CES көрмесіндегі жаңа Samsung-тың 2025 жылғы мониторлары: жасанды интеллект мүмкіндіктері, жоғары өнімді ойын және өнімділіктің жоғарылауы
Smart Monitor M9 ойын - сауық пен жұмыс үшін жақсартылған AI-функцияларын алды
Odyssey OLED G6 және OLED G8 – алғашқы 27 дюймдік ойын 4K OLED мониторы және жиілігі 500 Гц OLED дисплейі
Жұмыс үстеліндегі барынша өнімділік үшін диагоналі 37 дюймдік топтамаағы ең үлкен 16:9 4K ViewFinity мониторы
Samsung Electronics 2025 жылға арналған – Smart Monitor, Odyssey Gaming Monitor және ViewFinity Monitor монитор топтамаларымен таныстырды. Барлық жаңа өнімдер 5 қаңтарда CES-те Samsung First Look іс-шарасында көрсетілетін болады.
2025 модельдері жасанды интеллект интеграциясы бар мониторлар үшін жаңа стандарттарды, OLED дисплей сегментіндегі бірегей өлшемдерді және бүкіл әлемдегі пайдаланушыларды шабыттандыратын жаңа пішін факторларын орнатады.
Samsung Electronics компаниясының Visual Display business бөлімшесінің атқарушы вице – президенті Хун Чун (Hoon Chung): «Біздің саладағы жетекші топтамалардың жаңа мониторлары пайдаланушыларға жаңа форматтағы контентпен өзара әрекеттесуді зерттеуге көбірек мүмкіндіктер береді»,-деп атап өтті Samsung Electronics компаниясының Visual Display Business бөлімшесінің атқарушы вице – президенті Хун Чжун (Hoon Chung). – Біздің инновациялық жасанды интеллект мүмкіндіктеріміз және экран өлшемдерінің әртүрлілігі әрбір адамға 2025 жылы өздері үшін тамаша мониторды табуға мүмкіндік береді».
Smart Monitor M9: AI қолдауымен ойын-сауық және өнімділік
Smart Monitor M9 (M90SF) моделі интеллектуалды кескінді баптау және іздеу функциялары арқылы ойын-сауық пен өзара әрекеттесуді жақсартатын саладағы алғашқы AI- функциялармен жабдықталған.
Бұл AI Picture Optimizer функциясын қолданатын алғашқы интеграцияланған жасанды интеллект мониторы. Технология кіріс сигналдарын талдайды, контент түрін – ойын, бейне немесе жұмыс істейтін қолданбаны анықтайды және оңтайлы көрініс үшін1 дисплей параметрлерін автоматты түрде реттейді.Ойыншылар үшін жасанды интеллект одан да көп нәрсені жасайды: ойын жанрын таниды және ойын процесін 2 барынша қызықты ету үшін кескін баптауларын бейімдейді.
Сонымен қатар, монитор 4K AI Upscaling Pro -ны қолдайды. Бұл технология нейрондық желілер мен жетілдірілген AI өңдеу арқылы төменгі ажыратымдылықтағы контентті 4K деңгейіне дейін3 жақсартады. Нәтижесінде бастапқы сапасына қарамастан, мөлдір айқын кескіндер мен жоғары детальдау алынады.
M9 аппараттық сипаттамалары да таңқалдырады. Мониторда керемет бөлшектер мен жарқын түстер үшін VESA DisplayHDR™ True Black 400 қолдауы бар 32-дюймдік 4K OLED дисплейі бар. Оның жұқа дизайны, Easy Setup Stand ыңғайлы тірегі және кіріктірілген 4K камерасы оны кез келген жұмыс кеңістігі үшін мінсіз етеді.
Samsung Odyssey сериясы: екі революциялық жаңа өнім – 27 дюймдік 4K OLED ойын мониторы және 500 -герцтің OLED дисплейі
Odyssey ойын мониторларының топтамасы жоғары өнімділік пен жаңа экран өлшемдерін ұсынатын 2025 модельдерімен толықтырылды.
Odyssey OLED G8 (G81SF) әлемдегі алғашқы 27 дюймдік 4K (3840×2160) OLED мониторы болып табылады. Тығыздығы 165 пиксель және 240 Гц жаңарту жиілігі бар экран ойыншылар мен әзірлеушілерге кескіннің керемет бөлшектері мен шынайылығынан ләззат алуға мүмкіндік береді.
Odyssey OLED G6 (G60SF) 500 Гц жаңарту жиілігі бар алғашқы OLED дисплейі болды. QHD ажыратымдылығы бар монитор (2560×1440), бұл барынша өнімділікке ұмтылатын ойыншыларға айтарлықтай артықшылық бере отыра, қас қағымдағы жылдамдығымен және аса жатық геймплеймен қамтамасыз етеді.
Қос монитордың да жауап беру уақыты 0,03 мс (GTG), бұл тіпті динамикалық ойындарда да тегіс визуалды эффектілерді тамашалауға мүмкіндік беретін болады. AMD FreeSync™ Premium Pro және NVIDIA G-Sync™ Compatible кескіннің үзілуі мен жыпылықтауын азайтады. VESA DisplayHDR™ True Black 4004 технологиясы OLED дисплейін тамаша толықтыра отырып, жарықсыз қанық қара реңктер жасайды.
Сондай-ақ, CES-те 27 дюймдік Odyssey 3D (G90XF) ұсынылатын болады, ол стереокамерамен және алдыңғы жағында линзамен жабдықталған, арнайы көзілдірікті пайдаланбай жеке 3D кгнтектін жасайды. Жасанды интеллекттің арқасында монитор 2D бейнені 3D форматына түрлендіре алады, бұл контентке жаңа тереңдік қабатын қосады.
ViewFinity S8: өнімділік пен шығармашылыққа арналған үлкен экран
Viewfinity S8 (S80UD) моделі-тараптардың 16:9 арақатынасымен ең үлкен 37 дюймдік 4K -монитор. Бұл экран алдыңғы нұсқадан5 34% үлкен және барыншөнімділік пен тиімділікке арналған.
Монитор sRGB 99% түс қамтуына ие және кәсіби пайдаланушыларға 4K дисплейде түстерді мүмкіндігінше дәл көрсете отыра жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Жаңа өнім бұл жұмыс пен шығармашылықта өз әлеуетін ашуға ұмтылатындар үшін тамаша құрал.
ViewFinity S8 2025 моделі TÜV Rheinland6 сертификатын «Эргономикалық жұмыс кеңістігінің дисплейі» стандартына сәйкестігі үшін алды. Бұл марапат монитордың эргономиканы ескере отырып жасалғанын, жұмысқа енуді, тапсырмаларды орындау тиімділігін және өнімділігін жақсартатынын растайды. TÜV 7 сертификатымен интеллектуалды көзді қорғау жүйесі бөлмедегі жарық деңгейіне байланысты түс температурасын автоматты түрде реттей отыра, тіпті ұзақ уақыт пайдаланған кезде де көздің шаршауын азайтады. Сондай-ақ көзді қорғау режимі (Eye Saver Mode) және көздің артық күг жұмсауына жол бермейтін жалтылдауды жою (Flicker-Free) функциясы да бар.
Ал пайдалануда жеңіл Easy Setup Stand көмегімен монитор кіріктірілген KVM8 – ажыратып-қосқышының 8 арқасында жоғары өнімділікті қолдайды, құрылғыны бар болғаны бір тінтуір мен пернетақтаны пайдаланып, бірнеше құрылғылармен жұмыс істеу үшін әмбебап басқару орталығына айналдырады. Сонымен қатар, қуаттылығы и90 Вт USB-C қосылымының арқасында барлық қажетті керек-жарақтарды оңай басқара отырып, құрылғыларды бір уақытта қосуға және зарядтауға болады.
1 AI Picture Optimizer функциясы мониторды ДК қосқан кезде ғана қол жетімді.
2 Қолдау ойынның атауына байланысты болуы мүмкін.
3 AI Upscaling Pro функциясы кіріктірілген Smart TV және Samsung Gaming Hub (PQ басымдық режимі) қолданбаларын пайдаланған кезде ғана жұмыс істейді.
4 VESA DisplayHDR™ True Black 400 сертификаты процесінде және өнімнің іске қосылу күніне дейін аяқталады деп күтілуде.
5 2024 жылғы 32 дюймдік ViewFinity моделімен салыстырғанда экран өлшемі.
6 Technischer Überwachungsverein (TÜV) Rheinland – техникалық жүйелер мен өнімдерді сынауға, тексеруге және сертификаттауға арналған жетекші жаһандық компаниялардың бірі.
7 Technischer Überwachungsverein (TÜV) Rheinland – техникалық жүйелер мен өнімдерді сынауға, тексеруге және сертификаттауға арналған жетекші жаһандық компаниялардың бірі.
8 Пернетақта, бейне, тінтуір.
TAGSAICESCES 2025Samsung First Look 2025Samsung Smart MonitorSamsung ойын мониторларыViewFinity мониторлары
БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері
Өнімдер > Дисплейлер мен мониторлар
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.