KBIS 2025 көрмесінде Samsung жақсартылған экрандары бар тұрмыстық техниканы көрсетеді

26.02.2025
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Келушілер Samsung компаниясының Bespoke AI тұрмыстық техникалары арқасында ақылды үйге қатысты болжамдарымен, сондай-ақ 2025 жылғы жаңа Dacor индукциялық пешімен таныса алады

Samsung Electronics компаниясы Лас-Вегастағы Kitchen & Bath Industry Show (KBIS) көрмесінде Dacor-дан жаңа индукциялық пешін қоса алғанда, инновациялық тұрмыстық техникалардың кең ауқымын ұсынады. Қаңтар айында CES 2025-те айтылған «Барлығына арналған ЖИ» тұжырымдамасын дамытуды жалғастыра отырып, Samsung пайдаланушыға бағытталған шешімдер топтамасын кеңейтеді. Samsung Knox, Bixby және SmartThings сияқты үнемі жетілдіріліп отыратын технологияларға негізделген бұл шешімдер тұрғын үйлерге арналған шынымен жекелендірілген сервистерді қамтамасыз етеді.

 

Көрмеде Bespoke AI тұрмыстық техникасы: AI Family Hub™+ бар Bespoke 4-Door Flex™  тоңазытқышы Bespoke AI Laundry Combo™ кір жуғыш және кептіргіш жүйесі және Bespoke Slide-in Induction Range кіріктірілген индукциялық пеші бар. Бұл құрылғылар кез-келген ақылды үй экожүйесін үйлесімді түрде толықтырады. Олардың LCD экрандары ақылды жалғанған құрылғыларға ыңғайлы және интуитивті қолжетімділікті қамтамасыз ететін басқару орталығы ретінде қызмет етеді. Келушілер жасанды интеллектті енгізу арқылы күнделікті тапсырмалардың қалай ыңғайлы және жағымды бола түсетінін көре алады

 

Сонымен қатар, экспозицияға SmartThings Energy1 -дегі AI Energy режимі және компанияның пайдаланушылар үшін жайлылық деңгейін арттыруға деген ұмтылысын көрсететін Samsung Care қызметі туралы ақпарат кіреді.

 

KBIS-тағы  Samsung-тың стендінде 2025 жылғы жаңа Dacor индукциялық тақтасын қоса алғанда, кіріктірілген Decor техникасымен бірге жеке аумақ бар. Бұл әдіс премиум асүйлерге арналған: бағана түріндегі Dacor 30” Panel Ready  тоңазытқышы, бағана түріндегі 30” Panel Ready мұздатқышы, бу функциясы бар 30”  қабырға тұмшапеші және 24” кіріктірілген шарап диспенсері. Бұл құрылғылардың барлығы интерьерге талғампаз, ұқыпты көрініс бере отырып, біртұтас қабырғаны құрайды. Бөлек жеке шарап аймағында салтанатты Dacor шарап қабырғасына біртіндеп айналатын,  24” Panel Ready шарап бағанасы бар, ол жерде келушілердің суретке түсіп алуына болады.

 

«Біз қуатты гипер-байланыс және жасанды интеллект технологияларын біріктіретін және күнделікті тапсырмаларды жеңілдету арқылы пайдаланушылардың қажеттіліктерін болжайтын Samsung Bespoke және Dacor тұрмыстық техникаларын таныстыру мүмкіндігін асыға күтудеміз”, – деп атап өтті Samsung Electronics компаниясының Digital Appliances (DA) Business бөлімшесінің атқарушы вице – президенті және сату және маркетинг бөлімінің басшысы Тэхван Хван (Taehwan Hwang). – KBIS-бұл әр үйге ыңғайлы және жекелендірілген шешімдер жасай отыра, ақылды және сәндді құрылғылардың өзара әрекеттесуін көрсетуге арналған тамаша алаң».

 

Dacor 2025 жаңа индукциялық плитасы: кез-келген ас үйге арналған керемет толықтыру

 

2025 жылғы Dacor индукциялық пеші әртүрлі тағамдарды тез және ыңғайлы дайындауға мүмкіндік береді. Оның қуатты 4,3 кВт индукциялық плитасы дәмнің қанықтылығын сақтай отырып, қарқынды жылытуды қамтамасыз етеді, бұл қуыру, бұқтыру немесе тез қайнату үшін өте қолайлы. Шыңдалған шыны беті сызаттарға төзімді, ал күңгірт қара әрлеу ас үйге жоғары санатты көрініс береді.

 

Сондай-ақ, 7″ Sync Burner функциясы қарастырылған, ол температураны бірдей ұстап тұру және үлкен ыдыста пісіру үшін екі оттықты бір уақытта басқаруға мүмкіндік береді. Модель ENERGY STAR® стандарты бойынша сертификатталған, бұл өнімділікке нұқсан келтірместен энергия тиімділігіне кепілдік береді.

 

Сонымен қатар, Dual Four-part Pure Convection™ жүйесі дәмдерді араластырмай бір уақытта бірнеше тағам дайындауға мүмкіндік береді. Ол жылуды бүкіл пешке біркелкі тарату арқылы пісіру процесін жылдамдатады. Жүйенің негізгі компоненттері:

 

  • қуаттылығы 1300 Вт қыздыру элементі;
  • ауа айналымына арналған конвекциялық желдеткіш;
  • ағынды біркелкі таратуға арналған арнайы арна;
  • дәмдердің араласуын болдырмайтын үш еселік сүзгі.

 

Тағы бір артықшылығы – күңгірт әсер беретін және ас үйдің интерьерімен  әдемі үйлесетін тат баспайтын болаттағы жазық штрихтарымен бірге Art Hairline Finish әрлеуі.

 

Стендтегі интерактивті әрекеттер

KBIS-тегі Samsung стендіне келушілер: үлкен тоңазытқыштың сөресінде отырған өзінің миниатюралық нұсқасын түсіріп, бұл фотомен сол сәтте әлеуметтік желілерде бөлісуге болатын ерекше үлгідегі фотоаймақты пайдалана алады.

 

1 AI Energy Mode режимі Android және iOS құрылғыларында қол жетімді SmartThingsApp қолданбасына қосылған болуы керек. Wi-Fi қосылымы және Samsung есептік жазбасы қажет.

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Өнімдер > Тұрмыстық техника

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі