Астанада эксклюзивті Samsung сервис орталығы ашылды

04.12.2023
Share open/close
Сілтеме көшірілді

 

Samsung Electronics компаниясы тек дербес құрылғылар мен үй техникасы туралы дәстүрлі түсінікті өзгертпей, сондай-ақ заманауи клиенттерге бағытталған сервистік орталықтың қандай болуы тиіс деген көзқарасты өзгертеді.

 

Samsung жаңа мекемесінің басты артықшылығы – мұнда сіз қарапайым жөндеу жұмыстарынан асатын қызметтерді ала аласыз.

 

Егер сізге Samsung компаниясының өнімі ұнаса немесе сіз осы брендтің жаңашылдықтары туралы көбірек білгіңіз келсе, онда сізге жаңадан ашылған «Samsung Сервис Плаза» астаналық сервистік орталығына міндетті түрде бару керек. Ол Samsung компаниясының философиясын – инновациялар, сапа және стильді бейнелейтін премиум дизайнде Достық көшесі 8 үй мекенжайы бойынша орналасқан.

 

 

Бұл жерде сіз тек Samsung құрылғыңызды реттей немесе жөндей алмайсыз, бұл бірегей алаңда сіз брендтің ең алдыңғы қатарлы технологияларымен және өнімдерімен таныса аласыз, смартфондардың, планшеттердің, сағаттардың, теледидарлардың жаңа модельдерін сынай аласыз, сондай-ақ компанияның өкілінен құнды консультациялар ала аласыз.

 

Сервис орталығының бір артықшылығы ұнаған өнімді Samsung ресми интернет-дүкенінен сатып алу мүмкіндігі болып табылады. Сервис орталығының арнайы консультанты сізге жаңалықтар туралы айтып береді, сәйкес келетін тауарды таңдауға, сайт арқылы оған тапсырыс беруге және төлеуге көмектеседі. Осылайша, сіз уақытының бен қаражатыңызды үнемдей аласыз, сондай-ақ өндірушіден сапа және қауіпсіздік кепілдігін ала аласыз. Бұл тек тиімді ғана емес, өте ыңғайлы – бізде бөліп төлеу, Trade-in және тегін жеткізу бар!

 

Бұл – тамаша ой, себебі Samsung компаниясы өз интернет-дүкенінің келушілерін жеңілдіктер, сыйлықтар, техниканы тегін жеткізу және көптеген басқа да жарқын, тиімді акциялармен үнемі қуантып отырады.

 

 

Сонымен қатар, сервистік орталықта сіз ақылды үй концепциясында Samsung компаниясының үй техникасының инновациялық функцияларын бағалай аласыз, ол смартфонның көмегімен барлық құрылғыларды басқаруға мүмкіндік береді. Олар бір-бірімен тиімді әрекеттесіп, SmartThings қосымшасында олардың әр түрлі сценарийлерде қалай жұмыс жасайтындығын біле аласыз. Сіз заманауи тоңазытқыштардың, кондиционерлердің және шаңсорғыштардың адам ойына жетпейтін керемет мүмкіндіктеріне тамсанасыз.

 

Әрине, мамандар сіздің құрылғыңыздың қызмет ету мерзімін қалай ұзарта алатындығыңыз туралы баяндайды және жөндеу қажет болмас үшін қандай керекті уақытылы шараларды орындау қажеттілігін айтып береді. Осыдай сервис сізді айтарлықтай таң қалдырады!

 

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Компанияның жаңалықтары > Қазақстанда

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары