[Халықаралық әйелдер күні] Samsung компаниясының басты назарында – нәзік жандылар

11.03.2024
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Samsung Electronics компаниясы биылғы #InspireInclusion (инклюзивтіліке шабыттандырыңыз) ұранымен бірқатар іс-шаралар өткізді. Device Experience (DX) бөлімшесі ұйымдастырған фото науқан барысында қызметкерлерге өз қолымен жүрек жасап, бірге суретке түсуге ұсынылды. Бұл – Халықаралық әйелдер күнін бейнелейтін ресми қимыл. Іс-шара сәтті өтті, бұған жарқын фотосүреттер дәлел.

 

«Осындай көңілді және маңызды шараға қатысқаныма қуаныштымын, – деді MX бөлімің қызметкері Сок-Нён Ча (Seok-Nyoung Cha). – Алалаушылықпен, стереотиптермен және кемсітушілікпен күресу жолында, біз бәріміз терең ойланып, бірге әрекет ете аламыз деп үміттенемін».

 

 

Тағы бір шарада 700-ден астам қызметкер ұжымдағы нәзік жандылар мен олардың отбасына алғыс білдірді. 2021 жылдан бері өткізіліп келе жатқан DX көшбасшылық семинарында басшылар компанияның көзқарасы мен әйел көшбасшыларды дамыту жолдарын талқылау үшін бас директормен ашық әңгімелесті. Сонымен қатар, биылдан бастап әзірлеуші аруларға арналған тәлімгерлік бағдарламасы іске қосылады.

 

Осы жылдың наурыз айынан бастап Device Solutions (DS) бөлімшесі қызметкерлердің әртүрлілік, теңдік және инклюзия (DEI) құндылықтары туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған ай сайынғы іс-шараларды өткізеді. Әйелдерге, мүгедектерге, қамқоршыларға және шетелдіктерге бағытталған DEI тақырыптарымен ай сайын жарыстар мен тренингтер өткізіледі, бұл қызметкерлердің бір-біріне қалай қолдау көрсету керектігі туралы хабардарлығын арттырады. Сонымен қатар, Халықаралық әйелдер айын мерекелеу аясында бөлімшенің жетекші нәзік жандыларынан әйелдер көшбасшылығы және жас арулар өз мансабын қалай дамыта алатынын жайында пікірлерін тындап сұхбат алады.

 

 

Кореядан тыс жерде компания нәзік жандыларға жұмыс табуға және қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізуге көмектесу үшін киім-кешектерді сыйға тарту акциясын ұйымдастыру үшін үш елде – Құрама Штаттарда, Канадада және Мексикада Dress For Success (DFS) ¹ ұйымымен серіктес болады. Сондай-ақ DEI туралы хабардарлықты арттыру үшін вебинарлар мен семинарлар өткізіледі.

 

Өткен қарашада DX бөлімшесінде компанияның барлық салаларында DEI құндылықтарын көрсету үшін, жетілдіру бағыттарын анықтау және инклюзивті корпоративтік мәдениетті одан әрі дамыту мақсатында DEI кеңсесі құрылды. Осы мақсатта кеңсе компанияның жүйелері мен мәдениетін кемсітушілік әрекеттерге тексереді, және қызметкерлерге осы құндылықтар туралы нақтырақ түсінік беру үшін тренингтер мен науқандар өткізеді. Сонымен қатар, кеңсе компанияның әртүрлілігінің жай-күйін және жақсартуды қарастыратын, компания басшылары қатысатын DEI кеңесі арқылы тиісті бастамаларды алға жылжытатын DEI-ге арналған ерікті қызметкерлердің ресурстық топтарын (ERG) қолдайды.

 

«Жүйенің әртүрлі және әділ болуы өте маңызды. Біз DEI құрметтейтін мәдениеттен инновациялық өнімдер мен қызметтер пайда болуы мүмкін деп санаймыз, – дейді Джинхи Нам (Jinhee Nam), Samsung Electronics компаниясының DEI кеңсесінің бас хатшысы. – Біздің кеңсе жаһандық DEI саясатын әзірледі және әртүрлілікті арттыру және инклюзивті ұйымдық мәдениетті құру үшін сан түрлі бағдарламаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр».

 

Samsung Electronics компаниясының DX бөлімшесінің вице-төрағасы, бас менеджері Джонг-Хи Хан (Jong-Hee Han) және Samsung Electronics компаниясының DS бөлімінің президенті, бас менеджері Ки Хён Кюнг (Kye Hyun Kyung) барлық қызметкерлерді гендерлік теңдікке шақырып, Халықаралық әйелдер күні құрметіне DEI маңыздылығын атап өтті.

 

«Мен қолдарынан келгенін жасап жатқан барлық DS бөлімшесінің нәзік жандыларына алғысымды білдіргім келеді», – деді Куен.

 

«Біз барлық қызметкерлерге Samsung компаниясында жеке және кәсіби өсуге қол жеткізу үшін өздерінің әлеуетін толық іске асыруға көмектесеміз», – деді Хан.

 

1 1997 жылы Нью-Йоркте жұмыссыз және толық жұмыссыз әйелдерге қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізуге көмектесу үшін құрылған.

 

 

 

Компанияның жаңалықтары > Әлемде

Компанияның жаңалықтары > Бастамалар

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары