Бағдарламалау мектебі – Samsung Newsroom Қазақстан

Қостанайда Samsung Innovation Campus тегін бағдарламалау мектебі іске қосылды
Samsung Electronics Қостанайда тегін бағдарламалау курстарын бастады. Арнайы жабдықталған IT кампус А. Байтурсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің аймақтық Smart орталығында ашылды. Жоба Samsung Innovation Campus білім беру бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

IT кампусының қабырғасында Қостанай қаласының 13 пен 25 жас аралығындағы оқушылары мен студенттері Python бағдарламалау тілінің негіздерін және Big Data меңгере алады. Оқушыларға ыңғайлы оқу үшін барлық қажетті инфрақұрылым қамтамасыз етіледі, оларға жоғары білікті оқытушылар көмектеседі. Мұнда Samsung Innovation Campus курстарынан басқа Қостанай университетінің студенттері үшін де сабақтар өтеді. Олар кампустың техникасын және басқа сандық мүмкіндіктерін еркін пайдалана алады.

«Бүгінгі таңда цифрлық білім беруге үлкен көңіл бөлу маңызды. Өйткені, бұл болашақ, біз өскелең ұрпақты дайындауымыз керек. Samsung Electronics компаниясының білім беру жобалары біздің мақсаттарымызға сәйкес келеді, – дейді Гүлмира Дамбаулова, Qostanai IT Hub басшысы. Біз ынтымақтастығымыздан шабыт аламыз және оның көмегімен Қазақстанның IT секторының дамуына үлкен үлес қосатын кәсіби бағдарламашылар мен әзірлеушілерді өсіріп шығарамыз деп үміттенеміз».

16 қыркүйекте Samsung Innovation Campus-те жаңа оқу жылы басталды. Қостанайда Python және Big Data негіздері курстарына аймақтық іріктеу өтті. 20 оқушыдан тұратын 2 топ құрылды. Сабақтар аптасына екі рет өтеді және орташа есеппен 4,5 айға созылады. Курсты аяқтағаннан кейін түлектер Samsung Electronics компаниясының сертификаттары мен фирмалық рюкзактарын алады, ерекше көзге түскендерге смартфондар сыйға беріледі. Ең бастысы, жасөспірімдер оқуды аяқтағаннан кейін өз бетінше алгоритмдер, бағдарламалар жасап, IT мамандығы бойынша жұмысқа орналасады.

Samsung Innovation Campus-тың басты мақсаты – балаларға ақпараттық технологиялар саласында тегін, сапалы білім алу мүмкіндігін беру. Қазақстанда бұл жоба 2017 жылдың желтоқсанында іске қосылды. Осы уақыт аралығында мыңдаған оқушылар мен студенттер білім алды, 700-ден астамы курстарды толық меңгеріп, сертификаттар алды. Бүгінде жобаның Алматы, Астана, Ақтөбе, Қостанай, Талдықорған, Атырау қалаларында кампустары бар.

Қостанайда жоба Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен жүзеге асырылды.

Samsung Innovation Campus – Samsung Electronics компаниясының халықаралық әлеуметтік және білім беру бағдарламасы, оның арқасында мектеп оқушылары мен студенттері ең танымал IT мамандықтарын тегін меңгеру мүмкіндігіне ие. Соңғы 10 жылда бұл бағдарлама әлем бойынша 100 мың студентті оқытып үлгерді. Жоба қазір әлемнің 30-дан астам елінде жүзеге асырылуда. Samsung Innovation Campus туралы толық ақпаратты samsung-campus.kz ресми сайтынан алуға болады.

Атырауда Samsung Innovation Campus тегін бағдарламалау мектебі ашылды
Samsung Electronics Атырауда тегін бағдарламалау курстарын бастады. Арнайы жабдықталған IT-кампус Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің аумағында ашылды. Жоба Samsung Innovation Campus білім беру бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

IT кампусының қабырғасында 13 пен 25 жас аралығындағы атыраулық оқушылар мен студенттер Python және Big Data бағдарламалау тілінің негіздерін меңгере алады. Студенттер ыңғайлы оқу үшін барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі, оларға біліктілігі жоғары оқытушылар көмектеседі. Samsung Innovation Campus курстарынан басқа Атырау университетінің студенттері үшін аудиторияда сабақтар өтеді. Олар сондай-ақ құралдарды және басқа цифрлық мүмкіндіктерді еркін пайдалана алады.

Айтпақшы, Samsung Innovation Campus-те жаңа оқу жылы 16 қыркүйекте басталады. Осыған байланысты Атырауда Python және Big Data негіздері пәні бойынша оқуға қабылдау жүріп жатыр. Сабақтар аптасына екі рет өтеді және орташа есеппен 4,5 айға созылады. Курсты аяқтаған соң түлектер Samsung Electronics компаниясынан сертификаттар мен фирмалық рюкзактар алады, ерекше көзге түскендерге смартфондар бұйрады.

Samsung Innovation Campus жобасының басты мақсаты – балаларға ақпараттық технологиялар саласында тегін, сапалы білім алу мүмкіндігін беру. Қазақстанда бұл жоба 2017 жылдың желтоқсанында іске қосылды. Осы уақыт аралығында мыңдаған оқушылар мен студенттер білім алды, 700-ден астамы курстарды толық меңгеріп, сертификатқа ие болды. Бүгінде жобаның Алматы, Астана, Ақтөбе, Қостанай, Талдықорған, Атырау қалаларында кампустары бар. Қазақстанда Samsung Innovation Campus «Аяла» қайырымдылық қорының қолдауымен жүзеге асырылуда. Samsung Innovation Campus туралы толық ақпаратты samsung-campus.kz ресми сайтынан алуға болады

Samsung Innovation Campus – Samsung Electronics компаниясының халықаралық әлеуметтік және білім беру бағдарламасы, оның арқасында мектеп оқушылары мен студенттері ең танымал IT мамандықтарын тегін меңгеру мүмкіндігіне ие. Соңғы 10 жылда бұл бағдарлама әлем бойынша 100 мың студентті оқытып үлгерді. Жоба қазір әлемнің 30-дан астам елінде жүзеге асырылуда.

Адамдарға көмектесу және балалықтың арманын жүзеге асыру: қазақстандықтар неліктен IT саласына жаппай келуде
IT саласы сіздікі екенін қалай түсінуге болады? Бағдарламалаудың танымалдылығының барысында осы сұрақты бүгінгі жастар көбірек көтереді. Мектеп оқушылары мен студенттері өздерін осы сәнді бағытта жаппай сынап көруде. Бірақ оны бәрі бірдей меңгере алмай жатыр.

Біз Samsung Innovation Campus-тың ең қабілетті түлектерімен сөйлестік. Олар бағдарламалауға құмарту жолын, кедергілерді қалай жеңу керектігін, алда қандай мүмкіндіктер күтіп тұрғанын айтып берді.

Мектеп партасынан медициналық стартапқа дейін

Арай Камалиева бала кезінен басқаларға пайдалы болсын деген лебізбен өз кәсібін ашуға құштарланды. Бұл ойын іске асырды да. Бүгінгі таңда ол терідегі пигментті дақтарды талдайтын стартаптың негізін қалаушылардың бірі, оны әлемнің ең үздік университеттеріне шақырады. Бірақ мұндай жетістікке жету оңай болмағандығы туралы еске алады бойжеткен.

Өз идеяларын жүзеге асыру үшін Арай Камалиева, мектеп табалдырығынан бастап түрлі дағдыларды жетілдіруді шешті. Бағдарламалау басымдықтардың біріне айналды. Мектепте оқып жүргенде ол Java тілін үйренуге шешім қабылдап, Samsung Innovation Campus курстарына жазылды. Еңбекқорлық пен тәртіптің арқасында Арай оқуын ойдағыдай бітіріп, өзін жақсы жағынан көрсете білді. Дипломдық жұмыс ретінде ол адамдарға салауатты өмір салтын ұстауға көмектесетін қосымшаны ұсынды.

«Даму курстары мықты іргетас болды», – дейді Арай. Оның айтуынша, алған білімі Джонс Хопкинс университетінің (АҚШ) дарынды жастар орталығындағы «Ауруларды модельдеу» курсына түсуге көмектесті. Мұнда бойжеткен R бағдарламалау тілін игере бастады. Оның көмегімен ол жұқпалы аурулардың таралуын болжау үшін дифференциалдық теңдеулерді қолдануды үйренді.

Арай Камалиеваның еңбегі шетелде де жоғары бағалана бастады. Ол Канададағы ең үздік университетке – «University of Toronto-ға» шақырылды. Мұнда бойжеткенге «Молекулярлық биология, иммунология және аурулар» бағыты бойынша оқу ұсынылды. Келесі кезекте Арай өзінің тәжірибесін одан әрі арттырып, жобаларын кеңейтуді жоспарлап отыр.

«Тәртіп маған бағдарламалауға құмартуға көмектесті»

Роман Васильев бағдарламалаумен 7-сыныпта танысқан. Сол кезде ол веб-сайттарды жасауға тырысты, бірақ тез арада көңілі қалды, деп еске алады бозбала. Сынып жетекшісінің кеңесі бойынша оқушы 10-сыныпта Samsung Innovation Campus-қа түсті. Мұнда Романға бағдарламалауға басқаша қарауға және осы іске зейінің ашылуына көмектесті. Соның нәтижесінде, жас жігіт ақша тауып қана қоймай, сонымен қатар ұстаздықпен айналысып, «кодерлерді» біріктіретін қауымдастық құрды.

Роман Васильевтің айтуынша, бастапқыда бағдарламалау қиын және тек таңдаулыларға ғана арналған сияқты көрінді. Бірақ іс жүзінде бәрі басқаша болып шықты. Көп уақытын оқуға арнап, алдына нақты мақсат қоя отырып, жас жігіт ең қабілетті түлектердің бірі болды. Ол бүкіл оқу жылында бірде-бір сабақтан қалмады, сонымен қатар алдыңғы лекте үздік деп танылған жүк тасымалдауға арналған қосымшаны әзірледі. Бұл іс жүзінде нарыққа дайын өнім еді.

Қазіргі уақытта Роман Васильев әртүрлі компанияларға арналған мобильді қосымшаларды әзірлеуде/жетілдіруде. Сонымен бірге, университетте Software Engineering мамандығы бойынша оқып жүр. Енді Роман өз тәжірибесін жаңадан бастаған бағдарламашылармен бөлісуді жөн көрді. Astana IT University қабырғасында мобильді даму клубын ұйымдастырды. Мұнда қызығушылық танытқандар үшін түрлі байқаулар мен шеберлік сабақтары өткізіледі. Жас жігіт Samsung Innovation Campus оның болашақ өміріне, мамандығы мен университет таңдауына айтарлықтай әсер еткенін айтады.

Экономист мамандығын тастап, бағдарламалаумен айналысты

Венера Юлдашева жастайынан ғылыми фантастикаға әуестенген. Соның арқасында инновациялық технологияларға деген тұрақты қызығушылық пайда болды. Уақыт өте келе ол тек бақылаушы болғысы келмейтінін, осы әлемнің бір бөлігі болғысы келетінін түсінді.

Бойжеткен біраз уақыт экономика саласында жұмыс істеді. Үзіліс жасап, жаңа мамандықты меңгеру туралы шешім қабылдады. Көптеген ұсыныстар болды, деп еске алуда Венера. Бірнеше курстардан өткен, бірақ дәл Samsung Innovation Campus көңілінен шықты. Оның айтуынша, мұғалімнің ептілігі, кәсібилігі және практикалық оқыту жүйесі басты артықшылық болды. Нәтижесінде бойжеткен Python пәні бойынша ең жақсы түлектердің бірі атанды.

«Мақсатты дұрыс қою және сылтауға жол бермеу – жаңа істі үйренудегі маңызды элементтер»-, дейді Венера Юлдашева. Олар тамаша маман болуына көмектесіп, үлкен мүмкіндіктер ашты. Бойжеткен Johannes Kepler University-ге (Австрия) шақырылды. Енді ол жасанды интеллект технологияларын зерттейтін болады. Айтпақшы, бұл университет Еуропада жасанды интеллект саласында академиялық дәреже ұсынатын бірінші жоғары оқу орны.

Samsung Innovation Campus — Samsung Electronics компаниясының әлеуметтік және білім беру бағдарламасы. Бағдарлама  Samsung компаниясы орналасқан көптеген елдерде бар. Бұл бастама коммерциялық емес және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылады. Жобаның басты мақсаты – балалардың ақпараттық технологиялар саласында тегін, сапалы білім алуына мүмкіндік беру. Қазақстанда осы жоба 2017 жылғы желтоқсанда іске қосылды. Осы уақыт ішінде мыңдаған бала жаңа мамандықты игерді. Samsung Innovation Campus туралы толық ақпаратты samsung-campus.kz ресми сайтынан алуға болады.

Рецептер анықтамасы, зоодүкен және мобильді ойындар: Samsung Innovation Campus оқу жылын қорытындылап, жаңа қабылдау туралы хабарлайды
Samsung Innovation Campus-та оқу жылы аяқталды. Кезекті ағында Қазақстанның барлық дерлік облыстарынан 200-ден астам оқушылар мен студенттер қатысты. Тоғыз ай бойы олар екі пән – «Python және үлкен деректер негіздері» және «Мобильді өңдеу курсы» бойынша тегін оқыды.

Түлектердің көпшілігі емтихандарды сәтті тапсырып, көкейкесті сертификаттар мен фирмалық рюкзактардың иегерлері атанды. Жоғары балл жинағандарға Samsung Electronics компаниясы Galaxy A сериялы смартфондарын қосымша табыс етті.

«Мобильді өңдеу курсының» студенттері хакатон барысында дайын ойын мен әлеуметтік қолданбаларды ұсынды. Рецептер анықтамасы, қызметкерлерді іздеу, қаржылық сауаттылық және онлайн зоодүкені бойынша жобалар ерекше атап өтілген. Көптеген оқушылар өздерінің мобильді ойындарын әзірледі.

«Python және Big Data негіздері» бойынша түлектер бағдарламалау дағдыларын және үлкен деректермен жұмыс істеуді меңгерді. Олардың кейбіреулері оқу кезінде отандық компанияларда веб-әзірлеуші ​​немесе бағдарламалық жасақтама жасаушы ретінде мансабын бастады.

Оқу жылы аяқталмай-ақ Samsung Innovation Campus жаңа оқу жылының басталғанын хабарлайды. 21 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында «Python және үлкен деректер негіздері» және «Мобильді өңдеу курсы» пәндері бойынша студенттер қабылдануда. Іріктеуден өткендер Алматы, Астана, Талдықорған, Атырау, Ақтөбе және Қостанай қалаларындағы арнайы жабдықталған сыныптарда оффлайн режимде оқи алады. Басқа аймақтардан келген талапкерлер үшін онлайн оқу мүмкіндігі бар.

Samsung Innovation Campus курстарына жаңа қабылдау және жобаның өзі туралы толық ақпаратты samsung-campus.kz ресми сайтынан табуға болады.

Samsung Innovation Campus (SIC) – бұл Samsung Electronics компаниясының әлеуметтік білім беру жобасы болып табылады. Бұл біздің компания өкілдік ететін елдердің көпшілігінде жұмыс істейтін SIC жаһандық білім беру жобасының бөлігі. Осы бастама коммерциялық емес және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылады. Жобаның басты мақсаты – балалардың ақпараттық технологиялар саласында тегін, сапалы білім алуына мүмкіндік беру. Қазақстанда бұл жоба 2017 жылдың желтоқсанында іске қосылды.

Қазақстандағы бағдарламалаудың әйел келбеті: кедергілер, стереотиптер және мүмкіндіктер
Қазақстанда және бүкіл әлемде кең таралған стереотип бар: бағдарламалау тек еркектерге арналған кәсіп. Статистика, өкінішке орай, мұны растайды. Stack Overflow сарапшыларының пікірінше, бүгінде әлемдік IT-индустриядағы әйелдер саны небәрі 5% құрайды. Әділ болу үшін жағдай бірте-бірте өзгеріп жатыр делік.

Қазақстандық кодтаудың ішкі жұмысы туралы астаналық бағдарламашы Жұлдыз Социалмен сөйлесіп көрдік. Ол Astana IT University-дің ұстазы, сонымен бірге Samsung Innovation Campus-те бағдарламалау негіздерінен сабақ береді. Ең бастысы, Жұлдыз студенттер мен оқушыларға стереотиптерді жеңуге белсенді түрде көмектеседі.

«Бағдарламалау – математика туралы емес»

IT саласына саналы түрде және нақты ниетпен келдім. Жолымды математика мен инженериядан бастап, жүйелі түрде бағдарламалауға көштім.

Мұнда мен бірінші маңызды нәрсе ұқтым: бағдарламалау – математика туралы емес. Бұл саладағы бастысы – табандылық пен парасаттылық. Әрине, күрделі және көп функционалды қосымшаларды жасау үшін дамыған логикалық және құрылымдық ойлау қажет. Бірақ мұндағы барлық математика арифметикамен шектеледі.

«Қорқыныш пен кемсітушілік балаларға өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға кедергі болуда»

Мен 3 жылдан астам бағдарламалаудан сабақ беремін. Осы уақыт ішінде қыздар мен ұлдардың оқу үрдісі жиі ерекшеленетінін байқадым. Кейбір теріс пікірлерге байланысты кыздар оларға деген немқұрайлы көзқарасқа дағдыланады: қателеріне көз жұмып, дәл осылай баға қояды. Бірақ бұл, менің ойымша, студенттік жылдардағы болатын уақытша және қате құбылыс. Өйткені, мұндай жеңілдіктердің кесірінен бәсекелестіктен жеңіліп жатқаныңызды байқайсыз.

Бағдарламалау әлемінде кемшіліктердің жеткілікті үлесі бар. Бұл жерде, әрине, кемсітушілік ерекше атап өтіледі. Ол соншалықты анық көрсетілмеген, ол туралы ешкім дауыстап айтпайды, бірақ бұл оның жоқтығын білдірмейді. Мысалы, робототехникада жігіттерге басымдық берілетінін жиі кездестірдім. Ауыр техника, оған күш керек деген сөздер. Бірақ микроконтроллерлерді пайдалану үшін сізге физикалық күш қажет емес.

Осының аясында бағдарламалаудың «ер» мамандығының мәртебесін алуы ғажап емес. Қыздың код жазуға деген ұмтылысын жұртшылық көбінесе жасы ұлғайған сайын жоғалып кететін уақытша хобби ретінде қабылдайды. Нәтижесінде, мұның бәрі адамның сәтсіздігіне әкеледі.

«Жыныс маңызды емес, дағдылар маңызды»

Пессимизмді былай қойғанда, кемсітушілік бірте-бірте қолданыстан шығып барады. Мен мұны күнде байқаймын. Көптеген қыздар мен әйелдер өздерінің стартаптарын ашады, өздері бағдарламалау тілдерін меңгереді және осы дағдыларды басқаларға үйретеді. Ал менің мотивациям – әрқашан жаңа нәрсені үйрену. Бағдарламалау әрқашан сізді таң қалдыруға және сынауға дайын.

Әр адам кодтауда өз орнын таба алады. Табысты бағдарламашы болу үшін сізге табандылық, интеллект және тәжірибе қажет, оларсыз ешқайда жете алмайсыз. Осының барлығын Samsung Innovation Campus студенттеріне жеткізуге тырысамыз. Мен әрқашан студенттерге жыныс маңызды емес, сіздің дағдыларыңыз маңызды екенін айтамын.

«Ұстаздық – талант емес, тынымсыз еңбек арқылы қол жеткізесіз»

Ұстаздық маған әрқашан жақын болды. Университетте оқып жүргенде бастауыш сынып оқушыларына сабақ беруге тырыстым, сосын жоғары сынып оқушылары да болды. Осындай шағын қадамдармен университет деңгейіне дейін өстім. Мен мұны қандай да бір талант деп айтпас едім, барлығына тынымсыз еңбек арқылы қол жеткізіледі.

Көптеген мұғалімдер шәкірттеріне өз балаларындай қарайды деп бекер айтпаған. Егер сіз өз жұмысыңызды жақсы көретін болсаңыз, онда тыңдаушыға бәрін түсінуі үшін барлық ақпаратты жеткізуге тырысасыз: алгоритмдерді мұқият сипаттайсыз, әр сан мен нүктені түсіндіресіз. Нәтижесінде студенттеріңіздің алған білімді өмірде сәтті қолданғанын қалайсыз. Сондықтан сіз оларға шын жүректен тамыр сала бастайсыз, олардың жеңістеріне қуанасыз және сәтсіздіктері үшін олармен бірге қайғырасыз.

Дәл осы нәрселер студенттер мен оқушыларды Samsung Innovation Campus-ке тартады. Менің студенттерім айтқандай, мұнда сізге тек Python, Big Data немесе Android әзірлеуін сәтті меңгеруге көмектесіп қана қоймайды, ізді барлық жағынан қолдап, сіз үшін пікірлес адамдарды табады және сізді әрқашан бір нәрсеге қызықтырады.

«Samsung курстары университеттегі оқуды жеңілдетеді»

Мұғалім ретінде мен Samsung компаниясының білім беру стратегиясын ерекше бағалаймын. Мысалы, бізде IoT (заттар интернеті) курсы бар. Ол Astana IT University-дегі оқу бағдарламасымен біріктірілген. Алгоритм келесідей: университет студенттері осы таңдау курсын Samsung Innovation Campus-те оқиды, оқуды аяқтағаны туралы сертификаттар алады және бұл университетте аяқталған пән ретінде есептеледі. Өте керемет ынтымақтастық.

Samsung Innovation Campus – бұл Samsung Electronics компаниясының халықаралық әлеуметтік және білім беру бағдарламасы, оқушылар мен студенттерге ең танымал IT мамандықтарын тегін меңгеруге көмектеседі: жасанды интеллект, заттар интернеті, мобильді даму және үлкен деректер секілді. 2014 жылдан бері бүкіл әлем бойынша шамамен 119 000 студент осы бағдарлама арқылы оқуын аяқтады. Қазіргі уақытта Samsung Innovation Campus жобасы әлемнің 30-дан астам елінде жүзеге асырылуда. Қазақстанда бағдарлама 2017 жылы іске қосылды. Осы уақыт ішінде оған 10 мыңға жуық жас қазақстандық қатысты.

Қазақстанда «көтермелеусіз және жазасыз» IT-мамандарын қалай өсіруге болады?
Илья Крутиков қазақстандық оқушылар мен студенттерге бағдарламалау тілдерін үйренуге көмектеседі. Оның дәстүрлі емес оқыту әдістерінің арқасында жүздеген жасөспірімдер Java, Python, Android әзірлеуді сәтті меңгеріп, IT саласында табысты мансап құра алды. Біздің айдарымызда Илья студенттермен қалай тіл табысып, оларды ынталандырып, таланттарын ашу керектігін айтып өтті.

– Бағдарламалау әлеміне қалай келдіңіз?

– Негізі, менде техникалық түрде ойланамын. Мектепте физиканы жақсы көріп, белсенді түрде оқыдым. IT саласы туралы мүлде ойламадым – ол мені қызықтырмады. Біздің кезімізде бұл бағыт сәнді болып, жастарды қызықтыра бастады. Университетке түсу кезінде «ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша грант ұтып алдым. C++ тілін үйрену басында қиын болды, интернетте бұл тақырып бойынша ақпарат аз болды. Мамандық таңдауыма күмәндандым. Бірақ мен әлі де тырысамын деп шештім. Басқалар мұны істей алатын болса, мен немен кеммін? Көп оқи бастадым, сессияны жақсы тапсырып, содан кейін бағдарламалауға ғашық болдым.

– Бұл салада қалуыңызға не себеп болды?

– Бағдарламалау – шығармашылық жұмыс, ал программист – суретші секілді. Маған жоқтан жаңа және ерекше нәрсе жасай алатыным ұнады. Сонымен бірге бағдарламалауды орасан зор сфера деп атауға болады. Әрқашан жаңа көкжиектер, технологиялар мен шешімдер. Оның үстіне әрбір жаңа бағыт жаңа ел сияқты. Өзіңізді саяхатшы сияқты сезінесіз. Сонымен бірге YouTube немесе Facebook сияқты сайттар мен қосымшалардың «ішкі әлемдері» қалай жұмыс істейтінін түсіне бастайсыз. Олар тек HTML беттері ғана емес, әлдеқайда тереңірек және қызықтырақ. Бұл әрқашан таң қалдырып, баурап алады.

– Бағдарламалау тілдері тек «технарьларға» оңай екені рас па?

– Бағдарламалауда математика немесе физиканы білу міндетті емес. Алгоритмдер – бұл қадамдар жиынтығы. Сондықтан мұны тіл деп атайды. Мен кез келген адамды үйретуге болатынына сенемін. Оның «гуманитар» немесе «технарь» екендігі маңызды емес. Ең бастысы – дұрыс әдісті табу. Материалды жай ғана түсіндіру жеткіліксіз, сіз оқушылардың қажеттіліктеріне мұқият болуыңыз керек. Кейбіреулеріне көбірек уақыт жұмсап, ақпаратты бөлшектеп, егжей-тегжейлі жеткізу керек. Қандай көмек қажет екенін, түсінбейтінің сұрау керек. Бұл көп уақытты қажет етеді, бірақ осылай кері байланыс пайда болады және балалардың оқуын жеңілдетеді.

– Ұстаздық қабілетіңізді қалай аштыңыз?

– Мен 11-сыныпта сабақ бере бастадым. Сол жылдары физиканы жақсы білетінмін, сыныптастарыма үй тапсырмасын орындауға көмектестінмін. Сол кезде мен біліммен бөліскенді жақсы көретінімді және мұны өте жақсы істей алатынымды түсіндім. Одан кейін бұл істі университетте жалғастырдым, студент кезімде курстастарыма оқуын жақсартуға көмектестім. Бұл ретте тек жігіттерден ғана емес, мұғалімдерден де жақсы пікірлер алатынмын.

– Неліктен Samsung Innovation Campus-та бағдарламалауды үйрете бастадыңыз?

– Бұл кездейсоқ және күтпеген жерден болды. Мен IT-мамандығым бойынша банкте жұмыс істедім және оқыту туралы ойлана бастадым. Содан кейін достарым маған телефон соғып, Samsung мектеп оқушылары мен студенттерге арналған бағдарламалау курстарын ашып жатқанын, және олар мені мұғалім ретінде көргісі келетінін айтты. Көп ойланбастан ұсынысты қабылдадым, бәрі осылай болғанына қуаныштымын. 5 жыл қатарынан Java, Python және Android әзірлеуді үйретіп келемін.

– Түлектердің көпшілігі сіздің оқыту әдістемеңізді ерекше атап өтеді. Мұның сыры неде?

– Ешқандай құпия жоқ. Бұл өте қарапайым: мен оқушыларға қолайлы жағдай жасауға тырысамын. Олар өзін үйдегідей сезініп, қолайлы әрі жеңіл оқуы үшін. Мен студенттерге біз «бір толқында» бола алатынымызды бірден түсіндіремін. Сондықтан сабақ барысында сөйлесуге және әзілдеуге рұқсат беремін. Бұл ретте бізде тәртіп бар. Кейде маған жәй ғана әңгімелесуге, өмірлік мәселелерді талқылауға, өз пікірлерімен бөлісуге келеді. Мұның бәрі маңызды. Өйткені, әрқайсысы әлі толық қалыптаспаған тұлға, олардың сұрақтары, қорқыныштары мен күмәндері көп. Оларды тек тыңдап қана қоймай, ести білу керек.

– Неліктен жас қазақстандықтар қазір IT саласына жаппай кіріп жатыр?

– Ең басында жалақы туралы ойлайтындар аз. Қазір ойындарды әзірлеу оңай. Бұл мектеп оқушыларын қатты қызықтырады. Ойын балаларды күрделі жүйелер мен технологияларға қарағанда көбірек ынталандырады. Осы құмарлықтың арқасында қосымшалардың механикалық бөлігіне деген қызығушылығы туындайды: олар қалай жасалады, неден тұратынын, осындай нәрсені қалай жасауға болады. Сондай-ақ, соңғы уақытта жастар бағдарламалаудың болашақта кез келген салада қажет болатынын түсіне бастады.

– Samsung Innovation Campus-тың болашағы қандай және бұл курстар студенттер үшін неліктен құнды?

– Samsung компаниясының бұл курстары, менің ойымша, мектеп оқушылары үшін кәсіптік бағдар ретінде арналған. Бағдарламалауды оқып жүріп, болашақта университетте 4 жылын босқа өткізбей, IT саласына түсу керек пе, жоқ па, соны біле алады. Иә, мұның да кемшіліктері бар. Балалар ақша жұмсамайды, ештеңеге тәуекел етпейді. Осыған байланысты олар ынталандыруды тез жоғалтуы мүмкін. Бізде іс жүзінде «көтермелеу мен жазалау» әдісі жоқ. Тек мотивация. Бірақ дұрыс көзқараспен осы да жеткілікті.

Студенттеріміз бен мұғалімдеріміздің мысалын қолдана отырып, біз Samsung Innovation Campus бағдарламасы жай ғана бағдарламалау курстары емес екенін көрсетеміз. Осы білім беру жобасының арқасында Samsung Electronics көптеген жылдар бойы Қазақстанның өскелең ұрпағын тегін қолдауға тырысуда. Барған сайын көбірек балалар қажетті білімге қол жеткізе алады, дағдыларын жетілдіреді және өмірде мақсаттарын жүзеге асыра алады. Samsung Innovation Campus туралы толық ақпаратты бағдарламаның ресми сайтынан табуға болады: https://samsung-campus.kz/