Samsung компаниясы жүлделік қоры 10 млн. теңгеден асатын Samsung Innovation Campus хакатонын өткізді

04.07.2023
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Samsung Electronics компаниясы жүлделік қоры 10 млн. теңгеден асатын Samsung Innovation Campus басшылығымен Қазақстанның оқушылары мен студенттеріне арналған бірінші хакатонды өткізді, оған Қазақстанның әр түрлі қалаларынан 200 астам қатысушы қатысты.

 

Samsung Innovation Campus хакатонының қатысушылары

 

Samsung Innovation Campus Hackathon, атап айтқанда бұл іс-шара осылай аталды, классикалық хакатон форматында өтті. Бүкіл Қазақстан аумағынан 370-тен астам оқушы мен студент өтінімдер беріп, ойлардың сайысына қатысуға ниет білдірді және олардың ішінде 200-ден астамы шын мәнінде қатысты. Қатысушыларда жобаларды әзірлеуге 24 сағат болды, бірақ оның алдында олар келген қонақтардан дәрістер мен баяндамалар форматында болған білім беру кезеңінен өтті. Іс-шара ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен Astana IT университетінің аумағында өтті.

 

Хакатон кезінде қатысушылар Epam, Jusan Bank, Kolesa Group, CITIX, Sistematika IT компаниялары сияқты баяндамашылардың баяндамаларымен танысты. Баяндамашылар қатысушыларға нейронды желілермен, жасанды интеллектпен, машиналық оқытумен және көптеген басқа да алдыңғы қатарлы технологиялармен жұмыс жасаудың қыр-сырларымен бөлісті.

 

Оқушылар мен студенттер үлкен жұмысты өткізді және «Қосымшалар мен бағдарламалар» және «Ақылды құрылғылар» санаттарында 46 қызықты жобаны әзірлеп жасады. Бөлінген 24 сағат аяқталғаннан кейін білікті қазылар алқасының алдында жобаларды қорғау өтті.

 

Марапаттау рәсіміне ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, сондай-ақ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірінші вице-министрі Қаныш Тілеушин қатысты.

 

Қос санаттың жеңімпаздары 750 000 теңге, 1 500 000 теңге және 2 500 000 теңге сомасына сертификаттармен марапатталды, бұл тиісті 3 орыннан 1 орынға дейінгі жүлделер, сондай-ақ жеңімпаз команданың әрбір қатысушысы LinkedIn платформасындағы курстарға жылдық қол жетімділікті алды.

 

“Қосымшалар және бағдарламалар” санатындағы жеңімпаздар – Астанадан келген 1shrek командасы.

 

«Ертегілерді оқуға арналған интерактивті қосымша» жобасымен 1shrek командасы «Бағдарламар мен қосымшалар» санатында жеңімпаз атанды. «B-qazaq» ұялы қосымшасымен Apelsinus командасы «Күмісті» алды. Қостанай қаласынан Learnify командасы 3 орынды алды.

 

Баламалы интерактивті тақтаны құру бойынша жобасымен «Bots» командасы «Ақылды құрылғылар» санатында жеңімпаз атанды. Бастауыш сыныптардың оқушыларына арналған кешенді дене шынықтыру ойыны бар «Balam» командасы 2 орынды алды және Qorgau роботының жобасымен «TeSavants» командасы 3 орынды иеленді.

 

“Ақылды құрылғылар” санатының жеңімпаздары – Астанадан келген bots командасы

 

«Біз өте қатты қобалжадық және хакатонда қатысуымыз туралы алаңдадық. Шынын айтқанда, біз жеңіске жетеміз деп ойлаған жоқпыз, себебі өте көп қызықты жобалар болды, бірақ қазылар алқасы бізді таңдады. Біз оларға, ұйымдастырушыларға және бізге сенім білдірген барлық жандарға бұл үшін өте риза болып, алғысымызды айтамыз» – дейді хакатоннан кейін 1Shrek командасының қатысушысы Асел.

 

Samsung Innovation Campus – бұл 2017 жылы іске қосылған жоба, онда әр түрлі жастағы оқушылар мен студенттер ұялы құрылғыларды жасауға, Big Data-мен жұмыс немесе ЖИ және машиналық оқу бойынша курс сияқты заманауи IT қабілеттерге тегін оқып үйренеді.

Компанияның жаңалықтары > Корпоративті жауапкершілік

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары