[CES 2024] Ертеңгі күнге қадам: Samsung компаниясы «Тұрақты даму» аймағында экологиялық бастамалары туралы баяндайды
9 қаңтардан 12 қаңтарды қоса алған мерзімде Лас-Вегас қаласында өткен Consumer Electronics Show (CES) 2024 көрмесінде Samsung Electronics компаниясы тұрақты даму бизнеске қалай әсер ететіндігіне ерекше назар бөлді.
Samsung компаниясының стендінде келушілер компания ресурстардың тиімді пайдалануына қалай септігін тигізетіндігі, сондай-ақ қалай серіктестік қарым-қатынастарды құратындығы, сондай-ақ өз өнімдерінде әр түрлі арнайы мүмкіндіктерді ұсынатындығы туралы білді.
Тұрақты болашаққа жол
2022 жылы Samsung компаниясы климаттың өзгерісімен күресуге және ресурстарды одан да тиімді пайдалануға бағытталған өзінің экологиялық стратегиясын ұсынды. Осы стратегиясының шеңберінде Samsung тұрақты даму облысында мақсаттарды белгіледі, компания келесі жиырма жылда қойылған мақсаттарға жетуге бел буды. Осының бастамасы 2050 жылға қарай бүкіл компания ауқымында көмірқышқыл газының шығыстарын нөлдік деңгейге жеткізу бойынша стратегиясынан басталады.
Келушілер Samsung компаниясы, компанияның инновациялары мысалында, жабық циклді экономиканы қалай дамытып жатқандығы туралы мұқият сипаттауларды көрді, олар экологиялық аспектілерді есепке алады, соның ішіне қайта өңдеу материалдары немесе өнімге жаңа өмір сыйлау кіреді.
«Тұрақты даму» аймағында Samsung компаниясының Циркулярлық экономика зертханасында (Circular Economy Lab) әзірленген АБС-пластик пен полипропилен (r-ABS және r-PP) қолданумен жасалған қабырғалар ұсынылды. АБС-пластик Samsung компаниясының өнімдерін қаптауда пайдаланылатын қайта өндірілген пенополистиролдан жасалады, ал полипропилен тұрмыстық тауарларды өндіру кезінде пайда болатын әр түрлі жанама өнімдерді қайта өңдеу жолымен даярланады.
Жабық цикл экономикасына арналған семинар аудиторияны Galaxy Book4 ноутбугінің, Neo QLED 8K теледидарының және Bespoke AI™ кір жуғыш машинасының толық өндірісінің үрдісімен жақынырақ таныстырды. Келушілердің біреуі: «Тұрақты даму принциптері өнімнің әрбір өмірлік кезеңінде қалай жүзеге асырылғаны туралы көру өте қызық болды» – деді.
SmartThings Energy — енді бұрыңғыдан да ақылдырақ
Samsung компаниясы SmartThings Energy сервисінің бұрыңғыдан да жетілдірілген нұсқасын ұсынды. AI Energy Mode электр қуатын үнемдеудің зияткерлік режімі арқасында пайдаланушылар электр қуатын тұтынуды кешенді басқара алады, электр қуаты үшін төленетін шоттарды қысқарта алады, сондай-ақ атмосфераға көмірқышқыл газының шығысын төмендете алады.
Энергетикалық тәуелсіз үй (Net Zero Home) концепциясын жүзеге асыру шеңберінде Samsung компаниясы электркөліктерді өндіруші Tesla компаниясымен өз ынтымақтастығын жақында кеңейтті. Көрмелік аймақта Powerwall 3 үй аккумуляторы ұсынылды, күн сәулесінің инверторы және электркөліктерді қуаттауға арналған қабырғалық шешім ұсынылды, енді олардың барлығы SmartThings Energy экожүйесіне интеграцияланған. Осыдан өзге, келушілер Tesla қосымшасындағы Storm Watch қызметінің хабарландырулары Samsung теледидарларында пайда болғанын тамашалады.
Баршаға көбірек мүмкіндіктер
Келушілерге басты функциялардың саны азайтылған және смартфон арқылы SmartThings қосымшасының көмегімен теледидарды басқаруға мүмкіндік беретін жетілдірілген дизайнға ие қашытықтан басқару пультінің жаңа интерфейсі ұсынылды. Басқа арнайы мүмкіндіктердің арасында – Galaxy құрылғыларында синхронды аударманы қамтамасыз ететін қоңырау кезіндегі автоматты субтитрлер және экрандағы субтитрлерді автоматты түрде танитын субтитрлерді дауыстап оқу функциясы, бұл, әсіресе, шетелдік контентті қарағанда пайдалы.
Экологиялық мәселерді шешуде стартаптармен бірлескен жұмысы
Көрмеде Samsung компаниясының болашақ технологияларды әзірлеу арқылы қоғамға пайда әкелуге ұмтылатын стартаптармен ашық ынтымақтастығы туралы жарияланды.
Samsung компаниясы C-Lab Outside атты компаниядан тыс стартаптарға көмек көрсететін бағдарламасы арқылы экологиялық мәселерді шешудегі инновациялық стартаптарды қолдайды. Осыдан басқа, Samsung компаниясы Extreme Tech Challenge (XTC) сияқты ұйымдармен ынтымақтастықта жұмыс жасайды, бұл ұйым – жаһандық мәселерді шешетін кәсіпкерлер үшін стартаптар мен экожүйелердің жаһандық байқауы.
Ресурстарды тиімді пайдаланудың қажеттілігін түсіне отыра Samsung компаниясы технологиялық қауымдастықты бақытты болашақты құруға және белсенді әрекеттер жасауға шабыттандыруға үміттенеді. Төмендегі бейнебаяннан бұл туралы көбірек біліңіз.
Компанияның жаңалықтары > Бастамалар
Компанияның жаңалықтары > Технологиялар
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.