eGov mobile – Samsung Newsroom Қазақстан

Қазақстанда мобильді құрылғыларды тексеру мемлекеттік платформаға көшумен жеңілдеді
Samsung Electronics Central Eurasia қазақстандағы мобильді құрылғыларды тексеру тәртібіндегі маңызды өзгерістерді атап өтеді. 2026 жылғы 9 қазаннан бастап жеке тұлғалар рәсімнен portal.imei.gov.kz мемлекеттік порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы өте алады. Бірыңғай мемлекеттік платформаға көшудің арқасында процесс жеңілдеп, түсінікті бола түседі, ал пайдаланушылар жеке деректерін қосымша қорғауға ие болады.

▲ IMEI кодын тексеруге арналған мемлекеттік портал интерфейсі

Жаңа жүйенің басты артықшылықтарының бірі – қажетті тексеру кезеңдерінен бір жерде өту мүмкіндігі. Енді пайдаланушыларға үшінші тарап ресурстарынан құжаттарды өз бетінше алу және өтінім берген кезде оларды жүктеу қажет емес. Қажетті ақпарат, соның ішінде мемлекеттік шекараны кесіп өту туралы мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылының арқасында автоматты түрде беріледі.

Тағы бір жаңалық – міндетті бейне сәйкестендіру. Ол өтінішті дербес деректердің иесі беретініне көз жеткізуге көмектеседі және оларды заңсыз пайдаланудан қосымша қорғауды қамтамасыз етеді.

IMEI-ді верификациялауға өтінімді eGov Mobile қосымшасының “Көпшілікке арналған қызметтер” бөлімінде немесе мемлекеттік порталда беруге болады. Егер процесте сұрақтар немесе қиындықтар туындаса, пайдаланушылар 1414 нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығына хабарласа алады.

Samsung үшін Қазақстанның мобильді құрылғылар нарығында тұтынушылардың мүдделерін қорғау әрқашан маңызды басымдық болды. Компания мобильді техниканы пайдалануға байланысты рәсімдердің қарапайым, түсінікті болуын және пайдаланушылар үшін артық қиындықтар тудырмауын дәйекті түрде қолдайды.

Бірыңғай мемлекеттік платформаға көшу – неғұрлым ашық және ыңғайлы тексеру жүйесіне жасалған маңызды қадам. Мұндай өзгерістер тұтынушылардың сенімін нығайтуға, нарық қатысушылары үшін түсінікті жағдайлар жасауға және адамдардың нақты қажеттіліктеріне бағытталған цифрлық қызметтерді дамытуға көмектеседі.

Samsung Қазақстанда мобильді технологияларды пайдалануды ыңғайлы және қауіпсіз ететін шешімдерді қолдай отырып, мемлекеттік органдармен және серіктестермен ынтымақтастықты жалғастырады.

Galaxy мобильді құрылғыларын сатып алушылар нені білуі керек

Өз бетімен тексеруден өту керек пе?

Егер Galaxy мобильді құрылғысы Қазақстандағы компанияның ресми серіктестерінен сатып алынса, қосымша тексеру талап етілмейді. Бұл Technodom, Sulpak, Mechta, Alser, Evrika, Freedom Mobile, Beeline, Kcell, Tele2, DNS, MobilPlus және Nurancell дүкендерінен сатып алынған өнімдерге қатысты.

Егер құрылғы шетелден өз бетінше әкелінсе немесе тапсырыс берілсе, оны portal.imei.gov.kz мемлекеттік порталы немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы тексеру қажет.

Маркетплейсте сатып алу кезінде нелерге назар аудару керек?

Маркетплейсте смартфон сатып алмас бұрын, құрылғының тексеруден өткеніне көз жеткізу маңызды. Қазақстан заңнамасына сәйкес, ел аумағында сатылатын мобильді құрылғыларды тексеруге сатушы жауапты.

Смартфоныңыздың IMEI-ін қалай білуге болады?

Құрылғының IMEI-кодын білу үшін телефоннан *#06# комбинациясын теріңіз. Алынған кодты құрылғының күйін тексеру үшін пайдалануға болады. Егер смартфон бірнеше SIM-карталарды қолдаса, экранда бірнеше IMEI-кодтар көрінуі мүмкін.

Samsung мобильді құрылғыларды олардың түпнұсқалығына, әкелудің заңдылығына және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне сенімді болу үшін ресми сату арналары арқылы сатып алуға кеңес береді.

Қазақстандықтардың жеке куәліктері Samsung Wallet-те қолжетімді болады
Қазақстандықтарда eGov Mobile-дан жеке куәліктің цифрлық нұсқасын Samsung Wallet электрондық әмиянына орналастыру мүмкіндігі пайда болды. Жобаны Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Samsung Electronics Central Eurasia компаниясымен бірлесіп пилоттық режимде іске қосты.

Samsung Wallet-тегі цифрлық жеке куәлік – бұл жеке деректерді сақтаудың ыңғайлы және қауіпсіз әдісі. Азаматтар физикалық тасымалдаушыны жоғалтудан немесе ұрлатудан қорықпай, өз құжаттарын бірден цифрлық түрде ұсына алады. Samsung Wallet-тегі барлық деректер жеке ақпаратты сенімді қорғауды қамтамасыз ететін көпдеңгейлі қауіпсіздік жүйесімен қорғалған.

Бұл функция eGov Mobile қолданбасы орнатылған Samsung смартфондарының пайдаланушылары үшін қолжетімді.

Құжаттарды қосу үшін пайдаланушыға:

eGov Mobile қолданбасында авторизация жасап, «Цифрлық құжаттар» сервисіне өту керек.

«Жеке куәлік» цифрлық құжатын ашу және «Samsung Wallet әмиянына қосу» батырмасын басу керек.

Дербес деректерді өңдеу туралы келісіммен танысу, оларды өңдеуге өз келісімін беру және оған ЭЦҚ арқылы «Қол қою» қажет.

Цифрлық куәліктің ақпараттар бөлімінде көрсетілген жарамдылық мерзімі азаматтың физикалық жеке куәлігінде көрсетілген мерзімге сәйкес келетін болады. Егер уақыт өте келе куәліктегі ақпарат өзгерсе, онда пайдаланушы ағымдағы Цифрлық куәлікті өшіріп тастап, физикалық куәлікті қайта шығарған кезде оны жаңарту үшін қайта қоса алады.