Кванттық нүктелер технологиясымен Samsung дисплейлері SGS сертификаттарын алып, құрамында кадмий жоқтығына тексерілді
SGS сынақтары кванттық нүктелі үлбірдің құрамында кадмий жоқ екенін және RoHS стандарттарына сәйкестігін растайды
Samsung Electronics Co., Ltd. бүгін өзінің QD теледидарларында қолданылатын кванттық нүктелі үлбірі, қауіпті заттарды шектеу туралы директиваға сәйкестікі туралы RoHS сертификатын алғанын және Société Générale de Surveillance (SGS) жаһандық сертификаттау институтымен кадмий жоқ екеніне тексерілгенін хабарлады.
Штаб-пәтері Швейцариядағы Женевада орналасқан SGS — электрондық бұйымдарды, тамақ өнімдерін және қоршаған ортаны қоса алғанда, әртүрлі салалардағы ұйымдардың қатаң сапа мен қауіпсіздік стандарттарына сай болуын қамтамасыз ету үшін қызмет көрсететін әлемдегі жетекші сынақ және сертификаттау органы.
SGS Samsung-тың кадмийсіз кванттық нүктелі үлбір технологиясын мойындауымен қатар, компанияның Еуропалық Одақтың RoHS директивасына сәйкестігі теледидарды тамашалаудың қауіпсіз болуын қамтамасыз етеді.
«Samsung-тың кванттық нүктелі теледидарлары қауіпті заттарға (ROHS) шектеулерге сәйкес келетін қауіпсіз технологиямен жасалған, мұнімен бірге кескіннің керемет сапасын қамтамасыз етеді», – деді Samsung Electronics дисплей шешімдері бөлімшесінің атқарушы вице-президенті Таён Сон (Taeyong Son). «SGS сертификатына қол жеткізу өнімдеріміздің қауіпсіздігін толығымен растайды. Осы мойындау арқылы біз тұрақты дисплей технологияларын үздіксіз дамытуға міндеттенеміз.»
Samsung 2001 жылы кванттық нүкте технологиясын зерттеуді бастады және оның зерттеулер мен инвестицияға деген тұрақты міндеттемесі оны әлемдік дисплей нарығындағы инновациялардың алдыңғы қатарына шығарды.
2014 жылы әлемдегі бірінші кадмийсіз кванттық нүктелік материалды жасағаннан кейін Samsung келесі жылы технологияны біріктіретін теледидарларды шығарды. Содан бері компания үздіксіз технологиялық даму арқылы кванттық нүкте технологиясын басқарып келеді.
Атап айтқанда, Samsung компаниясы кадмийсіз нанокристалды материалды сәтті жасап, осы технологияға 150-ге жуық патент алды. Осы мол тәжірибе мен технологиялық жетістіктердің арқасында компания құрамында зиянды заттар жоқ материалдардан жасалған қауіпсіз кванттық нүктелік теледидарлар дәуірін бастады.
TAGSSamsung Neo QLED 8K TVSamsung кванттық нүктелер технологиясыSGSКадмий жоқКванттық нүктелер технологиясытеледидарлар
БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері
Өнімдер > Дисплейлер мен мониторлар
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.