Solve for Tomorrow – Samsung Newsroom Қазақстан

Samsung мектеп оқушыларына арналған Solve For Tomorrow 2026 стартап байқауының басталғандығы туралы хабарлайды
Сіз қоғам мен әлемді ертең өзгертетін стартап жасағыңыз келе ме? Немесе мүмкін сіз оқуды бітіргеннен кейін бірден IT мансабын құруға алғашқы қадам жасағыңыз келе ме? Немесе сіз әлемдегі және елдегі ең үздік университеттерге түсуге дайындалып жатырсыз ба? Сіз Samsung компаниясымен бірге осы мақсаттардың барлығына қол жеткізе аласыз.

Samsung Electronics бүкіл елде қазақстандық мектеп оқушыларына арналған Solve for Tomorrow (SFT) әлеуметтік жобасының аясында 2026 жылғы жаңа оқу маусымын бастайды. Жүлде қоры 10 миллион теңгені құрайды.

Solve for Tomorrow – бұл Қазақстанның түкпір-түкпірінен мыңдаған мектеп оқушыларын қамтитын мүлдем тегін байқау. Жас қатысушылар өзекті әлеуметтік мәселелерге өз шешімдерін әзірлейді, IT мамандарымен арнайы тәлімгерлік сессияларға қатысады және қорытынды іс-шарада өз стартаптарын таныстыру тәжірибесін жинақтайды. Ең үздік жобалардың авторлары өз идеяларын жүзеге асыруда қосымша қолдау, Samsung компаниясынан арнайы сыйлықтар алады және IT әлемінің кең байтақ әлемінде жаңа мүмкіндіктерді ашады.

Өтінімдерді қабылдау осы жылдың 1 наурызында басталды және 31 сәуірге дейін жалғасады. Өтінім беру үшін 13 жастан 18 жасқа дейінгі мектеп оқушылары өз идеяларын сипаттайтын презентация және тапсырушы топтың әлемді қалай өзгертуді жоспарлап отырғанын көрсететін қысқа бейнеролик (мүмкіндігінше 2 минутқа дейін) дайындауы керек. Байқауға бүкіл Қазақстаннан келген кез келген қызығушылық танытқан команда қатыса алады. Маңыздысы: сіздерде өз мектебіңізден тәлімгер-оқытушы болуы керек.

Мамыр айында қазылар алқасы жұмыс идеяларын таңдайды. Олардың авторлары жобаның прототипін жасау үшін тәлімгерлермен бірге бірқатар дайындық онлайн және офлайн семинарларға қатысады. Қатысушылар жазғы демалыс кезінде өз жобаларымен жұмыс істейді. Ең үздік 10 идея финалдық кезеңге өтеді, оның ішінен үш жеңімпаз таңдалады.

«Solve for Tomorrow» жобасы Қазақстанда алты жылдан бері Samsung Electronics компаниясының басшылығымен жүзеге асырылып келеді. Осы уақыт ішінде байқау аясында ұсынылған және әзірленген көптеген жобалар коммерциялық деңгейге жетіп, қазірдің өзінде қазақстандық қоғамды түбегейлі өзгертіп келеді. Сонымен қатар, байқауға қатысқанының арқасында көптеген түлектер Қазақстандағы және халықаралық деңгейдегі жетекші IT университеттеріне, соның ішінде беделді Айви Лигасы университеттеріне қабылданды.

Қатысу және өтініш беру туралы толығырақ: Solvefortomorrow.kz-тен біле аласыз.

Инновация әлеміндегі бір кетіктің қалануы: Solve For Tomorrow жүлдегерлері омарта шаруашылығын қалай қайта ойластыруда
Қазақстандағы Samsung Solve For Tomorrow бастамасының бес жылдық тарихында байқау арқылы медицинадан спортқа, білімнен ауыл шаруашылығына дейінгі түрлі салалардағы көптеген көрнекті жобалар өтті. Олардың арасында лезде өндіріс орындарына шыққан табысты стартаптар да, өз инновацияларын дамыту үшін жақсы мүмкіндік күткендер де болды. Соңғысына Тараздан келген оқушылар құрған стартап Beelieve-ты жатқызуға болады. Өткен жылы олар Solve For Tomorrow 2024 байқауында үшінші орынға ие болды.

Beelieve бұл кез-келген стандартты омартаның ішіне орнатылатын және аралардың температурасы, ылғалдылығы, салмағы мен белсенділігі туралы мәліметтер жинайтын омартаға арналған арнайы модуль. AI технологияларын енгізудің арқасында модуль аралардың өміріне тереңірек талдау жасауға және омарталарды қашықтан басқаруға көмектеседі.

Samsung Newsroom Қазақстан редакциясы Digital Bridge халықаралық форумы шеңберінде Solve For Tomorrow 2024-ке сәтті қатысқаннан кейін олардың тарихын, AI Sana Generative Nation байқауындағы соңғы жетістіктері мен жеңістерін білу үшін Beelieve командасымен сұхбаттасты.

Идея, Solve For Tomorrow, Үзіліс

Beelieve стартап командасы мектеп табалдырғынан бастап-ақ өз өнертабысын дамыта бастаған үш сыныптас ынтагерлерден тұрады. Таразда туып-өскендіктен, олар кішкентай кехдерінен бастап аймақтың ауыл шаруашылығы әлемінде маңызды рөл атқаратын омарта саласы туралы көрген-білгендері мол еді. Оның үстіне балалар балды жақсы көреді. Осылайша оларда олардың жаңа технологияларға деген қызығушылығын және олар өмір сүретін аймақтың артықшылықтарын біріктіретін: Beelieve-ты құру туралы идея пайда болды.

«Идея пайда болған соң біз жергілікті омарташылармен әңгімелесіп, сұхбат жүргізе бастадық. Осы зерттеу барысында біз негізгі мәселелерді анықтадық: паразиттердің, әсіресе Варроа кенесінің таралуы, пестицидтердің әсері, ұялардағы температура мен ылғалдылықтың күрт өзгеруі және күтпеген жерден аралардың топтануы. Орташа алғанда, бір омартада 100-ден астам ара ұясы бар және омарташы оларды аптасына бірнеше рет қолмен тексеруі керек. Бұл көп уақыт пен физикалық күш жұмсауды қажет етеді», – деп айтып берді Beelieve.

Сондай-ақ, олар Қазақстандағы көптеген омарташылар егде жастағы адамдар екенін, сондықтан олардың жұмысын жеңілдететін және омарталарын қашықтан басқаруға көмектесетін шешімдерге мұқтаж екенін атап өтті.

Сонымен, өз идеясымен және жүргізген зерттеуімен қаруланған балалар Samsung Solve For Tomorrow стартаптар байқауына қатысуға шешім қабылдады. Алғашқы екі әрекет сәтсіз аяқталды, бірақ Beelieve еңсесін түсірмеді, өз идеясын аяқтап бітірді және үшінші жылы финалға өтіп, онда олар үшінші орынға ие болды.

«Solve For Tomorrow-ға қатысу Beelieve дамуына қатты әсер етті. Біріншіден, сарапшы Дэвид Тугановпен өткен менторлық сессия жобаға дизайнерлік ойлау тұрғысынан қарауға және оның тиімділігін арттыруға көмектесті. Екіншіден, біз құнды нетворкинг алдық, талантты қатысушылармен және осы уақытқа дейін қарым-қатынас жасайтын пікірлестермен таныстық”, – деп бөлісті команда қатысушылары.

Жобамен қарқынды жұмыс істеудің негізгі мотивациясы басқа қатысушылардың жоғары деңгейі болды. Solve For Tomorrow сау және күшті бәсекелестік атмосферасы балаларға жартылай финалда үздік нәтиже көрсетуге, ал финалда үшінші орынға ие болуға және пайдалы кері байланыс алуға мүмкіндік берді. Оның үстіне,  олар тіпті өздерінің омартасы бар қазылар алқасының мүшелерімен танысып та үлгерді.

Байқау аяқталғаннан кейін Beelieve мүшелері  жоғары оқу орнына түсуге және мектепті бітіруге назар аудара отырып, жобаны қысқа мерзімде тоқтата тұрды.

Жұмысқа қайтып оралу және Digital Bridge 2025

Осы жылдың мамыр айында барлық қабылдау емтихандарын сәтті тапсырғаннан кейін жоба қатысушылары Beelieve жұмысына қайта оралды. Олар Infomatrix-Asia халықаралық байқауында бірінші орынға ие болды және бірнеше айдан кейін UNIDO (БҰҰ өнеркәсіптік даму бойынша) ірі gcip (Global Cleantech Innovation Programme) акселерациялық бағдарламасына өтті. Бағдарламаға қатысу Стартапқа бүкіл жобаның тұжырымдамасын қайта ойластыруға мүмкіндік берді.

«Егер бұрын шешімнің негізі ақылды ара омарталары болған болса, енді біз бұл тәсілден мүлдем бас тарттық және кез келген бұрыннан бар ара омарталарына біріктіруге болатын модульдік блоктарға назар аударуды шештік. Дайын ақылды омарталарды сату экономикалық тұрғыдан мүмкін емес болып шықты, өйткені омарташылардың көпшілігінде кәсектер мен ара колониялары орнатылған өз ұялары бар», – деп стартап мүшелері енгізген өзгерістер туралы айтып берді.

Өз кезегінде, Solve For Tomorrow -дан алынған жүлде қаражатын балалар технологияны жақсартуға және жобаны коммерциялық шығарылымға дайындауға жұмсады, бұл оларға электрондық тақталарды өз бетінше әзірлеуге және өздерінің AI моделімен жұмыс істеуге мүмкіндік берді.

Жоба бойынша жұмысты жалғастыра отырып, Beelieve Digital Bridge халықаралық форумы аясында бірінші AI Sana Generative Nation байқауына қатысуға шешім қабылдады.

«Бастапқыда біз тіпті байқаудың ауқымын елестеткен жоқпыз және бұл сіздің жобаңызды ұсынатын қарапайым көрме болады деп ойладық. Бірақ әр жаңа кезең сайын бізді үлкен тосынсыйлар күтіп тұрды. Финалистер Қазақстан Президентімен пленарлық отырысқа қатысып, оның қолынан марапат ала алатынын хабарлаған кезде, біз қатты қуандық. Бұл біз үшін керемет нәрсе болды», – деп  Beelieve мүшелері өз эмоцияларымен бөлісті.

Финалға өтіп, балалар жобаны сәтті ұсынып, 5 миллион теңге көлемінде жүлдені жеңіп алып, бірінші орынға ие болды. Сондай-ақ, олар пленарлық отырысқа және alem.ai. Қазақстанның халықаралық жасанды интеллект орталығының ресми ашылуына қатысуға мүмкіндік алды. Отырысқа  ҚР Президентімен бірге, тағы да  Павел Дуров, Питер Норвиг, Илья Стребулаев және Кай-Фу Ли сияқты технологиялар мен венчурлық инвестициялар әлеміндегі танымал тұлғалар қатысты.

«AI Week аясында өткен бүкіл апта біз үшін шынымен шабыттандыратын және сананы кеңейтетін болды. Біз жаңа таныстар, көптеген әсерлер алдық және еліміздің технология саласындағы әлеуеті қаншалықты зор екенін түсіндік. Digital Bridge-ге қатысу бізге мүмкін емес ештеңе жоқ екенін және ғажайыптар бар және болатынын көрсетті. Бұл тәжірибе біз үшін Beelieve -ті  одан әрі сенімділікпен алға жылжытуға және дамытуға күшті серпін болды».

Болашақтағы  жоспарлар мен жаңа көкжиектер

Beelieve бұнымен  тоқтап қалмайды.  Қазіргі уақытта стартап қатысушылары Қазақстанның цифрлық даму министрі Бағдат Мусинмен бірлесіп жүйені пилоттық іске қосуға дайындалуда. Ол Beelieve AI Sana Generative Nation -да жеңіске жеткеннен кейін жобаның тікелей тәлімгері болып тағайындалды.

Сонымен қатар, Digital Bridge-ге дейін де Beelieve «Бал-Ара» ұлттық омарта шаруашылығы Одағымен ынтымақтастықты бастады. Осы серіктестік аясында 2026 жылғы көктемде балалар Beelieve-ді барлық өңірлердің B2B-секторында ілгерілету үшін Қазақстанның ара өсірушілерінің республикалық съезінде Beelieve-ты ұсынуды жоспарлап отыр.

Қазір омарта шаруашылығы маусымы аяқталды, сондықтан команда өз жүйесін пилоттық іске қосу үшін Ақмола және Алматы облыстарының омарташыларымен келіссөздер жүргізе отырып, әзірге көктемде маусымның басталуына дайындалуда.

Осы жетістіктерден кейін команданың амбициялары мүлдем төмендеген жоқ. Түпкі мақсат – әлемдік деңгейге жету.

«Қазақстандағы омарта шаруашылығы нарығы салыстырмалы түрде шағын болғандықтан және көптеген ара өсірушілер әлі де консервативті тәсілдерді ұстанатындықтан, біз халықаралық нарыққа шығуды қарастырып жатырмыз. Австралиядағы Қазақстан консулдығы біздің жобамызға қызығушылық танытты, және біз қазіргі уақытта олармен ынтымақтастық орнату мүмкіндігін талқылап жатырмыз. Бұдан не шығатынын көреміз», – деп жастар қуана бөлісті.

Астанада Solve For Tomorrow 2025 жыл сайынғы стартап байқауының финалы өтті
20 тамызда Bibigul Tulegenova Creative School қабырғасында Samsung Solve For Tomorrow 2025 жыл сайынғы республикалық стартап байқауының финалы өтті. Шара барысында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген дарынды және өршіл мектеп оқушыларынан құралған 10 команда маңызды әлеуметтік мәселелерді шешетін инновациялық жобаларын ұсынды. Бастаманың серіктесі – «Аяла» жеке қайырымдылық қоры болды.

Осы Solve For Tomorrow байқауы Қазақстанда бесінші рет өткізіліп отыр. Биыл байқауға қатысуға рекордтық командалар өтініш берді – еліміздің түкпір-түкпірінен 3400-ден астам қатысушы заманауи мәселелердің шешімін табуға бағытталған 992 идеяны ұсынды. Қатысушыларға ғылымды, технологияны, инженерияны және математиканы (STEM) пайдалана отырып, өткір әлеуметтік мәселенің шешімін табу міндеті қойылды.

Мұқият іріктеуден кейін 32 команда жартылай финалға өтті, олар 16 маусымда Алматыға «Дизайндық ойлау» тақырыбындағы арнайы тәлімгерлік сессиясына аттанды. Барлық тәлімгерлік сессияларының нәтижелері бойынша Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 10 үздік команда финалға өтті, олар өз жобаларын барынша жетілдіріп, жан-жақты дамыта алды.

Онда әр команда презентациядан кейін пайдалы кеңестер мен ұсыныстар ала отыра, өз идеяларын қазылар алқасына ұсынып, Астанада көп айлық еңбек пен еңбектің қорытындысы шығарылды. Ал мектеп оқушыларының атқарған жұмыстарын оның құрамына QazInnovations, NURIS, Samsung Electronics және т.б.сарапшылары енген кеңейтілген қазылар алқасы бағалады.

Қорытынды жобалар мен қатысушылардың өнерлерін жан-жақты талқылап, қазылар алқасы жүлделі орындарға ие болған үш мықты команданы таңдады:

1-орын мен 4 миллион теңге жүлдені Орал қаласындағы НЗМ ФМС-тің AquaAeris командасы жеңіп алды. Олар адамдар үшін қауіпсіздік пен қолайлылықтың толық экожүйесі бар ауадан ауыз су өндіруге бағытталған өнертабыс жасады. Қазылар алқасы облысымыз үшін маңызды рөл атқаратын жобаның қарапайымдылығы мен тиімділігін атап өтті.

2 орын және 2,5 млн теңге Қызылорда НЗМ мектеп оқушыларына бұйырды. Олардың ReMotion жобасы инсультпен ауыратын науқастарға ойын интерфейсі арқылы жаттығуларды орындау мотивациясын арттыру арқылы ұсақ моторикасын қалпына келтіруді жылдамдатуға көмектеседі. Студенттер өз өнімдерін үнемі жетілдіре отырып, іріктеу қосымшасымен салыстырғанда үлкен жетістіктер көрсетті.

3-орын және 1 миллион теңге Шымкент НЗМ-нің Soyle командасына бұйырды. Балалар нақты уақыт режимінде ым тілін дыбысқа және қарапайым сөйлеуді мәтінге аудара алатын ЖИ қолданатын ақылды құрылғыларды ұсынды. Өнертабыстар көзілдірік және мойын модулі түрінде жасалған.

Финалға шыққан барлық командалар 300 000 теңгенің сертификаттарын алды, олар да өткен жылдардағы көптеген финалистер сияқты өз идеяларын өндірістік қуатқа шығара отыра, жобаны одан әрі дамытуға бағыттай алады.

«Бес жыл бойы Solve For Tomorrow Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі жас өрендерге әлемді жақсы жаққа өзгертуді бастауға мүмкіндік беріп келеді. Біздің елімізде жоба жыл сайын өтінім беру рекордтарын жаңартады, соның арқасында мектеп оқушылары, тіпті ең шалғай ауылдардағы да STEM білім беру бойынша қажетті білім мен тәжірибе ала алады. Биылғы жобалар қоғамымызды жақсартып қана қоймай, қазақстандық жасөспірімдерге бүкіл әлемді жақсартатын идеяларын жүзеге асырудың үлгісі болатынына сенімдіміз», – деді Samsung Electronics Central Eurasia корпоративтік маркетинг бөлімінің басшысы Берік Умаров.

Болашақта жеңімпаздар мен финалистерге Samsung Electronics және серіктес ұйымдар жобаларын әзірлеуде жан-жақты қолдау көрсетіп, дамудың келесі кезеңіне өтуге көмектесетін болады. Жоба туралы толық ақпаратты solvefortomorrow.kz ресми сайтынан білуге болады.

[Инфографика] Samsung Solve for Tomorrow: 68 елден 2,8 миллион қатысушылармен бірге болашақты 15 жыл қалыптастыру
Samsung Solve for Tomorrow – бұл онда жастар өздерінің STEM (ғылым, технология, инженерия және математика) білімдерін аналитикалық ойлауды дамыта отырып, қоғамдастықтардағы өзекті мәселелерді шешу үшін қолданатын, Samsung Electronics компаниясының ашық конкурс түріндегі жаһандық білім беру бағдарламасы.

Аталған бағдарлама тек жәй ғана идея байқауынан гөрі әлдеқайда терең нәрсені ұсынады. Қатысушылар инновациялық процестің әрбір сатысында: мәселені тұжырымдау мен идеяны құрудан прототипті әзірлеуге және шешімді сынауға дейін іс жүзінде тәжірибе жинақтай отырып, Samsung-тан Design Thinking әдістемесі бойынша оқытылады. Бұл тәсіл жастарға негізгі дағдыларды – креативті, жүйелі ойлау және практикалық шешімдерді табу қабілетін жинақтауға көмектеседі.

Алғашында 2010 жылы АҚШ-та эссе байқауы ретінде басталған Solve for Tomorrow, қазір әлемнің 68 елін қамтиды, ол әлемнің түкпір-түкпірінен келген жастарды жарқын болашақ үшін шешімдерді бірлесіп іздеу істеу үшін біріктіреді.

2025 жылдан бастап бағдарлама жаңа жаһандық тақырыптық бағыттарды алды. Олардың біріншісі – «Технология арқылы экологиялық тұрақтылық» және «Спорт пен технология арқылы әлеуметтік өзгерістер». Бұл бастаманың әмбебап мәселелерді шешудегі және халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы рөлін күшейтті.

Samsung жастарға – design thinking бастап экологиялық және әлеуметтік жобалауға дейін болашақтың дағдыларын дамытуға көмектесе отырып, білім беру мүмкіндіктерін кеңейтуді жалғастыруда. Компания оларға жарқын және тұрақты әлемді қалыптастыруға белсенді әсер ету мүмкіндігін бере отыра, студенттерге олардың идеяларын нақты жобаларға айналдыру жолында қолдау көрсетеді.

Төмендегі инфографикадан Samsung-тың Solve for Tomorrow жаһандық білім беру бағдарламасының 15 жыл ішінде дамуымен танысыңыз.

Ертеңгі күнге «үмітпен» қарау: Samsung Solve For Tomorrow-дың қандай жобалары қазірдің өзінде әлемді жақсы жаққа қарай өзгертіп жатыр
5 жылдан бері Samsung компаниясы жыл сайын Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі мектеп оқушыларын әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге арналған арнайы алаңмен қамтамасыз етіп, «Solve For Tomorrow» стартаптар байқауын өткізіп келеді. Жыл сайын жас көшбасшылар мен инноваторлар жақсы болашақты құру бойынша өз идеяларын ұсынады, оларды байқаудың жартылай финалында пысықтайды, өздерінің стартаптарын кезең-кезеңмен дамыту үшін тренингтерден өтеді және финалға қатысады, тамаша жүлделер, қажетті нетворкинг және көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесіне ие болады.

Осы жылдар ішінде Samsung Solve For Tomorrow-ға арамшөп туыдартын қиындықтарды жасанды интеллектпен шешуден бастап өртті сөндіруге арналған шағын робот жасауға дейін әртүрлі салаларда 2500-ден астам идея түсті. Бұл мақалада Samsung Newsroom Қазақстан редакциясы өндірістік қуатқа шыға бастаған және қазақстандықтардың өмірін шынымен өзгерткен үш жоба туралы айтып береді.

Úmit: Шектеусіз мүмкіндіктерге арналған тіссауыты

Úmit – 2024 жылы құрылған Тараздық мектеп оқушыларының стартапы. Олар мүгедектер арбасын, телефонды, ноутбукты және басқа да техникалық құрылғыларды тіл мен бастың қозғалысы арқылы басқаруға мүмкіндік беретін арнайы ті сауытын жасап шығарды. Құрылғы ауыздағы трекерлер арқылы сигналдар жібереді, сонымен қатар бастың қисаюын ескереді, бұл пайдаланушыға әртүрлі әрекеттерді орындауға мүмкіндік береді. Осы жобаның арқасында «Үміт» командасы «Solve for Tomorrow 2024» байқауында үшінші орын алып, бір миллион теңге грантқа ие болды.

Бірақ жас дарындар мұнымен тоқтап қалмады. Олар ақшалай сыйлықты жобаны одан әрі дамытуға жұмсады, сонымен бірге халықаралық Red Bull Basement байқауына қатысуға өтінім берді. Samsung Solve for Tomorrow бағдарламасында жинақталған тәжірибенің арқасында олар барлық кезеңдерден еркін өтіп, ұлттық кезеңнің жеңімпаздары атанды, бұл Úmit -ке Токиоға әлемдік финалға баруға бірегей мүмкіндік берді.

Samsung пен Red Bull гранттарын алған балалар өнертабыстарын жақсартып, оны ыңғайлы, жылдам және қауіпсіз етті. Ең үлкен жақсарту AI интеграциясы болды. Жүйе тұтынушылар үлгілерінен үйренеді және әрекеттерге жауап беріп қана қоймай, оларды болжайды. Мысалы, егер пайдаланушы тіктөртбұрыш салғысы келсе, AI оны автоматты түрде туралайды. Егер көрсеткіш, мысалы, WhatsApp белгішесіне жылжыса, жүйенің өзі қалаған белгішені көрсетеді. Тағы бір жаңалық – электрлік мүгедектер арбасы, оның қозғалтқыштары тікелей ауыз қуысына қосылған. Басқару интуитивті және жылдам болды. Осы жаңартулардың барлығы AICA Awards марапатына қатысуға әкелді, онда Úmit командасы Орталық Азияның 60-тан астам жобалары арасында «Үздік AI стартапы» номинациясында бірінші орынды жеңіп алды.

Ең бастысы, бұл жетістіктер Úmit-ке қазақстандық қоғамға технологияның барған сайын инклюзивті болуы және әр адамның өмірін жақсарту керек екенін көрсетуге көмектеседі. Команда қазір инновациялық қызметін кеңейту және халықаралық үдеткіштерге қатысу үшін жаңа инвесторлар мен гранттарды іздеуде. Олар өз зертханасын ашып, қажетті құрал-саймандар мен жабдықтарды сатып алып, өндірістік желіні іске қосуды жоспарлап отыр.

Senimplus: Өндірістегі қауіпсіздік

Solve For Tomorrow 2022 шарасына қатысқан ақтаулық мектеп оқушылары JavaScript және Python тілдерінде робот-терапевтке арналған бағдарлама жазып, пішінді 3D принтерде басып шығарып, түрлі сенсорларды орнатты. Құрылғы Ақтау қаласындағы мектептердің бірінде және жеке емханада сынақтан сәтті өтті. «Solve for Tomorrow 2022» байқауында команда финалистер қатарынан көрініп, 300 000 теңге ұтып алды. Бірақ жас әзірлеушілер үшін ең бастысы тәлімгерлік сабақтарында алған білімдері болды. IT мамандары мектеп оқушыларының өнертабыстарын жан-жақты талдап, бизнес-модель және одан әрі позициялау бойынша кеңестер берді.

Нәтижесінде олар мақсатты аудиторияны өзгертті. Емдеу мекемелеріндегі науқастардың орнына өндірістік кәсіпорындардың қызметкерлері таңдалды. Жаңартылған құрылғының мәні – жұмысшыларды ауысым алдындағы медициналық тексеруден өткізу. Белгілі болғандай, қазақстандық бизнес пен мемлекеттік секторда өндірістік тәуекелдерге әкелетін медициналық жағдайларды тіркеуде проблемалар орын алып отыр.

Стартапқа қатысушының айтуынша, Senimplus 2024 жылдың 5 қарашасында өз жобасына патент алған. Қазір құрылғы толықтай жұмыс істеп тұр және олар енді өндірісті жалғастыруда. Қызметкерлердің денсаулығын анықтап, олардың жұмысқа мас күйде келуіне жол бермейтін бұл құрылғыны Маңғыстау облысындағы жеке және мемлекеттік бірқатар кәсіпорындар мен зауыттар қолдана бастады. Face ID құрылғысын пайдалана отырып, ол сонымен қатар қызметкердің формасын (каска, қолғап) тексере алады, бұл оның жағдайының жалпы көрінісін толықтырады.

Дәл қазір әзірлеушілер Ақтаудағы қан орталығымен серіктестік орнату үстінде. «Осы серіктестік аясында біз донорлардың мәртебесін алдын ала тексеруге мүмкіндік беретін жүйені енгізуді жоспарлап отырмыз», – деп түсіндірді стартапқа қатысушы Камила Қуатова. Сондай-ақ олар Қазақстандағы өндірісті сақтай отырып, роботтарды Еуропаға экспорттай отырып, құрылғыны Еуропа нарығына шығаруды жоспарлап отыр.

Kazbionics: Көмек көрсететін қол-протез

Kazbionics – бұл мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жоғары технологиялық бионикалық қол әзірлейтін шымкенттік мектеп оқушыларының қазақстандық стартапы. Kazbionics-тің негізгі миссиясы – қолжетімді бағамен жаңа технологияларды енгізу арқылы толыққанды өмір сүру жағдайын жасау. Kazbionics толық цифрлық трансформацияға ұмтылады.

Команда екі рет Solve For Tomorrow-ға қатысты. 2021 жылы олар жартылай финалға шықты, бірақ тіркелу сәтсіз болғандықтан бұл кезеңнен өте алмады. Дегенмен, олар бас тартпай, өнертабыстарын дамытуды жалғастырды. Бұл табандылық олардың Solve For Tomorrow 2022 байқауына тағы бір рет қатысуына себепгі болып, олар үшінші орынды иеленеді. 2022 жылғы 5 ай ішінде стартап тек ауызша жарнама арқылы бионикалық қолға 150-ге жуық өтінімді қабылдады.

Solve For Tomorrow бағдарламасына қатысқаннан кейін KazBionics командасы үш жыл бойы бионикалық протезді қарқынды әзірлеуге және бета-сынақтан өткізуге арнады. Қазіргі уақытта стартапта 4 пайдаланушы және 1 белсенді бета-тест бар. Байқау нәтижесінде олар 5 миллион теңге көлеміндегі мемлекеттік грантты да жеңіп алды, бұл Kazbionics-тің дамуы мен өндіріске дайындықты жеделдетуге мүмкіндік берді.

Дәл қазір олар ауқымды кеңейту үшін стратегиялық серіктестіктерге ашық. Kazbionics жақын арада өнімнің коммерциялық нұсқасын шығарып, B2B нарығына шығады. Бұл біріктірілген QWD жүйесі бар ТМД елдеріндегі алғашқы бионикалық протез болмақ.

Олар Қазақстандағы ортопедиялық орталықтардың бірінде жұмыс істейтін Түркиядан келген протезист-дәрігермен де жұмыс істеп жатыр. Оның көмегінің арқасында Kazbionics ортопедиялық мекемелермен серіктестік желісін белсенді түрде кеңейтуде.

Бұл «Solve For Tomorrow-да» оқытуды сәтті аяқтаған мектеп оқушыларының тамаша жобаларының бір бөлігі ғана. 5 жыл ішінде жоба жас инноваторларға өз стартаптарын құруға мүмкіндік беріп қана қоймай, әлемді жақсы жаққа өзгертуге дайын, болашағына бей-жай қарамайтын жастардың үлкен қауымдастығына серпін беріп, бүкіл Қазақстан бойынша STEM -біліміне орасан зор үлес қосты. Бар болғаны платформа мен қолдау қажет.

Ал биылғы жылы байқау 3400-ден астам қатысушымен 992 жоба көлеміндегі өтінімдер саны бойынша рекордты жаңартып, жаңа шарықтау шегіне жетті. 16 маусымда Алматыда бірінші тәлімгер сессиясы өтті, оның барысында өткен жартылай финалистер дизайн-пайымдауды үйренді, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген басқа командалармен кездесті, тіпті бір кездері Senimplus командасының мүшлері сияқты өз жобасының тұжырымдамасына көзқарасын өзгертті. Қыркүйек айында ең дамыған стартаптар байқаудың финалына шығады, кім біледі, бәлкім, олардың кейбіреулері шыңға жетіп, тіпті өткен жылдардағыбалаларды басып озып, көптеген қазақстандықтардың өмірін өзгертіп, жақсартар бәлкім.

Мүдделес жандар ортасында: Алматыда Solve For Tomorrow 2025 ментор-сессиясы қалай өтті
16 маусымда Алматыда Samsung Electronics Central Eurasia компаниясы ұйымдастырған Solve For Tomorrow 2025 стартаптар байқауының жартылай финалы аясында бірінші бетпе-бет ментор-сессия өтті. Қазақстан қонақ үйінің ішінде арнайы оқудан өту, бір-бірімен танысу және жалпы пайдалы уақыт өткізу үшін барлық елден 100-ден аса оқушы жиналды. Алматыдан емес команданың жүріп-тұруын Samsung Electronics төледі, ал іс-шараны ұйымдастыру серіктесі «Аяла» қайырымдылық қоры болды.

«Samsung Solve For Tomorrow әлдеқашан жай ғана стартаптар бәсекесі емес. Бүкіл әлем үшін біздің бастамамыз – 68 елдегі жастарды қолдайтын әлеуметтік және жаһандық мәселелерді шешуге арналған әлемдік платформа болып табылады. Өз тарапынан Қазақстан да бұл мәселеде кешін қалмады, – дейді Samsung Electronics Central Eurasia корпоративтік маркетинг жөніндегі директорының м. А Берік Умаров. «Бұл еліміздегі бесінші байқау және осы уақыт ішінде «Аяла» қорымен бірлесіп, біз барлық өңірлерден 8500-ден астам оқушыға өздерін көрсетуге және STEM білім беруде өз жолын бастауға мүмкіндік ұсындық. Ал кейбіреулері стартаптарын өндіріс жолына қойып үлгерді».

Тәлімгерлік сессия барысында Қазақстандағы STEM білім беру саласындағы жетекші мамандардың бірі Давид Туганов арнайы команда мүшелері үшін «Дизайндық ойлау» тақырыбында бірегей тренинг өткізді. 9 сағатқа созылған сессияда мектеп оқушылары өз идеяларын одан әрі дамыту бойынша қажетті түсініктер алды, басқа командалармен кездесті, бірнеше практикалық топтық тапсырмаларды орындады және Solve For Tomorrow байқауының өзі туралы көбірек білді.

Биылғы жылы Solve For Tomorrow -ға өтінімдер саны тағы да өзінің рекордынан асып түсті – қазіргі заманғы мәселелерге ерекше көзқараспен қарайтын 992 инновациялық идея, оның ішінде тек 32-сі жартылай финалға өтті. Жарысқа өткен командалардың географиясы бұрынғыдан да кеңейе түсті: Астана, Шымкент, Атырау сияқты ірі қалалардағы оқушылардан бастап, Солтүстік Қазақстан облысындағы Тимирязево ауылы мен Қарағанды ​​облысындағы Ақбастау ауылының, сондай-ақ Қытаймен шекаралас Сарқанд шағын қалашығының өте шағын ауыл мектептерінің оқушылары жетекшілерімен бірге дейін болды.

Болашақта барлық жартылай финалистер үшін бірнеше онлайн сессиялар жоспарланған, бұл барлық жобалардың әлеуетін одан әрі дамытуға және оларды байқаудың финалына жіберер алдында дайындауға көмектеседі. Байқаудың үйлестірушілері мен шақырылған сарапшылар тамыз айының басына дейін әр командамен жеке-жеке өз идеялары бойынша жұмыс істейді. Ал қыркүйек айының соңында соңғы питчинг өтеді деп күтілуде, оған тек 10 үздік стартап өтеді. Бұл 10 миллион теңгелік жүлде қорын сарапқа салатын жобалар. Ал өткен командалардың әрқайсысы осы әлемді жақсы жаққа өзгертуге мүмкіндік алады.

Сайыс туралы толығырақ ақпаратты solvefortomorrow.kz сайтынан алуға болады.

Samsung Electronics және FURO бүкіл Қазақстан бойынша ауыл мектептерін жаңа техникамен қамтамасыз етеді
2 мамырда Samsung Electronics Central Eurasia және Білім Беру Саласын Тұрақты Дамыту Қоры (FURO) оның аясында ауылдық жерлердегі оқушылар үшін білім беру жағдайларын цифрландыру және жақсарту, сондай-ақ бірнеше білім беру жобаларын іске асыру жоспарланатын серіктестік туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумға қол қою кезінде қос тарап серіктестіктің бұдан әрі дамуын, елдегі ауылдық білім беру жағдайын және ірі қалалар және аумақтардағы білім беру арасындағы айырмашылықты азайту туралы болашақ қадамдарды талқылады.

«Білім беруді қолдау – Samsung-тың корпоративтік-әлеуметтік жауапкершілік аясындағы маңызды бағыттардың бірі. Біздің компанияның мақсаты – Барлығына арналған, әрине оның ішінде ауылдық жерлердегі тұрғындарды қоса алғанда, Инновацияларды ұсыну. Аймақтардағы мектептегі білім беруге көмек көрсете отыра, біз балалардың цифрландыруға тағы бір қадам жасауына көмектесіп қана қоймай, Қазақстанда, сондай-ақ бүкіл әлемде технологиялық процесті жылдамдата алатын болашақ буынды қалыптастыруға үлесімізді қосамыз. Біз FURO-мен серіктестіктің заманауи білім беру және болашақ технология игілігіне жалпы мақсаттарға жетуге мүмкіндік беретіндігіне сенімдіміз , – деді Samsung Electronics Central Eurasia президенті Джонг Юджин (Chung Eugene).

FURO қазірдің өзінде ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларына барлық оқу материалдарын жеңіл түсінуге және өз білімінде жаңа деңгейге өтуге мүмкіндік беретін Samsung маркалы алдыңғы қатарлы мониторларды және интерактивтік білім беру тақталарын ұсынумен белсенді түрде айналысуда.

Samsung Electronics және FURO серіктестігіндегі тағы бір бағыт онда ауылдық жерлердегі мектеп оқушылары Samsung -тың жаңа технологияларын пайдалана отура, бағдарламалауды оқи алатын арнайы IT-сыныптарын ашу болып табылады. Бұл үшін FURO жобасын Samsung Innovation Campus білім беру бағдарламаларын IT саласында тегін білім беруге бағытталған компанияның бөлек жобасына бейімдейді.

Білім Беру Саласын Тұрақты Дамыту Қоры ұзақ жылдар бойы елдегі білім сапасын жақсарту үшін бизнес, қоғам және билікті сәтті біріктіріп отыр. Қызмет етіп келе жатқан 6 жылда қор командасы ауылдық білім беру үшін 40 млрд теңге инвестиция тартып, бүкіл Қазақстан бойынша 200 мың мектеп оқушысы үшін білім беру жағдайын жақсартты және Қазақстанның мектептеріндегі 7000 аса кабинетті жаңартты. FURO жобаларының ішінде «Powered by NIS Ауылдық Мектебі», Маңғыстау облысындағы өсудің 50 нүктесін жасауға бағытталған Ауылдық жерлердегі тірек мектептерінің әлеуетін дамыту ерекше көзге түседі.

Бұл Samsung-тың білім беру саласындағы алғашқы бастамасы емес. 2017 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстанда жасанды интеллект (AI), заттар интернеті (IoT), мобильдік әзірлеу, сондай-ақ үлкен деректер саласындағы ең сұраныстағы мамандықтарды тегін игеруге көмектесетін Samsung Innovation Campus халықаралық білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Ал 2019 жылдан бастап Samsung бүкіл елдегі оқушыларды әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу бойынша жеке жобаларын жүзеге асыру үшін біріктіретін Solve For Tomorrow стартаптар байқауын бастады.

Білім Беру Саласын Тұрақты Дамыту Қоры (FURO) туралы:

Білім Беру Саласын Тұрақты Дамыту Қоры – коммерциялық емес ұйым, ол қала мен ауыл арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты жою бағдарламасына баса назар аударады. Бүгінгі таңда Қор жобаларына 350 ден астам ауылдық тірек және шағын жинақты мектептер қатысуда.

Samsung Алматыда журналистерге және блогерлерге арнап пресс-таңғы асын ұйымдастырды
24 сәуірде Алматыда Samsung Electronics Central Eurasia атынан компанияның Қазақстандағы әлеуметтік, қайырымдылық жобаларына арналған арнайы пресс-таңғы асы өтті. Іс-шараға Samsung серіктестері, БАҚ өкілдері және еліміздің IT-саласын ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік маңызды тақырыптарын жариялайтын блогерлер қатысты.

Samsung қызметкерлері қонақтарға білім беру және IT саласындағы екі әлемдік әлеіметтік жоба – Samsung Innovation Campus (SIC) және Solve for Tomorrow туралы айтып берді. Атап айтқанда, SIC аясында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген мектеп оқушылары Python бағдарламалау тілінде Data Analytics және Java тілінде мобильді қосымшаларды әзірлеуді қалай тегін оқып, өз идеяларын жүзеге асыратыны және IT дағдыларын арттыратыны туралы кеңірек тоқталып өтті. Сондай-ақ компания өкілдері бірнеше байқаулар өткізіп, қонақтарға естелік сыйлықтар – бренд өнімдерін тарту етті.

2017 жылдың желтоқсанында Samsung Innovation Campus іске қосылғаннан бері Қазақстанда мыңдаған оқушылар мен студенттер білім алды, олардың 700-ден астамы курстарды толығымен аяқтап, сертификаттарға ие болды. Бүгінгі таңда жобаның Алматы, Астана, Ақтөбе, Қостанай, Талдықорған және Атырау қалаларында кампустары бар.

Сонымен қатар, мұндай оқыту студенттерге ірі халықаралық және қазақстандық университеттерге түсуге, сондай-ақ жетекші компанияларға жұмысқа тұруға айтарлықтай көмектеседі. Жаңа топтарға келесі іріктеу 2025 жылдың тамызына жоспарланған.

SIC-пен қатар іс-шарада айтылып өткен Solve for Tomorrow жобасына өтінімдер қабылдануда. Solve for Tomorrow — Қазақстанның әр өңірінен мыңдаған мектеп оқушылары қатысатын байқау. Жобаның жас қатысушылары өзекті әлеуметтік мәселелердің өз шешімдерін әзірлейді, арнайы тәлімгерлік сессияларына қатысады және финалда стартаптарын таныстыру тәжірибесін алады. Үздік жобалардың авторлары өз идеяларын жүзеге асыруда қосымша қолдау, Samsung-тан арнайы сыйлықтар алады және өздері үшін IT-ның кең әлемінде жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Мысалы, өткен жылғы Solve for Tomorrow жеңімпазы болған Umit стартапы бүкіл Орталық Азия бойынша жасанды интеллект саласында үздік деп танылды! Марапаттау рәсімі Ташкенттегі Central Asian University-де AICA AWARDS named after Al-Khwarizmi 2025 беделді шарасында өтті.

Solve for Tomorrow жобасы Қазақстанда Samsung Electronics басшылығымен бес жыл қатарынан жүзеге асырылуда. Сыйлық қоры 10 млн теңгеден асады. Байқауға өтінішті https://solvefortomorrow.kz/kk сайтта 30 сәуірге дейін беруге болады.

Samsung «Python және Big Data негіздері» курсы аясында оқу жылының қорытындысын жасайды
Наурыздың соңында Big Data-ны зерттеу курсы және Python бағдарламалау тілі бойынша кезекті оқу мерзімі аяқталды. Қазақстанның түкпір-түкпірінен 150-ден аса оқушылар және студенттер бағдарламалау негіздерін оқыды, ерекше тапсырмаларды шешті және IT әлемімен танысты.Бұл ағын Атырау және Қостанайда, қос өңірде де оқушылар арасында танымал болған офлайн-сыныптарын алғаш рет ұсынды.

Студенттердің көпшілігі бірнеше ай бойы Samsung Innovation Campus жобасының оқытушылары дайындаған үй тапсырмаларын сәтті орындап, емтихандарын тапсырды. Ал ақпан айында студенттер бітіру емтиханын тапсырды, оның нәтижесі бойынша олардың көпшілігі арнайы сертификаттардың иегерлері атанды. Сонымен қатар, қорытынды тапсырмаларды басқаларға қарағанда сәтті орындаған үш оқушыға фирмалық рюкзактар ​​мен Galaxy A сериялы смартфондары табысталды.

«Мен Samsung Innovation Campus командасына Python бағдарламалау бойынша тегін курстан өтудің бірегей мүмкіндігі үшін шын жүректен алғыс айтамын. Бұл жай ғана курс емес – бұл өскелең ұрпақтың дамуына қосқан үлкен үлес, мен оның бір бөлшегі болғаныма өте қуаныштымын», – дейді бітіру емтиханында ең жоғары балл жинаған Аружан Сыздықова.

Бойжеткен оқу кезінде IT саласындағы білімін тереңдете алғанын, өз қабілеттеріне сенім артқанын, соның арқасында бірінші орынға ие болғаны туралы айтып берді.

«Мұндай бастамалар шын мәнінде шабыттандырады, олар қаржылық мүмкіндіктерге қарамастан дамуға және керемет болашақты жасауға мүмкіндік береді», – деді Аружан.

Алдыңғы ағынның ақпан айында аяқталуымен «Python және Big Data негіздері» жаңа курсы басталды. Сонымен қатар, мобильді даму және Java бойынша оқыту жалғасуда. Жақында студенттер өздерінің соңғы жобаларын дайындайды, олар (бірінші қазылар алқасының мүшелерін) өздерінің тапқырлығымен және бағдарламалауға дәстүрлі емес өскелең көзқарасымен таң қалдыруға үмітті.

Сондай-ақ сәуір айының соңына дейін Solve For Tomorrow жобасына Samsung Electronics компаниясының әлемді өзгертуді қалайтын мектеп оқушыларына арналған стартап байқауына өтінімдер қабылданады. Solve For Tomorrow көрмесінде ұсынылған көптеген жобалар мақсатты аудитория мен жас дарындардың идеяларын жүзеге асыруға мүдделі ұйымдар арасында қолдау тапты.

Samsung Innovation Campus курстарына жаңа іріктеулер және жобаның өзі туралы толық ақпаратты samsung-campus.kz ресми сайтынан табуға болады. Solve For Tomorrow өтінім беру туралы ақпаратты . https://solvefortomorrow.kz/ сайтынан табуға болады

Samsung Innovation Campus (SIC) – Samsung Electronics компаниясының әлеуметтік білім жобасы. Бұл біздің компания өкілдік ететін көптеген елдерде жұмыс істейтін SIC жаһандық білім беру жобасының бөлігі. Аталған бастама коммерциялық емес және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылады. Жобаның басты мақсаты – балаларға ақпараттық технологиялар саласында тегін, сапалы білім алу мүмкіндігін беру. Қазақстанда бұл жоба 2017 жылғы желтоқсанда басталды.

Қазақстандық мектеп оқушыларының инновациялық әзірлемесі Samsung Electronics пен Red Bull компанияларынан грант жеңіп алды
Тараздық мектеп оқушылары өршіл идеялардың медицина саласында революцияға айналатынын дәлелдеп отыр. Елестетіп көріңізші: мектеп үйірмесінде жиналған жасөспірімдер командасы сал ауруына шалдыққан адамға арбаны басқаруға және телефонды немесе ноутбукты еш қиындықсыз пайдалануға көмектесетін бірегей протез жасап жатыр. Ары ғарай мұны шындыққа айналдырып отырған және Samsung Electronics пен Red Bull компанияларының халықаралық стартап байқауларында жеңіске жеткен жоғары сынып оқушысы Қанат Тәжіханның оқиғасы.

7-сыныпта робототехникаға деген қызығушылығым оянды. Мені өз қолыммен нөлден бастап құнды және маңызды нәрсені жасай алатыным қызықтырды. Бұл мені мектеп үйірмесіне алып келді, онда мен бағдарламалау негіздерін үйрене бастадым. Бірақ барлық жоспарлар пандемияға байланысты бұзылды. Бірнеше апталық сабақтан кейін үйірме жабылып қалды.

Карантин кезінде мен қол қусырып отырғым келмеді және өз бетімше робототехника туралы аз да болса білім алуға бел будым. Мен қажетті тақталар мен жабдықтарға тапсырыс бердім, ескі ноутбукты іске қосып, робототехника әлеміне сүңгідім. YouTube менің ұстазым болды, ал форумдар мен онлайн курстар тәлімгерлерім болды. Бұл өзін-өзі дамытудың қызықты кезеңі болды, нақты құрылғылардың қалай жұмыс істейтінін түсіндім.

Алғашқы жобалар, жетістіктер және AI-мен жұмыс

Карантин аяқталып, қалыпты өмір қайта оралғанда, мен бұдан да көп нәрсені жасай алатынымды түсіндім. 9-сыныпта өзімнің алғашқы толық жобамды жасадым. Ол күн батареяларының тиімділігін арттыруға арналды. Кемшіліктерді тауып, оларды жою жүйесін ұсындым. Бұл панельдердің өнімділігін арттыруы мүмкін. Бұл жағдай маған жұмыс істеу тетіктері мен принциптерін тереңірек түсінуге көмектесіп қана қоймай, әрі қарай өсуге түрткі болды. Мен бірнеше байқауларда жеңіске жеттім, министрліктің грантын алдым, содан кейін робототехникадағы жолым бұдан да көп нәрсеге айналуы мүмкін екенін түсіндім.

Уақыт өте келе үлкен жобалар үшін менің мүдделеріме ие болатын команда қажет екенін түсіндім. Қалдыбай Барысханмен осылай таныстым. Біз бірге жасанды интеллект арқылы қалдықтарды сұрыптау жүйесін әзірлеп шығардық. Жоба сәтті болып шықты және кейбір сарапшылар тарапынан жоғары баға алды. Онымен бірге біз Samsung Electronics компаниясының Solve for Tomorrow байқауына қатысуды шештік. Осы беделді республикалық стартап байқауы менің көптен бергі арманым еді. Бірақ, өкінішке орай, 2023 жылы іріктеуден өте алмадық. Дегенмен, еңсемізді түсірмей бұл тәжірибені мотивация ретінде қабылдадық.

Әлеуметтік жоба: шабыт және проблемаларға жаңа көзқарас

Біз күш-жігерімізді әлеуметтік жобаға бағыттауды жөн көрдік. Оған мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орталыққа бару себеп болды. Мұнда біз азаматтарымыздың күнделікті кездесетін мәселелерін көрдік. Мысалы, олар үшін ең жоғарғы сөрелерден кітап алу қиын болды, тіпті қозғалыс сияқты қарапайым тапсырма да нағыз сынаққа айналды.

Содан кейін біз мүмкіндігі шектеулі адамдардың қозғалуына көмектесетін экзоскелет жасау туралы ойладық. Сол кезеңде мен Стивен Хокингпен бірге бейнелерді қарай бастадым, осы тақырып бойынша статистика мен материалдарды зерттедім. Сосын сандық технологиялар нақты шешім бола алатының түсіндім. Бізге тіл арқылы арбаларды басқару жүйесін жасау идеясы келді – бұл нағыз серпіліс болды. Жобаны «Umit» деп атадық және 2024 жылы Solve for Tomorrow байқауын бағындыруға аттандық. Осы ретте жолымыз болды – жартылай финалға өттік!

Umit жобасы: мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған инновациялар

Umit тек біздің шығармашылық жұмысымыздың ғана емес, мүмкіндігі шектеулі жандардың қажеттіліктерін терең талдаудың жемісі болды. Біз CustDev (қажеттіліктерді зерттеу) жүргіздік, нақты пайдаланушылармен сөйлестік және джойстиктердің мүгедектер арбасын басқаруға мүлдем жарамсыз екенін түсіндік. Өйткені сал ауруына шалдыққандардың онымен пайдалануы қиын.

Мұнда біз адам тіліне назар аудардық. Біздің ойымызша, дәл сол джойстикке айналуы керек еді. Шешім ауыз қуысына орналастырылған және Bluetooth пен Wi-Fi арқылы жұмыс істей алатын протез түрінде келді. Ол арнайы датчиктармен және гироскоппен жабдықталған.

Іске асыру процесі қиын болып шықты. Протезді бір уақытта бірнеше құрылғыға бейімдеу үшін бағдарламаны үнемі «жаңартуға» тура келді. Қымбат микрочиптермен жұмыс істеу басты мәселеге айналды. Ылғалдан дұрыс қорғалмағандықтан олар күйіп кетуі мүмкін деп әрқашан қорқатынбыз. Бірақ барлық қиындықтарға қарамастан, біз оптимизмді жоғалтпадық.

Нәтижесінде, бәрін қосуға тырыспай, тек ноутбукты басқаруға назар аудару туралы шешім қабылданды. Өйткені, әзірлеменің мүмкіндіктерін көрсету басты міндет болды. Бұл тәсіл бізге протездің прототипін байқаудың финалында сәтті көрсетуге мүмкіндік берді. Samsung Electronics бізге үшінші орын және бір миллион теңге көлемінде грант берді. Бұл жеңіс бізге жобаны аяқтау үшін жаңа күш-жігер берді.

Жаңа қиындықтар мен жетістіктер

Алайда, жарыста табысқа жеткеннен кейін басқа мәселелер туындай бастады. Кейбір топ мүшелері жобадан бас тартып, ұтыстпен өзара бөлісуді ұсынды. Портфолио жинақталғандықтан, университетке түсуге дайындалатын кез келді деп. Бірақ мен бұған қарсы болдым. Мен жоғары оқі орына дайындалуға мүлдем қызықпадым. Менің барлық ойым жоба туралы болды, оған жанымды салдым және оның бойынан үлкен келешекті көрдім.

Біз келесі халықаралық Red Bull Basement жарысына өтінім бердік. Бұл жерде бәсекелестерімізден жоғары тұрдық. Мұның бәрі Solve for Tomorrow-да жинақталған тәжірибенің арқасында. Біз барлық кезеңдерден өтіп, жеңімпаз атандық, бұл Токиоға әлемдік финалға баруға бірегей мүмкіндік берді.

Мұнымен тоқтап қалмаймыз. Біз Umit жобасының келешегі зор екеніне және дүние жүзіндегі жүздеген мың адамдардың өмірін өзгерте алатынына сенімдіміз. Біз үшін маңызды кезең болған Solve for Tomorrow байқауына алғысымызды білдіреміз. Сонымен қатар, Samsung Electronics компаниясының тәлімгерлері бізге қолдау көрсетуді жалғастыруда және қазір Жапония астанасындағы Red Bull жарысының шешуші кезеңіне дайындалуға көмектесуде. Бұл жолымыздың басы ғана, және біз әлемді барлығына жақсырақ және қолжетімді орынға айналдыру үшін әрі қарай жұмыс істеуге дайынбыз.

Solve for Tomorrow жобасы болашақ IT мамандарыдың фабрикасы болып табылады. Жыл сайын байқау Қазақстанның түкпір-түкпірінен мыңдаған мектеп оқушыларының басын қосады. Мұнда жасөспірімдер ғылым, технология, инженерия және математика (STEM) көмегімен өзекті әлеуметтік мәселенің шешімдерін ұсынады. Әлеуметтік жоба Samsung Electronics компаниясының басшылығымен Қазақстанда төртінші жыл жүзеге асырылуда. Серіктес – «Аяла» жеке қайырымдылық қоры. Solve for Tomorrow-дің жүлде қоры 10 миллион теңгеден асады. Көшбасшылардың бірі болғыңыз келсе, бізге қосылыңыз. Байқау туралы толық ақпаратты solvefortomorrow.kz ресми сайтынан алуға болады.