Galaxy S26 Ultra және Starlink: байланыс жоқ жердегі байланыс

13.11.2026
Share open/close
Сілтеме көшірілді
Жаңа технологияның арқасында Galaxy иелері тіпті ұялы байланыс мұнараларынан алыс жерлерде – биік тауларда, далаларда және елдің шалғай түкпірлерінде де байланыста бола алады

 

Қыркүйек айында Beeline ұялы байланыс операторы Қазақстанда Starlink Mobile спутниктік мобильді байланысын іске қосты. Direct to Cell технологиясы сәйкес келетін смартфондарға арнайы антенналарсыз, қосымша құрылғыларсыз және күрделі баптауларсыз тікелей спутниктерге қосылуға мүмкіндік береді.

 

Қашықтығы кең байтақ Қазақстан үшін мұндай технология өте өзекті: қалалар арасындағы ұзақ жол, тауға шығу немесе елдің шалғай түкпірлеріне саяхаттау… Енді тіпті қамту аймағынан тыс жерде де хабарламалар жіберуге, карталарды, мессенджерлерді және негізгі интернет-қызметтерді пайдалануға болады.

 

Samsung Galaxy құрылғылары Starlink спутниктеріне тікелей қосылу технологиясын қолдайды, бұл ұялы байланыс мұнараларының сигналы жоқ жерде де хабарламалар жіберуге және интернет қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл Galaxy смартфондарының иелері үйреншікті мобильді инфрақұрылымнан алыс болса да, байланыста болатынын білдіреді.

 

Осылайша, Beeline Starlink Galaxy AI жасанды интеллектісінің ыңғайлы функцияларын қайда болса да пайдалануға дағдыланған Galaxy иелері үшін қосымша мүмкіндіктер ашады.

 

Galaxy-де Starlink-ке қалай қосылуға болады? Beeline – Janymda қосымшасын жаңартып, онда Starlink қызметін іске қосып, смартфон баптауларында деректер роумингін қосу жеткілікті.

 

Ал Galaxy S26 Ultra смартфондарының иелеріне бұдан да ыңғайлы: қызметті іске қосқаннан кейін смартфон кәдімгі ұялы байланыс жоғалған кезде жерсеріктік желіге тез және оңай қосылады. Қосымша іс-әрекет жасаудың қажеті жоқ – аспан жақсы көрінетін ашық жерде болу жеткілікті.

 

Қажет болған жағдайда желіні қолмен таңдауға болады. Баптауларда ол Beeline Starlink немесе 401 04 ретінде көрсетіледі.

 

Және тағы бір жағымды бонус: лимитсіз интернетпен спутниктік байланыс Galaxy S26 Ultra иелеріне Starlink Mobile Promo ұсынысы аясында қараша айының соңына дейін тегін қолжетімді болады.

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Компанияның жаңалықтары > Қазақстанда

Өнімдер > Ұялы құрылғылар

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары