One UI-де Вивальдидың «Жыл мезгілдері» туындыларының топтамаларынан шабыт алған Galaxy-дың жаңа рингтондары пайда болды

12.08.2025
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Samsung Electronics Galaxy Z Fold7 және Galaxy Z Flip7-де қолданылатын One UI 8 бағдарламалық интерфейсі үшін қоңыраулардың жаңа әуендерін ұсынды.

 

«Табиғатпен шабыттандырылған» концепциясына негізделген, One UI 7-де ұсынылған, жаңа рингтондар Антонио Вивальдидің «Жыл мезгілдері» туындыларының аңыз топтамалары төңірегінде жасалынған және Galaxy-дың дыбыстық тұтынушылық тәжірибесін байытуға арналған.

 

Табиғаттан шабыттанған аудиодизайн

Samsung аудиодизайн философиясының негізгі тақырыбы ретінде «Табиғатпен шабыттандырылған» концепциясын тек қоңырау үндеріне ғана емес, сонымен қатар өзара әрекеттесу дыбыстарының барлық спектріне қолдана отырып таңдады. Тұтынушылардың табиғи әлеммен эмоционалды байланысын жақсарту үшін жаңа рингтондар табиғи ортадан шабыттандырылған классикалық шығармаларға негізделген, ал сенсорлық өзара әрекеттесу аудиосы мысалы, жерге құлаған тастардың дыбысы секілді табиғи элементтердің нақты жазбаларын қамтиды.

 

Аудио дизайндағы бұл тәсіл One UI 8 де жалғасын табуда. Жаңадан қосылған қоңырау үні Вивальдидің керемет жауhарына негізделген, ол уақыт ағынын еске сала отыра, тек классикалық музыка бере алатын жылулық пен резонансты қамтамасыз етеді. Бұл шығарылым сонымен қатар Камиль Сен-Саенстің «Жануарлар карнавалы» негізіндегі 2024 жылғы рингтоннан кейінгі Samsung классикалық рингтондары сериясының екінші бөлімін білдіреді.

 

Vivaldi Ringtone

 

Вивальдидің жетекші музыканттар қайта зерделеген «Жыл мезгілдері»

Әлемдік деңгейдегі әртістер, соның ішінде Грэмми сыйлығының иегері дыбыс инженері Бен Чжун Хван (Byeong Joon Hwang), Сеул ұлттық университетінің профессоры және скрипкашы Дами Ким және Collegium Musicum Seoul классикалық ансамблі жаңа рингтонды жасауға жиналды.

 

Барокко музыкасының ерекше текстурасын жеткізу үшін команда клавесин қолданып, оны ішекті аспаптармен мұқият теңестірді. Жазу акустикалық нюанстарды сақтау үшін әр музыканттың орнына сәйкес микрофондар орналастырылған концерт залында өтті. Композицияға иммерсивті кеңістіктік дыбысталуды қамтамасыз ететін Dolby Atmos форматында продюсерлік етілді.

 

Вивальди шығармаларынан әр маусымның эмоцияларын дәл жеткізу үшін музыканттар бірнеше жазба сеанстарында интерпретация мен стильді мұқият таңдады. Нәтижесінде – төрт мезгілдің рухын қамтитын және күнделікті өмірге бай және өмірді растайтын дыбысталуды әкелетін коллаборация шықты.

 

Vivaldi Ringtone

▲ Вивальдидің «Жыл мезгілдері» топтамасынан «Көктем»

 

Vivaldi Ringtone

▲ Вивальдидің «Жыл мезгілдері» топтамасынан «Жаз»

 

Vivaldi Ringtone

▲ «Жыл мезгілдері» топтамасынан «Күз»

 

Vivaldi Ringtone

▲ «Жыл мезгілдері» топтамасынан «Қыс»

 

Galaxy-дың біребейлігі дыбыста көрініс табады

Жаңа рингтон — бұл классикалық әуеннен де артық зат. Ол табиғи шабытты күрделі техникалық шеберлікпен үйлестіре отырып, Galaxy-дың дамып келе жатқан дыбыстық сәйкестігін көрсетеді.

 

«Вивалдидің «Жыл мезгілдері» әр маусым арасындағы эмоциялар мен ауысуларды нәзік түрде жеткізеді», – деді Юнджа Ли, Samsung Electronics компаниясының Mobile eXperience (MX) бизнесінің дыбыс инженері. «Бұл туынды біздің тұтынушылардың күнделікті өміріне бай және әсерлі аудио тәжірибені енгізуге деген ұмтылысымызды көрсетеді.»

 

Болашаққа көз жүгірте отырып, Galaxy өзіндік дыбыстық аудиостилін, барлық құрылғыларда және тұтынушылардың өзара әрекеттесуінде тарата отыра, Samsung біртұтас дыбыстық философиясын ұстанады

 

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары