Google Фото – Samsung Newsroom Қазақстан

Samsung Google Фотоны AI TV топтамасына кіріктіреді: үлкен экрандағы жағымды естеліктер
Samsung Electronics компаниясы Google Photos қызметін Samsung теледидарларына біріктіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлады. Енді пайдаланушылар өмірдің ең маңызды сәттерін — саяхаттар мен хоббилерден бастап, жақындарымен бірге өткізілетін жайлы күнделікті сәттерге дейін — Samsung теледидар экрандарында ыңғайлы түрде көре алады. Бұл жоба отбасыларға сүйікті естеліктерін бірге қайта елестетудің жаңа, шабыттандыратын тәсілін ұсынуға арналған1.

«Samsung теледидарлары әрқашан адамдарды біріктіріп келді, ал Google Photos интеграциясы бұл тәжірибені одан да жеке етеді», – деді Samsung Electronics компаниясының Visual Display Business бөлімшесінің Customer Experience тобының атқарушы вице-президенті Кевин Ли (Kevin Lee). «Осы серіктестік арқылы біз пайдаланушыларға қонақ бөлмесінде отырып-ақ әрбір фотосуреттің артындағы оқиғаларды ашу арқылы ең бағалы сәттерін қайта еске түсіруге көмектесеміз».

Фотосуреттеріңізге жаңаша қарау

Google Фото естеліктеріңізбен бөлісуді оңай және ыңғайлы етеді. Жоспарланған интеграция фотосуреттерді смартфоныңыздан Samsung теледидарыңызға лезде тасымалдауға мүмкіндік береді, онда олар таңғажайып кинематографиялық форматта көрсетіледі.

Пайдаланушылар адамдар, орындар және маңызды оқиғалар бойынша ұйымдастырылған тақырыптық жинақтарды шола алады. Google Photos сонымен қатар Vision AI Companion (VAC) мүмкіндіктерін кеңейтеді, бұл күн бойы контентті көрсетуді одан да эмоционалды және жарқын етеді.

Samsung Google Photos интерфейсінің біртұтас бөлігіне айналдыруға міндеттенеді. Фотосуреттер автоматты түрде Daily+ және Daily Board бөлімдерінде пайда болады, бұл пайдаланушыларға өмірлеріндегі ерекше сәттерді2 еске салады. Орнату өте қарапайым: Google тіркелгіңізге кіріңіз, сонда сіздің фотосуреттер жинағыңыз бірден үлкен экранда пайда болады3.

Сәттерді қайта бастан кешірудің үш тәсілі: «Естеліктер», «Шығармашылық» және «Жекелендірілген нәтижелер»

– ​Естеліктер ( 2026 жылдың басынша ерекше шығарылады): Бет-әлпетке, орналасқан жерге және оқиғаны талдауға негізделген ақылды әңгімелерді таңдау. Бұл мүмкіндік алғашқы алты айда тек Samsung теледидарларында қолжетімді болады4.

– AI-мен шығармашылық (2026 жылдың екінші жартысында іске қосылады): Тақырыптық үлгілер5 Nano Banana (Google DeepMind компаниясының кескіндерді генерациялау және өңдеу моделі) негізінде жасалған. Тұтынушылар фотосуреттердің стилін өзгерту үшін Remix функциясын немесе статикалық кадрларды динамикалық қысқа бейнелерге айналдыру үшін Photo to Video функциясын пайдалана алады.

– ​Жекелендірілген нәтижелер (2026 жылдың екінші жартысында іске қосылады): Мазмұнға негізделген тақырыптық слайдшоуларды көру мүмкіндігі (мысалы, «мұхит», «жаяу серуендеу», «Париж» және т.б.).

​Samsung TV-да эмоцияларға шексіз қол жеткізу

Samsung және Google Фото қонақ бөлмесін жеке галереяға айналдырады. Жеке фотомұрағаттары технологиялық тереңдікті пайдаланудағы қарапайымдылықпен біріктіре отыра, шығармашылық және жылы естеліктерге арналған кеңістікке айналады.

​«Google Фото – бұл естеліктерді жандандыруға көмектесетін сіздің түсірілімдеріңіз бен бейнелеріңізге арналған мекен, – дейді Google Фото және Google One вице-президенті Шимрит Бен-Яир (Shimrit Ben-Yair). – Біз адамдардың үлкен экрандағы сүйікті кадрларына сүйсініп және өзінің өткенімен байланысты жаңаша сезіне алуы үшін, бұл тәжірибені Samsung теледидарларына көшіргенімізге қуаныштымыз».

1 Функцияның қолжетімділігі құрылғы моделі мен аймаққа байланысты өзгеруі мүмкін.

2 Google аккаунты және синхрондалған фотосуреттер мен бейнелер арқылы 2026 Samsung теледидар үлгілерінде қолжетімді. Қазіргі уақытта қоймада бар үлгілер үшін бұл мүмкіндіктер ОЖ жаңарту кестесіне сәйкес қолжетімді болады.

3 «Естеліктер» мүмкіндігі Google Фото баптауларында қосылуы керек.

4 «Естеліктер» бөлімі 2026 жылдың наурыз айынан бастап қолжетімді болады; «Шығармашылық» және «Іздеу» мүмкіндіктері 2026 жылдың екінші жартысында қолжетімді болады.

5 AI-шаблондар тек Samsung теледидарларында ерекше қолжетімді болады.