Samsung әлемдік саундбар нарығында 10 жыл қатарынан көш бастап келеді
Samsung Electronics компаниясы 2014 жылдан бастап 2023 жылға дейін, 10 жыл қатарынан әлемдік саундбар нарығында көшбасшылығын сақтауда. Бұл туралы FutureSource Consulting жыл сайынғы баяндамасында айтылған. 28 ақпанда жарияланған соңғы деректер 2023 жылы Samsung 20,3% нарық үлесімен көш бастап тұрғанын және өнеркәсіптің жалпы сатылымындағы үлесі 18,8% екенін көрсетеді.
Көптеген жылдар бойы Samsung үйдегі ойын-сауық жүйелерінің стандартын үнемі арттырып келеді, ал компанияның саундбарлары жоғары дыбыс сапасы мен жаңашыл инновациялары бар құрылғылар беделіне ие болуда. Q-Symphony және SpaceFit Sound сияқты фирмалық мүмкіндіктер пайдаланушыларға қоршаған ортаға дәл бейімделген терең әсер ететін дыбыс тәжірибесін ұсына отырып дыбыс саласында революция жасады.
Бұл кемелдіктің стандартын сарапшылар мен шолушылар мойындады: T3 журналы HW-Q990C құрылғысына иммерсивті дыбыс пен «ерекше нысанды дыбысы» үшін «Үздік саундбар» атағын берді, ал HomeTheaterReview саундбарды «Редактор таңдауы» деп атап «Ол арқылы қандай контентті ойнасаңыз да керемет естіледі» деген пікір білдірді.
Биылғы жылы Samsung пайдаланушылар мен үй кинотеатрын ұнататындарды баурап алу үшін жақсартылған AI аудио мүмкіндіктері мен қосылым опцияларын ұсынып, саундбарлар желісінің шекарасын кеңейтуді жалғастыруда.
HW-Q990D – Q сериялы флагмандық саундбары – әсерлі 11.1.4-арналы көлемді дыбысты және жаңартылған Q-Symphony мүмкіндігін ұсынады. Жасанды интеллект арқылы жұмыс істейтін құрылғы дауыс арналарын талдайды және синхрондайды, бұл барлық динамиктерде анық диалог пен әсерлі дыбыс көрінісін береді. Дыбысты теңшеу үшін SpaceFit Sound Pro-мен жұптастырылған, саундбар кез келген кеңістікте әсерлі дыбыспен қамтиды, ал HDMI 2.1 және 4K/120 Гц passthrough жаңауи үйдегі ойын-сауық жүйелерінің талаптарына сәйкес келетін қосылым опцияларын ұсынады.
«Біз саундбарлар нарығының көшбасшысы ретінде тағы да танылғанымызға қуаныштымыз және бұл маңызды кезең біздің пайдаланушыларымыздан жылдар бойы алған оң пікірлерін көрсетеді, – – деді Чеолги Ким (Cheolgi Kim), Samsung Electronics компаниясының Visual Display Business бөлімшесінің атқарушы вице-президенті. – Осы табысқа сүйене отырып, біз тұтынушылар тәжірибесін және Samsung компаниясының әлемдік нарықтағы орнын нығайту үшін AI-мен жұмыс істейтін аудио технологияларды пайдалана отырып, жоғары дыбыс сапасы мен жақсартылған қосылымы бар үйдегі ойын-сауық шекараларын одан әрі ілгерілетеміз».
Өнімдер > Теледидар мен аудио
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.