3D Audio – Samsung Newsroom Қазақстан

Eclipsa Audio: Samsung 3D-дыбыстың жаңа буынын ұсынады
Дыбыс видеоконтент әлемінде кескіннен де кем емес рөлді атқарады. Толықтай шому әсерін орната отыра, көрермендердің өздерін экранда болып жатқан оқиғалардың бір бөлігі ретінде сезінуіне мүмкіндік береді. Шынайы оңтайлы дыбыстық қабылдауды қамтамасыз ету үшін  Samsung Electronics Google-мен бірлесіп Лас-Вегастағы Consumer Electronics Show (CES) 2025 көрмесінде алдыңғы айда Samsung теледидарларында ресми түрде ұсынылған   көлемді 3D-дыбыстың озық технологиясы – Eclipsa Audio-ны жасап шығарды.

Samsung Newsroom аталған инновацияны толық зерттеп, қалайша Eclipsa Audio шынайы кеңістіктіктік дыбысталуға қол жеткізуге мүмкіндік беретінін анықтады.

Көлемді 3D-дыбысталу технологияларын жасау

2023 жылы Ашық медиалар үшін альянс (АМА) – Samsung, Google, Netflix, Meta және басқа жетекші компанияларды қамтитын халықаралық консорциумы, 3D -дыбыс үшін салалық стандарт ретінде Immersive Audio Model and Formats (IAMF) ресми түрде мақұлдады. Samsung және Google әзірлеген бұл инновациялық аудио пішімі енді Eclipsa Audio брендімен контент жасаушыларға қолжетімді.

Eclipsa Audio медиаконтенттің әртүрлі үлгілері мен ол ойнатылатын құрылғылар арасында бірыңғай хаттама орнатады. Пішім дыбысқа терең енуді қамтамасыз етеді, оның орналасуын, қарқындылығын, кеңістіктік шағылыстарын және  кинотеатрлар, үй аудио жүйелері, ойын консольдері немесе мобильді құрылғылар секілді ойнату ортасына байланысты басқа өлшемдерді оңтайландырады.

Құрылғының түріне байланысты технология көлемділікті және шынайы қатысу сезімін тудыра отыра, дыбысты әртүрлі бағытта – алдыңғы, артқы, сол, оң, жоғары және төменнен естуге жағдай жасайды. Мысалы, концерттік жазбада Eclipsa Audio залдың атмосферасын сақтай отырып, көрерменді болып жатқан оқиғаның жанды энергиясына ендіре отыра, әртістің  мөлдір таза орындауын жеткізеді.

Күнделікті қолдануға арналған оңтайландырылған  3D-дыбысталу

Көлемді дыбыс, иммерсивті аудио және кеңістіктік аудио сияқты  – 3D-дыбысталу тәжірибесін жақсартатын технологиялардың кең тарауы аясында– Eclipsa Audio күнделікті ыңғайлы тыңдау үшін арнайы жасалған болатын.

Әдетте, 3D -аудиоконтенті бірнеше көлемдіколонкалар арқылы дыбысталуды ескере отырып жасалады, бірақ көптеген үйлерде теледидар мен дыбыс тақтасы негізгі дыбыс көзі болып қала береді. Бұл контентті жасаушылар көздегендей кеңістіктік әсерлерді жеткізуде қиындықтар тудырады.

Eclipsa Audio бұл мәселені әр көріністегі дыбыс элементтерін – кейіпкерлердің сыбырларынан бастап, фондық жойғыштардың гүріліне дейін – автоматты түрде талдау және 3D-дыбысталуды көрерменнің үй ортасының акустикасына динамикалық бейімдеу арқылы шешеді.

Ашық стандарт базасында 3D-дыбыс экожүйесін құру

Eclipsa Audio-ның басты артықшылықтарының бірі – кез-келген контент жасаушыға 3D-дыбысымен лицензиялық аударымдарсыз жұмыс істеуге жағдай жасайтын оның ашық бастапқы коды болып табылады. CES 2025 көрмесінде дебют жасағаннан бері технология контент өндірушілері арасында кең қызығушылық тудырды және қазірдің өзінде медиа платформалар мен онлайн қауымдастықтарда белсенді түрде таратылуда.

Осылайша, Eclipsa Audio жасаушыларға кеңістіктік аудио элементтерін шектеусіз біріктіру үшін бос кеңістік береді. Бұл кеңістіктік дыбысты пайдаланушының аудио жүйесіне қарамастан – барлығына  қолжетімді етеді.

Eclipsa Audio Samsung теледидарларында

Eclipsa Audio жоғары сапалы жабдықты пайдалана отырып, толық иммерсивті 3D -дыбыс тәжірибесін береді. Сондықтан Samsung пен Google жақын арада ең соңғы Samsung теледидарларында YouTube қолданбасында қолжетімді болатын Eclipsa Audio мүмкіндігі бар контен пайдаланушыларға жеткізу үшін айтарлықтай күш жұмсады. Samsung-тың 2025 жылға арналған бүкіл теледидарлық желісі –  Crystal UHD-ден бастап Neo QLED 8K флагманына дейін – Eclipsa Audio-ны сүйемелдейді.1

Samsung теледидарларының көпшілігінде экранның төменгі жағында стерео динамиктер бар, ал OLED 4K және одан жоғары модельдерде қосымша динамиктер корпустың жоғарғы жағында орналасқан. Флагмандық модельдер ультра дәл бағытталған динамиктерді ұсынады: қосымша артқы динамиктер көлемді дыбыстың айқын әсерін тудырады, ал төбеден дыбысты шағылыстыру функциясы бар жоғарғы динамиктер биіктікті ерекше қабылдауды қамтамасыз етеді – мысалы, объект көрерменнің басынан өткенде. Дыбыстық жүйе максималды әсерге жетеді, егер саундбар қосымша қолданылса-бұл одан да бай және көлемді кеңістіктік дыбысты жасауға мүмкіндік береді.

Eclipsa Audio құрылғылар өндірушілері және медиаплатформаны  бірыңғай стандарт айналасында біріктіре отыра, 3D-дыбыстың жаңа экожүйесінің негізін қалады. Ағындық сервистер контентті жасау және тұтыну арасындағы шекараларды жоятын дәуірде Eclipsa Audio көлемді дыбысқа арналған жаңа көкжиектерді ашады. Samsung бұл технологияны 3D дыбысына шомуды әр пайдаланушыға қол жетімді ету үшін дамытуды жалғастырады.

1 Орналастыру кестесі мен функцияның ерекшеліктері теледидар моделіне байланысты әр түрлі болуы мүмкін.

Samsung 2025 жылғы теледидарлар мен саундбарларға арналған, Google-мен бірлесіп әзірленген, Eclipsa Audio 3D технологиясын ұсынады
Samsung Electronics компаниясы Google-мен серіктестікте жасалған Eclipsa Audio – революциялық 3D дыбыс технологиясын 2025 жылғы теледидарлар мен саундбарлар желісіне енгізгенін жариялады. Бұл инновация контент жасаушыларға динамикалық және қызықты аудио материалдарды жасауға мүмкіндік береді, сонымен қатар олардың Samsung құрылғыларында мінсіз ойнатылуын қамтамасыз етеді – әсерлі аудио және бейнеконтенті бұрын – соңды болмағандай қолжетімді бола түседі.

«Біз Eclipsa Audio-ны 2025 жылға арналған теледидарларымыз бен саундбарларымызға біріктіру арқылы индустрияның көшін басқаратынымызды мақтан тұтамыз», – деп атап өтті  Samsung Electronics атқарушы вице-президенті және R&D Visual Display Business тобының басшысы Таён Сон (Taeyong Son). – Бұл инновация көлемді дыбыстың жаңа мүмкіндіктерін ашады және үйдегі ойын-сауықтың болашағын қалыптастырудағы біздің шынайы берілгендігімізді ашып көрсетеді».

Үйдегі ойын-сауық саласындағы инновациялар

Samsung 18 жыл қатарынан теледидар нарығында әлемдік көшбасшы бола отырып, Eclipsa Audio көмегімен үйдегі ойын-сауықты басқаша ойластыруда. Диагоналы 75 дюймден асатын ТЕЛЕДИДАРЛАР нарығының ең үлкен үлесін ала отыра, Samsung бұл озық технологияны одан да көп пайдаланушылар үшін қолжетімді етуге ұмтылады.

Eclipse Audio контент жасаушыларға орналасу, қарқындылық және кеңістіктік шағылысу сияқты әсерлі үш өлшемді дыбысты қамтамасыз ету үшін дыбыс параметрлерін реттеуге мүмкіндік береді.

Eclipsa Audio-ны енгізген алғашқы компания ретінде Samsung бұл технологияны Crystal UHD сериясынан бастап Neo QLED 8K премиум флагмандарына дейінгі – барлық 2025 теледидар топтамасына біріктіреді. Бұл тұтынушыларға өз қажеттіліктеріне сәйкес құрылғыны таңдауға және озық аудио технологиялардан ләззат алуға мүмкіндік береді.

Контент пен жаңғырту мүмкіндіктерін кеңейту

2025 жылдан бастап контент жасаушылар Eclipse Audio жаңғыртулары бар бейнелерді YouTube платформасына жүктей алады. 2025 Samsung құрылғыларының иелері қол жетімді болған кезде жақсартылған кеңістіктік дыбысы бар бейнелерді көре алады.

Тұрақты дыбыс сапасын қамтамасыз ету үшін Samsung және Google Телекоммуникациялық технологиялар қауымдастығымен (TTA) Eclipsa Audio қолдайтын құрылғыларды сертификаттау бағдарламасын құру үшін серіктес болып, пайдаланушыларға жоғары дыбыстық дәлдік стандарттарына кепілдік береді.

«Eclipsa Audio біздің дыбысты қабылдауымызды өзгерте алатынына сенімдіміз», – деді Google Chrome инженерлік даму жөніндегі вице-президенті Джим Банкоски (Jim Bankoski). Біз бұл технологияның жаңа, инновациялық аудио эффектілерді жасау үшін қалай белсенді қолданылатын көруді асыға күтудеміз».