Samsung 2025 жылғы теледидарлар мен саундбарларға арналған, Google-мен бірлесіп әзірленген, Eclipsa Audio 3D технологиясын ұсынады
Eclipsa Audio – Crystal UHD-ден Neo QLED 8K-ге дейін Samsung-тың 2025 жылғы теледидарлар топтамасында қолжетімді болады
Жаңа технология озық 3D-дыбысталуының көлемді дыбыс тәжірибесін ұсына отырып, үйдегі ойын-сауықты түрлендіреді
Samsung Electronics компаниясы Google-мен серіктестікте жасалған Eclipsa Audio – революциялық 3D дыбыс технологиясын 2025 жылғы теледидарлар мен саундбарлар желісіне енгізгенін жариялады. Бұл инновация контент жасаушыларға динамикалық және қызықты аудио материалдарды жасауға мүмкіндік береді, сонымен қатар олардың Samsung құрылғыларында мінсіз ойнатылуын қамтамасыз етеді – әсерлі аудио және бейнеконтенті бұрын – соңды болмағандай қолжетімді бола түседі.
«Біз Eclipsa Audio-ны 2025 жылға арналған теледидарларымыз бен саундбарларымызға біріктіру арқылы индустрияның көшін басқаратынымызды мақтан тұтамыз», – деп атап өтті Samsung Electronics атқарушы вице-президенті және R&D Visual Display Business тобының басшысы Таён Сон (Taeyong Son). – Бұл инновация көлемді дыбыстың жаңа мүмкіндіктерін ашады және үйдегі ойын-сауықтың болашағын қалыптастырудағы біздің шынайы берілгендігімізді ашып көрсетеді».
Үйдегі ойын-сауық саласындағы инновациялар
Samsung 18 жыл қатарынан теледидар нарығында әлемдік көшбасшы бола отырып, Eclipsa Audio көмегімен үйдегі ойын-сауықты басқаша ойластыруда. Диагоналы 75 дюймден асатын ТЕЛЕДИДАРЛАР нарығының ең үлкен үлесін ала отыра, Samsung бұл озық технологияны одан да көп пайдаланушылар үшін қолжетімді етуге ұмтылады.
Eclipse Audio контент жасаушыларға орналасу, қарқындылық және кеңістіктік шағылысу сияқты әсерлі үш өлшемді дыбысты қамтамасыз ету үшін дыбыс параметрлерін реттеуге мүмкіндік береді.
Eclipsa Audio-ны енгізген алғашқы компания ретінде Samsung бұл технологияны Crystal UHD сериясынан бастап Neo QLED 8K премиум флагмандарына дейінгі – барлық 2025 теледидар топтамасына біріктіреді. Бұл тұтынушыларға өз қажеттіліктеріне сәйкес құрылғыны таңдауға және озық аудио технологиялардан ләззат алуға мүмкіндік береді.
Контент пен жаңғырту мүмкіндіктерін кеңейту
2025 жылдан бастап контент жасаушылар Eclipse Audio жаңғыртулары бар бейнелерді YouTube платформасына жүктей алады. 2025 Samsung құрылғыларының иелері қол жетімді болған кезде жақсартылған кеңістіктік дыбысы бар бейнелерді көре алады.
Тұрақты дыбыс сапасын қамтамасыз ету үшін Samsung және Google Телекоммуникациялық технологиялар қауымдастығымен (TTA) Eclipsa Audio қолдайтын құрылғыларды сертификаттау бағдарламасын құру үшін серіктес болып, пайдаланушыларға жоғары дыбыстық дәлдік стандарттарына кепілдік береді.
«Eclipsa Audio біздің дыбысты қабылдауымызды өзгерте алатынына сенімдіміз», – деді Google Chrome инженерлік даму жөніндегі вице-президенті Джим Банкоски (Jim Bankoski). Біз бұл технологияның жаңа, инновациялық аудио эффектілерді жасау үшін қалай белсенді қолданылатын көруді асыға күтудеміз».
БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері
Өнімдер > Теледидар мен аудио
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.