға ақпараттық технологиялар саласында тегін, сапалы білім алу мүмкіндігін беру. Қазақстанда бұл жоба 2017 жылғы желтоқсанда басталды.

Ақтөбеде студент туған қаласында мектеп оқушыларына арнап бағдарламалауды оқытуды бастады. Ол бұл жолды қалай және неліктен таңдады?
Samsung Innovation Campus әлемдік бағдарламасы Қазақстанда 2017 жылы іске қосылды. Осы жобаның арқасында 8 жыл бойы еліміздегі көптеген оқушылар және студенттер ең өзекті салада өздеріне мансап жасауға көмектесетін, сыныптан тыс тегін IT-білімге қол жеткізіп отыр.

2023 жылғы түлектердің бірі Ақтөбелік студент Ұлан Жоламанов, қазіргі таңда ол өзі Samsung Innovation Campus оқытушысы болып, мектеп оқушыларын және студенттерді Python тіліндегі бағдарламалауға оқытады. Оқытудан бөлек, сонымен бірге өзіне маман ретінде дамуға мүмкіндік беретін, әртүрлі бағдарламалық жобаларды әзірлеумен белсенді түрде айналысады.

Ұланның туып-өскен жері Ақтөбе қаласы болғандықтан №6 Г. Актаев атындағы орта мектепті аяқтады. Дәл сол мектеп қабырғасында оның бағдарламалауға деген қызығушылығы артты. «Алдымен менің компьютердің қалай жасалғандығы, оның жұмысының артында қандай құпияның бар екендігін білгім келді. «Уақыт өте келе бұл әуестік бағдарламаларды жасауға деген терең қызығушылыққа және әртүрлі шешімдерді жасап шығаруға ұласты».

Samsung Innovation Campus жобасы енді ғана Ақтөбеде пайда болғанда, Ұлан жоба туралы университетте білді. Өзі де IT саласына қызығушылық танатындықтан, өз білімін бекіту үшін бағдарламаға қатысуға бекінді. Мен Ақтөбедегі Кампустың бірінші легінің бірінші қатысушылары қатарынан табылдым. Кампус маған өзімнің бойымдағы дағдыларды жүйелендіруге, жаңа технологияларды игеруге және IT-ға құмар адамдармен танысуға септігін тигізді.

Бағдарламадағы өзінің оқуын Ұлан тебіреніп еске алады. Ол Кампустағы оқуын университетпен қатар алып жүрді, осыған бола бағдарламалауға толығымен еніп кетіп,оқу орнындағы дәрістерді жіберіп алатын. Оны бірде тіпті ұстап алды, «Мен ең нашар жағдайға дайын болдым және бұл оқудан шығаруды қоса алғанда, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін деп ойладым. Бірақ күтпеген жерден жағдай менің пайдама шешілді: мұғалімдер менің IT саласында оқып, дамытқым келетінін түсінді және жіберіп алған сабақтарымды онлайн алуға мүмкіндік берді. Бұл мен үшін, егер сіз шынымен де білімге ұмтылсаңыз, сіз әрқашан жаңа жол таба алатыныңызды растайтын маңызды сәт болды ” -деп есіне алады Ұлан.

Курстарды аяқтағаннан кейін және кейде бірінші курс студенттеріне сабақ беруге тура келетін университет тәжірибесі кезінде ол өз уақытын оқытуға және білімін беруге арнауды шешті. Осылайша, ол туған қаласында Python курсын үйрете бастады. Шәкірттері туралы айта келе, Ұлан мектеп оқушыларының қазіргі ұрпағы жаңа технологиялар мен құралдарға тезірек бейімделетінін, өйткені олардың бала кезінен цифрлық ортамен әрекеттесу тәжірибесі мол екенін атап өтті.

“Ақтөбеде студенттер мен оқушылар арасында бағдарламалауға деген қызығушылық үнемі артып келеді. Көпшілік IT жай ғана қызықты сала емес, табысты мансап құрудың нақты мүмкіндігі екенін түсінеді. Әсіресе, тәуелсіздікке ұмтылып, халықаралық компанияларда немесе өз жобаларында жұмыс істегісі келетіндер бағдарламалауды әлеуметтік лифт ретінде қарастырады”, – деп бөлісті Ұлан аймақтағы бағдарламалауға деген қызығушылықты талқылап.

Ұлан да болашағын IT және ұстаздық саладан көреді. Оның мақсаты жай ғана оқыту емес, студенттерге IT саласында өсу мен дамуға нақты мүмкіндіктер беру. Кім біледі, мүмкін Samsung Innovation Campus-тің қазіргі түлектерінің бірі болашақта Ұланның орнына мұғалім болып қалар. Және міндетті түрде  әлемімізді одан әрі жақсарта түседі.

Рецептер анықтамасы, зоодүкен және мобильді ойындар: Samsung Innovation Campus оқу жылын қорытындылап, жаңа қабылдау туралы хабарлайды
Samsung Innovation Campus-та оқу жылы аяқталды. Кезекті ағында Қазақстанның барлық дерлік облыстарынан 200-ден астам оқушылар мен студенттер қатысты. Тоғыз ай бойы олар екі пән – «Python және үлкен деректер негіздері» және «Мобильді өңдеу курсы» бойынша тегін оқыды.

Түлектердің көпшілігі емтихандарды сәтті тапсырып, көкейкесті сертификаттар мен фирмалық рюкзактардың иегерлері атанды. Жоғары балл жинағандарға Samsung Electronics компаниясы Galaxy A сериялы смартфондарын қосымша табыс етті.

«Мобильді өңдеу курсының» студенттері хакатон барысында дайын ойын мен әлеуметтік қолданбаларды ұсынды. Рецептер анықтамасы, қызметкерлерді іздеу, қаржылық сауаттылық және онлайн зоодүкені бойынша жобалар ерекше атап өтілген. Көптеген оқушылар өздерінің мобильді ойындарын әзірледі.

«Python және Big Data негіздері» бойынша түлектер бағдарламалау дағдыларын және үлкен деректермен жұмыс істеуді меңгерді. Олардың кейбіреулері оқу кезінде отандық компанияларда веб-әзірлеуші ​​немесе бағдарламалық жасақтама жасаушы ретінде мансабын бастады.

Оқу жылы аяқталмай-ақ Samsung Innovation Campus жаңа оқу жылының басталғанын хабарлайды. 21 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында «Python және үлкен деректер негіздері» және «Мобильді өңдеу курсы» пәндері бойынша студенттер қабылдануда. Іріктеуден өткендер Алматы, Астана, Талдықорған, Атырау, Ақтөбе және Қостанай қалаларындағы арнайы жабдықталған сыныптарда оффлайн режимде оқи алады. Басқа аймақтардан келген талапкерлер үшін онлайн оқу мүмкіндігі бар.

Samsung Innovation Campus курстарына жаңа қабылдау және жобаның өзі туралы толық ақпаратты samsung-campus.kz ресми сайтынан табуға болады.

Samsung Innovation Campus (SIC) – бұл Samsung Electronics компаниясының әлеуметтік білім беру жобасы болып табылады. Бұл біздің компания өкілдік ететін елдердің көпшілігінде жұмыс істейтін SIC жаһандық білім беру жобасының бөлігі. Осы бастама коммерциялық емес және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылады. Жобаның басты мақсаты – балалардың ақпараттық технологиялар саласында тегін, сапалы білім алуына мүмкіндік беру. Қазақстанда бұл жоба 2017 жылдың желтоқсанында іске қосылды.

«Жыл мұғалімі», шетелдік диплом, жоғары жалақы: Samsung Innovation Campus жаңа мүмкіндіктер сыйлайды
Жасанды интеллект, Big Data (үлкен деректер), нейрондық желілер – бұл ұғымдар біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Біз олар туралы күнде естиміз және бүгінгі цифрлық дәуірде олардың орны ерекше. Мұның бәрінің негізінде бағдарламалау жатыр, ол жаңа ұрпақ үшін барған сайын маңызды дағдыға айналып отыр. Егер «кодтауды» білсеңіз, сіз үшін үлкен мүмкіндіктер ашылады. Оның үстіне бұл кәсіби шеберлікті ғана емес, ойлауды дамытатын қызықты әрі пайдалы әрекет.

Samsung Electronics компаниясы осы тенденция аясында қазақстандық мектеп оқушыларының бағдарламалау негіздерін меңгеріп, цифрлық технологиялар саласында терең білім алуға көп жылдардан бері көмектесіп келеді. Оның үстіне бұл толықтай тегін. Сізге тек еңбекқорлық пен тәртіп қажет. Жаңа дағдыларды игерген жас қазақстандықтар өмірлерін түбегейлі өзгертуде. Түлектерімізді мысалға ала отырып, бұл іс жүзінде қалай көрінетінін айтып береміз.

Дәулетбек Хамза – Samsung компаниясының тегін курстарын өткендердің бірі. Студент кезінде оны кәсіби әзірлеуші болу идеясы қызықтырған. Бұл жігітті C++, Python және басқа бағдарламалау тілдерін меңгеруге итермеледі.

Дәулетбек Хамза робототехника және бағдарламалау байқауында

«Бала кезімнен сандарға құштарлығым байқалған және әзірлеуші болу идеясы маған жақын болды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетіне оқуға түскенімде, Samsung инновациялық академиясы бар екенін естідім. Ол жерде бағдарламалауды тегін үйренуге болатынын біліп, бірден өтініш бердім», – дейді Даулетбек Хамза.

Курстан алған білімі Дәулетбекке өзінің сүйікті саласы – робототехникамен айналысуға мүмкіндік берді. Қазір ол өз идеясын жүзеге асыруға талпынып қана қоймай, өскелең ұрпаққа білімін белсенді түрде жеткізіп келеді. Жігіттің ұстаздық қабілеті де ерекше. Дәулетбектің жетекшілігімен оқушылар түрлі роботтарды сәтті жасап, жарыстарда жүлделі орындарға ие болып жүр.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрімен марапаттау сәті

Дәулетбек Хамза 2023 жылы TikTok нұсқасы бойынша жылдың үздік мұғалімі болып танылды. Ол екі минуттық видео жариялап, танымал бағдарламалау платформаларының бірінде роботты қалай құрастыру керек екенін қысқаша түсіндірді. Ал бейнежазба көп қаралым мен лайк жинап, ел қызығушылығын тудырды. Осы тұста Ғылым және жоғары білім министрлігі мұғалімнің шығармашылық тәсілін ерекше атап өтті.

«Шынымды айтсам, бұл мен үшін күтпеген жағдай болды. Бұл ретте марапатқа әбден лайық екенін түсінемін. Ең қуаныштысы, мектеп оқушылары мен студенттер қандай да бір тақырыпты түсіну, кеңес алу үшін менімен жаппай хабарласа бастады. Елімізде бағдарламалау саласының дамуына өз үлесімді қосып жатқаныма қуаныштымын», – дейді Дәулетбек Хамза.

Ақбота Мұзафарова – елордалық Samsung Innovation Campus филиалының оқушысы. Қыздың айтуынша, бағдарламалау әлемі оған алғашында мүлдем түсініксіз көрінген. Уақыт өте ол бұл тақырыпты тереңірек зерттеп, жоғары білікті IT маманы ретінде жасанды интеллектпен жұмыс істегісі келетінін түсінген. Осылайша бағдарламалау негіздерінен бастауды шешкен Ақбота оқу курстарын белсенді түрде іздей бастады.

Акбота Музафарова, елордалық SIC филиалының оқушысы

«Мен ғаламторда көптеген нұсқа кездестірдім. Samsung курстарын көргенде, бірден өтініш беруді шештім. Бұл таңдауда компанияның беделді және ірі болуы маңызды рөл атқарды. Олар сондай-ақ оффлайн режимде оқытуды қамтамасыз етеді және сертификаттар береді». – деп атап өтті Ақбота Мұзафарова.

Қазір бойжеткен Python тілін белсенді түрде оқып жатыр. Болашақта Ақбота медицина саласында өз қабілетін сынап көрмек. Дәрігерлерге науқастарды қарап, дұрыс диагноз қоюға көмектесетін бағдарлама жасау жоспарында бар.

Алмаз Лашын үшін Samsung Innovation Campus жобасы жай ғана бағдарламалау курстары емес, одан да ауқымды дүниеге айналды. Мұнда ол көзқарасы ұқсас жандарды кездестіріп, не қалайтынын, әрі қарай қандай бағытқа бет бұру керек екенін түсінді.

Алмаз Лашын, SIC түлегі

«Мен 2 бағытта оқыдым – Android Java Developer және Python Developer. Осыған дейін әртүрлі курстардан өткенмін, бірақ Samsung Innovation Campus мені қатты таң қалдырды. Мен екі тамаша ұстаздан – Жұлдыз мен Ильядан білім алдым. Екеуі де – мәселелерді шешудің әдеттен тыс әдістерін ұсына алатын кәсіби мамандар. Солардың көзқарасының арқасында ғана қажетті білімге қол жеткіздім», – дейді Алмаз Лашын.

Samsung Innovation Campus қабырғасында алған дағдылары Алмаз Лашынға шетелдік университетке түсуге мүмкіндік берді. Арман қуған азамат қазір Бейжің технологиялық институтының студенті. Болашақта Алмаз өзінің жеке стартапын дамытуды жоспарлап отыр.

Samsung Innovation Campus – бұл тек сапалы білім беру ғана емес, біртұтас рух. Осы тұста оқушылар курс нағыз ұйымшыл орта қалыптастырғанын, енді олар кез келген қиындықты бірге жеңетінін атап өтті. Айта кетейік, Қазақстанда Samsung Innovation Campus 2017 жылы іске қосылды. Осы уақыт ішінде мыңдаған азамат бағдарламалаудың қыр-сырын меңгеріп, өз отанында ғана емес, басқа елдерде де ІТ саласының дамуына үлес қосып жүр. Бұл жолды таңдаған жас қазақстандықтардың саны жыл өткен сайын артып келеді.

Samsung компаниясы Solve for Tomorrow стартапшылар мектебіне іріктеуді жариялайды
Samsung Electronics компаниясы қазақстандық оқушыларға арналған Solve for Tomorrow (SFT) жобасының аясында 2024 жаңа оқу маусымының басталуын жариялайды

Бұл қандай жоба? Solve for Tomorrow – бұл мектепте тек «беске» оқитын оқушыларға ғана арналған байқау емес, ол сондай-ақ үлкен мақсатқа жетуді аңсайтын, ортақ мәселені шешуде, адамдарға көмектесуде, өмірді жақсартуда өзінің ойларын өмірге әкелуге ниет білдірген жандарға арналған жоба… Сонымен қатар, ол – өз біліміңізді және қабілеттеріңізді жетілдірудің тамаша мүмкіндігі!

Өзіңізді таныдыңыз ба? Онда бізге қосылыңыз!

Solve for Tomorrow жобасында белсенді өмірлік ұстанымы бар оқушылар қоғамда кездесетін қиындықтарды және тәуекелдерді шешудің инновациялық шешімдерін әзірлейді және ендіреді.

Тәжірибелі менторлар SFT қатысушыларын өмірлік маңызы бар мәселелерді анықтауға және олардың шешімін іздеуге, сондай-ақ STEM (ғылым, технология, инженерия және математика) саласындағы Ойлау дизайны әдістерін қолданумен оларды тиімді жүзеге асыруға үйретеді. Осындай практика жас стартапшыларға шығармашылық және стандартты емес ойлауды дамытуға көмектеседі.

Командалар арасындағы сайыстың форматы нарықтық бәсекелестіктің ортасын жасайды.

Сайыс күресуге тұрарлық. Жүлделік қор – 10 миллион теңге!

Өткен жылы Гран-при жүлдесін өрттермен тиімді күресуге бағытталған Shabyt жобасымен Астанадан келген команда (ФМБ НЗМ) жеңіп алды. Балалар ЖИ-мен, камералармен және ультра дыбыстық сезгектермен жасақталған жоғары өтімділігі бар роботтарды әзірлеп шығарды, олар тек өртті сөндіруге көмектеспей, сондай-ақ қажетті заттарды, мысалы, газтұтқыштарды жеткізумен де айналысады.

Екінші орынды Full speed wheelchair әзірлемесімен Қарағандыдан келген ХББ НЗМ-нің жас стартапшылары алды, олардың жобасы физикалық мүмкіндіктері шектеулі жандардың өмірін жеңілдетуге бағытталған мүгедектерге арналған арбаша-гироскутер болып табылады.

«Қола» жүлдені ФМБ НЗМ-нің Алматылық оқушылары жеңіп алды, олар аутизмі бар балаларға арналған Drive Beyond жобасын ұсынды, бұл – аутизмі бар балаларда эмоциялық интеллектті дамытуға көмектесетін компьютерлік қосымша.

SFT жобасына Қазақстанның кез келген қаласынан 13 жастан 18 жасқа дейінгі оқушылар шақырылады. Өтінімдер 30 сәуірге дейін қабылданады. Мамырда қазылар алқасы жүзеге асырылуы мүмкін идеяларды іріктейді, олардың авторлары жобаның прототипін әзірлеу үшін менторлармен бірге онлайн және офлайн түрінде өтетін семинарлардың сериясына қатысады. Қатысушылар жазғы демалыстарда жобалармен айналысады. Финалға ең үздік 10 идея өтеді, олардың арасынан 3 жеңімпаз таңдалады.

Келесі сілтеме бойынша қатысудың толық шарттарымен танысуға және өтінімді беруге болады: Solvefortomorrow.kz

Samsung Electronics Атырауда IT-мамандықтарды тегін үйрететін мектебін ашты
Арнайы жабдықталған оқу кабинеті BINOM School инновациялық мектебінің базасында ашылды. Жоба Samsung Innovation Campus білім беру IT-курстары аясында жүзеге асырылып жатыр. Осы бастаманың арқасында 13-25 жас аралығындағы қазақстандық оқушылар мен студенттер сандық технологиялар саласында терең білім алып жатқанына көп жылдар болды. Samsung Electronics компаниясының ұқсас бірегей сыныптары қазіргі танда Астана, Алматы, Талдықорған және Ақтөбе қалаларында жұмыс істейді. Ендігі кезек Атырауға келді.

Мұнда әрбір студент таңдаған курсына байланысты, мысалы, ең қарапайым және танымал Python бағдарламалау тілін оқи алады немесе Java тілін таңдай алады, сонымен қатар үлкен деректермен жұмыс істеуді үйренуге болады. Сабақ аптасына екі-үш рет заманауи кабинетте өтеді. Сонымен қатар, кейбір балалар үшін онлайн сабақтар қарастырылған. Оқуды аяқтағаннан кейін түлектер дипломдық жұмыс дайындайды – өздерінің мобильді қосымшасын әзірлейді немесе деректерді талдау жобасын жасайды. Курсты сәтті аяқтағандар Samsung Electronics сертификаттарын алады. Сабақтардың ұзақтығы 4 айдан 10 айға дейін. Жаттығу толығымен тегін.

Қабылдау емтиханын тапсырғаннан кейін оқушылар екі бағыттың бірін таңдай алады:

1) Java бағдарламалау тілін үйрену және Android ОЖ негізіндегі мобильді платформаларға арналған қосымшаларды әзірлеу курсы. Оқу 9 айға созылады. Осы уақыт ішінде студенттер Java тілінің барлық қыр-сырын меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар смартфондар, сағаттар мен планшеттер үшін қосымшалар мен ойындарды жасауды үйренеді.

2) Python тілінің негіздерін үйрену және Big Data. Студенттер үлкен көлемдегі деректермен жұмыс істеуді үйренеді, оны басқару және визуализациялауды үйренеді.

Анықтама үшін:

Samsung Innovation Campus – бұл Samsung Electronics компаниясының халықаралық әлеуметтік және білім беру бағдарламасы, ол мектеп оқушылары мен студенттерге ең танымал IT мамандықтарын: жасанды интеллект, заттар интернеті, мобильді даму және үлкен деректерді тегін меңгеруге көмектеседі. 2014 жылдан бері бүкіл әлем бойынша шамамен 119 000 студент осы бағдарлама арқылы оқуын аяқтады. Қазіргі уақытта Samsung Innovation Campus жобасы әлемнің 30-дан астам елінде, соның ішінде Қазақстан, Ресей, Армения, Испания, Түркия және т.б. мемлекеттерде жүзеге асырылуда. Samsung Innovation Campus Қазақстанда 2017 жылы іске қосылды. Жобаның операторы «Мансаптық бағдар» бағдарлама аясында «АЯЛА» қайырымдылық қоры болып табылады, ол қазірдің өзінде Қазақстан бойынша 2,5 мыңнан астам жасөспірімге кәсіптік білім берді. Толық ақпаратты Samsung жобасының samsung-campus.kz сайтынан білуге ​​болады.

Samsung компаниясы Орта Азия экологтарын өзінің қоқыстарды жинау тәжірибесімен шабыттандырды
Samsung Electronics компаниясы 8-9 ақпанда Бішкек қаласында өткен электронды қалдықтар бойынша Орта Азиялық форумға қатысты.

Іс-шара қоршаған ортаны қорғау және статистика бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдерін, сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан бизнес-қауымдастықтарының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін жинады. Тізімнің қатарына келесі қатысушылар, мысалы, БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының (UNEP), Халықаралық ынтымақтастық бойынша Герман қауымының өкілдері (GIZ) кірді.

Форум электронды қалдықтарды басқару проблемаларына және оның болашағына арналған бірнеше сессиядан құралды. Орта Азияның алдында саналы тұтынуға ұмтылу деген мақсат бар, себебі аймақ тұрғындарының көп бөлігі ескі электронды құрылғыларды және оның бөлшектерін тұрмыстық қалдықтармен бірге лақтыруға болмайтындығы туралы және бұл қандай қайғылы салдарға алып келетіндігі туралы білмейді. Соңғы уақытта Орта Азия елдерінің үкіметтері электронды қалдықтарды басқарудың жүйесін дамытуға бағытталған әр түрлі талпыныстарды жасады. Осы бағытта шамалы жағымды әсерлердің орын алғаны көрінсе де, заңнаманы орындауға, инфрақұрылымды дамытуға, өндірушілердің/импортерлердің кеңейтілген жауапкершілігін және т.б. енгізуге байланысты әлі де көптеген проблемалар бар.

Сессиялар барысында форумның қатысушылары электроника саласындағы циркулярлық экономиканың принциптерін және инновациялық тәсілдерді қарастырды. Сондай-ақ аймақтағы өндірушілер, импортерлер және қайта өндірушілер арасындағы ынтымақтастық мәселелерін үлкен назарға алды.

Samsung Electronics компаниясы халықты саналы тұтынуға үйрету бөлімінде қатысушылармен өз тәжірибесімен бөлісті. Сөз Samsung Recycling School экологиялық жобасы туралы болды, бұл жоба Алматы қаласында өзін тамаша көрсетті. Компания Алматы қаласының оқу орындарының студенттерін және қызметкерлерін ескі техниканы жинауға шабыттандырды. Электронды қоқыстың ең көп мөлшерін тапсырған жандар бағалы сыйлықтарды алды.

Бұл экологиялық бастама Samsung компаниясы іске қосқан Eco-Box бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Жоба Алматы қаласының ірі ЖОО-дарын – KIMEP University, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, AlmaU, Satbayev University, AUES University, Narxoz University, SDU және IITU қамтиды. Осы оқу орындарының ғимараттарында кез келген брендтердің ескі құрылғыларын қалдыруға болатын арнайы бокстар орналастырылды. Samsung компаниясы өз кезегінде лақтырылған техниканы Қазақстан заңнамасына сәйкес өңдеп, кәдеге жаратады. Сонымен қатар, Samsung компаниясы экобокстарды Астана, Алматы және Шымкент қалаларының авторизацияланған сервистік орталықтарында орнатты. Барлық пунктер осы күнге дейін электронды қалдықтарды қабылдайды.

«Samsung әлеуметтік корпоративті жауапкершілікке, жеке алғанда, экология саласына күннен-күнге көбірек көңіл бөліп отыр. Бұл неге маңызды? Себебі біз елімізді жақсы көреміз және Қазақстан болашақ ұрпақтар үшін қауіпсіз жер болсын деп тілейміз, – дейді Samsung Electronics Central Eurasia сервистік департаментінің қызметкері Әділ Каирлин – Біз өз тәжірибемізбен басқалармен бөлісуге дайынбыз. Себебі электронды қалдықтарды кәдеге жарату, бөлек алғанда, біздің елдеріміздің экологиясына келтірілетін зиянды едәуір төмендету жолындағы біздің ең бірінші дәрежелі міндетіміз».

Samsung Electronics компаниясының экологиялық жобасы Орта Азия елдерінің тұрғындарында экологиялық жауапкершілікті қалыптастырудың тағы бір құралы ретінде форумның қатысушыларын қызықтырды. Экобокстарды пайдаланумен осындай жаңа байқаулар Қазақстанда ағымдағы оқу жылының соңына жоспарланған. Samsung Electronics компаниясы қатысушылардың тізімін кеңейтуге және белсенді саналы азаматтарды одан әрі ынталандыруға ниет білдіреді.

Қырғызстанда Samsung Innovation Campus жобасы басталды
Samsung Innovation Campus (SIC) білім беру жобасы ресми түрде Қырғызстанда іске қосылды. Ашылу салтанаты И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетінің (ҚМТУ) негізінде өтті. Ақпан айында бірінші болып ҚМТУ бакалаврлары үшін ұялы әзірлеме бойынша білім беру трегі басталады.

Samsung Innovation Campus бағдарламасының бірінші оқу курсының шеңберінде студенттер Java бағдарламалаудың заманауи өнеркәсіп тілінің негізін, Android платформасына арналған қосымшаларды әзірлеуді оқиды және ұялы қосымшаларды әзірлеудің заманауи тәсілдерімен және әдістерімен танысатын болады. Оқу аяқталғаннан соң әрбір тыңдаушы өзінің жеке қосымшасын жасап, жоғары оқу орны ішіндегі жобалар байқауына қатыса алатын болады. Көктемгі семестрде «Информатика және ЕТ» кафедрасының 25 студентінен құралған жобалық топ Samsung жылдық курсына қатысады, ал осы жылдың күзінен бастап бағдарлама ҚМТУ АТ институты дайындайтын барлық бағыттағы студенттердің негізгі аудиториясына қол жетімді кеңейтілетін болады.

Samsung Innovation Campus – бұл жасанды интеллект, заттар интернеті, ұялы әзірлеме, сондай-ақ үлкен деректер сияқты IT саласының ең қажеттілігі жоғары салаларында болашақ IT-мамандарды оқытуға бағытталған Samsung Electronics компаниясының халықаралық әлеуметтік-білім берудің ұзақ мерзімді бағдарламасы. Samsung компаниясының мамандары әзірлеген оқу тректері жобалық қызметті орындау барысында қажетті практикалық дағдыларды меңгеруге негізделген.

Samsung Innovation Campus оқу бағдарламасын табысты аяқтағаннан кейін тыңдаушылар Samsung компаниясынан сертификат алады. Samsung Innovation Campus бағдарламасы бойынша оқу тегін жүргізіледі. Білім беру бағдарламасын табысты өту үшін тыңдаушылардың информатика пәні бойынша білімдері және программалаудың тұрақты қабілеттері болу керек.

▲ Қырғыз Республикасындағы Корея Республикасының Төтенше және Уәкілетті елшісі Ли Вонджэ мырза.

Салтанатты ашылу рәсіміне ТМД елдері бойынша Samsung Electronics штаб-пәтерінің вице-президенті Сергей Певнев, Samsung компаниясының білім беру бағдарламаларының жетекшісі Светлана Юн, Ұялы әзірлемелер бойынша SIC бағдарламасының кураторы Андрей Лимасов, ҚМТУ ректоры Мирлан Чыныбаев, Қырғыз Республикасының Ғылым және білім министрінің орынбасары Расул Абазбекұлы, Қырғыз Республикасындағы Корея Республикасының Төтенше және Уәкілетті елшісі Ли Вондже, сондай-ақ Korea International Cooperation Agency (KOICA) in Kyrgyzstan and Kazakhstan Offiсes, Қырғыз Республикасының Сандық даму министрлігінің өкілдері, АТ институтының директоры Гульнара Кабаева, «Информатика және ЕТ» кафедрасының меңгерушісі Нелла Исраилова және ҚМТУ өзге де өкілдері қатысты.

Samsung Innovation Campus бағдарламасы жастарға бағытталған. 2014 жылдан бастап бағдарлама шеңберінде дүние жүзі бойынша шамамен 119 000 студент білім алып шықты. Қазіргі таңда Samsung Innovation Campus жобасы әлемнің 30-дан астам елінде, соның ішінде Ресей, Қазақстан, Армения, Испания, Түркия және басқа да елдерде жүзеге асырылып жатыр. Жобаның географиясы кезең-кезең бойынша кеңеюді жалғастырып жатыр, компания Қырғызстанда жобаны ашуды 2021 жылдан бері әзірлеп отырды.

Samsung компаниясының сандық дағдыларды дамытуға және білім беру үрдісінде заманауи технологияларды пайдаланудың мүмкіндіктерін кеңейтуге көмектесетін Samsung Innovation Campus сияқты білім беру жобаларын дамытуы мен қолдауы бойынша көпжылдық жұмысын халықаралық сарапшылар жоғары бағалады. 2023 жылы Samsung Electronics компаниясы 2023 жылдың Digital Inclusion Benchmark атты сандық технологияларға қол жетімділікті қамтамасыз ету рейтінгісінде жетінші орынды алды, бұл рейтинг компанияның басты санаттар, соның ішінде адам құқығын қорғау, қоршаған ортаны қорғау және сандық технологияларға қол жетімділікті қамтамасыз ету бойынша қызметіне баға береді.

Solve for Tomorrow жобасы жаңа қазақстандық болашақты анықтайтын мамандарды шығарды
Samsung Electronics компаниясының жобасы болашақ IT-мамандардың фабрикасы жас стартаперлерді тәжірибе жүзінде дайындау бойынша 2023 жылдың жазғы курсын табысты аяқтады.

9 қыркүйекте Solve for Tomorrow республикалық байқауының финалы өтті, оған қазақтандық жоғары сынып оқушылары қатысты. Бұл әлеуметтік жоба Samsung Electronics компаниясының басшылығымен Қазақстанда үшінші жыл қатарынан жүзеге асырылып жатыр. «Аяла» жеке қайырымдылық қоры жобаның серіктесі болды. Solve for Tomorrow бағдарламасының негізі 2009 жылы АҚШ-та қаланды, содан бері бүкіл әлем бойынша 23 елді қамтыды.

SFT қатысушылары алты ай бойы бастапқы идеяны ойлап табудан бастап тікелей жүзеге асырғанға дейінгі өз стартаптары бойынша жұмыстарды атқарды. Олардың міндеті ғылымның, технологияның, инженерлік істің және математиканың (STEM) көмегімен маңызды әлеуметтік мәселелердің шешімін табу болды. Осы жылы 1600 астам оқушы қатысуға өтінімдерді жіберді, олардан 115 адам 33 команданың құрамында жартылай финалға өтті. Финалға тоғыз команда түсті, олар өздерінің жобаларын қорғау үшін Астанаға шақырылған еді.

Жобаны қорғау және жеңімпаздарды марапаттау салтанаты Astana IT университетінде өтті, онда құрметті қонақтар – білікті қазылар алқасының мүшелері, министрліктердің және Қазақстандағы Samsung Electronics компаниясының өкілдері шақырылды. Биыл таңдалған тақырыптардың арасында халық арасында инфекциялардың таралуы, Брайль принтерінің қол жетімділігі, өрттердің таралуы, соқыр адамдардың бағдар табу, аутизмі бар адамдарға көмектесу проблемалары және т.б. сияқты мәселелер болды.

Сыни талқылаудан кейін қазылар алқасының мүшелері күрделі таңдау жасады және келесі жеңімпаздарды анықтады: 1 орынды және 4 млн. теңге мөлшеріндегі жүлдені Астана қаласының Shabyt командасы жеңіп алды. Балалар AIDAHAR атты өрт сөндіруші роботты ұсынды, ол өрт сөндірушілер қол жеткізе алмайтын жерлерге өтіп, өрт ошақтарын өшіре алады. Екінші орынды және 2,5 млн. теңге мөлшеріндегі жүлде Қарағандыдан келген Full Speed командасына берілді, бұл команда қажет еткен тұлғалар үшін автоматтандырылған мүгедектерге арналған арбашалардың қол жетімділігінің проблемасын шешті. Үшінші орынды және 1 млн. теңге мөлшеріндегі жүлдені бірден екі команда жеңіп алды – Алматы қаласының Balashaqim командасы және Тараз қаласының IMA group командасы. Balashaqim командасы аутизммен сырқаттанған балалар үшін қоршаған адамдардың сезімдерін түсінуге көмектесетін қосымшаны әзірлеп шығарды, ал IMA group командасы қазақ тілінде Брайльді қолдайтын тұңғыш принтерді көпшіліктің алдында көрсетті. Қалған финалға шыққан командалар 300 000 теңге мөлшеріндегі сыйлықты алды. 2023 жылы Solve for Tomorrow жобасының жүлделік қоры 10 млн. астам теңгені құрады.

Жеңімпаздар Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі Қаныш Тілеушиннің қолынан және Жоғары білім және ғылым министрлігінің бірінші вице-министрі Камиль Акатовтың қолынан чекті алды.

«Solve for Tomorrow жобасы қатысушылардың тек өздерінің инновациялық ойлауға деген қабілеттерін көрсететін платформасы ғана емес, ол сондай-ақ қоршаған әлемге шынайы өзгерістерді алып келетін жер» – деді Қаныш Тілеушин. Оның сөзіне сәйкес балалар болашақтың көшбасшылары және олардың IT-саласына қосқан үлесі біздің әлемді жақсы жаққа өзгерте алады.

Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының президенті Минки Чу мырза жобаның барлық қатысушыларына бүкіл әлем бойынша адамдардың өмірін жақсартуға көмектесетін ойларын жүзеге асыруда одан әрі табысқа жетуді тіледі.

Келесі жылы Samsung компаниясы Solve for Tomorrow жобасына кезекті іріктеуді жариялайтын болады, ол 13 жастан 18 жасқа дейінгі дарынды жастарға өздерін көрсетуге және шабыттандыратын өзгерістердің бір бөлігі болуға мүмкіндікті ұсынады.