Қазақстанда «көтермелеусіз және жазасыз» IT-мамандарын қалай өсіруге болады?
Илья Крутиков қазақстандық оқушылар мен студенттерге бағдарламалау тілдерін үйренуге көмектеседі. Оның дәстүрлі емес оқыту әдістерінің арқасында жүздеген жасөспірімдер Java, Python, Android әзірлеуді сәтті меңгеріп, IT саласында табысты мансап құра алды. Біздің айдарымызда Илья студенттермен қалай тіл табысып, оларды ынталандырып, таланттарын ашу керектігін айтып өтті.
– Бағдарламалау әлеміне қалай келдіңіз?
– Негізі, менде техникалық түрде ойланамын. Мектепте физиканы жақсы көріп, белсенді түрде оқыдым. IT саласы туралы мүлде ойламадым – ол мені қызықтырмады. Біздің кезімізде бұл бағыт сәнді болып, жастарды қызықтыра бастады. Университетке түсу кезінде «ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша грант ұтып алдым. C++ тілін үйрену басында қиын болды, интернетте бұл тақырып бойынша ақпарат аз болды. Мамандық таңдауыма күмәндандым. Бірақ мен әлі де тырысамын деп шештім. Басқалар мұны істей алатын болса, мен немен кеммін? Көп оқи бастадым, сессияны жақсы тапсырып, содан кейін бағдарламалауға ғашық болдым.
– Бұл салада қалуыңызға не себеп болды?
– Бағдарламалау – шығармашылық жұмыс, ал программист – суретші секілді. Маған жоқтан жаңа және ерекше нәрсе жасай алатыным ұнады. Сонымен бірге бағдарламалауды орасан зор сфера деп атауға болады. Әрқашан жаңа көкжиектер, технологиялар мен шешімдер. Оның үстіне әрбір жаңа бағыт жаңа ел сияқты. Өзіңізді саяхатшы сияқты сезінесіз. Сонымен бірге YouTube немесе Facebook сияқты сайттар мен қосымшалардың «ішкі әлемдері» қалай жұмыс істейтінін түсіне бастайсыз. Олар тек HTML беттері ғана емес, әлдеқайда тереңірек және қызықтырақ. Бұл әрқашан таң қалдырып, баурап алады.
– Бағдарламалау тілдері тек «технарьларға» оңай екені рас па?
– Бағдарламалауда математика немесе физиканы білу міндетті емес. Алгоритмдер – бұл қадамдар жиынтығы. Сондықтан мұны тіл деп атайды. Мен кез келген адамды үйретуге болатынына сенемін. Оның «гуманитар» немесе «технарь» екендігі маңызды емес. Ең бастысы – дұрыс әдісті табу. Материалды жай ғана түсіндіру жеткіліксіз, сіз оқушылардың қажеттіліктеріне мұқият болуыңыз керек. Кейбіреулеріне көбірек уақыт жұмсап, ақпаратты бөлшектеп, егжей-тегжейлі жеткізу керек. Қандай көмек қажет екенін, түсінбейтінің сұрау керек. Бұл көп уақытты қажет етеді, бірақ осылай кері байланыс пайда болады және балалардың оқуын жеңілдетеді.
– Ұстаздық қабілетіңізді қалай аштыңыз?
– Мен 11-сыныпта сабақ бере бастадым. Сол жылдары физиканы жақсы білетінмін, сыныптастарыма үй тапсырмасын орындауға көмектестінмін. Сол кезде мен біліммен бөліскенді жақсы көретінімді және мұны өте жақсы істей алатынымды түсіндім. Одан кейін бұл істі университетте жалғастырдым, студент кезімде курстастарыма оқуын жақсартуға көмектестім. Бұл ретте тек жігіттерден ғана емес, мұғалімдерден де жақсы пікірлер алатынмын.
– Неліктен Samsung Innovation Campus-та бағдарламалауды үйрете бастадыңыз?
– Бұл кездейсоқ және күтпеген жерден болды. Мен IT-мамандығым бойынша банкте жұмыс істедім және оқыту туралы ойлана бастадым. Содан кейін достарым маған телефон соғып, Samsung мектеп оқушылары мен студенттерге арналған бағдарламалау курстарын ашып жатқанын, және олар мені мұғалім ретінде көргісі келетінін айтты. Көп ойланбастан ұсынысты қабылдадым, бәрі осылай болғанына қуаныштымын. 5 жыл қатарынан Java, Python және Android әзірлеуді үйретіп келемін.
– Түлектердің көпшілігі сіздің оқыту әдістемеңізді ерекше атап өтеді. Мұның сыры неде?
– Ешқандай құпия жоқ. Бұл өте қарапайым: мен оқушыларға қолайлы жағдай жасауға тырысамын. Олар өзін үйдегідей сезініп, қолайлы әрі жеңіл оқуы үшін. Мен студенттерге біз «бір толқында» бола алатынымызды бірден түсіндіремін. Сондықтан сабақ барысында сөйлесуге және әзілдеуге рұқсат беремін. Бұл ретте бізде тәртіп бар. Кейде маған жәй ғана әңгімелесуге, өмірлік мәселелерді талқылауға, өз пікірлерімен бөлісуге келеді. Мұның бәрі маңызды. Өйткені, әрқайсысы әлі толық қалыптаспаған тұлға, олардың сұрақтары, қорқыныштары мен күмәндері көп. Оларды тек тыңдап қана қоймай, ести білу керек.
– Неліктен жас қазақстандықтар қазір IT саласына жаппай кіріп жатыр?
– Ең басында жалақы туралы ойлайтындар аз. Қазір ойындарды әзірлеу оңай. Бұл мектеп оқушыларын қатты қызықтырады. Ойын балаларды күрделі жүйелер мен технологияларға қарағанда көбірек ынталандырады. Осы құмарлықтың арқасында қосымшалардың механикалық бөлігіне деген қызығушылығы туындайды: олар қалай жасалады, неден тұратынын, осындай нәрсені қалай жасауға болады. Сондай-ақ, соңғы уақытта жастар бағдарламалаудың болашақта кез келген салада қажет болатынын түсіне бастады.
– Samsung Innovation Campus-тың болашағы қандай және бұл курстар студенттер үшін неліктен құнды?
– Samsung компаниясының бұл курстары, менің ойымша, мектеп оқушылары үшін кәсіптік бағдар ретінде арналған. Бағдарламалауды оқып жүріп, болашақта университетте 4 жылын босқа өткізбей, IT саласына түсу керек пе, жоқ па, соны біле алады. Иә, мұның да кемшіліктері бар. Балалар ақша жұмсамайды, ештеңеге тәуекел етпейді. Осыған байланысты олар ынталандыруды тез жоғалтуы мүмкін. Бізде іс жүзінде «көтермелеу мен жазалау» әдісі жоқ. Тек мотивация. Бірақ дұрыс көзқараспен осы да жеткілікті.
Студенттеріміз бен мұғалімдеріміздің мысалын қолдана отырып, біз Samsung Innovation Campus бағдарламасы жай ғана бағдарламалау курстары емес екенін көрсетеміз. Осы білім беру жобасының арқасында Samsung Electronics көптеген жылдар бойы Қазақстанның өскелең ұрпағын тегін қолдауға тырысуда. Барған сайын көбірек балалар қажетті білімге қол жеткізе алады, дағдыларын жетілдіреді және өмірде мақсаттарын жүзеге асыра алады. Samsung Innovation Campus туралы толық ақпаратты бағдарламаның ресми сайтынан табуға болады: https://samsung-campus.kz/
Компанияның жаңалықтары > Әлеуметтік жобалар
Компанияның жаңалықтары > Қазақстанда
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.