Қазақстандық танымал мүсінші Samsung ескі құрылғыларынан «Тазы» мүсінін жасады
Samsung Electronics компаниясы толығымен зақымдалған Samsung электронды құрылғыларынан тұратын «Тазы» атты бірегей экологиялық мүсінін ұсынды.
Мүсін қазақтың жеті қазынасына жататын итіне арнап жасалған.
Тазы мен төбет тұқымын сақтауға арналған көрме Алматыдағы Great Service уәкілетті сервис орталығында өтті.
Samsung эко-мүсінді экологиялық өнер саласындағы әйгілі мүсінші Қуаныш Мұхамеджановпен бірігіп дайындады. Қуаныш Мұхамеджанов осы саладағы бірегей жұмыстарымен кең танымал болған экологиялық мүсіндерді жасаудың негізін салушылардың бірі. Дарынды мүсіншінің ескі құрал-жабдықтардан жинаған 40-қа жуық туындысы бар.
Мұхамеджанов қоршаған ортаны қорғаудың жақтаушысы ретінде Samsung компаниясы жобаның идеясын ұсынғанда қатты қуанғанын мойындады.
«Бұл мүсін табиғатқа қамқорлық жасаудың маңыздылығын танытып қана қоймай, Samsung компаниясының еліміздің тарихы мен мұрасына деген құрметін көрсетеді, – деп атап өтті мүсінші. – Адам мен табиғат арасындағы ерекше байланысты бейнелейтін тазы сияқты экологиялық мүсін де өнер мен экологияны өзара байланыстыратын бейнеге айналады».
Мүсіннің тұсаукесер шарасына эко-белсенділер, блогерлер және ірі университеттердің өкілдері қатысты. Іс-шарада істен шыққан электронды құрылғыларды жинау мен оларды жоюдың әдісі талқыланды.
Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының сервис департаментінің директоры Родион Котов смартфон мен планшет секілді күрделі техникалық құрылғыларды өзге тұрмыстық қоқыспен бірге көміп тастау тек табиғатқа емес, адамдардың денсаулығына да кері әсер ететінін айтты. Сондықтан ол ескі аппараттарды тұрмыстық қоқыстардан бөлек жою аса маңызды деді.
«Бұл эко-мүсін барлығымызға шабыт беріп, әр адам кішкентай әрі маңызды қадамдар жасау арқылы планетаны сақтауға үлес қоса алатынын ескеру керек», – деді Котов.
Сонымен қатар, іс-шарада Алматыдағы жоғары оқу орындарының арасында Samsung Recycling School экологиялық жобасы аясында өткізілген байқаудың нәтижесі жарияланды. Жобаның мақсаты – жастарды электронды қалдықтарды жинауға және жоюға ат салысуға шақыру. Нәтижесінде бірінші орын мен Samsung Flip 2 55″ интерактивті тақтасын 29 келі қоқыс жинаған ҚазҰУ жеңіп алды. «Күміс» жүлде мен The Freestyle шағын проекторын 6 келі қоқыс жинаған AlmaU, үшінші орынды 5 келі қоқыс жинаған SDU иеленіп, сыйлыққа Smart M8 Monitor 32″ мониторын алды.
Алматылық студенттер жалпы алғанда барлығы 46 келі электронды қоқысты жинады.
Бұдан бөлек Samsung компаниясы әлеуметтік желілерде #ЭкоТрендтеБол атты эко-компаниясының қорытындыларын жариялады. Оның мақсаты – қазақстандықтарды экологиялық пайдалы істерге шақыру болды. Осылайша, компания қызметкерлері қыркүйекте Баум тоғайында сенбілік ұйымдастырды.
Екі аптаға созылған шараның қатысушылары отандастарын саналы өмір салтын ұстануға үгіттеп, өз бастамаларын бастады. Нәтижесінде 3 белсенді-жеңімпаз Samsung компаниясының ресми сайтында сауда жасауға арналған 50 000 теңге сомасына промокодты жеңіп алды. Өзге қатысушылар одан да экологиялық таза болашақты қалыптастыруға қосқан үлесі үшін 5 000 теңге сомасына промокодты иеленді.
Samsung компаниясы тек тренде болып қоймай, өміріміздің бір бөлігіне айналатын жаңа экологиялық жауапкершіліктің стандарттарын жасауға ұмтылады. Компания барша халықты осындай маңызды қозғалысқа қосылуға және келер ұрпақ үшін әлемді жақсартуға шақырады.
*Samsung Recycling School жобасының жеңімпазын анықтау Байқау ережелеріне сәйкес жүзеге асырылды.
БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері
Компанияның жаңалықтары > Бастамалар
Компанияның жаңалықтары > Қазақстанда
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.