ISOCELL – Samsung Newsroom Қазақстан

Samsung жоғары деңгейдегі мобильді фотосуреттерге арналған әмбебап кескін датчиктерін ұсынуда
Samsung Electronics, озық жартылай өткізгіш технологиялар бойынша әлемдік көшбасшы, мобильді құрылғыларға арналған үш жаңа сурет датчигінің шығарылғаны туралы хабарлады. Олар смартфондардың негізгі және қосымша камераларына арналған: ISOCELL HP9, ISOCELL GNJ және ISOCELL JN5.

Пайдаланушылардың смартфон камерасының сапасы мен өнімділігіне деген үміттері артып келе жатқандықтан, Samsung компаниясының су жаңа кескін датчиктері мобильді фотосуретте жаңа стандарт орнатып, әр бұрыштан керемет нәтижелер береді.

«Кескін датчиктерінің өнімділігін жақсарту және кез келген бұрыштан тұрақты фотосурет сапасын қамтамасыз ету үшін негізгі және қосымша камералар арасындағы алшақтықтың жойылуы – бұл саланы дамытудың жаңа бағыты, – дейді Джесук Ли (Jesuk Lee), жүйелік LSI-сенсорлары бөлімінің атқарушы вице-президенті және техникалық директоры, Samsung Electronics компаниясы. – Біз соңғы жетістіктерді қамтитын мобильді құрылғыларға арналған датчиктердің жаңа желісімен салалық стандарттарды орнатуды және технологиялық шекараларды ілгерілетуді жалғастырамыз».

ISOCELL HP9: смартфондарға арналған саладағы алғашқы 200-мегапикселді телеобъективі

ISOCELL HP9-де 1/1,4 дюймдік оптикалық пішімдегі 200 миллион 0,56 микрометрлік (мкм) пиксельдер бар.

Жаңа материалдан жасалған патенттелген жоғары рефрактиквті микролинзамен ерекшелененген HP9 сәйкес RGB түс сүзгісіне жарықты дәлірек бағыттау арқылы жарық түсіру мүмкіндігін айтарлықтай жақсартады. Бұл жарқын түстерді көрсетуге және жақсартылған фокусқа әкеледі: 12% жоғары жарық сезімталдығы (сигнал/шу қатынасы 10 негізінде), ал автофокустың контрасты алдыңғы өнімнен 10% жоғары.

Атап айтқанда, HP9 аз жарық жағдайында жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді, бұл дәстүрлі телекамераларда жиі кездесетін мәселе. Tetra²pixel технологиясы 16 пиксельді (4×4) 12 мегапиксельді 2,24 мкм үлкен сенсорға біріктіреді. Бұл тіпті қараңғы жағдайларда да анық портреттік түсірілімдер жасауға және фокустан тыс боке¹ әсерлерін жасауға мүмкіндік береді.

Премиум смартфондардағы негізгі камералардың көлемі ұлғайған сайын, телекамераларға арналған орын да көбейюде. HP9 камерасының үлкен оптикалық пішімі оны телеобъективтерде пайдалануға мүмкіндік береді, бұл кескін сапасы, автофокус, жоғары динамикалық диапазон (HDR) және секундына кадрлар саны (fps) бойынша премиум негізгі камераларға сәйкес келетін өнімділікті қамтамасыз етеді.

Ремозаикалық алгоритмі бар HP9 сенсордың ішінде 2x және 4x масштабтау режимдерін ұсынады, бұл анық сурет сапасын сақтай отырып, 3x масштабтау телефото модулімен жұптастырылған кезде 12 есе үлкейтуге алып келеді.

ISOCELL GNJ: пиксельдік технологиядағы озық инновацияларды біріктіру

ISOCELL GNJ – бұл 50 миллион 1,0 микрон пикселдері және 1/1,57 дюймдік оптикалық пішімі бар қос пикселді матрица.

Әрбір пиксельде екі фотодиод бар, бұл адам көздерінің фокустауы сияқты жылдам және дәл автофокуспен қамтамасыз етеді. Бұған қоса, кескін датчигі бір уақытта сурет сапасымен жылдам фокустау үшін толық түсті ақпаратты түсіреді.

GNJ қос пиксельдік технологияны кіріктірілген масштабтау функциясымен  біріктіреді, бұл бейне режимінде айқынырақ түсірілімді және фото режимінде артефактілер мен муар² жоқ жоғары ажыратымдылықтағы кескіндерді алуға мүмкіндік береді.

Жоғары өткізу қабілеті бар жаңа және жақсартылған рефракцияға қарсы қабат (ARL) Samsung компаниясының фирмалық жоғары рефракциялық микролинзасымен біріктіріле отырып жарық өткізгіштігін арттырып, қажетсіз шағылысуларды азайтып қана қоймайды, сонымен қатар қараңғы аймақтардың шамадан тыс жарықтандырылмауын қамтамасыз етеді. Бұл жақсы сақталған кескін бөлшектері бар анық фотосуреттерге әкеледі.

Сонымен қатар, GNJ-де кеңейтілген терең траншеялық оқшаулау (DTI) пикселді оқшаулау материалы қолданылған – поликремнийден кремний оксидіне дейін, бұл көрші пикселдер арасындағы айқасты азайтады. Бұл сенсорға егжей-тегжейлі және дәл кескіндерді шығаруға мүмкіндік береді.

Барлық осы инновацияларға аз қуат тұтыну арқылы қол жеткізілді, нәтижесінде алдын ала қарау режимінде 29% және 4K 60 кадр/с бейне режимінде 34% жақсарды.

ISOCELL JN5: кең түс диапазоны және тамаша автофокусы бар кез келген бұрышта тұрақты камера өнімділігі

ISOCELL JN5 камерасы 1/2,76 дюймдік оптикалық пішімдегі 0,64 мкм өлшемі бар 50 миллион пиксельге ие.

Dual Vertical Transfer Gate (Dual VTG) технологиясы пикселдер ішінде заряд тасымалдауды арттырады, өте төмен жарық жағдайларында шу деңгейін айтарлықтай төмендете отырып. Бұл анық кескін сапасын қамтамасыз етеді.

Super Quad Phase Detection (Super QPD) технологиясының арқасында JN5 камерасы тік және көлденең фазалық айырмашылықтарды салыстыру арқылы фокусты реттейді, тіпті ең аз сілкініспен жылдам қозғалатын нысандардың ең ұсақ бөлшектерін түсіреді.

Оған қоса, JN5-де HDR жақсарту үшін қос көлбеу күшейту технологиясы (DSG) енгізілді. Бұл технология пикселдер қабылдайтын аналогтық жарық ақпаратын екі сигналға күшейтеді және оларды цифрлық сигналға түрлендіреді, содан кейін оны бір деректерге біріктіріп, сенсор ойната алатын түстер ауқымын кеңейтеді.

Аппараттық ремозаикалық алгоритмдерді енгізу суретті нақты уақытта кідіріссіз масштабтауға мүмкіндік беретін түсіру жылдамдығын арттырады. Алдын ала қарау режимінде де, түсіру режимінде де.

JN5 жұқа оптикалық пішімі оны негізгі және қосымша камераларда пайдалануға мүмкіндік беретін жан-жақты етеді. Кең бұрышты, ультра кең бұрышты, алдыңғы және телефотоны қоса, әртүрлі бұрыштардан камераның тұрақты өнімділігін қамтамасыз етеді.

1 Боке – бұл фотосуреттегі фокустан тыс нысандардың бұлыңғырлануы, әдетте эстетикалық жағымды дәрежеде.

2 Муара эффектісі – бұл қайталанатын бөліктерді суретке түсіру кезінде пайда болатын қалаусыз көрнекі құбылыс (әдетте сызықтар).

Samsung компаниясы роботтехникасына және XR-қосымшаларына арналған екі жаңа ISOCELL Vizion сезбегтерін ұсынады
Алдыңғы қатарлы жартылай өткізгіштер саласындағы әлемдік көшбасшы Samsung Electronics компаниясы көпшіліктің назарына екі жаңа ISOCELL Vizion сезбектерін ұсынады, олар – уақытты нақтылауы бар (ToF) ISOCELL Vizion 63D сезбегі және ғаламдық бекітпесі бар ISOCELL Vizion 931 сезбегі. Олар жаңа ұрпақтың ұялы, коммерциялық және өнеркәсіптік қосымшаларының визуалды мүмкіндіктерін кең ауқымда қамтамасыз ету үшін арнайы әзірленген.

«Ең заманауи технологиялардың негізінде жасалған Samsung ISOCELL Vizion 63D және ISOCELL Vizion 931 сезгектері роботтехникасы және кеңейтілген шынайылық (XR) сияқты болашақтың жоғары технологиялық қосымшалар үшін машиналық көру қабілетін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады» – дейді Samsung Electronics келесі ұрпақ сенсорларын әзірлеу тобының атқарушы вице-президенті Хэчанг Ли (Haechang Lee). Ол сондай-ақ: «Біз өзіміздің технологиялық инновацияларға толы бай тарихымызға сүйене отырып, жылдам өсіп келе жатқан кескін сезгектерінің нарығын дамытуға ұмтыламыз» – деді.

ISOCELL Vizion 63D: ерекше детализациясы бар жоғары шешімді 3D-кескіндерді түсіру

Жарқанаттар түнде бағдар табу үшін эхолокацияны қолданатындай ToF сезбектері де шығарылған жарықтың нысанға дейінгі және одан шағылысқан жарықтың сезгекке дейінгі жұмсалған уақыттың мөлшерін есептей отырып, оның қашықтығы мен тереңдігін өлшейді.

Жеке алғанда, Samsung компаниясының ISOCELL Vizion 63D құрылғысы – бұл қоршаған ортаны үш өлшемде сезу үшін шығарылған және шағылысқан жарықтың фазалық өзгерісін өлшейтін ToF-сезгегі (iToF). Ереше дәлдігімен және нақтылығымен көзге түсетін Vizion 63D сезгегі сервистік және кәсіпорындық роботтар үшін, сондай-ақ жоғары шешімді және тереңдікті дәл өлшеуді жүзеге асыру үшін маңызды XR-құрылғылары мен адам бетін тану қызметтері үшін мінсіз таңдау.

ISOCELL Vizion 63D – бұл тереңдікті анықтау функциясы бар енгізілген бейне сигналдарының аппараттық процессорын (ISP) иеленген саладағы тұңғыш iToF-сезгегі.  Осындай инновациялық біркристалды құрылым арқасында ол басқа чиптің көмегінсіз 3D тереңдігі туралы ақпаратты нақты бере алады, бұл оған алдыңғы ISOCELL Vizion 33D моделімен салыстырғанда жүйенің электр қуатын 40%-ға аз тұтынуға мүмкіндік береді. Сезгек сондай-ақ QVGA (320×240) шешімінде секундына 60 кадрға дейінгі жылдамдықпен кескінді өңдей алады, ол коммерциялық және кәсіпорындық нарықтарда пайдаланылатын дисплейлерге арналған ең қажетті шешімдердің бірі болып табылады.

iToF сенсорларында саладағы ең кішкентай пиксель мөлшері – 3,5㎛ пайдаланылады, бұл оған 1/6,4″ оптикалық форматта бейнеграфикалық матрицаның (VGA) (640×480) жоғары шешіміне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл оны кішігірім компактты құрылғылар үшін мінсіз шешімге айналдырады.

Жарықты жұтуды жақсартатын кері таралу технологиясының арқасында Vizion 63D сенсоры инфрақызыл жарығының ұзындық толқыны 940 нанометр (нм) болғанда 38%-ға жететін саладағы ең үздік кванттық тиімділік деңгейін иеленеді. Бұл жарыққа сезімталдықты арттыруға және шудың деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді, нәтижесінде қозғалыс кезінде түсірілген кескіннің сапасы одан да нақты және бұлыңғырлығы минималды болады.

Осыдан өзге, ISOCELL Vizion 63D сезгегі бес метрден он метрге дейінгі қашықтықты өлшеу аумағын едәуір кеңейтуге мүмкіндік беретін құйылатын жарық (жақын қашықтықта жоғары шешім) және нүктелік жарық (алыс қашықтық) режімдерін қолдайды.

ISOCELL Vizion 931: динамикалық қозғалысты бұрмалаусыз түсіру

ISOCELL Vizion 931 – бұл жылдам қозғалыстарды «желе әсерінсіз» түсіру үшін арнайы әзірленген ғаламдық бекітпесі бар ISOCELL Vizion 931 сезбегі. Сахнаны жолақ-жолақ бойынша жоғарыдан төменге дейін түсіретін роллинг-шаттері бар сезгектерге қарағанда ғаламдық бекітпесі бар сезгектер бүкіл сахнаны тұтастай немесе адам көзіндей «ғаламдық» деңгейде алады. Бұл ISOCELL Vizion 931 сезгегіне қозғалыстағы нысандардың нақты, бұрмаланбаған кескіндерін түсіруге мүмкіндік береді. Бұл оны XR-құрылғыларда, ойын жүйелерінде, сервистік және логистикалық роботтарда, сондай-ақ дрондарда қозғалыстарды қадағалау үшін жоғары дәрежеде оңтайлы етеді.

Кішкентай форм-факторда пикселдердің үлкен саны орналастырылған және қатынасы бірде бір болатын VGA (640×640) шешімі бар ISOCELL Vizion 931 камерасы көздің нұрлы қабығын тану, көздің қозғалысын бақылау, сондай-ақ XR гарнитуралары сияқты тағылатын дисплейлері бар құрылғыларда адамның бетін және ым-ишарасын тану үшін қолайлы.

ISOCELL Vizion 931 сондай-ақ саладағы ең жоғарғы кванттық тиімділікті иеленеді, бұл 850 нм инфрақызыл жарығының толқын ұзындығыда таң қаларлық 60%-ды қамтамасыз етеді. Бұл нәтиже Front Deep Trench Isolation (FDTI) технологиясын пайдалану арқасында мүмкін болды. Ол ISOCELL Vizion 63D сенсорында қолданылатын BST әдісіне қосымша жарықты барынша мол жұту үшін пикселдердің арасында изоляциялық қабатты орналастырады.

Vizion 931 бір сымның көмегімен қосымшаның процессорына төрт камераға дейін шектеусіз қосыла алатын multi-drop технологиясын қолдайды. Қажетті сымдардың барынша аз санының арқасында сезгек құрылғыларды өндірушілер үшін құрылымның үлкен икемділігін қамтамасыз етеді.

Samsung ISOCELL Vizion 63D және ISOCELL Vizion 931 сенсорлары қазіргі уақытта дүние жүзі бойынша OEM-өндірушілеріне жеткізіледі.