[Сұқбат] Ойын ережелерін өзгертетін мониторлар: T1 командасының киберспорт жұлдыздары Odyssey промо-бейнебаянының қалай түсірілгендігі туралы толықтай айтып берді

15.12.2023
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Ойын мониторлары – киберспортшылардың ең маңызды құралы, бұл әсіресе тамашалаудың кең бұрыштары мен жаңарту жиілігін арттыру арқасында ойын барысының сапасын жақсарту туралы сөз болғанда айрықша болады.

 

Осы жылы Samsung Electronics компаниясы мен киберспорт бойынша ең ірі чемпионаттарда жеңіске жеткен оңтүстік кореялық Т1 командасының арасындағы ынтымақтастыққа үш жыл толады. 2020 жылдан бастап Samsung компаниясы өзінің алдыңғы қатарлы технологияларын ойыншыларға және көрермендерге көрсете отырып, Т1 командасын Odyssey ойын мониторларымен қамтамасыз етеді.

 

▲ Odyssey Neo G9 57″ (G95NC) және T1 командасы (солдан оңға қарай: Керия, Гумаюси, Фейкер, Онер және Зевс).

 

2023 жылы Samsung ойын мониторлары желісінің нарыққа шығуына байланысты 57-дюймдік Odyssey Neo G9, 49-дюймдік Odyssey OLED G9 (G95SC) және жаңартылған 55-дюймдік Odyssey Ark (G97NC) технологиялық артықшылықтарын көрсететін үш бейнебаяннан құралған серияны ұсынды. Бейнебаянды “Қылмыс қаласы” (“The Outlaws”, 2017), “Патша жасасын!” (“Long Live the King”, 2019) және «Казино» сериялымен (“Big Bet”, 2022) танымал болған атақты оңтүстік кореялық режиссер Юн-Сон Кан (Yunsung Kang) түсірді. Заманауи және орта ғасырлық элементтерді қамтитын шытырман шайқаста Т1 командасының ойнын тамашалаған көрермендер Samsung мониторларының шайқас барысына қалай әсер еткендігін өз көзімен көре алды. Samsung Newsroom берген сұқбатында Юн-Сон Кан және Т1 командасының қатысушылары: Керия (‘Keria’), Гумаюси (‘Gumayusi’), Фейкер (‘Faker’), Онер (‘Oner’) және Зевс (‘Zeus’) жобаны жасаудың кадр артындағы тарихымен бөлісті.

 

▲ Фейкер Odyssey Neo G9 57″ технологиялық мүмкіндіктерімен танысып жатыр.

 

В. Сіздің Odyssey ойын мониторларының жаңа моделдері туралы ойыңыз, әсерлеріңіз қаңдай?

 

Фейкер: Odyssey ойын мониторлары жылдан жылға жетілдіріліп келеді. Жаңа 57-дюймдік Odyssey Neo G9 ойын мониторы шын мәнінде өзінің алып экранымен назарға ілігіп таң қалдырады. Алыстан қарағанда мен оның мөлшеріне көп көңіл бөлмедім, бірақ жақыннан қарағанда оның мөлшеріне тамсандым. Odyssey Neo G9 ойын мониторы – үлкен дисплейлерді ұнататындар үшін мінсіз таңдау.

 

Онер: Odyssey OLED G9 ойын мониторының үлкендігі соншалықты ол қарапайым мониторға қарағанда теледидарға көбірек ұқсайды. Ол бейнебаяндарды қарау үшін тамаша таңдау.

 

Зевс: Samsung мониторлары өзінің алып мөлшерлерімен ерекшеленеді. Аса қызықты ойын үрдісін және картаның ауқымды көрінісін ұсына отырып, оның өте кең экраны League of Legends ойнында стратегияны жасауға көмектеседі.

 

▲ Т1 командасынан Фейкер және Онер Odyssey OLED G9 мониторында ойындар ойнап жатыр.

 

▲ (Солдан оңға) Т1 командасынан Гумаюси мен Керия Odyssey Ark 2023 мониторында Multi View режімін сынап жатыр.

 

В. Сізге геймер ретінде мониторды таңдауда басты басымдылық не болып табылады?

 

Фейкер: Геймерлердің көпшілігі үшін монитордың жауап қайту уақыты мен жаңартылу жиілігі маңызды. Мен гостингті барынша азайту үшін жауап қайту уақыты тез болатын мониторды ұнатамын.

 

Онер: Мен үшін жаңартылудың жоғары жиілігі маңызды. Мен монитордың 240 Гц жаңартылу жиілігін қолдайтынын әрқашан тексеремін.

 

Керия: Жұмыс кезінде мен жаңартылу жиілігі 240 Гц болатын мониторды пайдаланамын, алайда көптеген пайдаланушылар жаңартылу жиілігі 144 Гц және одан жоғары болатын мониторлармен шектеліп қояды.

 

Гумаюси: Басқа геймерлерге қарағанда мен монитордың сипаттамасына көп көңіл бөлмеймін. Алайда мен жаңарту жиілігі жоғары болатын мониторларға үйренгендіктен параметрлері төмен болатын мониторға ауысу менің шеберлігіме әсер ете алады. Ал мен ойынға толықтай ынтамды қойғым келеді.

 

Зевс: Мен Онермен келісемін. Мен үшін жаңартылу жиілігі басты болып табылады. Бұрын менде жаңартылу жиілігі 60 Гц болатын монитор болған, бірақ жақсартылған сипаттамалары бар мониторға ауысқаннан кейін ойын барысы одан да бірқалыпты бола бастады. Енді мен жаңартылу жиілігі төмен мониторға қайтуды елестете алмаймын.

 

2021 жылы Odyssey Neo G9 туралы жарнамалық бейнебаян түсірген Юн-Сон Кан Samsung компаниясымен жұмысын жалғастырып, 2023 жылы Odyssey жаңа желісінің мониторлары туралы бейнебаяндар сериясын түсірді.

 

▲ Юн-Сон Кан Odyssey желісінің көптеген бейнебаяндарының режиссері.

 

В. Odyssey желісі туралы бейнебаяндарды түсірген кезде сіз үшін не негізгі болды?

 

Юн-Сон Кан: Осы жобада менің басты міндетім монитордың алып мөлшеріне көңіл қою болды. Бұл үшін мен Odyssey моделдерінің артықшылықтарын көрсету мақсатында ірі көлемді ортағасырлық шайқастың концепциясын ойлап таптым.

 

В. Осы жобаның басты сәттері туралы айтып берсеңіз.

 

Кан:  Осы бейнебаяндардың ең жарқын эпизодтарының бірі – сюжеттің күтпеген жерден өзгеруі: сценарий бойынша Т1 командасы шайқастың барысын өзгертеді, ал содан соң күтпеген жағдай орын алады. Қатысушылар шайқасты жеңіп алдық деп ойлағанда, Фейкер экранды үлкейтіп, екі жақтан жаңа жаулардың келе жатқандығын көрсетеді. Оқиғаның осылай өзгеруі көрермендердің назарын баулап алады.

 

▲ Т1 командасының қатысуымен Odyssey бейнебаянынан үзінділер, оң жақта – Фейкер.

 

▲ Т1 командасынан Фейкер Odyssey моделінің жаңа бейнебаяны алаңында.

 

▲ Т1 командасынан Зевс (сол жақта) және Онер (оң жақта) бейнебаяннан хореографиялық элементтерді көрсетіп жатыр.

 

▲ Гумаюси (сол жақта) және Керия (оң жақта) Odyssey промо-бейнебаяндарын түсірген кезде.

 

▲ Т1 командасының қатысушылары түсірілім кезінде хореографияны жаттап жатыр.

 

В. Промо-бейнебаянға түсу үшін үйреншікті ойын матчтерінен және күнделікті жаттығулардан кетіп, өзге қызметпен айналасуды қалай деп ойлайсыз?

 

Онер, Зевс және Керия: Бізді хореография үшін біздің танымал қозғалыстарымыз қолданылғаны таң қалдырды.

Басында біз қобалжыдық, себебі біз кәсіби бишілер емеспіз, алайда хореографтың жан-жақты нұсқаулары бізге жобаны табысты аяқтауға көмектесті. Жанкүйерлерге біздің жұмысымыз ұнайды деп үміттенеміз.

 

Фейкер: Тұтас алғанда, бұл – жаңа және қызықты тәжірибе. Бұрын мен көптеген камералар орнатылған теледидар шоуларына қатысқанмын, алайда мен бірінші рет толқып, ыңғайсыздықты сезініп биледім.

 

▲ Odyssey Neo G9 57” және Т1 командасы (солдан оңға қарай: Керия, Гумаюси, Фейкер, Онер и Зевс).

 

В. Сіз ойнаған Odyssey мониторларының қайсысы көбірек ұнады?

 

Фейкер: Менің сүйіктім – бұл 49-дюймдік Odyssey OLED G9 ойын мониторы. Маған оның тез жауап қайту уақыты және артқы панелінің сәнді металл түсті дизайны ұнайды.

 

Зевс: Мен үшін де 49-дюймдік Odyssey OLED G9 ойын мониторы ең үздік таңдау. Infinity Core жарығы кемпірқосақ тәрізді түстерді береді, ал металл тәрізді дизайн монитордың сыртқы пішінін кербез етеді.

 

Керия: Мен үшін 57-дюймдік Odyssey Neo G9 мониторы ең тартымды, оның артқы жылтыр ақ түсті панелі сәнді-салтанатты көрінеді.

 

Гумаюси: Мен бұрын Т1 штабының холында Odyssey Ark мониторын пайдаланған едім. Маған Multi View режімі ұнады, себебі мен бірнеше ойынды бір уақытта ойнауды жақсы көремін. Бірақ мен үлкен экрандарды ұнататындықтан, менің таңдауым — 57-дюймдік Odyssey Neo G9.

 

Онер: Шындығын айтсам, біреуін таңдау өте күрделі. Odyssey ойын мониторларының жаңа моделдері үлкен мөлшерімен және кең экрандарымен таң қалдырады. Маған барлығы да ұнайды.

 

Т1 командасының жауынгерлік әлеуетін бағалаңыз және келесі сілтемелер бойынша ұсынылған бейнебаяндарды көріп, Odyssey ойын мониторларының ең жаңа желісімен танысыңыз:

 

 

▲Odyssey x T1: Odyssey Ark ойын мониторымен неге қол жеткізе алатындығыңды көрсет

 

▲ Odyssey x T1: Odyssey Neo G9 | Samsung ойын мониторымен бірге жеңімпаз бол

 

▲ Odyssey x T1: Odyssey OLED G9 I Samsung ойын мониторымен ештеңеден қорықпа

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Бейнебаяндар

Өнімдер > Теледидар мен аудио

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары