Жай қозғалыс емес: Galaxy Watch сағаттарында әмбебап ым-ишараларды пайдалану функциясы қол жетімділікті қалай жақсартатындығы туралы

06.12.2023
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Халықаралық мүгедектер күнін атап өте отырып, ең маңыздысы –  технологиялардың инклюзивті әлемді құруда қандай рөл ойнай атындығы туралы ойлану.

 

Samsung компаниясы әрқашан Samsung Galaxy смартфондарының барлық пайдаланушыларына бірдей мүмкіндіктерді ұсынуға ұмтылады. Сол себепті Samsung компаниясы Galaxy Watch сағаттарында қол жетімді инновациялық функция – әмбебап ым-ишара1 туралы баяндайды. Функция One UI 5 Watch жаңартуынан бастап пайдаланушыларға қарапайым және интуитивті түсінікті ым-ишараларды пайдалана отырып, интерфейсті қолдануға мүмкіндік беру үшін жасалған.

 

Әмбебап ым-ишаралар пайдаланушыларға сағатты басқаруға қажетті өзара қарым-қатынастың құнды баламасын ұсынады, осының барлығын құрылғыға тимей орындауға болады. Төрт бөлек ым-ишара: жұдырықты қысу, жұдырықты екі рет қысу, шымшым және екі рет шымшым жасау арқылы пайдаланушылар оларға ыңғайлы тәсілмен Galaxy Watch сағатын басқара алады.

 

 

Әмбебап ым-ишараларды қалай қосуға болады

Galaxy Watch сағаттарында әмбебап ым-ишараларды пайдалану үшін келесі қарапайым қадамдарды орындаңыз.

 

Басында сіздің Galaxy Watch сағаттарыңыздағы «Реттеу» мәзіріне кіріңіз, содан кейін «Қол жетімділік» мәзірін табыңыз. «Моторика және өзара қарым-қатынас» тарауынан «Әмбебап ым-ишаралар» жолағын табу үшін төменге сырғытыңыз да, арнайы оқу құралынан осы мүмкіндер туралы біліңіз.

 

Әмбебап ым-ишаралар функциясын қосқан соң, қалыпты бағдарлау әдісінен ым-ишараға бірқалыпты ауысу үшін жұдырығыңызды екі рет қысыңыз. 2 Сіздің Galaxy Watch сағатыңыз оны реттелетін түстік контурмен белгілейді.

 

Іс-әрекеттер мәзірін ашу үшін жұдырығыңызды қысыңыз

«Жұдырықты қысу» ым-ишарасы Galaxy Watch сағатында элементтерді таңдау және ашу үрдісін жеңілдетеді.

 

«Жұдырықты екі рет қысу» ым-ишарасы сіздің білегіңізде тікелей қол жетімді ыңғайлы функциялар жиынтығын құрайтын мәзірді ашады. Осы мәзірдегі негізгі функцияларды аспаптар жиынтығы ретінде қарастырыңыз, оларға қосымшалардың мәзірін ашу, келесі экранға өту және соңғы қосымшаларды көрсету сияқты кез келген уақытта қол жетімді функциялар жатады. Бұл мәзір сондай-ақ пайдаланушы мәзірді белсенді еткенде белгілі бір сәтте қандай экран ашық болғанына тәуелді динамикалық түрде өз құрылымын өзгертеді. Белгілі бір пункті таңдау үшін жай ғана жұдырығыңызды қысыңыз.

 

Алға/артқа өту үшін саусақтардың ым-ишарасы

Galaxy Watch сағаттарындағы «шымшым» және «екі рет шымшым» ым-ишаралары сағатпен өзара қатынасты жүзеге асырудың оған қол тигізбей орындалатын тәсілдерін ұсынады, бұл әсіресе қозғалысы шектелген мүгедектігі бар жандар үшін пайдалы. Осы екі ым-ишараның көмегімен бір элементтен екіншісіне ауысуға болады немесе алдыңғысына кері қайтып келуге болады.

 

Хабарламаларды, күнтізбе элементтерін немесе фотоальбомды көру, осының барлығы саусақ қозғалысының арқасында қол жетімді бола бастайды.

 

Қол жетімділік – бұл шекараларды бұзу және барлық адамдар үшін шексіз жаңа тәжірибені ұсыну. Сол себепті әмбебап ым-ишаралардың функциясы пайдаланушыларға Galaxy Watch сағатын интуитивті түсінікті басқаруға мүмкіндік береді. Мысалы, Samsung Galaxy пайдаланушылары жеке құрылғысын өз қажеттіліктеріне сай дербестендіре отырып, осы төрт ым-ишараның кез келгенін оңай өзгерте алады.

 

Galaxy Watch сағатын басқарудың тағы бір қызық функциясы

«Кеңейтілген реттеулердегі» Galaxy Watch ым-ишаралары3 – қоңырауларға жауап беру, хабарламалардан бас тарту немесе қосымшаларды жылдам іске қосу сияқты іс-әрекеттерді орындау үшін қарапайым ым-ишараларды ұсынатын тағы бір тамаша функция, осының барлығы сіздің қолыңыздың жай қозғалысының арқасында мүмкін болады.

 

One UI 5 Watch интерфейсі бар Galaxy Watch6, Watch5 және Watch4 қол жетімді.

«Әмбебап ым-ишаралар» функкциясын белсенді ету үшін пайдаланылатын белсендіру ым-ишарасы Galaxy Watch моделіне, бағдарламалық жасақтама нұсқасына, аймаққа және операторға тәуелді өзгеше болуы мүмкін.

Ым-ишараларды қосу үшін Реттеулерге өтіңіз > сосын Қосымша функцияларды табыңыз да, Ым-ишараларға дейін төмен түсіңіз > олардың әр біреуін қосыңыз.

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары