MSCI ESG Ratings рейтинг жүйесі Samsung компаниясына AA рейтинг деңгейін берді, бұл – кореялық ІТ-компаниялар арасындағы ең үздік нәтиже
2023 жылы Samsung Electronics компаниясы тұрақты даму принциптеріне деген өзінің үздіксіз талпынысын көрсетіп, MSCI ESG жүйесінде АА деңгейінде рейтингті иеленді.
АА рейтингі 2023 жыл бойынша Morgan Stanley Capital International (MSCI) әзірлеген MSCI ESG Ratings рейтинг жүйесінің деректерінің негізінде берілді. Ол Samsung компаниясын экологиялық, әлеуметтік және корпоративті (Environmental, Social and Governance, ESG) тәуекелдер мен мүмкіндіктерді басқару саласындағы әлемдік көшбасшылардың қатарына жатқызады.
2020 жылдан бастап Samsung компаниясы жыл сайын А рейтингін алып отырды, ал 2023 жылы оның рейтингі бір деңгейге көтерілді. Рейтингтің артуы әлеуметтік және корпоративті бағыттар бойынша көрсеткіштердің едәуір жақсаруына байланысты орын алды.
Morgan Stanley жетекші әлемдік инвестициялық банкінің еншілес компаниясы – MSCI жүргізетін MSCI ESG жүйесі бойынша бағалау 2009 жылдан бастап ESG-саясатын жүзеге асыру сапасының басты жаһандық маркерлерінің бірі болып табылады. Ол бүкіл әлем бойынша инвесторлар үшін үлкен мәнге ие. Ол әлемдік биржалар бойынша тіркелген 8 500-ден астам компанияларда қолданылатын ESG саласындағы басқару практикаларын жан-жақты бағалауға мүмкіндік береді. Оның нәтижелері бойынша компанияға ең жоғарғы деңгейден (AAA) бастап ең төменгі деңгейге (CCC) дейін жеті рейтингтің бірі беріледі.
Өткен жылдың нәтижелері бойынша Samsung рейтингінің артуы компанияның тұрақты даму саласындағы жаһандық қызметіне байланысты. Жеке алғанда, компанияның бағасы адами капиталды дамыту, жеткізушілерді таңдау және корпоративті басқару сияқты облыстарда өсті.
Samsung компаниясының ішінде өз қызметкерлерінің еңбек шарттарын жақсарту бойынша бастамалар жүзеге асырылады. Олардың арасында – «Еркін агент» (Free Agent) бастамасын және Samsung Talent Exchange Program (STEP) бөлімшелер арасында алмасу бағдарламасын енгізуді атап өтуге болады, олар қызметкерлерге өздерін әр түрлі рөлдерде сынап көруге көбірек мүмкіндік береді және бүкіл әлем бойынша кеңселер арасында мәдениет аралық алмасуды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, компанияда Samsung Electronics (The UniverSE) университеті әрекет етеді, бұл – Samsung компаниясының басшыларын және қызметкерлерін үздіксіз мансаптық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған кәсіби және көшбасшылық қабілеттерге оқытудың кешенді бағдарламасы.
Шикізатты жауапты таңдауға келсек, Samsung тұрақты түрде сауалдарды және барлық жеткізушілерді тексеруді жүзеге асырады. Компания шикізатты сатып алу үрдісіне байланысты кез келген проблемаларды шешуге және алдын алуға ұмтылып, шикізатты жауапты таңдау тәсілі туралы арнайы есепті жариялайды.
MSCI өзінің есебінде келесі ақпаратты жариялады: «Компанияның шикізатты сатып алу саласындағы ойластырылған саясаты саладағы ұқсас практикалардан асып түседі және даулы өңірлерден өндіріліп алынатын пайдалы қазбаларды ғана қамтымайды. Сонымен қатар, біз Samsung Electronics компаниясының корпоративті басқару саласындағы жақсартуларын атап өтеміз».
Тұрақты даму саласындағы дамудың көрсеткіштері Samsung компаниясының басшыларының және компанияның тұтастай алғанда қызметін бағалауда «Қоршаған орта» және «Әлеуметтік сала» санаттарын ескереді. Толықтай тәуелсіз директорлардан құралған Директорлар кеңесі жанындағы тұрақты даму бойынша комитет ESG күн тәртібінің негізгі мәселелерін талқылауда маңызды рөл атқарады.
Samsung компаниясы тұрақты даму принциптеріне талпынысын сақтайды. Компания жеткізудің тұтас желісі бойынша адам құқықтарын сақтауды қамтамасыз етуге және экологиялық қауіпсіз технологиялардың көмегімен өнімдердің желісін кеңейтуге жұмсалған инвестициялардың есебінен ESG принциптеріне негізделген өзінің басқару жүйесін нығайтуды жалғастырады.
Компанияның жаңалықтары > Әлемде
Компанияның жаңалықтары > Бастамалар
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.