Кілттің орнына смартфон: Samsung Қазақстанда NFC Access Card сервисін іске қосады

03.02.2026
Share open/close
Сілтеме көшірілді

NFC Access Card KZ 2026 Main Gif Thumbnail

 

Samsung Electronics компаниясы Қазақстанда NFC Access Card инновациялық сервисінің іске қосылуымен, Samsung Wallet экожүйесінің мүмкіндіктерін кеңейту туралы хабарлайды. Енді Galaxy смартфондарын тұтынушылар төлемдік құралдарды, сандық құжаттарды және кілттерді бір қауіпсіз қолданбада біріктіре отыра, өздерінің физикалық қолжетімділік карталарын сандық нысанға көшіре алады.

 

«Біз Galaxy смартфоны тұтынушыға толық қозғалыс еркіндігін бере алуына ұмтылып жатырмыз. Жаңа NFC Access Card мүмкіндігімен телефоныңыз сізге шынымен алып жүруге қажетті жалғыз кілтке айналады», – деп атап өтті Samsung-тың Орталық Еуразия бойынша Samsung Wallet менеджері Манарбек Абенов.

 

Жайлы өмірге арналған инновациялар

NFC Access Card сервисі тұтынушыларды физикалық қолжетімділік карталарын іздеумен немесе жоғалтумен байланысты күнделікті «микрокүйзелістен» арылту үшін жасалған. Мүмкіндік байланыссыз қолжетімділік картасының деректерін (кеңсе ғимараттарынан тұрғын үй кешендеріне дейін) тікелей смартфоныңызға көшіруге мүмкіндік береді. Енді есікті ашу үшін оқып алатын құрылғыны бір рет басу жеткілікті.

 

«Ақылды үй» және SmartThings-пен бірігу

Стандартты қол жеткізу карталарынан бөлек, Samsung электрондық есік құлыптарының иелеріне кеңейтілген мүмкіндіктерді ұсынады. Тұтынушылар өз құрылғыларын SmartThings экожүйесіне біріктіре алады, бұл оларға қашықтан кіруді басқаруға, қонақтар үшін уақытша сандық кілттер жасауға және есіктің күйі туралы нақты уақыт режимінде хабарландырулар алуға мүмкіндік береді.

 

Қорғаныс деңгейінің қауіпсіздігі

Samsung Wallet-те сақталған барлық деректер көп деңгейлі Samsung Knox қауіпсіздік платформасымен қорғалған. Аппараттық шифрлау және токенизация кілттің сандық көшірмесінің үшінші тараптардың рұқсатсыз көшіруінен және қол жеткізуінен қорғалуын қамтамасыз етеді.

 

Құрылғылардың қолжетімділігі және қорғауы

Іске қосылған кезде қызмет көптеген заманауи NFC карталарын қолдайды. Жалғыз ерекшелік – NFC-чипімен жабдықталмаған ескі «тамшы тәрізді» кілттер.

 

NFC Access Card мүмкіндігі келесі үлгілердеқолжетімді:

 

  • Flagman Galaxy S сериясы (S21 және одан кейінгі);
  • Galaxy Z Fold және Z Flip бүктелетін смартфондарының соңғы буындары;

 

 

1 Қолдау көрсетілетін құрылғылар тізімі үнемі кеңейтіліп отырады.

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Компанияның жаңалықтары > Қазақстанда

Өнімдер > Ұялы құрылғылар

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары