Galaxy смартфондарында ProVisual Engine көмегімен мінсіз суреттерді қалай түсіруге болады

13.03.2024
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Пайдаланушылар – әуесқойлар да, тәжірибелі фотографтар да өзінің смартфонына бір нәрсені түсірген кезде, әдетте, ұялы камераның мүмкіндіктеріне тәуелді болып қалады. Технологиялардың дамуындағы едәуір үрдіске қарамастан, нашар жарықтану, қозғалыстағы бейнелер, жанданған фон немесе алыстағы нысандар сияқты күрделі жағдайларда ұялы құрылғыға мінсіз суретті түсіру қиын тапсырма болып табылады.

 

Енді барлығы өзгерді.

 

Samsung компаниясы Galaxy S24 жаңа сериясында Galaxy пайдаланушыларына қалыпты шектеулерді артта қалдыру үшін камералар саласындағы алдыңғы қатарлы инновацияларды ұсынады. Galaxy смартфондарындағы ProVisual Engine – бұл жасанды интеллект негізінде жұмыс жасайтын аспаптардың жиынтығы, оның көмегімен фотографтар түсіруден реттеулерге және кейінгі өңдеуге дейін әр қадамында өзінің шығармашылық бостандығын барынша кеңейте алады. NPU арттырылған өнімдігінің және 400 миллионнан астам кескін деректерінің жиынтығынан тұратын кең кітапханасының арқасында Galaxy S24 смартфоны пайдаланушының тәжірибесіне тәуелсіз таңқаларлықтай суреттерді түсіруге мүмкіндік береді.

 

Реттеулерге алаңдамай, бірегей суретті сәтті түсіріңіз

 

Galaxy S24 сериясында сізге керемет суретті түсіру үшін камераның режімдеріне артық алаңдаудың немесе оңтайлы реттеулерді іздестірудің қажеті жоқ.

 

  • Нысан алыс орналасқан ба? Бұл енді қиындық емес, Quad Tele System жүйесі зумның 2 еселі, 3 еселі, 5 еселі, 10 еселі және одан да үлкен мәндерінде оптикалық сапаны қамтамасыз етеді. Бұл функция сіздің қаншалықты алыс орналасқандығыңызға қарамастан, концерттің, үйлену тойының немесе дипломдарды табыстау салтанатының әрбір бөлшегін еш қиындықсыз түсіруге мүмкіндік береді.

 

  • Түн – бұл достарыңызбен және отбасы мүшелеріңізбен естелікті сәттерді сақтауға мүмкіндік беретін ерекше уақыт, бірақ нашар жарықтану кадрды бұзуы мүмкін. Galaxy S24 Ultra смартфонындағы Nightography атты түнде түсірудің мықты мүмкіндіктері осы мәселені тіпті үлкен қашықтықта түсірілген суреттерде шешуге мүмкіндік береді. Алдыңғы модельге қарағанда сенсордың мөлшері екі еседей – 12,52 квадраттық миллиметрден 24,47 квадраттық миллиметрге дейін ұлғайтылған, бұл Galaxy S24 Ultra смартфонына ұсақ бөлшектерді одан да үлкен дәлдікпен түсіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, оның пиксельдерінің мөлшері бұрыңғыдан – 60%-ға дерлік үлкенірек және 5 еселі зум кезінде пиксельдің әрбір жағының мөлшері 1,4 мкм болады. 1 ISP жетілдірілген жасанды интеллектпен бірге үйлесімділікте Galaxy S24 Ultra смартфонының объективі бұрыңғыдан да көп жарықты жинай алады, бұл – ол одан да жарқын және шуы аздау кескіндерді түсіре алады деген сөз. Сонымен қатар, фотокамера қақпағының жылдамдығы 30%-ға артты, ал телевик кескінінің оптикалық тұрақтандыру бұрышы бұрыңғыдан да кеңейді. Бұл – сіздің қолыңыз тіпті шамалы дірілдесе де, одан да нақты суреттерге тезірек қол жеткізе аласыз деген сөз.

 

 

  • Ал түсірілген суретіңіз сіз ойлағандай тамаша шықпаса, не істей аласыз? Бұл жағдайда, сізге генеративті жасанды интеллекті қолданатын Generative Edit көмекке келеді, ол нысандарды түзетуге және олардың орнында (егер сіз нысанды жойсаңыз немесе оның орнын ауыстырсаңыз) мінсіз үйлесімді фонды жасауға арналған. Сіз оның көмегімен әлдеқашан түсірілген кадрды жетілдіріп, есте қалардай мінсіз сәтке айналдыра аласыз. Генеративті жасанды интеллект түзету және мөлшерді өзгерту сияқты өзгерістерді енгізуге, сондай-ақ кескіндегі барлық бос жерлерді толтыру үшін сурет салу және бояу әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Содан кейін жасанды интеллект нәтижелердің жарамдылығын анықтап, кейінгі өңдеу бойынша барлық қажетті іс-шараларды орындайды.

 

 

Контентті PRO деңгейінде түсіріңіз

Expert RAW қосымшасы әуесқойларға да, тәжірибелі фотографтарға да суреттерді кәсіби сапада түсіруге мүмкіндік береді. Жасанды интеллекттің арқасында Galaxy S24 сериясында әр түрлі шешімдерден барынша тиімді әсерді алу үшін кескіндерді біріктіретін 24MP fusion функциясы жүзеге асырылған. 50 Мп жоғары шешімді кескіндер одан да жоғары детализацияны, ал 12 Мп шешімді кескіндер – шуларды төмендететін және динамикалық диапазонды жақсартатын көп кадрдан құралған синтезді қамтамасыз етеді. Олар бірігіп, кез келген жағдайларда тамаша фотосуреттерді жасайды. Осыған HDR қосыңыз, ол жарқындықтың, түстің және контрасттылықтың одан да теңестірілген диапазонына жауап береді. Барлық аталған аспаптар шығысында мінсіз контентке қол жеткізу үшін сізге суреттерді кәсіби деңгейде өңдеуге мүмкіндік береді.

 

 

Әуесқойларға және тәжірибелі фотографтарға арналған PRO-өңдеу

 

Ұялы фото түсірілімде өз қабілеттерін жетілдіруге ниет білдірілген пайдаланушылар одан да көп шығармашылық бақылауға қол жеткізу үшін Enhance-X атты өңдеуге арналған қосымшаны қолдана алады.

 

Enhance-X қосымшасының соңғы нұсқасында жаңа функция – Camera Shift пайда болды. Мінсіз сәт сізді күтпейді және кейде сізде суретті түсіру үшін бір ғана секунд уақытыңыз болады. Сол себепті көп жағдайда алынған нәтиже сіз күткендей таңқаларлықтай керемет болмайды: жоғарыдан түсірген кезде нысан кішірек болып көрінеді, төменнен түсіргенде қарама-қарсы жағдай – ол үлкенірек, ал тік бұрышта түсіргенде нысан сіз қалағаннан жақынырақ болып көрінуі мүмкін. Camera Shift функциясы сіз суретке түсіргеннен кейін, түсірілімнің көрінісін өзгертуге мүмкіндік береді. Енді сіз мінсіз ракусты немесе камераның күйін таңдауға артық алаңдамай, керемет сәтті түсіре аласыз. Camera Shift функциясы түсірілімнен кейін сізге қажетті әсерге қол жеткізу үшін бұрышты және көріністі реттеу үшін жасанды интеллектті қолдануға мүмкіндік береді.

 

 

1 Galaxy S23 Ultra 10x және Galaxy S24 Ultra 5x сенсорының және пиксельдерінің мөлшерін салыстыру. Мәндер бүтін санға дейінгі дәлдікпен өлшенген.

 

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары