Samsung тұрмыстық техниканы пайдаланудың тәжірибесін жаңа деңгейге көтереді

12.12.2023
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Үйде технологиялардың барлық мүмкіндіктерін пайдалану үшін сенімді де заманауи құрылғылар қажет, олар өміріңізді ыңғайлы етіп, қажетсіз бос әрекеттерден босатады.

 

Samsung осыны түсіне отырып, Core Tech философиясын әзірлеп енгізді, ол төрт басты тақырыптан тұрады: «Көрнекті сипаттамалар» (Outstanding) «Жасанды интеллекттің мүмкіндіктері» (AI-Powered), «Пайдаланудың икемділігі» (Flexible Use), «Ұзақ мерзімділігі және экологияға жағымдылығы» (Durable & Sustainable). Samsung компаниясы тұрмыстық техниканың кең ауқымына осы принциптерге сәйкес келетін инновациялық технологияларды енгізе отырып, тұрғын үйді тиімді пайдалануды арттырады және үйлерге жаңа мүмкіндіктер ұсынады.

 

 

WindFree™ желсіз режімі: дәстүрлермен шабытталған салқындату жүйесі

Кондиционерлердің пайдаланушылары құрылғы жұмыс істеп тұрғанда пайда болатын суық ауаның тым қатты ағынына жиі шағымданады. Samsung компаниясы осы мәселені шешу үшін жаңа функцияны әзірледі, ол тастан жасалған бөлмеде мұзды сақтаудың «сокбинго» деген дәстүрлі корей практикасымен шабыттанған. Түп мәніне қарасақ, бұл –  суық температураны желдетпей сақтап тұруға мүмкіндік беретін салқындатудың ежелгі тәсілі.

 

2015 жылы WindFree™ режімі 4 жылдық ұзақ зерттеулер мен әзірлемелерден соң табысты жүзеге асырылды. Бұл көрнекті технология 23 000 микросаңылаулар1 арқылы ауаны тарату арқылы бөлмені жұмсақ және бір қалыпты салқындатуға көмектеседі.

 

▲ «Көрнекі сипаттамалар» санатының бөлігі болып табылатын WindFree™ режімі ыңғайлы салқын температураны ұстап тұруға көмектеседі

Тазалаудың зияткерлік режімі: әлемдегі тұңғыш сымсыз жасанды интеллектпен жабдықталған және UL сертификациясы бар вертикалды шаңсорғышын қарсы алыңыз

Көп жағдайда тегіс жазықтықта тамаша жұмыс жасайтын шаңсорғыш кілемдермен жұмыс жасағанда қиындықтарға тап болады, сол себепті ол тазалауда ыңғайсыз. Bespoke Jet™ AI – бұл әлемдегі тұңғыш сымсыз ЖИ және UL сертификациясы бар вертикалды шаңсорғыш2, ол жер бетіндегі жазықтықтың типіне сәйкес тазалау режімін бейімдеу есебінен осы мәселені шешеді. Алайда жасанды интеллектпен жабдықталған шаңсорғыш қандай жазықтықта тұрғандығын қалай анықтайды?

 

Жер бетіндегі жазықтықты2  анықтау үшін AI (жасанды интеллект) щеткаға берілетін жүктемені анықтайды және жиналған деректерді мұқият талдайды. Содан кейін ол тазалаудың нақты шарттарына сәйкес сорудың оптималды қуатын және щеткалық валиктің айналу жылдамдығын3 қамтамасыз ете отырып, зияткерлік алгоритмді автоматты қолданады. 4 Нәтижесінде – таза кілем мен жарқырайтын паркет.

 

▲ ЖИ қолданумен тазалау шаңсорғыштарда «Жасанды интеллекттің мүмкіндіктері» принципінің айқын көрінісі

Автоматты ашылатын есік: барынша ыңғайлы болу үшін

Не себепті тоңазытқыштың есіктерін ашу кейде тым қиын болады? Салқындату дәрежесі арттылған сайын, сору әсері пайда болып, тоңазытқыштағы ішкі қысым төмендейді, ол өз кезегінде пайдаланушыға есікті ашуды қиындатады. Samsung компаниясы тоңазытқыштың есіктерін ашуды жеңілдету үшін Auto Open Door 5 атты ыңғайлы функцияны әзірледі.

 

Бұл 7 елде 27 патент алған инновациялық технология тоңазытқыштың есіктерін ашуда қиындықтарды басынан кешкендер үшін революциялық шешімге айналады. Auto Open Door жәй ғана қолдың бір тиіп кетуі арқылы есікті ашуға мүмкіндік береді, бұл әсіресе қолыңызда тағамдар бар болған кезде аса ыңғайлы.

 

▲ Auto Open Door функциясы бекітпеге жәй ғана қол тигізіп, есікті аз күш салып6 ашуға мүмкіндік береді, бұл тоңазытқышты пайдаланудың ыңғайлығын арттырады

Less Microfiber™ фильтрі және тазалау циклі: судың құрамында микропластиктің мөлшерін азайту 

Микропластик мұхит экожүйелері үшін үлкен қауіп тудырады: жыл сайын кір жуғыш машиналардан мұхитқа жарты миллионға таман микропластик7 түседі.

 

Samsung компаниясы алдыңғы қатарлы технологияларды әзірлеу кезінде микропластиктің әсерін тұрақты түрде талдайды және Patagonia компаниясымен ынтымақтастықта жұмыс жасайды. Олардың бірігуі нәтижесінде 2022 жылы Less Microfiber™  циклі және 2023 жылы Less Microfiber™ фильтрі пайда болды. Олар – Samsung Core Tech философиясының «Ұзақ мерзімділік және экологияға жағымдылық» санатындағы соңғы инновациялардың бірі. Less Microfiber™ циклі және Less Microfiber™ фильтрі суда микропластиктің мөлшерін төмендетуге көмектеседі.

 

Samsung компаниясы биылғы жылдың тамызында жаңа жаңарту шығарды, ол SmartThings қосымшасы арқылы Less Microfiber™ циклін жеңіл іске қосуға мүмкіндік береді. 8

 

Samsung компаниясының суда микропластиктің мөлшерін төмендетуге бағытталған талпынысы көзге түсті: қазанда Less Microfiber™ фильтрі TIME журналының пікірі бойынша «2023 жылдың үздік өнертабыстары» арасында үздігінің бірі болып танылды.

 

▲ Less Microfiber™ циклі және фильтрі Samsung Core Tech философиясындағы «Ұзақ мерзімділік пен экологияға жағымдылық» санатындағы соңғы жаңалықтардың бірі болып табылады. Олар суда микропластиктің мөлшерін төмендетуге көмектеседі.

 

Samsung компаниясының Core Tech философиясы Samsung тұрмыстық техникасын күнделікті өмірде пайдаланудың мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында көп жылдық зерттеулер мен тұтынушылық талғамдарды зерттеу барысында әзірленді. Samsung компаниясы біздің өмірімізді одан да ыңғайлы ету үшін жаңа шешімдерді әзірлеуге ұмтылады.

 

AR9500T WindFree™ кондиционерлерінде қол жетімді.

2023 жылдың мамырында ол UL Solutions компаниясынан (қауіпсіздікті зерттеумен айналысатын жалпыға танымал тәуелсіз ұйым) ЖИ технологиясының сертификациясын алған тұңғыш сымсыз вертикалды шаңсорғыш болды.

Щетканың айналу жылдамдығын (айналыс/минут) тек Active Dual Brush щеткасын пайдаланған кезде ғана реттеуге болады.

Тазалаудың әр түрлі шарттарын тану қабілеті сыртқы ортаның жағдайларына тәуелді.

5 Есік автоматты түрде шамамен 25 мм ашылады. Егер пайдаланушы есікті одан әрі ашпаса, ол автоматты түрде 2 секундтан соң жабылады (кейбір жағдайларда автоматты жабылу мүмкін болмауы мүмкін).

6 Есік автоматты түрде шамамен 25 мм ашылады. Егер пайдаланушы есікті одан әрі ашпаса, ол автоматты түрде 2 секундтан соң жабылады (кейбір жағдайларда автоматты жабылу мүмкін болмауы мүмкін).

7 Ақпарат көзі: БҰҰ-ның қоршаған орта бойынша бағдарламасы, «Бөтен көздерден жасырылған сән индустриясының кішкентай құпиясы» (www.unep.org/newsandstories/story/fashionstinyhiddensecret).

8 Android и iOS құрылғыларында қол жетімді. Қосылу үшін Wi-Fi және Samsung есептік жазбасы қажет.

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары