Galaxy Watch алдыңғы қатарлы сезгектері профилактикалық денсаулық сақтау облысында тиімді шешімдердің дамуына көмектеседі
Samsung Electronics компаниясы серіктес қарым-қатынастар арқылы денсаулық сақтау облысында инновацияларды енгізуге көмектесу және аурулардың алдын алу үшін құралдардың одан да кең спектрін ұсыну мақсатында Privileged Health Software Development Kit (SDK) бағдарламасын кеңейтті. Samsung компаниясы және оның серіктестері әрбір платформамен Galaxy Watch алдыңғы қатарлы сенсорлы технологиясын1 үйлестіре отырып, пайдаланушыларға өздерінің денсаулық көрсеткіштерін нақты уақытта қадағалауға және зияткерлік шешімдер2 көмегімен денсаулыққа тиімді күтім көрсетуге мүмкіндік береді.
«Біздің ашық болу философиямызға сәйкес Samsung компаниясы саладағы серіктестерімен бірге денсаулық сақтаудың интеграцияланған және толық қанды тұтас экожүйесін құрады» – дейді Mobile eXperience (MX) Business сандық денсаулық сақтау бөлімшесі командасының вице-президенті Хон Пак (Hon Pak). Ол сондай-ақ: «Біз пайдаланушыларға үйден шықпай, өздерінің денсаулықтары жайлы күтімнің мүмкіндіктерін иелену және одан да кеңейтілген түсініктемесін алу үшін қажетті құралдармен қамтамасыз етілген денсаулық сақтауға арналған интеграцияланған шешімдердің мүлдем жаңа жиынтығын ұсынуға үміттенеміз» – деді.
Алыстағы емделушілерге дәрігерлермен байланысты ұстап тұруға көмектесетін шешімдер
Galaxy Watch көмегімен емделушілерді алыстан қадағалау одан да жылдам және ыңғайлы бола түседі: деректерді тікелей пайдаланушылардың білектерінен жинау қол жетімді болады. Серіктестер емделушілердің өмірге маңызды көрсеткіштерін нақты уақыт режімінде тексеріп, дәрігерлерді кез келген бұзылыстар туралы хабардар етіп, медициналық қызметкерлер құрамына төтенше шешімдерді уақытында қабылдауды және клиниканы тиімді басқаруды қамтамасыз ететін өзекті деректерді ұсынатын болады. Емделушілерді қашықтан қадағалаудың Biofourmis платформасы жетекші медициналық мекемелермен жасалған стратегиялық серіктестігі шеңберіндегі өз шешімдерін енгізе отырып, ай сайын мыңдаған емделушілерге дербестендірілген көмек көрсетеді. Galaxy Watch құрылғысының кешенді биометриялық деректері арқасында сервис бүгінгі күні өзінің аспаптық панелінің көмегімен емделушілерге күтім көрсету үшін жақсы жасақталған.
Kencor Health компаниясы дербестірілген қашықтан қадағалау үшін Galaxy Watch смарт-сағатын өзінің платформасымен біріктіреді және Galaxy Watch смарт-сағатынан алынған биометриялық деректерді қолдана отырып, созылмалы бүйрек ауруы бар емделушілерде гиперкалемияны арнайы бақылайды және болжайды.
Жүрек аурулары бар адамдар үшін Medical AI бағдарламалық жасақтамасы кеңейтілген ЭКГ функцияларын ұсынады, ол аритмияны күнделікті өмірде анықтауға мүмкіндік береді. Сервис жасанды интеллекттің өзіндік алгоритмдерін және Galaxy Watch смарт-сағаттарындағы ЭКГ технологиясын үйлестіре отырып, емделушілер үшін оперативті ескертпелерді және өте дәл болжамдарды қамтамасыз етеді. Oova – бұл ЖИ негізінде жасалған әйел денсаулығына және ұрпақ қуалау қабілетіне арналған платформа, ол гормондық өзгерістер туралы деректерді Galaxy Watch смарт-сағаттарынан алынған биометриялық деректермен біріктіріп, медициналық мекемелермен байланысып, алыстан гормондардың деңгейін қадағалайды. Осындай интеграция бірегей циклдерді, соның ішінде перименопаузаны жақсы түсінуге және әйелдің тұқым қуалау кезеңдерін дәл болжауға мүмкіндік береді.
Үй жағдайларында XR-терапиясының арқасында дене мен ойдың саулығы
Samsung компаниясының кеңейтілген шынайылық (Extended reality, XR) сенсорлық технологиясы енді медициналық қызметтерге де тарады, Galaxy Watch смарт-сағатының пайдаланушылары емханаларға бармай, тереңдетілген терапиялық тәжірибені қамтамасыз ететін виртуалды әлемдерге түсе алатын болды. Samsung XRHealth серіктесі – бұл қашықтан физикалық және психикалық денсаулық терапиясын қамтамасыз ететін виртуалды клиника. Galaxy Watch смарт-сағаттары жаттығу басталғаннан соң пайдаланушының тамыр соғуын қадағалайды және аталған диапазонға жеткен кезде кардиостимулятор рөлін атқарып, вибрация жібереді, осылайша пайдаланушының тамыр соғуын нақты уақыт режімінде қадағалайды.
Healium – бұл Galaxy Watch смарт-сағаттарынан алынған жүрек соғу жиілігі туралы деректерді таңқаларлық оқиғаларға және жарқын анимацияға айналдыратын биологиялық кері байланыс технологиясы және бейнеплатформасы. Бұл виртуалды кері байланыс пайдаланушыларға өздерінің жүрек ырғағын одан да интуитивті түсіну үшін стресс деңгейін көруге көмектеседі.
Сапалы ұйқыға арналған ақылды шешімдер
Samsung компаниясы ұйқы – тұтас денсаулықтың терезесі екенін түсінеді, ол SmartThings басқару элементтері4, көзге көрінбейтін жарық диодты инфрақызыл сезгектер, ұйқы режімі сияқты технологиялық шешімдерді қолдана отырып, көңіл аудару факторларының саны минималды болатын мінсіз ортаны құру үшін еңбек етеді. Енді Samsung компаниясы өзінің мүмкіндіктерін кеңейтеді, соның ішіне сапалы ұйқы үшін мінсіз температураны белгілейтін «ақылды» матрастар да кіреді.
Samsung компаниясының серіктесі болатын 3Boon1 компаниясы жасанды интеллекттің алгоритмімен және сезгектермен жасақталған «ақылды» матрастарды ұсынады, олар төсектегі температураны автоматты түрде реттейді. Пайдаланушы жатқан кезде матрас оның ұйқының қандай сатысында болғанын анықтау үшін өмірлік көрсеткіштерін қадағалайды және үздіксіз дем алуды қамтамасыз ету үшін түні бойы температураны Цельсий бағаны бойынша 20 градустан 40 градусқа дейін реттеп отырады. Жасанды интеллекттің алгоритмі терінің температурасы және Galaxy Watch смарт-сағатынан алынған жүрек ырғағының жиілігі туралы деректерді үйлестіре отырып, ұйқы үшін жағдайларды дәл реттеу үшін нақты уақыт режімінде температураны қосымша дербестендіре алады.
Samsung компаниясы серіктестердің үйде медициналық қызмет көрсетудің қол жетімділігін кеңейтетін инновацияларын нақты шешімдерге және сервистерге дамытуда серіктестеріне қолдау көрсетуді жалғастырады. Бұл адамдарға тұтас алғанда өз физикалық және психикалық денсаулығы үшін жауапкершілікті алуға мүмкіндік береді. Samsung Health туралы толығырақ ақпаратты келесі сілтеме бойынша сайтта табуға болады: https://www.samsung.com/global/galaxy/apps/samsung-health/.
1 Galaxy Watch смарт-сағаттары тек жалпы сауықтыру және фитнес-мақсаттар үшін арналған. Олар қандай да бір ауруларды табу, диагностикалау немесе емдеу үшін арналмаған.
2 Қызметтерді серіктестер ұсынады және олардың қол жетімділігі нарыққа немесе құрылғыға тәуелді болуы мүмкін.
3 ЭКГ функциясы тек кейбір елдерде ғана қол жетімді. Ол диагностикалау мен емдеудің дәстүрлі әдістерін алмастыруға арналмаған. AFib қоспағанда, функция анықталған аритмиялары бар пайдаланушылар үшін арналмаған. Пайдаланушылар білікті медицина маманымен кеңеспей құрылғының деректері негізінде алынған ақпаратты өз бетімен пайымдауға немесе оған сәйкес клиникалық іс-әрекеттерді орындамауға тиіс.
4 SmartThings қосымшасында тіркелген смарт-құрылғыларда қол жетімді. SmartThings ұялы қосымшаларының және Samsung Clock қосымшасының соңғы нұсқасын орнату қажет.
БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері
Өнімдер > Ұялы құрылғылар
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.