Samsung өзінің АІ теледидарларында жекелендірілген 4K кескіндерін ұсына отырып, генеративті аяны қамтиды
Жасанды интеллектке негізделген жаңа мүмкіндік пайдаланушыларға Ambient Mode режимінің арқасында 4k форматында жекелендірілген кескіндерді тамашалауға мүмкіндік береді
Samsung Electronics 2024 Neo QLED және Tizen ОЖ негізіндегі QLED модельдері үшін «Генеративті ая» функциясының іске қосылғанын жариялады. Бұл жаңа мүмкіндік пайдаланушыларға тамашалау тәжірибесін жекелендірудің бірегей әдісін ұсына отырып, теледидар дисплейін жақсартатын теңшелетін 4K кескіндерін жасау үшін жасанды интеллектті пайдаланады.
«Генеративті аялар тұтынушыларымыздың экрандарына жекелендірудің жаңа өлшемін әкеледі, бұл олардың теледидарларын өзінің стилін нақты көрсететіндей етіп реттеуге мүмкіндік береді», – дейді Samsung Electronics компаниясының Visual Display business бөлімшесінің атқарушы вице – президенті Чолги Ким (Cheolgi Kim). «Жасанды интеллект шекараларын кеңейтуді жалғастыра отырып, біз үйдегі ойын-сауықтың түрлендірілуін және пайдаланушылардың экрандарымен өзара әрекеттесу тәсілдерін өзгертуін асыға күтеміз».
«Генеративті аялар» көмегімен Samsung үй декорына оңай енетін және жайлы және қызықты атмосфераны қамтамасыз ететін жоғары сапалы визуалды эффектілерді ұсынады. Функция ауа-райы жаңартулары, жаңалықтар және уақыт сияқты пайдалы ақпараттарды қоса алғанда, теледидарды визуалды эффекттерге арналған холстқа айналдыратын Samsung-тан Ambient Mode режимінде қол жетімді болады. Функцияны қолдану үшін пайдаланушыларға Ambient Mode мәзіріне өтіп, батырманы басып және «Бақытты мереке» немесе «Сауық кеші» сияқты тақырыптардың бірін таңдау жеткілікті. Осыдан кейін Samsung-тың жетілдірілген жасанды интеллекті пайдаланушының үй жағдайымен үйлесетін керемет 4K визуалды бейнемен қамтамасыз етеді.
«Генеративті аялар» осы айда Оңтүстік Кореяда, Солтүстік Америкада және Еуропада пайда болады, жаһандық қолжетімділік 2025 жылға жоспарланған.
БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері
Өнімдер > Теледидар мен аудио
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.