[Дүниежүзілік ұйқы күні]: Мамандар ұйқының сапасын жақсарту саласындағы жасанды интеллекттің революциясы және тағылатын технологиялар туралы баяндады
Соңғы зерттеулер соңғы кездері дені сау ұйқыға деген қызығушылықтың артуын көрсетті, осы ретте ұйқы сапасының төмендеп жатқанын атап өту керек. Адамдар ұйқының маңыздылығын түсінсе де, джетлаг немесе экологиялық аспекттер сияқты факторлар олардың ұйықтау және сергек болу ырғағын бұзған сәтке дейін ешқандай іс-әрекеттерді қабылдамайды және жоғарыда аталғандар «оянуға» маңызды дабыл бола алады.
Терең ұйқыны зерттеу мақсатында Samsung компаниясы 10 наурызда Остинде (Техас штаты, АҚШ) South by Southwest (SXSW) фестивалі аясында How Technology Can Revolutionize the Age-Old Sleep Dilemma («Технологиялар ұйқының ескі дилеммасын қалай өзгерте алады») деген тақырыпта панельді пікірталасты өткізді.
Пікірталасқа Samsung Electronics компаниясының MX Business департаментінің Digital Health тобының вице-президенті және жетекшісі, дәрігер Хон Пак (Hon Pak), ғылым-сомнолог Ванесса Хилл (Vanessa Hill) және Ұлттық ұйқы қорының бас директоры (NSF) Джон Лопос (John Lopos) қатысты. Creative Strategies компаниясының президенті және бас аналитигі Каролина Миланези (Carolina Milanesi) жүргізген іс-шара американдықтар1 жазғы уақытқа байланысты бір сағат алға ауысқаннан кейін бірнеше сағаттан соң жүргізілді, бұл проблеманың тек пікірталас қатысушыларына ғана емес, жиналған көпшілікке де өзекті екенін көрсетті.
Ақпараттылықты арттыру үшін ұйқының маңызын ашу
Миланези пікірталасты: «Ұйқы – жалпы амандыққа алып келе алатын маңызды факторлардың бірі» – деп бастады. Ол сондай-ақ ұйқының біздің күнделікті өмірімізге әсерінің маңыздылығын атап өтті, бұл кейінгі талқылаулар үшін негіз болды.
Пікірталастың қатысушылары ұйқы – күнделікті қызметке, тамақтану мөлшеріне және психикалық жағдайға әсер ететін денсаулықтың негізі екеніне бірауыздан келісті, алайда көп жағдайда оған қажетті назар бөлінбейді, ал ұйқының сапасы әлем бойынша нашарлап келе жатыр. Алайда мамандар жасанды интеллектке негізделген технологиялар және тағылатын құрылғылар, соның ішінде озат сезгектері бар ақылды сақиналар мен сезгектер адамдарда дұрыс ұйықтау әдеттерін қалыптастыруға және ұйқы үшін оңтайлы жағдайларды жасауға көмектеседі деп сенеді.
Пікірталастың қатысушылары адамдар өз ұйқысы туралы жақсы хабардар етілгенде ұйқыны жақсартуға септігін тигізетін шешімдерді қабылдау үшін көбірек мүмкіндіктерді иелетінін атап өтті. Пак Galaxy Watch6 тағылатын құрылғысы және жақында көпшіліктің назарына ұсынылған Galaxy Ring сақинасы Samsung компаниясының ұйқының денсаулығын арттыру концепциясын жүзеге асыруда маңызды рөл ойнайтынын атап өтті, себебі олар ұйқы көрсеткіштерін қадағалай алады және пайдаланушыларды үздік әдеттерді өз өміріне енгізуге және жағымды өзгерістерді жасауға ынталандыратын маңызды мәліметтерді ұсына алады.
Хилл өз сөзінде ұйқы адамдар үшін жаттығулар, толық қанды тамақтану және жыл сайынғы тексерулер сияқты басымдылыққа айналуының маңыздылығын атап өтті. Ол тағылатын құрылғылар сияқты осындай гаджеттердің көмегімен адамдар оңтайлы ұйқыға қол жеткізе алатындығын айтып, Galaxy Watch6 сағаттарында ұйқы коучингін2 пайдалануда өзінің дербес тәжірибесімен бөлісті.
Пак өз кезегінде, медициналық институттармен және экожүйені және бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу құрылғыларының жиынтығын (SDK) кеңейтуге көмектесетін денсаулық сақтауға бағытталған компаниялардың тізімімен ынтымақтастық туралы айтып, Samsung компаниясының сандық денсаулық сақтау экожүйелерінің тақырыбын қозғады. Бұл серіктестерге Samsung компаниясының білімін және технологияларын қолдана отырып, шешімдерді әзірлеуге мүмкіндік береді.
Жасанды интеллекттің және тағылатын технологиялардың көмегімен ұйқыны жақсарту
Жасанды интеллектке деген қызығушылық бүкіл әлемнің назарын алғандықтан және ол технологиялардың барлық салаларына әсер ететіндіктен пікірталастың қатысушылары сондай-ақ жаңа зияткерлік мүмкіндіктер және білім адамдардың барыншы үлкен санына қол жетімді болатындығын және оларға одан да жақсы ұйқыны қамтамасыз ететіндігін талқылады.
Пак ұялы құрылғылар ЖИ үшін қол жеткізудің негізгі нүктесіне айналатындығын және Samsung компаниясы Samsung Health қосымшасы арқылы ауқымды ақпаратты жинап және талдап, дербестендірілген және шынайы әрекет ететін идеяларды ұсынуға тырысатындығын атап өтті. Кейін жасанды интеллект бұл деректерді денсаулыққа деген дербес тәсілді қамтамасыз ету үшін өңдейді.
«Ұйқы – бұл субъективті тәжірибе. Алайда тағылатын құрылғылар сияқты объективті өлшеуіштердің үлкен құндылығы бар, – деді Лопос. – Ұйқыны қадағалау – бұл кеңейіп жатқан кеңістік, ал жасанды интеллекттің мүмкіндіктері оны жаңа деңгейге шығарады. Жасанды интеллекттің технологиясы пайдаланушыларға дербестендірілген ақпаратты ұсынуға көмектеседі және оларға өздерінің күнделікті әдеттеріне жақсы жаққа бағытталған шағын өзгерістерді енгізуге мүмкіндік береді».
Пак өз сөзінде: «Біз пайдаланушылар одан да жеке тәжірибені алу үшін жасанды интеллекттің көмегімен қадағаланатын деректерді интуитивті түсінікті және маңызды мәліметтерге айналдыруға тырысамыз», – деді. Ол өнімдердің және форм-факторлардың санының артуының, сезгектердің жақсаруының және алгоритмдерді жетілдірудің арқасында технология адамдарға ұйқының тұрақты кестесін ұстануға және жақсы ұйықтауға көмектесетінін атап өтті.
Хилл пайдаланушылар ЖИ артықшылықтарын жеке деңгейде сезінетініне келісті, жеке алғанда, бұл My Vitality Score және Booster Card3 сияқты Samsung Health жаңа функцияларының арқасында қол жетімді болды, олар пайдаланушыларға жасалатын ұсынымдарды одан да дербес және күнделікті өмірде пайдалануға ыңғайлы ету үшін өз бойында бұрыңғыдан да кең деректерді және одан да жылдам талдауды үйлестіреді.
Samsung компаниясы панельді пікірталасты бастап, Әлемдік ұйқы күнін атап өтті және өз технологиялық мүмкіндіктерін және өнімдердің портфолиясын кеңейте отырып, ұйқының денсаулығын басым назарда ұстайтынын жалғастырады. Ұйқы кезіндегі жүрек күйін қадағалаудан өзге, Samsung компаниясы құрылғыларына ұйқының жаңа көрсеткіштерін қосады, солардың ішіне жүрек ырғақтарының жиілігі, тыныс алу жиілігі, түңгі қозғалыстар және ұйқыны іркілісі, сондай-ақ ұйқының сатысы, қандағы оттегінің деңгейі және терінің температурасы кіреді. Сонымен қатар, Samsung ұйқыдағы апноэ4 функциясын қолдайтын болады, ол қарапайым қадағалаудың шеңберінен асады да, ұйқы кезіндегі қандағы оттегінің деңгейін талдайды, осылайша, ұйқыда қалыпты немесе ауыр обструктивті апноэ белгілерін анықтайды және пайдаланушыларға тиісті көмек алу үшін жүгінуге көмектеседі. Samsung компаниясы әр адамға өмір бойы денсаулық сақтау саласындағы оның мақсаттарына жету үшін қажетті ақпаратты ұсынуға көмектесуге бағытталған өз технологияларын және экожүйесін пайдалануға ұмтылады.
1 АҚШ-та, бірнеше штатты немесе олардың бөліктерін қоспағанда, күнделікті тұрғыда жазғы уақытқа ауысу жүзеге асырылады.
2 Қол жетімділік елге, модельге және үйлесе алатын смартфонға байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
3 My Vitality Score және Booster Card функциялары 2024 жылы ішінде Samsung Health қосымшасында қол жетімді болады. Қол жетімділік елге, операторға немесе тағылатын құрылғыға тәуелді әр түрлі болуы мүмкін.
4 “Ұйқы апноэсы” функциясы – тек Galaxy Watch үйлесетін сағаттарындағы және Samsung телефонындағы бағдарламалық жасақтамамен ғана жұмыс жасайтын рецептсіз ұялы медициналық қосымша. Бұл функция екі түн ішіндеқадағалаудың нәтижесінде 22 жастағы және одан асқан ересек пайдаланушыларда тыныс алудың едәуір бұзылыстары түріндегі қалыпты немесе ауыр обструктивті ұйқы апноэ белгілерін анықтауға арналған. Ол талап ету бойынша пайдалануға арналған. Бұл функция бұрын апноэ диагнозы қойылған пайдаланушыларға арналған. Пайдаланушылар бұл функцияны білікті дәрігер жүргізетін диагностикалау мен емдеудің дәстурлі әдустерін ауыстыру үшін қолданбауы керек. Осы құрылғының көмегімен алынатын деректер, сондай-ақ дәругерлерге ұйқы бұзылыстарын диагностикалауға көмектесу үшін арналмаған.
Өнімдер > Ұялы құрылғылар
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.