[CES 2025] Жасанды интеллект баршаға: Samsung жіксіз қосылудың жаңа дәуірін ашады
7 қаңтарда Лас-Вегаста тұрмыстық электроника саласындағы соңғы жаһандық инновацияларды біріктіретін Consumer Electronics Show (CES) 2025 көремесі ашылды. «ЖИ баршаға» (AI for All) концепциясын кеңейте отырып, Samsung Electronics ақылды үйлердің шексіз әлеуетін көрсету және заманауи өмірдің қайта ойластырылған көрінісін ұсыну арқылы келушілердің назарын аударды.

▲ CES 2025 көрмесіндегі Samsung стенді
Елестетудің басты сәттері: шексіз мүмкіндіктерді ұсына отыра

▲ «Елестетудің басты сәттері» аймағы
Samsung стендіндегі «Елестетудің басты сәттері» аймағы жұмсақ реңктегі футуристік дизайнымен көз тартады. Бұл динамикалық кеңістікте Samsung құрылғыларының кең сұрыпталымы және Samsung-тың нобайдағы шынайы жасанды интеллект экожүйесі — SmartThingsпен үйлесімді серіктестік өнімдері бар.
Көрмеге келушілер Бұйымдар интернеті технологияларының қауіпсіз Samsung Knox ортасында қалай әрекеттесетінін көрді. Стендтің имек қабырғаларына тікелей трансляцияланған бейнелерде өнеркәсіптік және көлік секторларынан Samsung Health озық сауықтыру қызметтеріне дейін — SmartThings платформасына арналған қолданбалардың кең ауқымын көрсетті.
SmartThings кемелділігі: ақылды үйдің жүрегі

▲ «Совершенство SmartThings кемелділігі» аймағы
«Елестетудің басты сәттері» аймағынан кейін үйдің төрт негізгі қағидасын: қауіпсіздік, пайдаланудың қарапайымдылығы, үнемдеу және күтімді айқындайтын «SmartThings кемелділігі» аймағы орналасқан:. Бұл кеңістік Samsung компаниясының тұтынушылардың күнделікті өмірін жақсартуға деген көзқарасын көрсетеді және ЖИ саласындағы жетістіктері арқылы өмір сапасының жақсаруын көрсетеді.
Samsung Knox: ақылды үй қауіпсіздігін жақсарта отыра

▲ «Қауіпсіздік» секциясы
«Қауіпсіздік» секциясы Samsungтың деректерді сенімді қорғауға бейілділігін көрсетті. Samsung Knox Matrix деректердің бөтен қолға түсуін болдырмау үшін қосылған құрылғыларды қорғайды, ал Samsung Knox Vault маңызды деректерді қауіпсіз сақтауға мүмкіндік беру арқылы құпия ақпаратты қорғайды.

▲ Николас Кай Samsung Knox Vault кеңейтілген мүмкіндіктерімен танысуда.
«Жасанды интеллект дамып келе жатқандықтан, мені жеке өмірге қатысты қауіптер, әсіресе құрылғылардағы камералар және деректердің бөтен қолға түсу ықтималдығы алаңдатады. Алайда, Samsung Knox инновациялары көңілімне сенім ұялатады», – деп бөлісті Нью-Йорктен келген Николас Кай.
Calm Onboarding функциясы: құрылғыларды біріктіру енді қарапайымырақ бола түсті

▲ Calm Onboarding функциясының ыңғайлылығын көрсету
Calm Onboarding ақылды құрылғыларды қосуды жеңілдетеді – сатып алу мен жеткізуден бастап орнату мен орнатуға дейін – және өз иелерін күрделі, көп сатылы процестерден босату арқылы тұтынушы тәжірибесін толығымен өзгертеді.
Көрмеге келушілерге құрылғыларды сатып алу және қосу процесі, сондай-ақ SmartThings платформасының интуитивті және ыңғайлы интерфейсі көрсетілді.
Quick Remote функциясы: құрылғыларды басқару жеңілдей түсті

▲ Көрмеге келушілер Quick Remote функцияларын үлкен экранда сынап көруде
Quick Remote смартфонды тұрмыстық техникаға арналған әмбебап қашықтан басқару құралына айналдырады. Теледидарды, кондиционерлерді, ауа тазартқыштарды және басқа құрылғыларды басқаруды бір қолданбаға біріктіру арқылы Quick Remote бірнеше қашықтан басқару тетігінің қажеттілігінің алдын алады және тұтынушының біртұтас тәжірибесін қамтамасыз етеді.
Үй картасы: кеңістікті жоғары дәлдікпен қайта елестету

▲ Келушілер Үй картасы (Map View) көмегімен кеңістіктерді жекелендіреді
Үй картасы (Map View) жасанды интеллект базасындағы ақылды үйді басқару платформасы жиһазды орналастыруға және бөлме дизайнына арналған интуитивті құралдар жиынтығын ұсынады. Samsung стендінде қонақтар әртүрлі сәндік шешімдерді қолдану және генеративті ЖИ көмегімен жиһаз фотосуреттерін 3D үлгілеріне айналдыру арқылы оның мүмкіндіктерін зерттеді.

▲ Көрме қатысушылары «Эшли Хоум» жиһаз топтамасын көрсетілетін Үй картасы (Map View) көмегімен жекелендірілген дизайнмен тәжірибе жасайды
HARMAN: автокөлікпен өзара әрекеттесудің жаңа дәуірі

▲ Зона HARMAN
Samsung компаниясының еншілес компаниясы HARMAN автокөліктегі уақытты ыңғайлы және қауіпсіз ету үшін жасалған жаңа өнімдердің бірқатарын ұсынды. Стенд аясында басты өнімдер көрсетілді: HARMAN Ready Care — жүргізушілерге жолда жіті болуға көмектесе отыра алаңдаушылықты анықтайтын шешім және HARMAN Ready Display —тұтынушы тәжірибесін жақсартатын озық визуалды технология.

▲ Стейси Фуэнтес HARMAN аймағында көліктегі қосылым функциясын зерттеп жатыр
«Мені HARMAN ұсынған мүмкіндіктер, әсіресе пайдаланушыға ыңғайлы дисплейге және кең қосылым мүмкіндіктиері таң қалдырды», – деді көрмеге Мексикадан келген Стейси Фуэнтес.
Өз стендінде Samsung компаниясы ақылды үй технологияларын, ЖИ және қауіпсіздікті біріктіретін болашаққа жаңа көзқарасын ұсынды, бұл технологиялық прогресстің жәй ғана ыңғайлылықтан асып түсетінін атап өтті. Тұтынушылардың қауіпсіздігі мен әл-ауқаты қазір басты мәселе болып табылады. Samsung инновацияларға бағыт ала отыра ақылдырақ және байланысқан әлемді қалыптастыруды жалғастыруда.
БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Бейнебаяндар
Компанияның жаңалықтары > Технологиялар
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.