2024 жылдың The Frame теледидарлары түстерді берудің дәлдігі үшін алғашқы Pantone® Validated ArtfulColor сертификатын алды

23.01.2024
Share open/close
Сілтеме көшірілді

The Frame теледидары бөлмелік жарықта өнер туындыларын оңтайлы көрсету үшін бейімді түсті беру технологиясының көмегімен түс палитрасын дәл ұсынады

 

Samsung Electronics компаниясы 2024 жылдың The Frame теледидарының моделі әлемдік аты бар түстерді стандарттау облысының көшбасшысы Pantone компаниясынан Validated ArtfulColor сертификатын алғандығы туралы жариялады.1

 

Аталған сертификация The Frame алдыңғы қатарлы бейімді технологиясы табиғи жарық кезінде адамның көзі көре алмайтындай түстер мен реңктерді шынайы қалпында бейнелеуде Pantone жоғары стандарттарына сәйкес келетін айрықша түстерді беруді қамтамасыз ететіндігін растайды.

 

«Пайдаланушыларда The Frame теледидарынан үлкен үміттері бар» – дейді Дисплей шешімдері бөлімшесінің (Visual Display Business) атқарушы вице-президенті Ёнчжэ Ким (Yongjae Kim). Ол сондай-ақ: «Біздің мақсатымыз – пайдаланушылық тәжірибені тұрақты түрде жетілдіру, ал The Frame теледидарына келсек, біз бұл мақсатқа өнер туындыларын барынша шынайы көрсететін экранның есебінен қол жеткіздік. Pantone берген Validated ArtfulColor сертификаты осыны растайды, біз кескін сапасын жақсарту жұмыстарын одан әрі жалғастырамыз» – деді.

 

Pantone компаниясының Validated ArtfulColor сертификациясы Батыс және Солтүстік Еуропада түскі күн шуағының орташа статистикалық деңгейіне, Халықаралық жарықтандыру бойынша комиссияға (CIE)2 сәйкес, жақындастырылған жарық беретін D65 жарық құралын пайдаланған кезде Pantone Color және Pantone SkinTone түс реңктерінің қатарын экранның сенімді беретіндігін бағалайды. The Frame теледидары осы қатаң стандартқа сәйкес келетін әлемдік саладағы тұңғыш теледидар. Бұл Samsung компаниясының дәл түс беру саласындағы көшбасшылығын нығайтады, осыны бұрын 2022 жылы QLED теледидарлары алған Pantone Validated сертификаттары да куәландырады.3

 

«Стандартты сыртқы жарық кезінде The Frame теледидарларының жұмысын бағалап, біз экранда Pantone түстерді берудің жоғары сапасына риза болып қалдық» – деп атап кетті Pantone компаниясының өнім мен лицензиялау жөніндегі аға директор Иэн Пайк (Iain Pike). Ол сондай-ақ: «Бұл бізге оған Pantone Validated ArtfulColor сертификатын беруге мүмкіндік берді және ол – осындай куәландыруға қол жеткізген әлемдегі тұңғыш теледидар. Біздің техникалық команда сарапшылық бағалау барысында терінің көрсетілген түстері мен реңктерін физикалық үлгілермен салыстырғанда олардың шынайы сапаны көрсеткеніне көз жеткізді. Біз өзіміз аталған The Frame теледидарларының бірегей ерекшелігін сынап көрдік» – деді.

 

«Сурет» режімі өнер туындыларын және фотосуреттерді барынша шынайы түстерде үйлерде және галереяларда көпшіліктің назарына ұсыну үшін арнайы әзірленген. Ол көрермендерге «Өнер туындылары дүкені» топтамасын тамашалаудан жан еліктірерлік эмоцияларды және ұмытылмас әсерлерді сыйлайды, себебі оның жарық жағдайларына байланысты кескінді оңтайландыруға арналған жарық пен реңкті зияткерлік реттеу функциясы бар.

 

Samsung компаниясының алдыңғы қатарлы QLED-дисплейлерінің арқасында The Frame теледидары Pantone SkinTone түстерін және барлық 2 390 түсті беру дәлдігінің стандарттарына сәйкес Pantone компаниясынан Validated және SkinTone Validated сертификаттарын бұрын алған, бұл түстер Pantone Matching System (PMS) түстерді сәйкестендірудің және таңдаудың сандық кітапханасына енген түстердің кең палитрасын құрайды. The Frame теледидары сондай-ақ шағылыс пен жарықтың кері әсерін едәуір төмендететін күңгірт дисплеймен жасақталған, ол әр түрлі топтамаларға жататын өнер туындыларын көрсетуге мүмкіндік береді.

 

1 Pantone компаниясы Pantone Matching System (PMS) түстерді сәйкестендірудің және таңдаудың сандық кітапханасын ұсынады, ол брендтерге және өндірушілерге жұмыс барысының барлық кезеңдерінде түстерді беру үшін маңызды шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді.

Сommission Internationale de l’Éclairage.

https://news.samsung.com/kz_ru/2022-samsung-qled-and-lifestyle-tvs-recognized-by-top-global-certification-institutes-for-eye-comfort-safety-and-color-accuracy

 

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Өнімдер > Теледидар мен аудио

Жүктеу

  • CES-Pantone-certification_dl1.jpg

  • CES-Pantone-certification_dl4.jpg

  • CES-Pantone-certification_dl6-1.jpg

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары