«Жыл мұғалімі», шетелдік диплом, жоғары жалақы: Samsung Innovation Campus жаңа мүмкіндіктер сыйлайды

19.03.2024
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Жасанды интеллект, Big Data (үлкен деректер), нейрондық желілер – бұл ұғымдар біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Біз олар туралы күнде естиміз және бүгінгі цифрлық дәуірде олардың орны ерекше. Мұның бәрінің негізінде бағдарламалау жатыр, ол жаңа ұрпақ үшін барған сайын маңызды дағдыға айналып отыр. Егер «кодтауды» білсеңіз, сіз үшін үлкен мүмкіндіктер ашылады. Оның үстіне бұл кәсіби шеберлікті ғана емес, ойлауды дамытатын қызықты әрі пайдалы әрекет.

 

Samsung Electronics компаниясы осы тенденция аясында қазақстандық мектеп оқушыларының бағдарламалау негіздерін меңгеріп, цифрлық технологиялар саласында терең білім алуға көп жылдардан бері көмектесіп келеді. Оның үстіне бұл толықтай тегін. Сізге тек еңбекқорлық пен тәртіп қажет. Жаңа дағдыларды игерген жас қазақстандықтар өмірлерін түбегейлі өзгертуде. Түлектерімізді мысалға ала отырып, бұл іс жүзінде қалай көрінетінін айтып береміз.

 

Дәулетбек Хамза – Samsung компаниясының тегін курстарын өткендердің бірі. Студент кезінде оны кәсіби әзірлеуші болу идеясы қызықтырған. Бұл жігітті C++, Python және басқа бағдарламалау тілдерін меңгеруге итермеледі.

 

Дәулетбек Хамза робототехника және бағдарламалау байқауында

 

«Бала кезімнен сандарға құштарлығым байқалған және әзірлеуші болу идеясы маған жақын болды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетіне оқуға түскенімде, Samsung инновациялық академиясы бар екенін естідім. Ол жерде бағдарламалауды тегін үйренуге болатынын біліп, бірден өтініш бердім», – дейді Даулетбек Хамза.

 

Курстан алған білімі Дәулетбекке өзінің сүйікті саласы – робототехникамен айналысуға мүмкіндік берді. Қазір ол өз идеясын жүзеге асыруға талпынып қана қоймай, өскелең ұрпаққа білімін белсенді түрде жеткізіп келеді. Жігіттің ұстаздық қабілеті де ерекше. Дәулетбектің жетекшілігімен оқушылар түрлі роботтарды сәтті жасап, жарыстарда жүлделі орындарға ие болып жүр.

 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрімен марапаттау сәті

 

Дәулетбек Хамза 2023 жылы TikTok нұсқасы бойынша жылдың үздік мұғалімі болып танылды. Ол екі минуттық видео жариялап, танымал бағдарламалау платформаларының бірінде роботты қалай құрастыру керек екенін қысқаша түсіндірді. Ал бейнежазба көп қаралым мен лайк жинап, ел қызығушылығын тудырды. Осы тұста Ғылым және жоғары білім министрлігі мұғалімнің шығармашылық тәсілін ерекше атап өтті.

 

«Шынымды айтсам, бұл мен үшін күтпеген жағдай болды. Бұл ретте марапатқа әбден лайық екенін түсінемін. Ең қуаныштысы, мектеп оқушылары мен студенттер қандай да бір тақырыпты түсіну, кеңес алу үшін менімен жаппай хабарласа бастады. Елімізде бағдарламалау саласының дамуына өз үлесімді қосып жатқаныма қуаныштымын», – дейді Дәулетбек Хамза.

 

Ақбота Мұзафарова – елордалық Samsung Innovation Campus филиалының оқушысы. Қыздың айтуынша, бағдарламалау әлемі оған алғашында мүлдем түсініксіз көрінген. Уақыт өте ол бұл тақырыпты тереңірек зерттеп, жоғары білікті IT маманы ретінде жасанды интеллектпен жұмыс істегісі келетінін түсінген. Осылайша бағдарламалау негіздерінен бастауды шешкен Ақбота оқу курстарын белсенді түрде іздей бастады.

 

Акбота Музафарова, елордалық SIC филиалының оқушысы

 

«Мен ғаламторда көптеген нұсқа кездестірдім. Samsung курстарын көргенде, бірден өтініш беруді шештім. Бұл таңдауда компанияның беделді және ірі болуы маңызды рөл атқарды. Олар сондай-ақ оффлайн режимде оқытуды қамтамасыз етеді және сертификаттар береді». – деп атап өтті Ақбота Мұзафарова.

 

Қазір бойжеткен Python тілін белсенді түрде оқып жатыр. Болашақта Ақбота медицина саласында өз қабілетін сынап көрмек. Дәрігерлерге науқастарды қарап, дұрыс диагноз қоюға көмектесетін бағдарлама жасау жоспарында бар.

 

Алмаз Лашын үшін Samsung Innovation Campus жобасы жай ғана бағдарламалау курстары емес, одан да ауқымды дүниеге айналды. Мұнда ол көзқарасы ұқсас жандарды кездестіріп, не қалайтынын, әрі қарай қандай бағытқа бет бұру керек екенін түсінді.

 

Алмаз Лашын, SIC түлегі

 

«Мен 2 бағытта оқыдым – Android Java Developer және Python Developer. Осыған дейін әртүрлі курстардан өткенмін, бірақ Samsung Innovation Campus мені қатты таң қалдырды. Мен екі тамаша ұстаздан – Жұлдыз мен Ильядан білім алдым. Екеуі де – мәселелерді шешудің әдеттен тыс әдістерін ұсына алатын кәсіби мамандар. Солардың көзқарасының арқасында ғана қажетті білімге қол жеткіздім», – дейді Алмаз Лашын.

 

Samsung Innovation Campus қабырғасында алған дағдылары Алмаз Лашынға шетелдік университетке түсуге мүмкіндік берді. Арман қуған азамат қазір Бейжің технологиялық институтының студенті. Болашақта Алмаз өзінің жеке стартапын дамытуды жоспарлап отыр.

 

Samsung Innovation Campus – бұл тек сапалы білім беру ғана емес, біртұтас рух. Осы тұста оқушылар курс нағыз ұйымшыл орта қалыптастырғанын, енді олар кез келген қиындықты бірге жеңетінін атап өтті. Айта кетейік, Қазақстанда Samsung Innovation Campus 2017 жылы іске қосылды. Осы уақыт ішінде мыңдаған азамат бағдарламалаудың қыр-сырын меңгеріп, өз отанында ғана емес, басқа елдерде де ІТ саласының дамуына үлес қосып жүр. Бұл жолды таңдаған жас қазақстандықтардың саны жыл өткен сайын артып келеді.

Компанияның жаңалықтары > Корпоративті жауапкершілік

Компанияның жаңалықтары > Қазақстанда

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары