STEM-білім – Samsung Newsroom Қазақстан

Samsung мектеп оқушыларына арналған Solve For Tomorrow 2026 стартап байқауының басталғандығы туралы хабарлайды
Сіз қоғам мен әлемді ертең өзгертетін стартап жасағыңыз келе ме? Немесе мүмкін сіз оқуды бітіргеннен кейін бірден IT мансабын құруға алғашқы қадам жасағыңыз келе ме? Немесе сіз әлемдегі және елдегі ең үздік университеттерге түсуге дайындалып жатырсыз ба? Сіз Samsung компаниясымен бірге осы мақсаттардың барлығына қол жеткізе аласыз.

Samsung Electronics бүкіл елде қазақстандық мектеп оқушыларына арналған Solve for Tomorrow (SFT) әлеуметтік жобасының аясында 2026 жылғы жаңа оқу маусымын бастайды. Жүлде қоры 10 миллион теңгені құрайды.

Solve for Tomorrow – бұл Қазақстанның түкпір-түкпірінен мыңдаған мектеп оқушыларын қамтитын мүлдем тегін байқау. Жас қатысушылар өзекті әлеуметтік мәселелерге өз шешімдерін әзірлейді, IT мамандарымен арнайы тәлімгерлік сессияларға қатысады және қорытынды іс-шарада өз стартаптарын таныстыру тәжірибесін жинақтайды. Ең үздік жобалардың авторлары өз идеяларын жүзеге асыруда қосымша қолдау, Samsung компаниясынан арнайы сыйлықтар алады және IT әлемінің кең байтақ әлемінде жаңа мүмкіндіктерді ашады.

Өтінімдерді қабылдау осы жылдың 1 наурызында басталды және 31 сәуірге дейін жалғасады. Өтінім беру үшін 13 жастан 18 жасқа дейінгі мектеп оқушылары өз идеяларын сипаттайтын презентация және тапсырушы топтың әлемді қалай өзгертуді жоспарлап отырғанын көрсететін қысқа бейнеролик (мүмкіндігінше 2 минутқа дейін) дайындауы керек. Байқауға бүкіл Қазақстаннан келген кез келген қызығушылық танытқан команда қатыса алады. Маңыздысы: сіздерде өз мектебіңізден тәлімгер-оқытушы болуы керек.

Мамыр айында қазылар алқасы жұмыс идеяларын таңдайды. Олардың авторлары жобаның прототипін жасау үшін тәлімгерлермен бірге бірқатар дайындық онлайн және офлайн семинарларға қатысады. Қатысушылар жазғы демалыс кезінде өз жобаларымен жұмыс істейді. Ең үздік 10 идея финалдық кезеңге өтеді, оның ішінен үш жеңімпаз таңдалады.

«Solve for Tomorrow» жобасы Қазақстанда алты жылдан бері Samsung Electronics компаниясының басшылығымен жүзеге асырылып келеді. Осы уақыт ішінде байқау аясында ұсынылған және әзірленген көптеген жобалар коммерциялық деңгейге жетіп, қазірдің өзінде қазақстандық қоғамды түбегейлі өзгертіп келеді. Сонымен қатар, байқауға қатысқанының арқасында көптеген түлектер Қазақстандағы және халықаралық деңгейдегі жетекші IT университеттеріне, соның ішінде беделді Айви Лигасы университеттеріне қабылданды.

Қатысу және өтініш беру туралы толығырақ: Solvefortomorrow.kz-тен біле аласыз.

[Инфографика] Samsung Solve for Tomorrow: 68 елден 2,8 миллион қатысушылармен бірге болашақты 15 жыл қалыптастыру
Samsung Solve for Tomorrow – бұл онда жастар өздерінің STEM (ғылым, технология, инженерия және математика) білімдерін аналитикалық ойлауды дамыта отырып, қоғамдастықтардағы өзекті мәселелерді шешу үшін қолданатын, Samsung Electronics компаниясының ашық конкурс түріндегі жаһандық білім беру бағдарламасы.

Аталған бағдарлама тек жәй ғана идея байқауынан гөрі әлдеқайда терең нәрсені ұсынады. Қатысушылар инновациялық процестің әрбір сатысында: мәселені тұжырымдау мен идеяны құрудан прототипті әзірлеуге және шешімді сынауға дейін іс жүзінде тәжірибе жинақтай отырып, Samsung-тан Design Thinking әдістемесі бойынша оқытылады. Бұл тәсіл жастарға негізгі дағдыларды – креативті, жүйелі ойлау және практикалық шешімдерді табу қабілетін жинақтауға көмектеседі.

Алғашында 2010 жылы АҚШ-та эссе байқауы ретінде басталған Solve for Tomorrow, қазір әлемнің 68 елін қамтиды, ол әлемнің түкпір-түкпірінен келген жастарды жарқын болашақ үшін шешімдерді бірлесіп іздеу істеу үшін біріктіреді.

2025 жылдан бастап бағдарлама жаңа жаһандық тақырыптық бағыттарды алды. Олардың біріншісі – «Технология арқылы экологиялық тұрақтылық» және «Спорт пен технология арқылы әлеуметтік өзгерістер». Бұл бастаманың әмбебап мәселелерді шешудегі және халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы рөлін күшейтті.

Samsung жастарға – design thinking бастап экологиялық және әлеуметтік жобалауға дейін болашақтың дағдыларын дамытуға көмектесе отырып, білім беру мүмкіндіктерін кеңейтуді жалғастыруда. Компания оларға жарқын және тұрақты әлемді қалыптастыруға белсенді әсер ету мүмкіндігін бере отыра, студенттерге олардың идеяларын нақты жобаларға айналдыру жолында қолдау көрсетеді.

Төмендегі инфографикадан Samsung-тың Solve for Tomorrow жаһандық білім беру бағдарламасының 15 жыл ішінде дамуымен танысыңыз.

Ертеңгі күнге «үмітпен» қарау: Samsung Solve For Tomorrow-дың қандай жобалары қазірдің өзінде әлемді жақсы жаққа қарай өзгертіп жатыр
5 жылдан бері Samsung компаниясы жыл сайын Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі мектеп оқушыларын әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге арналған арнайы алаңмен қамтамасыз етіп, «Solve For Tomorrow» стартаптар байқауын өткізіп келеді. Жыл сайын жас көшбасшылар мен инноваторлар жақсы болашақты құру бойынша өз идеяларын ұсынады, оларды байқаудың жартылай финалында пысықтайды, өздерінің стартаптарын кезең-кезеңмен дамыту үшін тренингтерден өтеді және финалға қатысады, тамаша жүлделер, қажетті нетворкинг және көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесіне ие болады.

Осы жылдар ішінде Samsung Solve For Tomorrow-ға арамшөп туыдартын қиындықтарды жасанды интеллектпен шешуден бастап өртті сөндіруге арналған шағын робот жасауға дейін әртүрлі салаларда 2500-ден астам идея түсті. Бұл мақалада Samsung Newsroom Қазақстан редакциясы өндірістік қуатқа шыға бастаған және қазақстандықтардың өмірін шынымен өзгерткен үш жоба туралы айтып береді.

Úmit: Шектеусіз мүмкіндіктерге арналған тіссауыты

Úmit – 2024 жылы құрылған Тараздық мектеп оқушыларының стартапы. Олар мүгедектер арбасын, телефонды, ноутбукты және басқа да техникалық құрылғыларды тіл мен бастың қозғалысы арқылы басқаруға мүмкіндік беретін арнайы ті сауытын жасап шығарды. Құрылғы ауыздағы трекерлер арқылы сигналдар жібереді, сонымен қатар бастың қисаюын ескереді, бұл пайдаланушыға әртүрлі әрекеттерді орындауға мүмкіндік береді. Осы жобаның арқасында «Үміт» командасы «Solve for Tomorrow 2024» байқауында үшінші орын алып, бір миллион теңге грантқа ие болды.

Бірақ жас дарындар мұнымен тоқтап қалмады. Олар ақшалай сыйлықты жобаны одан әрі дамытуға жұмсады, сонымен бірге халықаралық Red Bull Basement байқауына қатысуға өтінім берді. Samsung Solve for Tomorrow бағдарламасында жинақталған тәжірибенің арқасында олар барлық кезеңдерден еркін өтіп, ұлттық кезеңнің жеңімпаздары атанды, бұл Úmit -ке Токиоға әлемдік финалға баруға бірегей мүмкіндік берді.

Samsung пен Red Bull гранттарын алған балалар өнертабыстарын жақсартып, оны ыңғайлы, жылдам және қауіпсіз етті. Ең үлкен жақсарту AI интеграциясы болды. Жүйе тұтынушылар үлгілерінен үйренеді және әрекеттерге жауап беріп қана қоймай, оларды болжайды. Мысалы, егер пайдаланушы тіктөртбұрыш салғысы келсе, AI оны автоматты түрде туралайды. Егер көрсеткіш, мысалы, WhatsApp белгішесіне жылжыса, жүйенің өзі қалаған белгішені көрсетеді. Тағы бір жаңалық – электрлік мүгедектер арбасы, оның қозғалтқыштары тікелей ауыз қуысына қосылған. Басқару интуитивті және жылдам болды. Осы жаңартулардың барлығы AICA Awards марапатына қатысуға әкелді, онда Úmit командасы Орталық Азияның 60-тан астам жобалары арасында «Үздік AI стартапы» номинациясында бірінші орынды жеңіп алды.

Ең бастысы, бұл жетістіктер Úmit-ке қазақстандық қоғамға технологияның барған сайын инклюзивті болуы және әр адамның өмірін жақсарту керек екенін көрсетуге көмектеседі. Команда қазір инновациялық қызметін кеңейту және халықаралық үдеткіштерге қатысу үшін жаңа инвесторлар мен гранттарды іздеуде. Олар өз зертханасын ашып, қажетті құрал-саймандар мен жабдықтарды сатып алып, өндірістік желіні іске қосуды жоспарлап отыр.

Senimplus: Өндірістегі қауіпсіздік

Solve For Tomorrow 2022 шарасына қатысқан ақтаулық мектеп оқушылары JavaScript және Python тілдерінде робот-терапевтке арналған бағдарлама жазып, пішінді 3D принтерде басып шығарып, түрлі сенсорларды орнатты. Құрылғы Ақтау қаласындағы мектептердің бірінде және жеке емханада сынақтан сәтті өтті. «Solve for Tomorrow 2022» байқауында команда финалистер қатарынан көрініп, 300 000 теңге ұтып алды. Бірақ жас әзірлеушілер үшін ең бастысы тәлімгерлік сабақтарында алған білімдері болды. IT мамандары мектеп оқушыларының өнертабыстарын жан-жақты талдап, бизнес-модель және одан әрі позициялау бойынша кеңестер берді.

Нәтижесінде олар мақсатты аудиторияны өзгертті. Емдеу мекемелеріндегі науқастардың орнына өндірістік кәсіпорындардың қызметкерлері таңдалды. Жаңартылған құрылғының мәні – жұмысшыларды ауысым алдындағы медициналық тексеруден өткізу. Белгілі болғандай, қазақстандық бизнес пен мемлекеттік секторда өндірістік тәуекелдерге әкелетін медициналық жағдайларды тіркеуде проблемалар орын алып отыр.

Стартапқа қатысушының айтуынша, Senimplus 2024 жылдың 5 қарашасында өз жобасына патент алған. Қазір құрылғы толықтай жұмыс істеп тұр және олар енді өндірісті жалғастыруда. Қызметкерлердің денсаулығын анықтап, олардың жұмысқа мас күйде келуіне жол бермейтін бұл құрылғыны Маңғыстау облысындағы жеке және мемлекеттік бірқатар кәсіпорындар мен зауыттар қолдана бастады. Face ID құрылғысын пайдалана отырып, ол сонымен қатар қызметкердің формасын (каска, қолғап) тексере алады, бұл оның жағдайының жалпы көрінісін толықтырады.

Дәл қазір әзірлеушілер Ақтаудағы қан орталығымен серіктестік орнату үстінде. «Осы серіктестік аясында біз донорлардың мәртебесін алдын ала тексеруге мүмкіндік беретін жүйені енгізуді жоспарлап отырмыз», – деп түсіндірді стартапқа қатысушы Камила Қуатова. Сондай-ақ олар Қазақстандағы өндірісті сақтай отырып, роботтарды Еуропаға экспорттай отырып, құрылғыны Еуропа нарығына шығаруды жоспарлап отыр.

Kazbionics: Көмек көрсететін қол-протез

Kazbionics – бұл мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жоғары технологиялық бионикалық қол әзірлейтін шымкенттік мектеп оқушыларының қазақстандық стартапы. Kazbionics-тің негізгі миссиясы – қолжетімді бағамен жаңа технологияларды енгізу арқылы толыққанды өмір сүру жағдайын жасау. Kazbionics толық цифрлық трансформацияға ұмтылады.

Команда екі рет Solve For Tomorrow-ға қатысты. 2021 жылы олар жартылай финалға шықты, бірақ тіркелу сәтсіз болғандықтан бұл кезеңнен өте алмады. Дегенмен, олар бас тартпай, өнертабыстарын дамытуды жалғастырды. Бұл табандылық олардың Solve For Tomorrow 2022 байқауына тағы бір рет қатысуына себепгі болып, олар үшінші орынды иеленеді. 2022 жылғы 5 ай ішінде стартап тек ауызша жарнама арқылы бионикалық қолға 150-ге жуық өтінімді қабылдады.

Solve For Tomorrow бағдарламасына қатысқаннан кейін KazBionics командасы үш жыл бойы бионикалық протезді қарқынды әзірлеуге және бета-сынақтан өткізуге арнады. Қазіргі уақытта стартапта 4 пайдаланушы және 1 белсенді бета-тест бар. Байқау нәтижесінде олар 5 миллион теңге көлеміндегі мемлекеттік грантты да жеңіп алды, бұл Kazbionics-тің дамуы мен өндіріске дайындықты жеделдетуге мүмкіндік берді.

Дәл қазір олар ауқымды кеңейту үшін стратегиялық серіктестіктерге ашық. Kazbionics жақын арада өнімнің коммерциялық нұсқасын шығарып, B2B нарығына шығады. Бұл біріктірілген QWD жүйесі бар ТМД елдеріндегі алғашқы бионикалық протез болмақ.

Олар Қазақстандағы ортопедиялық орталықтардың бірінде жұмыс істейтін Түркиядан келген протезист-дәрігермен де жұмыс істеп жатыр. Оның көмегінің арқасында Kazbionics ортопедиялық мекемелермен серіктестік желісін белсенді түрде кеңейтуде.

Бұл «Solve For Tomorrow-да» оқытуды сәтті аяқтаған мектеп оқушыларының тамаша жобаларының бір бөлігі ғана. 5 жыл ішінде жоба жас инноваторларға өз стартаптарын құруға мүмкіндік беріп қана қоймай, әлемді жақсы жаққа өзгертуге дайын, болашағына бей-жай қарамайтын жастардың үлкен қауымдастығына серпін беріп, бүкіл Қазақстан бойынша STEM -біліміне орасан зор үлес қосты. Бар болғаны платформа мен қолдау қажет.

Ал биылғы жылы байқау 3400-ден астам қатысушымен 992 жоба көлеміндегі өтінімдер саны бойынша рекордты жаңартып, жаңа шарықтау шегіне жетті. 16 маусымда Алматыда бірінші тәлімгер сессиясы өтті, оның барысында өткен жартылай финалистер дизайн-пайымдауды үйренді, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген басқа командалармен кездесті, тіпті бір кездері Senimplus командасының мүшлері сияқты өз жобасының тұжырымдамасына көзқарасын өзгертті. Қыркүйек айында ең дамыған стартаптар байқаудың финалына шығады, кім біледі, бәлкім, олардың кейбіреулері шыңға жетіп, тіпті өткен жылдардағыбалаларды басып озып, көптеген қазақстандықтардың өмірін өзгертіп, жақсартар бәлкім.

Мүдделес жандар ортасында: Алматыда Solve For Tomorrow 2025 ментор-сессиясы қалай өтті
16 маусымда Алматыда Samsung Electronics Central Eurasia компаниясы ұйымдастырған Solve For Tomorrow 2025 стартаптар байқауының жартылай финалы аясында бірінші бетпе-бет ментор-сессия өтті. Қазақстан қонақ үйінің ішінде арнайы оқудан өту, бір-бірімен танысу және жалпы пайдалы уақыт өткізу үшін барлық елден 100-ден аса оқушы жиналды. Алматыдан емес команданың жүріп-тұруын Samsung Electronics төледі, ал іс-шараны ұйымдастыру серіктесі «Аяла» қайырымдылық қоры болды.

«Samsung Solve For Tomorrow әлдеқашан жай ғана стартаптар бәсекесі емес. Бүкіл әлем үшін біздің бастамамыз – 68 елдегі жастарды қолдайтын әлеуметтік және жаһандық мәселелерді шешуге арналған әлемдік платформа болып табылады. Өз тарапынан Қазақстан да бұл мәселеде кешін қалмады, – дейді Samsung Electronics Central Eurasia корпоративтік маркетинг жөніндегі директорының м. А Берік Умаров. «Бұл еліміздегі бесінші байқау және осы уақыт ішінде «Аяла» қорымен бірлесіп, біз барлық өңірлерден 8500-ден астам оқушыға өздерін көрсетуге және STEM білім беруде өз жолын бастауға мүмкіндік ұсындық. Ал кейбіреулері стартаптарын өндіріс жолына қойып үлгерді».

Тәлімгерлік сессия барысында Қазақстандағы STEM білім беру саласындағы жетекші мамандардың бірі Давид Туганов арнайы команда мүшелері үшін «Дизайндық ойлау» тақырыбында бірегей тренинг өткізді. 9 сағатқа созылған сессияда мектеп оқушылары өз идеяларын одан әрі дамыту бойынша қажетті түсініктер алды, басқа командалармен кездесті, бірнеше практикалық топтық тапсырмаларды орындады және Solve For Tomorrow байқауының өзі туралы көбірек білді.

Биылғы жылы Solve For Tomorrow -ға өтінімдер саны тағы да өзінің рекордынан асып түсті – қазіргі заманғы мәселелерге ерекше көзқараспен қарайтын 992 инновациялық идея, оның ішінде тек 32-сі жартылай финалға өтті. Жарысқа өткен командалардың географиясы бұрынғыдан да кеңейе түсті: Астана, Шымкент, Атырау сияқты ірі қалалардағы оқушылардан бастап, Солтүстік Қазақстан облысындағы Тимирязево ауылы мен Қарағанды ​​облысындағы Ақбастау ауылының, сондай-ақ Қытаймен шекаралас Сарқанд шағын қалашығының өте шағын ауыл мектептерінің оқушылары жетекшілерімен бірге дейін болды.

Болашақта барлық жартылай финалистер үшін бірнеше онлайн сессиялар жоспарланған, бұл барлық жобалардың әлеуетін одан әрі дамытуға және оларды байқаудың финалына жіберер алдында дайындауға көмектеседі. Байқаудың үйлестірушілері мен шақырылған сарапшылар тамыз айының басына дейін әр командамен жеке-жеке өз идеялары бойынша жұмыс істейді. Ал қыркүйек айының соңында соңғы питчинг өтеді деп күтілуде, оған тек 10 үздік стартап өтеді. Бұл 10 миллион теңгелік жүлде қорын сарапқа салатын жобалар. Ал өткен командалардың әрқайсысы осы әлемді жақсы жаққа өзгертуге мүмкіндік алады.

Сайыс туралы толығырақ ақпаратты solvefortomorrow.kz сайтынан алуға болады.