AI арқылы жақсартылған: Samsung компаниясы Samsung Innovation Campus тегін білім беру бағдарламасының жаңа ағынын жариялайды

25.08.2025
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Python және Java тілдерін тұрақты оқуға AI әлеміне толық ену курсы қосылады

Жасанды интеллект, біздің әдеттерімізді және әлемді түсінуді өзгерте отыра, керемет жылдамдықпен адам өмірінің маңызды бөлігіне айналуда. Заман ағымына ілесу және өзімізге жақсы болашақ құру үшін мектеп оқушылары мен студенттер AI, деректерді талдау және бағдарламалаудың барлық негіздерін қазірден үйренуі керек. Ал Samsung Electronics бұл үшін тамаша мүмкіндік береді!

 

Samsung Innovation Campus халықаралық білім беру бағдарламасы аясындағы жаңа топтарға тіркелу бүгіннен басталады. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген мектеп оқушылары мен студенттері Python бағдарламалау тілінде деректерді талдау және Java тілінде заманауи мобильді әзірлеуді мүлдем тегін меңгере алады.

 

Ал биылдан бастап бағдарламаға жаңа курс – AI негіздерін оқып-үйрену қосылып жатыр, оның барысында студенттер қазіргі әлемде жасанды интеллект қалай жұмыс істейтінін, оны қалай тиімді пайдалану керектігін және AI инновацияларының арқасында адамзат үшін қандай перспективалар ашылып жатқанын түсіне алады.

 

Запуск SIC Август 2025 New

 

Курстарға тіркелу 30 тамызға дейін жалғасады, ал оқудың өзі қыркүйектің ортасында басталады. 13 пен 25 жас аралығындағы жас және  талапшыл жастар тіркеле алады. Барлық курстар офлайн және онлайн режимінде қолжетімді болады. Оқытушылар – тиісті салаларда үлкен тәжірибесі бар сертификатталған мамандар.

 

Қатысушыларды күтеді:

  • Аптасына екі-үш рет қызықты сабақтар
  • Ыңғайлы оқыту үлгісі: жайлы үзілістермен бірге  екі сағаттық сессиялар.
  • Samsung Electronics кореялық мамандар дайындаған білімнің замануи базасы
  • Samsung Innovation Campus заманауи жабдықталған сыныптарындағы тәжірибе сабақтары (офлайн-форматта).

 

Курстарды аяқтаған соң қатысушылар IT мамандары дайындаған емтихандарды тапсырады және Samsung Electronics компаниясының сертификатын алады. Бірақ ең бастысы  олар – еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды игеріп, Samsung Innovation Campus ғаламдық қауымдастығының бір бөлігі болады!

 

Тіркелу қазіргі сәтте жобаның ресми сайты: samsung-campus.kz-те басталып жатыр. Мұнда сіз алдағы курстар туралы барлық мәліметтерді, соның ішінде кестені, орындарды және силлабустарды біле аласыз.

 

Samsung Innovation Campus – дүние жүзіндегі жастарға өздерінің болашағын құру үшін қолайлы мүмкіндіктер жасау үшін озық IT дағдылары мен практикалық білімдерін алуға көмектесетін жаһандық білім беру бағдарламасы болып табылады. Бағдарлама цифрлық дәуірге сәйкес келетін құрылымдық AI тренингін, сондай-ақ тәжірибелік оқытуды, сарапшылық тәлімгерлікті және Big Data және Заттардың интернеті (IoT) сияқты болашақтың негізгі бағыттарын зерттеуді ұсынады.

 

Қазақстанда бұл бағдарлама 2017 жылғы желтоқсанда іске қосылды. Осы уақыт ішінде 3000-нан астам жас қазақстандық болашақтарын жобалау және үлкен әлеуетін жүзеге асыру үшін технологияны пайдалана отырып, бағдарламалау негіздерін үйренді. Оның ішінде 800-ден астам студент курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификат алды.

Компанияның жаңалықтары > Әлеуметтік жобалар

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Компанияның жаңалықтары > Қазақстанда

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары