Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығы: Samsung ұлы суретшінің жауһарларын жаңғыртты

29.05.2024
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Samsung Electronics Орталық Еуразия компаниясы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер мұражайымен бірлесе отырып, ұлы суретші Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына арналған жаңа цифрлық альбомын таныстырды.

 

 

Жинаққа суретшінің 400-ден астам туындысы енген. Олардың ішінде «Түрксіб» (1969), «Биік таудағы мұз айдынында» (1955), «Колхоз тойы» (1937) және т.б. Сонымен қатар, заманауи технологияларын пайдалана отырып, Samsung статикалық кескіндерді жандандырды. Әбілхан Қастеевтің ең жарқын 25 туындысы The Frame өніміне кіріктірілген «Өнер дүкені» (Art Store) қолданбасына қосылды. Бұл әртүрлі диагональдардағы интерьер теледидарлары. Олар инновациялық сандық кенеп және заманауи жақтаудағы сүретке ұқсайды. Бірегей теледидарлар музейдің әртүрлі бөлмелері мен орталық залында орнатылған.

 

«Еліміздегі кескіндеме өнерінің бастауында тұрған Әбілхан Қастеевтің қосқан үлесі әсірелеусіз. Оның шығармашылық мұрасы Қазақстанда да, одан тысқары жерлерде де халықты қуантып келеді. Samsung дайындаған жаңа топтама – ұлы суретшінің рухына тағзым». – деп атап өтті Samsung Electronics Орталық Еуразия компаниясының аудио және бейне бөлімінің маркетинг менеджері Диас Кожин.

 

 

«Өткеннің өнері болашақ экрандарында» атты тақырыптық көрмеде сіз цифрлық картиналардың түрлі-түстілігін өз көзіңізбен көріп, ләззат ала аласыз. Көрме Мемлекеттік өнер мұражайының қабырғасында шілде айының соңына дейін жалғасады. Ал «Өнер дүкені» (Art Store) қосымшасында Әбілхан Қастеевтің туындылары пайдаланушыларға осы жылдың соңына дейін мүлдем тегін қолжетімді болады.

 

Бұл Samsung Electronics Орталық Еуразия компаниясы мен Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайының ынтымақтастығы аясындағы екінші ірі жоба. 2022 жылы «Қазақстан өнерінің 100 жауһары» атты каталогы жарық көрді. Альбомға ұлттық көркемдік мұраның інжу-маржаны болып табылатын отандық суретшілер картиналарының үздік үлгілері енгізілді.

 

 

Таңдалған жауһарлар Қазақстан бейнелеу өнерінің ХХ ғасырдың басынан бастап бүгінгі күнге дейінгі эволюциясын көрсететін хронологиялық тәртіпте орналастырылды.

 

Жоба туралы толығырақ мына сайттан біле аласыз: https://www.samsung.com/kz_kz/offer/theframe-kasteyev-art-store/

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Компанияның жаңалықтары > Қазақстанда

Өнімдер > Теледидар мен аудио

Жүктеу

  • 3.jpg

  • 1.jpg

  • 6.jpg

  • 8-1.jpg

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары