CES 2026: Samsung үйдегі AI әлеуетін ашу үшін ашық экожүйелердің маңыздылығын атап өтеді
Samsung CES 2026 көрмесінде сала көшбасшыларын біріктіріп, қосылған ақылды үйлердің болашағын талқылайтын Tech Forum сериясын бастады

CES 2026 көрмесі аясында Samsung Electronics компаниясф The Wynn қонақ үйінде ақылды үйдің өзара әрекеттесуіне арналған алғашқы техникалық форум панельдік талқылауын өткізді. «Бәрі сәйкес келгенде: ашық экожүйелер жасанды интеллектті қалай тиімді етеді» атты сессия барысында сарапшылар салааралық серіктестіктердің ақылды үйлерді адамдардың өмір салтын шынымен қолдайтын, қауіпсіз және үздіксіз интеллектуалды ортаға қалай айналдырып жатқанын талқылады.
Ашықтық үй AI-ның іргетасы ретінде
Пікірталас қатысушылары: үйдегі интеллекттің жаңа дәуірі жабық экожүйелерде емес, ашық ынтымақтастықта құрылуы керек деген келісімге келді. Заманауи үй әртүрлі бренд құрылғыларымен толтырылғандықтан, бұл AI жүйелерінің бірлесіп жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін ашықтық. Samsung ашықтық тұрмыстық техниканы, энергетикалық жүйелерді және қауіпсіздік қызметтерін бір жабық платформада мүмкін болмайтын бірыңғай тәжірибеге қосатын стратегияны ұстанады.
«Үй-бұл біздің өміріміздегі ең жеке кеңістік, сондықтан үйдегі AI сенімділікке ие болуы керек: жеке өмірге құрметпен қарай отыра жұмыс істеу және нақты пайда әкелу», – деді Home Connectivity Alliance (HCA) президенті және басқарма төрағасы және Samsung Electronics стратегиялық альянстар бөлімінің басшысы Юнхо Чой (Yoonho Choi). – Бұл үшін үйдің біртұтас жүйе ретінде жұмыс істеуі үшін әртүрлі брендтердің құрылғыларының үйлесімділігі қажет. HCA-мен ынтымақтастық арқылы біз ашықтықты: қауіпсіздік, күнделікті өмірді жеңілдету және өлшенетін үнемдеу секілді нақты нәтижелерге айналдырамыз».
Әлемдегі ең үлкен ақылды үй экожүйесі
Samsung өзінің экожүйесінің ауқымын атап өтті: SmartThings қауымдастығында қазірдің өзінде 500 миллионнан астам қолданушы бар. Connected Living – те он жылдық тәжірибесі бар Samsung қарапайым гаджеттерден бастап болашақтың кешенді жүйелік зердесіне дейінгі AI-серіктерінің эволюциясын терең түсінеді.
Бұл іргетас Samsung-қа техника мен қызметтерді табиғи және қарапайым сезіну үшін үйлестіретін AI-сценарийлерін жобалауға мүмкіндік береді.
«Тұтынушыларға өмірді жақсартатын нақты артықшылықтар беру өте маңызды, деп атап өтті The Spoon негізін қалаушы және бас редакторы Майкл Вульф (Michael Wolf). – Осыған байланысты ешбір аймақ ақылды ас үйден артық пайда әкелмейді. Мысалы, пайдаланушы тоңазытқыштың ішіндегісін көргенде және жүйе су және жылу желілерімен синхрондалған кезде, бұл жасанды интеллектке озық әрекет етуге және жан-жақты жайлылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді».
Ынтымақтастықтан өлшенетін пайдаға дейін
Сондай-ақ, панельде ашық экожүйелер тұтынушыларға қалай тікелей пайда әкелетіні туралы мәселе көтерілді. Мысал ретінде Samsung Hartford Steam Boiler (HSB) компаниясымен ынтымақтастық туралы айтты. Бұл ақылды үй деректерін жауапкершілікпен пайдаланудың қалай пайда әкелетінін көрсететін алғашқы жоба.
«Біз ақылды үй пайдаланушының өмір салтына үздіксіз еніп, технологияға деген сенімділікті арттыратын деңгейге жеттік”,-деді HSB стратегиялық даму жөніндегі аға вице-президенті Джед Юсич (Jed Usich). – Samsung-пен серіктестіктің арқасында біз сақтандыру индустриясына көпір құрдық, қарапайым деректерді клиенттер үшін нақты үнемдеуге айналдырдық».
Технологияларды тықпаламайтындай, жасанды зерде адам бейнесінде
Сарапшылар: үйдегі AI сәтті болуы үшін ол «эмоционалды зердеге» ие болуы керек және тамақ дайындау, демалу, көңіл көтеру немесе отбасына қамқорлық жасау секілді күнделікті іс – әрекеттерге табиғи енуі керек деп атап өтті. Мінез-құлық әдеттерін жобалау және түсіну құрылғыларды сенімді және тыныш серіктер ретінде қабылдауда шешуші рөл атқарады.
Талқылау соңында қатысушылар үйдегі AI болашағы үш факторға байланысты екенін атап өтті: үйлесімділік, деректерді жауапкершілікпен пайдалану және салааралық ынтымақтастық.
Samsung ашық экожүйелерді құруды жалғастыруда, бұл жүйенің барлық элементтері үйлесімді жұмыс істегенде, үйдегі AI күнделікті өмірді жақсартуға қабілетті екенін дәлелдейді.
БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері
Өнімдер > Тұрмыстық техника
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.