Awesome Intelligence: алақаныңыздағы қолжетімді және қуатты мобильді ЖИ
Samsung Electronics жаңа Galaxy A1 топтамасында қолжетімді платформа – Awesome Intelligence ұсына отыра, жасанды интеллектті демократияландыру жолында тағы бір қадам алға басты. Бұл құрал мобильді тәжірибені барлық тұтынушылар үшін неғұрлым қолжетімді, креативті және өнімді ету үшін жасалынған бірнеше ЖИ-мүмкіндіктерін ұсынады.
Көпмәселілік қарапайым бола түсті
Awesome Intelligence құрылғымен ыңғайлы өзара әрекеттесуге арналған жаңа мүмкіндіктерді ашады.
Ақпаратты іздеген кезде қолданбалардың бірінен екіншісіне ауысудың қажеті жоқ: ең танымал ИИ-мүмкіндіктердің бірі – «Google-мен қоршап іздеу» – енді кескінді ғана емес,және де музыканы да таба алады.
AI Select ол мәтін, кескін немесе бейне болмасын, экранда болып жатқанның негізінде мәнмәтіндік ишараларды ұсынады. Бұл, мысалы QR-кодты сканерлеу немесе бір жанасумен GIF-анимация жасау секілді әрекеттерді орындауға мүмкіндік береді.
▲ AI Select
Бұдан бөлек, Read Aloud жаңа мүмкіндігі онлайн-мәтінді аудиоға айналдыра отыра, көп тапсырмалылықты жеңілдетеді.
▲ Read Aloud
Қарапайым және ақылды құралдармен барынша шығармашылық
Awesome Intelligence шығармашылық мүмкіндіктерін ашатын редакциялауға арналған зерделі аспаптар жиынтығын ұсынады.
Object Eraser фотосуреттен артық нысандарды жеңіл өшіреді, ал Edit Suggestion неғұрлым анық және эстетикалық кескіндерді алуға көмектесе отыра, жарқылдауларды жою және бұлдыр аяларды жою секілді автоматты түрде жақсартуларды ұсынады.
▲ Object Eraser
▲ Edit Suggestion
Galaxy A56 5G -да кеңейтілген шығармашылықтық бақылауға арналған эксклюзивтік аспаптар қолжетімді. Best Face кадрлар сериясында бес адамға дейінгі неғұрлым сәтті бет әлпеттерін таңдау және оларды мінсіз топтық фотосуретке біріктіру мүмкіндігін береді. Auto Trim, өз кезегінде, бірнеше бейнероликті сараптайды да үздік сәттерді шығарады және олардан жариялауға дайын әсерлі клиптер жасайды.
▲ Best Face
▲ Auto Trim
Бұдан бөлек, Filters мүмкіндігі бұрыннан бар кескіндерден түстерді және сәндерді шығарып ала отыра, портреттерге және селфилерге жеке мәнерлі реңк беретін айрықша сүзгілерді жасауға мүмкіндік береді.
▲ Filters
Awesome Intelligence арқасында, Galaxy A жаңа сериясы барлық тұтынушылар үшін қолжетімділік, өнімділік және шексіз шығармашылықтың қолжетімділігінің жаңа стандартын ұсынады.
1 Galaxy A56 5G, Galaxy A36 5G және Galaxy A26 5G
БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Бейнебаяндар
Өнімдер > Ұялы құрылғылар
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.