Samsung Galaxy S24 сериясымен ұялы жасанды интеллекттің жаңа дәуіріне аяқ басыңыз

18.01.2024
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Күнделікті мүмкіндіктерді кеңейте түсе, бөгетсіз сұқбаттасудан таңқаларлық шығармашылыққа дейін және бұрыңғыдан да көп мүмкіндіктерге дейін Galaxy AI аңызға айналған S сериясын болашақтың зияткерлік шешіміне айналдырады

Samsung Electronics компаниясы Galaxy AI негізінде ұялы құрылғылардың мүлдем жаңа мүмкіндіктерін аша отырып, Galaxy S24 Ultra, Galaxy S24+ және Galaxy S24 құрылғыларын көпшіліктің назарына ұсынды.

 

 

Жасанды интеллект (ЖИ) Galaxy S24 сериясының бір сөзбен барлық мүмкіндіктерін: мәтінді зияткерлік аударумен шектеусіз сұқбаттасудан және телефондық сұқбаттасулардан  бастап Galaxy-ден ProVisual Engine көмегімен шығармашылықтың барынша бостандығына және Galaxy пайдаланушыларына өздерін қоршаған ортаны қалай ашатынын өзгертетін іздеудің жаңа стандарттарына дейін кеңейтеді.

 

«Galaxy S24 сериясы біздің әлеммен байланысымызды өзгертеді және ұялы инновациялардың келесі онжылдығын ашады» – дейді Samsung Electronics компаниясының Mobile eXperience Business бөлімшесінің бастығы мен президенті ТМ Ро (TM Roh). Ол сондай-ақ: «Galaxy AI біздің инновациялық мұрамыз және адамдардың өз смартфондарын қалай пайдаланатындығы туралы терең түсігіміз негізінде жасалды. Біз әлем бойынша пайдаланушыларымыз жаңа мүмкіндіктерді аша отырып, Galaxy AI смартфонын өзінің күнделікті өмірінде қолданатындығын тағатсыздана күтіп тұрмыз» – деді.

 

Өзіңіздің күнделікті тәжірибеңізді эпикалық етіңіз!

Galaxy AI смартфондары біздің өміріміздің барлық салаларын, әсіресе, смартфонның бірінші кезектегі рөлі – сұқбаттасуды жақсартуға бағытталған маңызы зор зияткерлік шешімдермен жасақталған. Тілдік шектеулерге тап болған жағдайда, Galaxy S24 смартфоны бұл мәселені бұрыңғыдан да жеңіл де, тиімді шешеді. Шетелдегі студентпен немесе әріптеспен әңгімелесіңіз. Басқа елде демалыста жүріп, белгілі бір орынға тапсырыс жасаңыз. Енді осыған Live Translate – алдын ала орнатылған қосымшада нақты уақыт режімінде телефондық сұқбаттардың екі жақты дауыстық және мәтіндік аудармасы арқылы оп-оңай қол жеткізе аласыз. Ол ешқандай сырттай қосымшаларды талап етпейді, құрылғыға енгізілген жасанды интеллект сіздің сұқбаттарыңыздың толық құпиялығын қамтамасыз етеді.

 

Interpreter функциясының көмегімен бөлінген экранда нақты уақыт режімінде әңгімелерді лезде аударуға болады, осылайша, бір-біріне қарсы тұрған адамдар әңгіме иесінің сөзін мәтін түрінде оқи алады. Функция тіпті ұялы интернет немесе Wi-Fi болмаған жағдайда жұмыс жасайды.

 

Chat Assist хабарламаларда және басқа да қосымшаларда хабарламаның реңкін алдын ала ойластырғандай өзгертеді: мысалы, әріптеске жіберілетін сыпайы хабарлама немесе әлеуметтік желілерде қолданылатын қолтаңба үшін қысқа да, есте қалардық фраза. Samsung пернетақтасына енгізілген ЖИ сондай-ақ нақты уақыт режімінде хабарламаны 13 тілге аудара алады. Автокөлікте Android Auto жүйесі автоматты түрде кіріс хабарламаларын өңдейді және тиісті жауаптарды және іс-әрекеттерді ұсынады, мысалы, жолдан көңіл үзбей, байланыста болу үшін белгілі бір адамға өзіңіздің қайту уақытыңызды хабарлайды.

 

Samsung Notes қосымшасындағы Note Assist функциясының арқасында пайдаланушының ұйымдастырушылық қабілеті де сондай-ақ біршама артады, оның ішіне жасанды интеллект жасайтын мәтінді түйіндеу, дайын форматтардың көмегімен ескертпе жазбалар үшін шаблондарды құру, сондай-ақ аталған жазбаларды қысқа алдын ала көз жүгірту көмегімен оңай табу үшін оларға басты бетті жасау кіреді. Transcript Assist функциясы тіпті көп адам сөйлессе де дауысты жазу үшін мәтіннің мағынасын ашу, оны түйіндеу және тіпті жазбаны аудару мақсаттарында ЖИ және Speech-to-Text технологиясын қолданады.

 

Сұқбаттасу – Galaxy S24 сериясы болашақты жақындату үшін ұялы құрылғылардың басты артықшылықтарын пайдаланатын жалғыз облыс емес. Сонымен қатар, онлайн-іздеу өмірдің барлық аспектілерін толықтай өзгертті. Galaxy S24 іздеу тарихының маңызды бөлігіне айналады, себебі онда тұңғыш рет интуитивті түсінікті Circle to Search with Google ым-ишара функциясы пайда болды. Galaxy іздеудің әлемдік көшбасшысы Google компаниясымен бірге ынтымақтастықта іздеудің жаңа формасын – жай ғана ым-ишара арқылы іздеуді ашты. «Үйге» батырмасын ұзақ басу арқылы пайдаланушылар Galaxy S24 экранында белгілі бір затты қоршап, белгілеп және оған тиіп, пайдалы да, сапалы іздеу нәтижелерін ала алатын болды. Мысалы, әлеуметтік желіде досының посты аясында әдемі көрнекілікті немесе YouTube Shorts ішінде қызықты фактті көріп, пайдаланушы тіпті қосымшадан шықпай, бұл туралы толығырақ білу үшін дәл іздеуге бірден өте алады. Пайдаланушының орналасқан жеріне байланысты кейбір ізденіс сауалдарында ЖИ жасаған түйіндемелі пікірлер пайдалы ақпаратты және бүкіл интернеттен жиналған контексті ұсына алады, ал пайдаланушылар одан да күрделі және сезімтал сұрақтарды қоя алатын болады. Бұл оп-оңай! Және өте эпикалық!

 

Өзіңіздің шығармашылық әлеуетіңізді ашыңыз – әлемді жаңаша ашыңыз

Galaxy S24 сериясындағы ProVisual Engine – бұл ЖИ негізіндегі аспаптардың кешенді жиынтығы, олар кескінді қамту мүмкіндігін өзгертеді және суретті реттеуден бастап әлеуметтік желілерде жариялауға дейін үрдістің әрбір сатысында шығармашылық бостандықты барынша арттырады. Қашықтан жасалған «дірілдеген» пикселді кескіндер жойылды. 5 еселік оптикалық зумы бар жаңа объективпен жасақталған Galaxy S24 Ultra ішіндегі Quad Tele жүйесі бейінді пикселді сезгегі арқасында 2x, 3x, 5x бастап және 10x дейін үлкейту деңгейлерінде оптикалық сапаны қамтамасыз ете отырып, 50 Мп сезгекпен жұмыс жасайды. Кескіндер сондай-ақ 100 еселік үлкейту және жақсартылған сандық зум кезінде нақты жоғары сапалы нәтижелерді көрсетеді.

 

Түнде түсірудің жақсартылған мүмкіндіктері арқасында Space Zoom функциясының көмегімен Galaxy S24 смартфонына түсірілген фотосуреттер мен бейнебаяндар кез келген жағдайларда, тіпті зумдау кезінде тамаша болып шығады. Жарық жеткіліксіз болған жағдайда, Galaxy S24 Ultra смартфонындағы пикселдердің одан да ірі мөлшері көмекке келеді, ол 1,4 мкм құрайды, бұл алдыңғы смартфонға қарағанда 60%-ға үлкен. Galaxy S24 Ultra смартфонында кескінді оптикалық тұрақтандырудың (OIS) бұрыңғыдан да кең бұрыштары және қол дірілдеуінің жақсартылған компенсациясы арқасында бұлдырлау едәуір төмендеген. Бейнені түсіру кезінде алдыңғы камера да, артқы камера да шуды басу үшін ISP белгілеген блогты пайдаланады, ал Galaxy S24 оператор мен нысанның қозғалысын айыру үшін гироскоптан түскен ақпаратты талдайды. Бұл шуды тиімді жоюды және тіпті үлкен қашықтықтан қараңғыда айқын бейнені түсуді қамтамасыз етеді.

 

 

Ал сіз жоғары сапалы фотосуреттерді түсіріп алған соң, Galaxy AI смартфонының редакциялаудың инновациялық аспаптарын жою, қайта құрастыру және ремастеринг сияқты қарапайым операцияларды орындауға мүмкіндік береді. Edit Suggestion функкциясы одан да қарапайым және тиімді оңтайландыру үшін Galaxy AI көмегімен әрбір фотосурет үшін мінсіз сәйкес келетін реттеулерді ұсынады. Generative Edit пайдаланушыларға шығармашылық бақылау мен еркіндікті беру үшін кескін фонының бөлігін генеративті ЖИ көмегімен толтыруы мүмкін. Егер кескін қисық болса, ЖИ шектерін тегістеу үшін оны толтырады. Нысанның орнын кішкене өзгерту керек болған жағдайда, ол мінсіз болу үшін ЖИ пайдаланушыларға нысанның орнын реттеуге мүмкіндік береді және бастапқы орнында мінсіз аралас фон жасайды. Galaxy S24 кескінді күшейту үшін генеративті жасанды интеллектті қолданған әр кезде кескінде және метадеректерде сутаңба пайда болады. Ал динамикадағы бейнені баяулату керек болса, жаңа Instant Slow-mo функциясы динамикалық сәттерді одан да кішкене бөлшегіне дейін егжей-тегжей қарау үшін біртекті тоқсату мақсатында қозғалыстар негізінде қосымша кадрларды жасай алады.

 

 

Сіз мінсіз суретті түсіру үшін Super HDR функциясы түсіру батырмасына басқанға дейін шынайы алдын ала кескіндерді көрсетеді. Естеліктерді сақтау, жақындармен олармен бөлісу телефонның маңызды функциясы болып табылады. Енді өзге әлеуметтік қосымшалар да ЖИ негізіндегі Galaxy камераларының жүйесінің мүмкіндіктерін барынша көп қолдана алады. Galaxy S сериясы камерасының премиалды функциялары енді HDR форматында ұялы қосымшалармен тікелей үйлесе алады, бұл сіздің әлеуметтік желілерге арналған контентіңізде көрініс табады. Сізге Галереяда немесе Instagram желісінің қысқа бейнебаяндарында немесе жолағында кескінді іздеу қажет болғанда, фотосуреттер мен бейнелер сондай-ақ кескіннің белгіленген бөлігін талдау есебінен жарық, түс пен контрасттылықтың одан да шынайы диапазонын беру үшін Super HDR форматында көрсетіледі.

 

Жоғары өнімділікке негізделген Galaxy смартфонының ең зияткерлік тәжірибесі

ЖИ күнделікті өмірде үлкен рөл ойнай бастағаны байланысты талаптарға сәйкес келу үшін өнімділік те барлық болжамнан асып түсу керек. Ойын ойнайсыз ба? Үлкен салмақты бейнебаяндарды жазасыз және құрастырасыз ба? Немесе жол жүрісті жоспарлау үшін назарының бес қосымшада алмасып жүре ме? Қандай тапсырма болмасын Galaxy S24 чипсеттің, дисплейдің және басқа да құрамалардың жетілдірілген мүмкіндіктері арқасында таңқаларлық әсерлерді қамтамасыз етеді. Galaxy S24 Ultra смартфоны айрықша процессормен – Snapdragon® 8 Gen 3 Mobile Platform for Galaxy жасақталған. Бұл Galaxy пайдаланушыларына арнайы оңтайландырылып жасалған микросхемалардың жиынтығы, ол ЖИ ақпаратты таңқаларлық дәрежеде тиімді өңдеу үшін NPU едәуір жақсартуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Galaxy S24 барлық үш моделінде 1–120 Гц болатын бейімді жаңартылу жиілігі жұмысты атқару тиімділігін арттырады.

 

Galaxy құрылғыларындағы ойындар аппараттық және бағдарламалық жасақтаманы жетілдірудің арқасында бұрыңғыдан да әрі әсерлі болды. Galaxy S24 Ultra смартфоны бұрыңғы моделге қарағанда 1,9 есе үлкен болатын буландырғыш камерасы бар оңтайландырылған термореттеу жүйесімен мақтана алады, бұл құрылғының үлкен жүктеме кезінде ысуын төмендетеді, сондай-ақ барынша тұрақты өнімділікті береді. Сәулелердің трассировкасы тамаша көлеңкенің және шағылыстардың әсерлері бар шынайы кескінді қамтамасыз етеді. Жетекші ойын серіктестерімен ынтымақтастығы арқасында Galaxy S24 пайдаланушыларға одан да оңтайландырылған танымал ұялы ойындарды ойнауға мүмкіндік береді.

 

Кескін ең жарық Galaxy дисплейінде одан да әсерлі болды. Galaxy S24 смартфонының ең жарық деңгейі 2600 нитке жетеді және ол Vision Booster көмегімен күн сәулесіне бөленген көшеде жақсартылған көріністі қамтамасыз етеді.

 

 

Galaxy S24 Ultra дисплейіндегі Corning® Gorilla® Armor жетілдірілген әйнегі күн сайынғы сызу нәтижесінде пайда болған бұзылыстарға тамаша шыдамдылықты көрсетеді. Сіз барынша ыңғайлы көруден ляззат алу үшін, ол сондай-ақ жарықтандыру жағдайларының кең диапазонында шағылысудың едәуір төмендеуін (75%-ға дейін) қамтамасыз етеді.

 

Galaxy S24 барлық сериясында бұрыңғыдан да жұқа және тегіс шектері бар жетілдірілген дизайн кез келген контентке сүңгуді жеңілдетеді және бірдей сипаттамалармен дерлік Galaxy S24 смартфонының 6,2-дюймдік дисплейлерінде, Galaxy S24+ смартфонының 6,7-дюймдік дисплейлерінде үлкен мөлшерлі экрандарды пайдалануға мүмкіндік береді. Galaxy S24 Ultra смартфоны одан да жұқа 6,8-дюймдік дисплеймен жасақталған, ол тек тек бейне қарауға ғана емес, сондай-ақ өнімділікті арттыруға да оңтайландырылған. Сонымен қатар, Galaxy S24+ смартфоны енді Galaxy S24 Ultra смартфоны сияқты QHD+ деңгейін қолдайды.

 

Арттырылған қауіпсіздік пен құпиялылық: таңдау мүмкіндігі және пайдаланушының сенімі

Samsung Knox қорғаныс классты көп деңгейлі қауіпсіздік платформасының арқасында Galaxy S24 смартфонындағы барлық маңызды ақпарат кешенді қорғаныс жабдықтары, нақты уақытта қауіпті анықтау және біріккен қорғаныс функциясы көмегімен әр түрлі ақаулардан қорғалған.

 

Samsung компаниясы жасанды интеллект дәуірінде де пайдаланушыларға құрылғыларды таңдау және басқару мүмкіндіктерін ұсынудан бас тартпайды. Galaxy S24 смартфонының пайдаланушылары олардың деректері ЖИ функциялары үшін онлайн-өңдеуді өшіре алатын кеңейтілген интеллект реттеулерінің көмегімен ЖИ мүмкіндіктерін қаншалықты дәрежеде арттыратындығында толық қадағалауға ие.

 

Knox Matrix қауіпсіз, қосылған және құпия сөзсіз болашақ туралы концепциясы сондай-ақ рұқсат кілттері көмегімен кеңейеді. Рұқсат кілттері фишинг шабуылдарынан қорғай отырып, сандық есептік деректер көмегімен пайдаланушының барлық сенімді құрылғыларында тіркелген веб-сайттарға және қосымшыларға ыңғайлы және қауіпсіз қол жетімділікті қамтамасыз етеді. Деректердің жетілдірілген қорғанысы резервті көшіру, синхронизациялау немесе пайдаланушыларға Samsung Cloud көмегімен өз деректерін қалпына келтіру кезінде тікелей шифрлауды қамтамасыз етеді, бұл Galaxy S24 смартфонының пайдаланушыларына синхронизацияны және қауіпсіздікті сақтай отырып, басқа құрылғыларға қосылуға мүмкіндік береді. Бұл деректердің шифрлануына және тек пайдаланушының құрылғыларында ғана шифрдың алып тасталуына кепілдік береді, яғни оларды, тіпті сервер зақымдалса, есептік жазбаның деректері ұрланса да, пайдаланушыдан басқа ешкім көре алмайды. Ал егер сенімді құрылғыға рұқсат жоғалса, қалпына келтіру коды деректердің жоғалмауына көмектеседі. Galaxy S24 смартфоны сондай-ақ Samsung компаниясының Knox Vault, Security & Privacy Dashboard, Auto Blocker, Secure Wi-Fi, Private Share, Maintenance Mode және тағы басқалары сияқты құпиялылықтың және қауіпсіздіктің инновациялық функцияларының кеңейтілген тізімімен қорғалған.

 

Samsung компаниясының тұрақты дамуының келесі кезеңі

 Ұялы мүмкіндіктердің жаңа санатын құру сондай-ақ көміртек ізін одан әрі төмендету үшін Galaxy технологияларының қалай жобаланғанын және қапталғанын қайта ұғынуды білдіреді. Galaxy S24 смартфонының шығысымен Galaxy құрылғыларында әр түрлі қайта өңделген материалдарды қолдануды кеңейту жалғасын табады, оның ішкі және сыртқы компоненттері үшін қайта өңделген пластик, әйнек және алюминий қолданылады. Galaxy S24 смартфонында алғаш рет қайта өңделген кобальт пен сирек кездесетін металдардан жасалған компоненттер қолданылады. Galaxy S24 Ultra смартфонының аккумуляторының кемінде 50% қайта өңделген кобальттан, ал динамиктерінің 100% қайта өңделген сирек кездесетін металдардан жасалған.

 

Galaxy S24 смартфоны сондай-ақ қайта өңделген болаттан және термопластикті полиуретаннан (ТПУ) жасалған Galaxy S тұңғыш сериясы болып табылады. Galaxy S24 Ultra смартфонының динамиктерінің кемінде 40% қайта өңделген болаттан құралған, ал шеткі батырмалары және дыбысты реттеу батырмаларының 10% ТПУ-дан жасалған.

 

Ең жаңа флагманы Samsung компаниясының өнімдердің қолданыс циклін ұзартуға талпынысын жалғастырады, ол пайдаланушыларға өздерінің Galaxy құрылғыларының оңтайландырылған өнімділігінен көбірек ляззат алу үшін ОЖ жаңартудың жеті ұрпағын және жеті жыл қауіпсіздік жаңартуларын ұсынады. Қорытындылай келе, Galaxy S24 смартфоны UL ECOLOGO® сертификацияланған және оның көміртек ізі өлшеніп, The Carbon Trust халықаралық ұйымымен расталған.

 

Galaxy S24 смартфоны – бұл компанияның Samsung MX жол картасын жүзеге асырудағы жетістігі. Samsung компаниясы әлі де 2025 жылдың соңына дейін қойған мақсаттарға жетуге нық сеніммен қарайды. 2022 жылдың соңында Samsung компаниясы барлық ұялы өнімдеріне: Galaxy смартфондары мен планшеттерінен бастап ЖК және тағылмалы құрылғыларына дейін қайта өңделген материалдарды қосу арқылы осы мақсаттардың біріншісіне қол жеткізді. Қазіргі таңда компания материалдарды қайта өңдеу бойынша жаңа мақсат қойып отыр. 2030 жылға қарай Samsung компаниясы кем дегенде бір қайта өңделген материалды әрбір ұялы өнімнің әрбір модуліне енгізетін болады.

 

Әрбір бөлшегіндегі тиянақты технологиялар мен кербездік

Galaxy S24 Ultra – құрылғының сенімділігін және ұзақ мерзімділігін арттыратын титан корпусы бар тұңғыш Galaxy смартфоны. Galaxy S24 Ultra смартфонының оған қарағанда біршама жұқа корпусы жүріс кезінде қолданғанда арттырылған ыңғайлылық сезімін және қолайлы ұстауды қамтамасыз етеді. Galaxy S24+ және Galaxy S24 смартфондарының One-mass сүйір дизайны құрылғының артқы қабын шекті жиектемемен біріктіретін монолитті корпусы арқасында эстетикалық стандарттарға сәйкес келеді. Galaxy S24 сериясы табиғи минералдармен шабыттанған түстерде ұсынылады. Galaxy S24 Ultra смартфонының түстеріне Титан Сұр, Титан Қара, Титан Күлгін және Титан Сары кіреді. Барлық үш модель қосымша түстерде де тек онлайн арқылы қолжетімді болады.

 

 

Техникалық сипаттамалары

 

Galaxy S24 Ultra
Дисплей 6.8-дюймді QHD+

Dynamic AMOLED 2X

Super Smooth жиілігі 120Гц  (1~120Гц)

Vision booster экран жарықтығын реттеу

Габариттері  

79 X 162.3 X 8.6 мм, 233 г (mmWave) / 232 г (Sub6)

Камералары  Ультра кең бұрышты: 12МП, FOV 120°, F2.2

Кең бұрышты: 200МП, FOV 85°, F1.7

Телеобъектив 1: 50МП, Оптикалық 5x, FOV 22°, F3.4

Телеобъектив 2: 10МП, Оптикалық 3x, FOV 36°, F2.4

 

Алдыңғы:

12МП, FOV 80°, F2.2

Процессоры Snapdragon® 8 Gen 3 Mobile Platform for Galaxy
Жады  12ГБ + 1ТБ

12 + 512 ГБ

12 + 256 ГБ

Аккумуляторы  5 000 мАс
Қуаттау* Сымды: 45-ваттық адаптердің және 5А USB-C кабелдің көмегімен 30 минут ішінде 65% дейін қуаттау

 

Сымсыз: Fast Wireless Charging 2.0

Wireless PowerShare

ОЖ Android 14

One UI 6.1

Қосылулар  5G, LTE, Wi-Fi 7, Wi-Fi Direct Bluetooth® v 5.3
Ылғалдан қорғаныс IP68

 

 

Galaxy S24 және Galaxy S24+
  Galaxy S24 Galaxy S24+
Дисплей 6,2-дюймді FHD+

Dynamic AMOLED 2X

Super Smooth жиілігі 120Гц (1~120Гц)

Vision booster экран жарықтығын реттеу

6,7-дюймді QHD+

Dynamic AMOLED 2X

Super Smooth жиілігі 120Гц (1~120Гц)

Vision booster экран жарықтығын реттеу

Габариттер 70.6 x 147 x 7.6 мм, 168 г (mmWave) / 167 г (Sub6) 75.9 x 158.5 x 7.7 мм, 197g (mmWave) / 196 г (Sub6)
Камералары  Ультра кең бұрышты: 12МП, FOV 120°, F2.2

Кең бұрышты: 50МП, FOV 85°, F1.8

Телеобъектив: 10МП, Оптический 3x, FOV 36°, F2.4

 

Алдыңғы:

12МП, FOV 80°, F2.2

Жады 8 + 512ГБ

8 + 256ГБ

8 + 128ГБ

12 + 512ГБ

12 + 256ГБ

Аккумуляторы 4000мАс 4900мАс
Қуаттау Сымды: 25-ваттық адаптердің және 3А USB-C кабелдің көмегімен 30 минут ішінде 50% дейін қуаттау

 

Сымсыз: Fast Wireless Charging 2.0

Wireless PowerShare

Сымды: 45-ваттық адаптердің және 5А USB-C кабелдің көмегімен 30 минут ішінде 65% дейін қуаттау

 

Сымсыз: Fast Wireless Charging 2.0

Wireless PowerShare

ОЖ Android 14

One UI 6.1

Қосылулар
5G*, LTE**, Wi-Fi 6E***, Wi-Fi Direct Bluetooth® v 5.3
Ылғалдан қорғаныс IP68

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Өнімдер > Ұялы құрылғылар

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары