Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Samsung Galaxy-дің жаңа науқанының бет-бейнесіне айналды

16.10.2026
Share open/close
Сілтеме көшірілді
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы және Galaxy-дің жаңа жиналмалы құрылғылары батылдық, икемділік және мүмкін нәрсенің шегінен шығуға деген ұмтылыс туралы баяндайды

 

Samsung Electronics Қазақстанда Galaxy Z Fold8, Z Fold8 Ultra және Z Flip8 жиналмалы смартфондарының жаңа сериясына, сондай-ақ Galaxy Watch Ultra2 және Galaxy Watch9 смарт-сағаттарына арналған 360° жарнамалық науқанын бастайды.

 

Қазақ спортының тарихында жаңа тарау ашқан 2026 жылғы Олимпиада чемпионы – Михаил Шайдоров науқанның бет-бейнесіне айналды. Бір бағдарламада бес төрт есе секіру оған тарихи Олимпиада алтын медаьі әкелді. Алайда Шайдоров ты ерекшелейтін тек техникалық шеберлігі емес. Оның күші – тәжірибе жасауға, шекараларды кеңейтуге және кемелділікке жетудің өзіндік жолын салуға деген ынтасында.

 

Дәл осы философия 22 жастағы қазақстандық спортшы мен Samsung-ты біріктіреді. Шайдоров адам денесінің мүмкіндіктерін қайта қарастырғандай, Galaxy де смартфонның қандай болуы мүмкін екендігі туралы түсінікті өзгертеді. Икемділік, дәлдік және қозғалыс еркіндігі спорт пен технологияның ортақ тіліне айналуда.

 

360° науқаны бұл идеяны қозғалыс пен визуалды бейнелер арқылы, көрнекі бейнелер, имидждік және өнім фотосуреттері арқылы көрсетеді. Мәнерлеп сырғанаудағы әрбір 360 градустық айналым – гравитацияға қарсы шығатын ең күрделі элементтердің бір бөлігі. Жаңа науқанда бұл динамика Galaxy-дің кең мүмкіндіктерінің метафорасына айналады.

 

 

Әр Galaxy құрылғысы еркіндікті өзінше ашады. Салмағы небәрі 201 грамм болатын Galaxy Z Fold8 шығармашылық, ойын-сауық және Galaxy AI-мен жұмыс істеу үшін жинақылықты кең жиналмалы экранмен біріктіреді. Galaxy Z Fold8 Ultra 8 дюймдік дисплейді, кәсіби камера мүмкіндіктерін және жоғары өнімділікті ұсынады. Ықшам Galaxy Z Flip8 икемді форма факторы мен интеллектуалды функцияларының арқасында өзін-өзі көрсетудің жаңа жолдарын ашады. Ал Galaxy Watch Ultra2 және Watch9 өз денеңізді жақсырақ түсінуге, белсенділік пен қалпына келуді бақылауға көмектеседі

 

Samsung Galaxy жазғы жаңа өнімдерінің болашақ иелеріне ерекше сыйлық дайындады. Шектеулі ұсыныс аясында сағатпен (немесе құлаққаппен) бірге жиналмалы смартфон сатып алғанда, сіз себетке және Михаил Шайдоровтың суреті мен қолтаңбасы бар карточкаға 20%-ға дейін жеңілдік аласыз. Үшінші құрылғыны қосқанда жеңілдік 25%-ға дейін артады. Ұсыныс тек samsung.kz ресми интернет-дүкенінен тапсырыс берген кезде қолданылады, ал көрсетілген жеңілдіктер Samsung Pay арқылы төлеген кезде қосымша 10%-ды қамтиды.

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Компанияның жаңалықтары > Қазақстанда

Өнімдер > Ұялы құрылғылар

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары