«Париж-2024»: Samsung Galaxy S24 Ultra Олимпиада ойындарын тарату және көру тәжірибесін кеңейтеді
Олимпиада және Паралимпиада ойындарының жаһандық серіктесі Samsung Electronics Халықаралық Олимпиада комитетімен (ХОК) және Олимпиадалық хабар тарату қызметімен (OBS) көрермендер мен жанкүйерлер үшін «Париж 2024» хабар тарату тәжірибесінде төңкеріс жасау жоспарларын жариялады. Samsung Galaxy S24 Ultra көмегімен түсірілген және ортақ пайдаланылған жаңа, бірегей бейнелер Сена өзеніндегі тарихи ашылу салтанатында және Олимпиадалық желкенді спорт жарысында маңызды рөл атқарады.
Олимпиада және Паралимпиада ойындарының ресми смартфондар және компьютерлік техникамен қамтамасыз ететін серіктес бола тұрып Samsung өзінің озық мобильді технологиясын және 5G қосылымын көрермендерге мерекелік және бәсекелестіктің ерекше сәттерін жеткізу үшін пайдаланады. Samsung Galaxy инновациясына негізделген бұл жаңа тәсіл «Париж 2024-тің» тарихтағы ең ашық ойындар болады деген уәдесін орындауға көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар Олимпиада және Паралимпиада ойындарын қолдау үшін Samsung компаниясының инновациялар мұрасын жалғастырады.
«Барған сайын байланысқан қоғамда Samsung Galaxy мобильді технологиялары пайдаланушылардың қай жерде болса да әлеммен қарым-қатынасын тереңдетуге және өзгертуге көмектеседі. Біз отыз жылға жуық жаһандық серіктес бола отырып, Олимпиада және Паралимпиада ойындарында бірдей мағыналы байланыстарды құру және қамтамасыз ету қаншалықты маңызды екенін жақсы білеміз, – – деді Стефани Чой (Stephanie Choi), атқарушы вице-президент және Mobile eXperience Business маркетинг бөлімінің басшысы, Samsung Electronics. – Біз «Париж 2024» бірқатар алғашқы іс-шаралардың бөлігі болатын жоғары сапалы кадрлармен қамтамасыз ету үшін ХОК және OBC-пен тығыз жұмыс істеуді мақтан тұтамыз. Және бұл жарысты үйде немесе Ойын алаңдарында тамашалайтын жанкүйерлерге қызықты оқиғаларға жақындауға мүмкіндік беруге қуаныштымыз».
Бір айдан кейін тарихта алғаш рет Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты стадион сыртында өтеді. «Париж 2024» аясында 10 500 спортшы әрбір ұлттық делегацияға бөлінген қайықтармен Сена өзені бойымен жүзіп өтеді. Бұл тарихтағы ең ашық және қолжетімді ашылу рәсімі болмақ. Аустерлиц виадукынан шығып, спортшылар Трокадеродағы салтанатты финалдық рәсімге дейін Париждің орталығы арқылы кейбір ресми олимпиадалық нысандарды басып өтіп, алты шақырымдық жолды жүріп өтеді.
Galaxy S24 Ultra сізге Ойындарда алдыңғы қатардан орын береді
«Үйдегі» жанкүйерлерді іс-шараға жақындату және осы бірегей саяхат кезінде спортшылардың реакцияларын көруге мүмкіндік беру мақсатында Samsung ашылу салтанатын түсіру үшін 85 спортшы қайықтарының әрқайсысының тұмсығы мен бүйірлеріне 200-ден астам Galaxy S24 Ultra смартфондарын орнатады. Galaxy S24 Ultra құрылғыларының көмегімен түсірілген жоғары сапалы HDR кадрлары Франциядағы «Париж 2024» ресми ұялы байланыс провайдері Orange компаниясынан 5G желісіне жіберіледі. Orange Францияда бірінші дербес 5G желісін құру үшін Сена бойына оннан астам 5G антенналарын орнатады. Бұл жаңашыл ынтымақтастық бүкіл әлемдегі жанкүйерлерге үздіксіз 5G қосылымы мен көру тәжірибесін жеткізуге бағытталған.
Samsung сонымен қатар технологияны Марсельдегі желкенді спорт жарысында қолданады, әр яхтаға Galaxy S24 Ultra орнату арқылы. Бұл жанкүйерлерге сүйікті олимпиадашылармен бірге жарыстың қызығын сезінуге және іс-шараға шынайы қатысуға мүмкіндік береді.
Мұның бәрі OBC және Orange компанияларымен тығыз ынтымақтастықта айлар бойы зерттеуді, әзірлеуді және тестілеуді қажет ететін мүлдем жаңа міндеттер. Бұл әртүрлі су айдындарында және үлкен толқындармен желді немесе өте ыстық және күн шуақты болуы мүмкін әртүрлі ауа-райында жоғары сапалы бейне және байланысты қамтамасыз ету үшін жасалған. Samsung және оның серіктестері бұл мәселелерді Galaxy S24 Ultra оптикалық кескінді тұрақтандыру (OIS) мүмкіндіктерін пайдаланып, деректерді беру мүмкіндігін арттыру және көрермендердің үздіксіз көруін қамтамасыз ету үшін ілеспе кемеге релелік мұнараларды орнату арқылы шешті.
«Олимпиада ойындарының жетекші хабар таратушысы ретінде біз жанкүйерлердің ойындарды көру тәсілін өзгерте отырып, «Париж 2024-ті» шынайы түрде тамашалау үшін Samsung компаниясымен серіктес болғанымызға өте қуаныштымыз. – дейді Яннис Экзархос (Yiannis Exarchos), OBC бас атқарушы директоры. – Samsung компаниясының соңғы мобильді технологиясы дүние жүзіндегі миллиондаған жанкүйерлерге шынайы уақытта өздерінің сүйікті спортшыларымен ашылу салтанатының және желкенді жарыстардың рухын, әрекетін және эмоциясын сезінуге мүмкіндік береді».
Samsung компаниясының Ойындарға қосқан көптен бергі үлесі
Бұл хабарландыру спортшыларға, жанкүйерлерге және қауымдастықтарға сәйкес мобильді инновацияларды жеткізе отырып, ойындарда цифрлық трансформацияны және озық технологияларды енгізуді қамтамасыз ету бойынша Samsung компаниясының ХОК-пен тығыз ынтымақтастығы аясындағы ұзақ мерзімді міндеттемесінің келесі кезеңі болып табылады. Бұл 1998 жылы ұялы телефондарға қол жетімділік шектелген кезде 2500-ге жуық спортшыға өз отбасыларымен тегін байланысуға мүмкіндік беретін бірінші «Үйге қоңырау шалу» бағдарламасынан басталды. Оның жалғасы Wireless Olympic Works (WOW) қосымшасы болды, ол ұялы телефондардағы алғашқы ресми олимпиадалық ақпарат қызметі болып табылады. WOW қолданбасы Олимпиаданы ұйымдастырушыларға 2004 жылы Афинада Samsung ұсынған Palm OS телефондарында таныстырылды. Содан кейін Ванкуверде 2010 жылы көпшілікке шығып, жанкүйерлерге Ойындар кезіндегі соңғы жаңартуларды тікелей смартфондарына берді.
Мобильді құрылғылардағы инновациялардан басқа, Samsung спортшылар мен қызметкерлердің Ойындар кезінде байланыста болып, қарым-қатынас жасауына да өз үлесін қосты. Нагано 1998 жылдан бері Samsung спортшылар мен қызметкерлерге барлығы 120 000-нан астам мобильді құрылғылар ұсынды.
Жанкүйерлерді өздері жақсы көретін спортшыларға жақындату үшін Samsung өзінің технологиялық мүмкіндіктерін қалай пайдалануды жалғастыратыны туралы толығырақ мәліметтер алдағы апталарда ашылады. Бұл тағы бір Олимпиадалық жетістік болмақ.
Samsung компаниясының Олимпиада ойындарына қатысуы
Samsung 1998 жылғы Наганодағы қысқы Олимпиада ойындарынан бері бүкіләлемдік олимпиадалық серіктес болып табылады. 25 жылдан астам спортшылар мен жанкүйерлер бүкіл әлемде олимпиадалық рухты бөлісу және Париждегі 2024 Олимпиада ойындарының және одан кейінгілердің сандық болашағын қалыптастыру үшін Samsung компаниясының жаңашыл мобильді технологияларына сеніп жүр. Компания 2028 жылға дейін Лос-Анджелеске дейін созылатын Олимпиадалық қозғалыспен серіктестіктің төртінші онжылдығына аяқ басып отыр. Samsung компаниясының сымсыз байланыс және есептеу техникасындағы жаңашылдары, соның ішінде жасанды интеллект негізіндегі құрылғылар, виртуалды шындық, толықтырылған шындық және 5G бүкіл әлем бойынша Олимпиада ойындарына деген көзқарасты өзгертеді.
Samsung компаниясының Паралимпиада ойындарына қатысуы
Samsung сымсыз байланыс және есептеулер техникасы санатында Халықаралық Паралимпиада комитетінің дүниежүзілік серіктесі болып табылады. Туриндегі 2006 жылғы Қысқы Паралимпиада ойындарынан бері компания бүкіл әлем бойынша спортшылар мен жанкүйерлерге ойындар тәжірибесімен бөлісу үшін Samsung компаниясының жаңашыл мобильді технологиясын ұсыну арқылы Паралимпиада қозғалысын мақтанышпен қолдап келеді. Samsung компаниясының Паралимпиада ойындарына қатысуы Лос-Анджелес 2028 Ойындарына дейін созылады және жасанды интеллект негізіндегі құрылғылар, виртуалды шындық, толықтырылған шындық және 5G аппараттық құралдарын қоса, сымсыз байланыс және есептеу техникасындағы мақсатты жаңашылдықтарға негізделген жаңашыл мобильді және есептеу мүмкіндіктерімен қамтамасыз етіледі.
БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері
Өнімдер > Ұялы құрылғылар
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.