Home Appliance Remote Management – Samsung Newsroom Қазақстан

Samsung тұтынушы тәжірибесін жақсарту үшін ғаламдық тұрмыстық техниканы қашықтан басқару (HRM) қызметін кеңейтеді
Samsung Electronics қашықтан диагностикалау және ақылды тұрмыстық техниканы тұтынушыларға қолдау көрсету мүмкіндіктерін жақсарта отыра, Home Appliance Remote Management (HRM) қызметінің жаһандық ауқымын кеңейтуде. Бүгінде бұл қызмет 122 елде қолжетімді және 17 тілді қолдай отыра, бүкіл әлемдегі тұтынушылар үшін ыңғайлы тәжірибе ұсынады.

HRM SmartThings қолдайтын тұрмыстық техниканы Samsung қызмет көрсету желісіне қосады, құрылғы жұмысы туралы деректерді жазады және қызмет көрсету орталықтарын нақты уақыттағы бақылаумен қамтамасыз етеді1. Тұтынушылардың келісімімен сарапшылар диагностикалық деректерді – мысалы, тоңазытқыш ішіндегі температура, кептіргіштегі ылғалдылық деңгейі немесе кондиционердің салқындату тиімділігі сияқты – қашықтан шығарып, ақаулықтарды жою бойынша шешімдерді немесе ұсыныстарды бере алады2.

HRM қызметі Кореяда 2020 жылдан бері қолданылуда және 2024 жылы 10 елде сынақтан өтті. 2025 жылы ол 122 елді қамтыған және тоңазытқыштар мен кір жуғыш машиналарды қолдайтын жаһандық деңгейде ресми түрде іске қосылды. Табысты кеңейту үшін Samsung HRM тілін қолдауын кеңейтті: ағылшын және корей тілдерінен басқа, испан, португал, неміс, француз, орыс және чех тілдерін қоса, қазір 17 тіл қолжетімді3.

«HRM қызметі Samsung компаниясының тұтынушыларға белсенді және интеллектуалды қызмет көрсетуге деген ұстанымын көрсетеді», – деді Samsung Electronics fтқарушы вице-президенті және Digital Appliance (DA) бизнесінің жаһандық тұтынушылар тәжірибесі тобының жетекшісі Мийон Ю (Miyoung Yoo). «Үздіксіз қосылым мен нақты уақыттағы сараптаманы біріктіре отырудың арқасында, қызмет өзара әрекеттің күрделілігін азайтуға және тұтынушылардың қанағаттану дәрежесін арттыруға көмектеседі».

Дисплейлері бар технологияның жаңа мүмкіндіктері

Тоңазытқыштар және Bespoke кір жуғыш машиналар сияқты кіріктірілген экрандары бар тұрмыстық техниканың өсуімен Samsung диагностиканы жақсарту үшін экранды бөлісу мүмкіндігін енгізді. Family Hub сияқты 7 және 9-дюймдік дисплейлерде тұтынушылар экранның тікелей кескінін қызмет көрсету маманымен бөлісе алады. Бұл дисплей, қолданба немесе медиа мәселелерін жылдам анықтауға мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндік алғаш рет 2021 жылы Family Hub тоңазытқыштарында іске қосылды, 2025 жылдың шілдесінде 9 дюймдік тоңазытқыштарға дейін кеңейтілді және қыркүйекте 7 дюймдік кір жуғыш машиналарда да пайда болады4.

Жедел шешімдер және мамандардың жиі келмеуі

HRM қызмет көрсету тиімділігін айтарлықтай арттырады, бұл үйге маман шақырмай-ақ – қарапайым мәселелерді қашықтан шешуге мүмкіндік береді.

Мысалы, тұтынушы кір жуғыш машина батырмаларының жұмыс істемейтініне шағымданған кезде, HRM жүйесі Child Lock функциясының іске қосылғанын көрсетті. Қысқа нұсқаудан кейін тұтынушының өзі оны өшірді және мәселе бірден шешілді.

Басқа жағдайда, тоңазытқыштың есігіндегі конденсат туралы шағым түскенде, техник (тұтынушының рұқсатын алып) ішкі жылытқышты қашықтан іске қосып, ылғал жоғалып кетті.

Бару өте қажет болғанда, HRM оны тиімдірек етеді: шеберлер алдын ала нақтылаулармен диагностикалық деректерді алады және қажетті бөлшектер және құралдармен келеді. Бұл қайталанатын сапарлардың санын азайтады және жөндеу уақытын айтарлықтай қысқартады. Бұл әсіресе үлкен елдерде және жету қиын аймақтарда бағалы.

АҚШ және Үндістан сияқты елдерде HRM ақаулардың алдын алу үшін белсенді түрде қолданылады. АҚШ-та SmartThings жүйесіне қосылған құрылғылар ықтимал қауіптерге бақыланады5. Егер олар анықталса, тұтынушылар не істеу керектігі туралы ұсыныстары бар push- хабарландыруларын алады. Үндістанда қызмет көрсету орталығы жабдықты бақылайды, ықтимал ақауларды анықтайды және тұтынушылармен алдын ала байланысады. Қажет болған жағдайда инженер үлкен ақаулардың алдын алып, бөлшектерді тексеруге немесе ауыстыруға жіберіледі.

Танымалдылықтың және тұтынушылардың қанағатануының өсуі

Тілдік қолдаудың кеңеюінің арқасында HRM қолдану тұрақты өсуде. 2025 жылдың шілдесінде бүкіл әлем бойынша HRM қызметін тұтынатын қызмет сұрауларының саны қаңтармен салыстырғанда екі есе өсті. Францияда HRM тұтынатын сұраныстардың үлесі француз тілі енгізілгеннен кейін 30%-дан астам өсті, ал 2024 жылы ағылшын тілі іске қосылған кезде бұл көрсеткіш айтарлықтай төмен болған еді6.

Тұтынушылардың қанағаттану деңгейі де артып келеді. HRM кеңінен қолданылатын Үндістанда қанағаттану индексі 2025 жылдың 2 тоқсанында өткен жылмен салыстырғанда 10%-дан астамға өсті. Негізгі жақсартулар мәселелерді шешу сапасы мен мамандардың кәсібилігіне қатысты болды, бұл қызметпен өзара әрекеттесу тәжірибесін айтарлықтай жақсартты.

HRM сияқты қызметтерді кеңейте отырып, Samsung тұрмыстық техникаға күтім жасауды одан да ыңғайлы және тиімді етеді, бос уақытты қысқартады, тұтынушы тәжірибесін жақсартады және жаһандық қызмет көрсетудің жаңа стандарттарын белгілейді. Жаңа елдерге, тілдерге және құрылғы санаттарына кеңейе отырып, Samsung болашақ үйі үшін ақылды және қосылған шешімдерді ұсынуды жалғастырады.

1 HRM 2019 жылдан кейін шығарылған SmartThings қосылған үлгілерде қолдау көрсетеді. Жұмыс істеуі үшін SmartThings қолданбасы (Android/iOS), Wi-Fi және Samsung тіркелгісі қажет.

2 Кореяда HRM тоңазытқыштарды, кір жуғыш машиналарды, кептіргіштерді, кондиционерлерді, пештерді, шаңсорғыштарды және ыдыс жуғыштарды қолдайды. Басқа елдерде бұл қызмет тоңазытқыштар мен кір жуғыш машиналар үшін қолжетімді.

3 Қолдау көрсетілетін тілдер: корей, ағылшын, француз, итальян, испан, португал, неміс, вьетнам, иврит, түрік, қытай, поляк, араб, индонезия, тай, орыс және чех тілдері.

4 Қол жетімділік өнімнің белгілі бір елдегі қолжетімділігіне байланысты.

5 HRM жеке ақпаратты өңдемейді, тек құрылғының жұмыс деректерін өңдейді. Проактивті HRM тек белгілі бір қателік санаттарына қолданылады.

6 Қолдану көрсеткіші Франциядағы HRM қолдауымен құрылғылар бойынша есептелген (SmartThings-қа қосылған тоңазытқыштар мен кір жуғыш машиналар).