[Баған] Адам қажеттіліктеріне бағытталған гибридті AI жаңа мүмкіндіктер ашуда

07.06.2024 by Вон-чжун Чой
Share open/close
Сілтеме көшірілді

 

Біз технологияның дамуындағы ең қызықты және мүмкін ең тарихи сәттердің басында тұрмыз. Мобильді жасанды интеллект дәуірі келді, ол Samsung үшін Galaxy S24 сериясындағы, біздің алғашқы AI-смартфондарымызды білдіретін, Galaxy AI функцияларының пайда болуымен ерекшеленді.

 

Жасанды интеллектке гибридті көзқараспен мобильді революция

 

Генеративті AI технологиясының нақты артықшылықтарын Galaxy S24 сериясына жеткізу мақсатында біз жасанды интеллект интеграциясына гибридті тәсілді қолдандық. Жасанды интеллект көптеген мүмкіндіктерді ашады, және мобильді құрылғылар оның әлеуетін ашу үшін негізгі кіру нүктесі деп санаймыз. Өйткені бүкіл әлемдегі пайдаланушылар күнделікті тапсырмаларының көпшілігінде телефондарына сенуді жалғастыруда.

 

Мобильді құрылғылардың күнделікті өмірде алатын маңызды рөлі олардың көптеген маңызды және есте қаларлық сәттерінде адамдар пайдаланатын өте жеке зат екенін білдіреді. Біз бұл мінез-құлықты түсінеміз және смартфондар пайдаланушылар өмірінің маңызды сәттерін қарапайым, интуитивті және тіпті эпикалық түрде тамашалай алатындай жақсартуы керек деп санаймыз. Біз сондай-ақ құпиялылықтың маңыздылығын мойындаймыз, сондықтан пайдаланушыларға нені бөлісетінін және нені құпия сақтайтынын толық бақылауға береміз.

 

Біздің гибридті тәсіл осы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ең қолайлы және сенімді шешім деп санаймыз және Samsung компаниясына алдыңғы қатарда болуына мүмкіндік береді. Біз пайдаланушыларға жедел жауап беру мен құрылғыдағы жасанды интеллекттің құпиялылығын қосымша қорғауды және бұлттық AI әмбебаптығын қамтамасыз етеміз. Жетекші салалық серіктестермен ашық ынтымақтастық арқылы, олардың күнделікті өміріне қажетті әртүрлі функцияларды ұсынамыз.

 

Құрылғылардың мүмкіндіктерін жасанды интеллект көмегімен кеңейту

 

Біз құрылғыдағы жасанды интеллект негізінде Live Translate функциясын жасадық, өйткені дауыстық қоңыраулар смартфонның ең негізгі функциясы және құпия, жеке байланыс құралы болып табылады. Samsung пайдаланушыларға тілдік кедергілерсіз байланысу мүмкіндігін қамтамасыз етуді және әрбір байланыстың қауіпсіздігі мен құпиялылығын қамтамасыз етуді міндеттейді.

 

Біздің ғылыми-зерттеу тобымыз бұл мүмкіндікті шындыққа айналдыру үшін көп жұмыс жасады. AI тіл үлгілерінің дұрыс өлшемін анықтаудан бастап нақты әлемдегі сценарийлерде оқыту мен тестілеуге дейін. Бұл функция құрылғыда толық қолжетімді болуы үшін MX business саласындағы біздің ғылыми-зерттеу ұйымдарымыз өз өзін сынап, мүмкін болатын шектен шықты.

 

Samsung компаниясының дүние жүзіндегі жаһандық зерттеу және дамыту желілері де әр аймақта үздік таланттарды тәрбиелеуге және негізгі технологияларды дамытуға жауапты маңызды рөл атқарды. Бүкіл әлем бойынша Samsung зерттеу орталықтары, соның ішінде Польша, Қытай, Үндістан және Вьетнам, Galaxy AI қолдайтын тілдерді дамыту және кеңейту үшін бар күштерін салды. Тілдер өте мәдени, заманауи және локализацияланған, сондықтан, адамдарға тілдік кедергілерді жеңуге және табиғи қарым-қатынас жасауға көмектесу үшін жергілікті ғылыми кеңселеріміздің рөлі одан да маңыздырақ болады. Бұрыннан да көп аймақтардағы пайдаланушылар үшін жаңа мүмкіндіктер аша отырып.

 

Осы әрекеттердің барлығы Samsung компаниясына мүлдем жаңа нәрсе ұсынуға мүмкіндік берді, мен онымен асыға бөліскім келіп тұр. Samsung жақын арада Galaxy AI мүмкіндіктерін Samsung компаниясының жеке қоңырау шалу қолданбасынан тыс кеңейтеді, Live Translate функциясын басқа үшінші тарап хабар алмасу және дауыстық қоңыраулар қолданбаларына кеңейту арқылы. Осылайша, сүйікті қолданбаларыңызда әртүрлі тілдерде сөйлесе отырып достарыңызбен немесе әріптестеріңізбен байланыста бола аласыз.

 

Бұл функция құрылғыдағы жасанды тілге аудару үлгісіне біріктірілгендіктен, пайдаланушылар Live Translate функциясын пайдаланған кезде жеке деректерінің телефоннан тыс тасымалдануы туралы алаңдамай еш кедергісіз сөйлесе алады.

 

Мен мобильді құрылғыларға көбірек мобильді AI функцияларын енгізуді күтемін, өйткені соңғы чиптердің, әсіресе NPU-лардың интеллектуалды есептеу қуаты басқа технологиялармен бірге найзағай жылдамдығымен дамиды. Бұл көбірек адамдарға жасанды интелектті қолдануға және әр күнің жайлы және тыныш етуге. мүмкіндік береді.

 

Бүгінгі күнде болашақ қажеттіліктер үшін Galaxy AI мүмкіндіктерін дамыту

 

Бұл жоспарлар біздің Galaxy AI-ға деген міндеттемемізді кеңейтудің және мобильді AI дәуірінің келесі кезеңіне кірудің бір бөлігі болып табылады. Galaxy S24 сериясына Galaxy AI енгізу бастамасы ғана болды. Толығымен жаңа және бірегей AI тәжірибесін қамтамасыз ету үшін біз алдағы жиналмалы құрылғылар үшін Galaxy AI мүмкіндіктерін одан әрі оңтайландырамыз. Жиналмалы құрылғылар Samsung Galaxy-дың ең әмбебап және икемді пішін факторы болып табылады, және Galaxy AI-мен біріктірілгенде, бұл екі қосымша технология жаңа мүмкіндіктерді ашады.

 

Samsung сонымен қатар Galaxy AI мүмкіндіктерін тек Samsung жасай алатындай етіп бүкіл Galaxy экожүйесінде кеңейтуге ұмтылады. Мобильді AI дәуірі жылдам қарқынмен алға жылжуда, ал Samsung бүгін ғана емес, ертеңгі күннің де қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мобильді AI-дағы инновацияларды жеделдетуде.

by Вон-чжун Чой

атқарушы вице-президент және мобильді зерттеулер мен әзірлемелер кеңсесінің басшысы, Mobile eXperience Business бөлімшесі

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары