HARMAN танымал Roon музыкалық платформасын сатып алды

29.11.2023
Share open/close
Сілтеме көшірілді

 

Samsung Electronics-тың автокөлік, тұтыну және кәсіпорын нарықтарда қосылған технологияларда маманданған еншілес HARMAN компаниясы музыканы іздеу және оның стримингімен айналысатын Roon платформасын сатып алды.

 

Roon – бұл музыканы қарау және іздеу үшін функционалды интерфейспен жабдықталған жоғары сапалы дыбыс әуесқойларына арналған музыкалық ойнатқыш. Бұл платформа ең жақсы дыбысты жеткізуге арналған аудио қозғалтқышы бар кез келген дерлік аудио құрылғымен үйлесімді. Roon барлық танымал операциялық жүйелер үшін қол жетімді және Nucleus деп аталатын аппараттық сервер құрылғыларының желісін шығарады.

 

«HARMAN-да біз бүкіл әлем бойынша серіктестеріміз бен пайдаланушыларымыз үшін ерекше аудио тәжірибелер жасау қабілетімізбен мақтанамыз, – деді Дэйв Роджерс (Dave Rogers), HARMAN Lifestyle Division бөлімінің президенті. Roon командасы үйде және жолда музыканы іздейтін, ашатын және тыңдайтын музыка сүйетіндер үшін ерекше дыбыс пен байланыс жасауға деген құмарлығымен бөліседі. Біз Roon-ды қарсы алуды асыға күтеміз, оның әсерлі таланты HARMAN отбасына қосылып, қазірдің өзінде күшті инженерлік қабілеттерімізді арттырады».

 

Roon өз командасымен бірге HARMAN-ның жеке бөлімшесі ретінде жұмыс істейтін болады. Roon-дағы барлық процестер сақталады және Roon құрылғысының серіктестері мен тұтынушыларының қауымдастығына қызмет көрсетуге және дамытуға бұрынғыдай бағытталып отырады. Бұл қызықты және жекелендірілген аудио тәжірибені қамтамасыз ету бойынша бірлескен миссияның бөлігі ретінде жасалады.

 

Work with all (барлығымен жұмыс жасау) стратегиясына сәйкес HARMAN 160-тан астам басқа аудио брендтермен бірлесіп ынтымақтасу үшін Roon құрылғыларының ашық экожүйесін дамытуға ұмтылады. Оған қоса 1000-нан астам өнімділігі жоғары құрылғыларға сапалы дыбысты жеткізуін жалғастырады. Roon өзінің адал қауымдастығына деген берілгендігі және ерекше UI/UX дизайн тәжірибесі компанияны сатып алғаннан кейінде кеңейіп, өркендей береді.

 

«Біз ондаған жылдар бойы аудио индустриясында көшбасшы болып табылатын HARMAN компаниясына қосылуға қуаныштымыз, – деді Энно Вандермеер (Enno Vandermeer), Roon бас директоры. «HARMAN-мен күш біріктіру арқылы Roon тәуелсіздік пен бизнестің өсуі мен болашағына инвестиция салу мүмкіндігін сақтай отырып, ғаламдық технология көшбасшысының керемет ауқымына, ресурстарына және қол жетімділігіне ие болады. Біздің деректерді басқарудың жетекші технологияларымыз, SaaS тәжірибесі және пайдаланушыларды тарту мүмкіндіктері серіктестеріміздің кең экожүйесіне қолжетімді болатындығын асыға күтеміз. Өйткені біз HARMAN-мен күш біріктіріп, тұтынушыларымызға дыбыстан ләззат алуға одан да көп тәсілдерін ұсынамыз».

Компанияның жаңалықтары > Әлемде

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары