[CES 2024] «Баршаға арналған ЖИ» атты Samsung компаниясының стенді

11.01.2024
Share open/close
Сілтеме көшірілді

9 қаңтарда Samsung Electronics компаниясы Лас-Вегас қаласында өткен Consumer Electronics Show (CES) 2024 атты тұтынушылық электроника мен АТ-ның әлемдегі ең ірі көрмесінде өзінің стендін ашты.

 

Стендтің басты тақырыбы «Баршаға арналған ЖИ: жасанды интеллект дәуірінде қосылу мүмкіндіктері» деп аталады, ол компанияның жетекші инновацияларға және өмір сапасын жақсарту бойынша стратегиялық жұмысқа тартымдылығын бейнелейді. Samsung компаниясының жасанды интеллект саласындағы көзқарасы адамның өмірін үйде, жұмыста және басқа да кез келген жерде жақсартуға бағытталған, ол күнделікті өмірдің барлық аспектісін қамтиды.

 

▲ CES ашылған күні Samsung стенді

 

Төменде сіз CES 2024 көрмесіндегі Samsung компаниясының стендінде орналасқан бес бірегей аймақтар туралы толығырақ біле аласыз, онда келушілер алдыңғы қатарлы технологиялармен өзара әрекеттесуі нәтижесінде жаңа әсерлерді ала алды.

 

▲Samsung компаниясы өзінің инновацияларын CES 2024 стендінде көрсетті, ол келесі бес аймаққа бөлінді: «Тұрақты даму», SmartThings, «Экрандар», «Үй» және «Ұялы құрылғылар».

 

▲ Көрменің келушілері The Wall атты MICRO LED ең ірі дисплейдің алдында, кіреберістің қасында, компанияның ЖИ қатысты жаңа көзқарасы туралы білу үшін жиналды.

 

«Тұрақты даму» аймағы: бұрыңғыдан да экологияға жағымды өмір сүру салтын ұстанудың тәсілі

Біз стендтен өте бере бірден «Тұрақты даму» аймағына түсеміз, мұнда Samsung компаниясының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі стратегиясы, оның ресурстарды тиімді пайдаланудың амалы және өнімдерінің арнайы мүмкіндіктері туралы ақпарат алуға болады. Осы аймақтың бір қабырғасы қайта өңделген материалдардан жасалған, бұл экологияны күтіп қарауда компанияның даму бағытын қалай анықтайтынын көрсетеді. Осыдан басқа, сіз мұнда компанияның экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған стартаптармен, SmartThings Energy-мен, экологияға жағымды өмір салтын ұстануға көмектесетін үйдің электр қуатын тұтынуын басқаратын сервиспен серіктестігі туралы біле аласыз.

 

▲ «Тұрақты даму» аймағы.

 

▲ Samsung компаниясының жабық цикл экономикасына арналған секцияда тұрақты даму саласындағы іс-әрекеттері

 

SmartThings аймағы: күнделікті өмірді жеңіл етудің мүмкіндіктері

SmartThings аймағында Samsung компаниясының үйге арналған тұрақты түрде кеңейетін экожүйесі ұсынылған. Қазір оған SmartThings экожүйесімен бірге үйлесе алатын 48 серіктес компанияның 196 құрылғысы мен өнімі кіреді. Аймақтың аумағында үйдің әр түрлі бөлмелерінде орындауға болатын тапсырмалардың сценарийлері жүзеге асырылған, олар SmartThings экожүйесі өмірді қалай жақсарта алатындығын көрсетеді. Келушілер интерактивтіліктен өзге, британдық блогер Оли Патерсонның (Oli Paterson) кулинарлық шоуына қатыса алды.

 

▲ SmartThings аймағы.

 

▲ (Солдан оңға қарай) Келушілер ойындарға сіңіп кеткен. Келушілер SmartThings экожүйесінің кейбір мүмкіндіктерін, соның ішінде үй жануарларын күтуге байланысты функцияларды сынап көрді.

 

«Экрандар» аймағы: көңілкөтерудің жаңа жиегі

«Экрандар» аймағында Samsung компаниясы жасанды интеллект технологиясының көмегімен өзінің дисплейлерінің мүмкіндіктерін қалай кеңейтетіндігін көрсетті. Аймақта контентті тамашалауды одан әрі қызықты ететін премиум-классқа жататын теледидарлардың қатары ұсынылды, соның ішіне MICRO LED мөлдір дисплейі де кірді. Samsung компаниясының ЖИ функциялары бар робот-компаньоны жаңартылған Ballie ерекше назарға ілінді, ол дербестендірілген көмек көрсете алады.

 

▲ «Экрандар» аймағы.

 

▲ Жаңа мөлдір MICRO LED дисплейі және Ballie роботы көптеген келушілердің назарына ілікті.

 

«Үй» аймағы: ЖИ мүмкіндіктерін күнделікті өмірде пайдалану 

«Үй» аймағында Samsung компаниясының тұрмыстық техникасында ұсынылған, соның ішінде Bespoke AI Laundry Combo™ атты үйлестірілген кір жуғыш пен кептіргіш машина, AI Family Hub™+ бар 4 есікті Bespoke  Flex™ тоңазытқышы және басқа да құрылғылар кіретін жасанды интеллект технологиясы үй күтіміне қатысты және күнделікті жұмысты жеңілдетеді. Мұнда AI OptiWash™ және AI Optimal Dry ақылды режімдері жуудың тиімділігін қалай арттыратындығын, ал AI Vision Inside зияткерлік функциясы тамақ өнімдерін сұрыптауға қалай көмектесетіндігін өз көзімен көруге болады.

 

▲ «Үй» аймағы.

 

▲ Келушілер Bespoke желісіндегі құрылғылардың мүмкіндіктері туралы толығырақ білді.

 

«Ұялы құрылғылар» аймағы: қосылудың кең мүмкіндіктері бар құрылғылардың экожүйесі

Стенді тамашалаудың соңында «Ұялы құрылғылар» аймағында Samsung компаниясының тасымалды ықшам құрылғылары көрсетілген. Келушілер ЖИ  қолдауы бар жаңа функцияларды, Galaxy Book4 ноутбугінің соңғы сериясының сенсорлық экранының жоғары өнімділігін және жауап қайту дәлдігін бағалады. Осыдан өзге, аймақтың аумағында компанияның әр түрлі саладағы көшбасшылармен компанияның серіктестігі көрсетілді, мысалы: Microsoft компаниясымен, ол Galaxy құрылғыларын пайдаланумен өзара тығыз экожүйені құрады.

 

▲ «Ұялы құрылғылар» аймағы.

 

▲ Келушілер Galaxy Book4 сериясының жаңа ноутбуктарымен танысты және Galaxy экожүйесінің шеңберінде қосылу мүмкіндіктері туралы көбірек білді.

Компанияның жаңалықтары > Технологиялар

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары