Париж 2024: Galaxy Z Flip6 смартфонының олимпиадалық нұсқасы әрбір спортшыға берілді

25.07.2024
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Парижде 2024 Олимпиадалық ойындардың басталуына бар болғаны бірнеше күн қалды және Олимпиада ауылындағы 17 000 жуық олимпиадалық және параолимпиадалық спортшылар арнайы Олимпиадалық орындаудағы өздерінің Galaxy Z Flip6 смартфонын енді ала бастады.

 

Жаңа Galaxy Z Flip6 смартфонының арнайы «Олимпиадалық нұсқасы» 10 шілдеде Galaxy Unpacked іс-шарасында таныстырылды. Смартфондарды олимпиада атлеттеріне жеткізу сатулардың әлемдік басталуына дейін болатындығына көз жеткізу үшін, Samsung компаниясына арнаулы және неғұрлым қауіпсіз тасымалдау бағдарламасын үйлестіре отыра, Халықаралық Олимпиада комитетімен өте тығыз  жұмыс жасауға тура келді.

 

Олимпиада үшін арнайы өндірілген смартфон, спортшылардың Ойындардан әсерін арттыру үшін жетілдірілген, және Galaxy AI функциясымен алғашқы олимпиадалық үлгі болып табылады. Ол 100 Гигабайтты 5G деректерімен eSIM картасын, қоғамдық көлікке шексіз рұқсатпен тегін картаны және жаңа тәжірибе алу және жаңа адамдармен танысуда атлеттерге көмек беру үшін жасалған, бірнеше ресми олимпиадалық қосымшаларды қоса алғанда, эксклюзивтік сервистердің және пайдалы қосымшалардың толық жиынтығымен жеткізіледі.

 

Олимпиадалық және Параолимпиадалық ойындардың бүкіл әлемдік серіктесі болып табылатын Galaxy Z Flip6 олимпиадалық нұсқасы, өзінің озат технологияларын және Ойындарды қолдайтын мобильдік инновацияларды  ұсына отыра Samsung компаниясының отыз жылдан аса дәстүрін жалғастыруда.

 

▲ 17 000 жуық Galaxy Z Flip6 Olympic Edition смартфоны Париждегі Олимпиадалық және Параолимпиадалық ауылына арнайы үйлестіретін көлік бағдарламасы арқылы келіп жетті және Ойындар атлеттеріне берілуге дайын.

 

▲ Уругвай құрамасының ескекшісі Бруно Четрано Берриоло, Олимпиадалық және Параолимпиадалық ауылдағы «Olympic™ rendezvous @ Samsung» көрме орталығында Galaxy Z Flip6 Olympic Edition алғашқылардың бірі болып алды.

 

▲ Мозамбик құрамасының атлеті Дейзи Нхакиле өзінің Galaxy Z Flip6 Olympic Edition және Токиода өткен олимпиадағы S21 Olympic Edition көрсетеді.

 

▲ Оңтүстік Африканың құрамасы «Olympic™ rendezvous @ Samsung» көрме орталығында өздерінің Galaxy Z Flip6 Olympic Edition селфи түсірді.

 

▲ Германия құрамасы «Olympic™ rendezvous @ Samsung» көрме орталығында өздерінің Galaxy Z Flip6 Olympic Edition селфиларымен бөлісуде.

 

▲ Ұлыбритания құрамасы Olympic™ rendezvous @ Samsung» көрме орталығында өздерінің Galaxy Z Flip6 Olympic Edition селфи үшін әр түрлі кейіпте суретке түсіп жатыр.

 

▲ Аустралия құрамасы, Аран Залевски, Том Крейг және Кай Уиллотт, Olympic™ rendezvous @ Samsung» көрме орталығында өздерінің Galaxy Z Flip6 Olympic Edition алған соң селфи түсіруде.

 

▲ Франция құрамасы, Тициана Распо, Камелия Булукбачи және Пасифая Лалу Стефани Мартино Пере, Olympic™ rendezvous @ Samsung» көрме орталығында өздерінің жаңа Galaxy Z Flip6 Olympic Edition суретке түсуде.

 

▲ Корея құрамасы, Нам Сухён, Лим Сихён және Чон Хунён, Olympic™ rendezvous @ Samsung» көрме орталығында өздерінің жаңа Galaxy Z Flip6 Olympic Edition көрсетуде.

 

▲ АҚШ құрамасы, Кейси Кауфхолд және Дженнифер Мусино-Фернандес, «Olympic™ rendezvous @ Samsung» көрме орталығында өздерінің жаңа арнайы төс белгілерін және Samsung Galaxy Z Flip6 олимпиадалық тысқаптарын мақтанышпен көрсетуде.

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары