Samsung компаниясы Samsung Health қосымшасында дәрілерді қадағалаудың жаңа функциясын жария етеді

21.12.2023
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Енді пайдаланушылар Samsung Health қосымшасының көмегімен дәрілерді қабылдауды ыңғайлы қадағалаудың және оларды қабылдау бойынша пайдалы кеңестер алудың мүмкіндігін иеленеді

 

Samsung Electronics компаниясы Samsung Health2 қосымшасына дәрілерді қадағалаудың1 жаңа функциясы қосылатынын жария етті. Оның көмегімен пайдаланушылар өз денсаулығымен одан да кешенді айналыса алатын болады. Жеке алғанда, жаңа функция пайдаланушыларға рецептті талап ететін және рецептті талап етпейтін дәрілерді оңай қадағалауға көмектеседі, ол сондай-ақ препараттарға байланысты маңызды да, өзекті ақпаратты және кеңестерді ұсынатын болады. Әсіресе бұл ақпарат дәрілерді және/немесе жалпы көңіл-күйді жақсарту үшін биологиялық белсенді қоспаларды тұрақты түрде қабылдайтындар үшін пайдалы болады.

 

«Samsung Health мақсаты – адамдарға өз денсаулығын жақсырақ түсінуге көмектесу және құрылғыларды, сервистерді және адамдарды біріктіретін толық қанды платформа арқылы оны қолдау» – дейді Samsung Electronics компаниясының MX Business департаментінің сандық денсаулық сақтау тобының бастығы және вице-президент Хон Пак (Hon Pak). Ол сондай-ақ: «Біз дәрілерді қадағалаудың жаңа функциясы пайдаланушыларға дәрілерді қабылдау үрдісін басқаруды одан да ыңғайлы ететіндігіне және денсаулықтарын тұтастай сақтауға мүмкіндік беретіндігіне сенімдіміз» – деді.

 

Samsung Health қосымшасында таңдалған дәрінің атауы енгізілгеннен кейін «Дәрілер» функциясы пайдаланушыларға толығырақ ақпарат ұсынады, соның ішіне: дәрінің жалпы сипаттамасы, сондай-ақ орын алуы мүмкін қосалқы әсерлер туралы ақпарат кіреді. Сондай-ақ дәрінің басқа дәрілермен әсері немесе белгілі бір тағамдармен және кофеин мен алкогольді ішімдіктер сияқты заттармен бірге қабылдағанда олардың өзара әрекеттесуі нәтижесінде орын алу мүмкін қосалқы әсерлер көрсетіледі. Мысалы, егер пайдаланушы Симваститин деген рецептті препаратты қабылдаса, Samsung Health қосымшасы оны бұл препарат грейпфрут шырынымен біріксе, қандай күрделі қосалқы әсерлерге алып келетіндігі туралы хабардар етеді. Пайдаланушылар тіпті өз дәрілерінің пішіні мен түсін тіркей алады, бұл оларға қабылданатын дәрілерді оңай ажыратуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жаңылыс орын алмас үшін дәрілерді қабылдау мөлшерін, қабылдау уақытын және басқа да мәліметтерді енгізуге болады.

 

Пайдаланушылар дәрілерді қабылдау және толықтыру қажеттілігі туралы ескертетін хабарламаның қалқып шығуын реттей алады. Бұл хабарламалар нақты пайдаланушыға икемделіп жасалады, сол себепті «Дәрілер» функциясы дәрілердің басымдылығын олардың маңыздылығына сүйене отырып анықтай алады. Samsung Health қосымшасы жіберетін хабарламалар белгілі бір рецепттің маңыздылығына және жеделдігіне байланысты жалықтырмайтын немесе белсенді болуы мүмкін. Пайдаланушылар өмірлеріне маңызды дәрілері үшін тиісті хабарламаны белгілей алады, ол смартфонның экран бетін толықтай алатын, ұзақ дыбыстық дабылмен ілесетін ескертпе хабарламасын шығарады. Дәрумендер сияқты қоспалар үшін пайдаланушының көңілін алмайтын жай қалқымалы хабарлама шығарылады. Galaxy Watch смарт-сағатының пайдаланушылары телефоннан алыс болса да, дәріні уақытында қабылдау үшін сондай-ақ білектеріне тікелей хабарламаны алады.

 

Samsung Health қосымшасы денсаулық сақтау саласындағы бірқатар озық функциялардың қатарын ұсынады, соның ішіне: ұйқыны басқаруға3, ойлау қабілетін жақсартуға және тұрақсыз жүрек ырғағын анықтауға4 бағытталған функциялар кіреді.

Дәрілерді қабылдауды қадағалаудың жаңа функциясымен жабдықталған Samsung Health шын мәнінде тұтастай сауықтыру тәжірибесін қамтамасыз етеді, ол дәрілерді қабылдауды ұмыттырмай, пайдаланушыларға салауатты өмір салтын ұстануға көмектеседі.

 

Samsung Health “Дәрілер” функциясы пайдаланушыларға дәрілерді қабылдаудың тізімін және кестесін басқаруға арналған. Ұсынылған ақпарат нақты деректерге негізделген және ақпарат пен аналитика саласының әлемдік көшбасшысы Elsevier компаниясында лицензияланған.
Бұл үшін смартфонда ОЖ-нің Android 8.0 немесе одан жаңа нұсқасы және Samsung Health қосымшасының 6.26 немесе одан жаңа нұсқасы болуы қажет. Функциялардың қол жетімділігі құрылғыларға тәуелді өзгеше болуы мүмкін.
Ұйқы функциясы тек жалпы сауықтыру мен фитнес үшін арналған. Өлшеулер тек пайдаланатын тұлғаны жеке хабардар ету үшін арналған. Кеңес алу үшін медицина маманына хабарласыңыз.
IHRN функциясы тек кейбір елдерде қол жетімді. Ол Wear ОЖ-нің 4.0 немесе одан жаңа нұсқалардағы құрылғыларда қол жетімді. Ол АФИБ (AFIB – жүрекалды фибрилляциясын және гипертонияны ерте диагностикалау үшін артериалдық қысымды өлшеудің жетекші сандық технологиясы) бар болуын куәландыратын тұрақсыз жүрек ырғағының әрбір эпизоды туралы хабарламалар ұсынуға арналмаған, хабарламаның болмауы дерттің жоқтығын білдірмейді.Ол басқа танымал аритмиялары бар пайдаланушылар үшін арналмаған. Функциялар Samsung Health Monitor қосымшасы арқылы қолданылады.
Оның қол жетімділігі елге немесе құрылғыға тәуелді болады. Программалық жасақтама оны медициналық құрылғы (SaMD) ретінде растауды/тіркеуді талап ететін елдердің шектеулеріне байланысты қазіргі таңда тек қызмет көрсету қол жетімді елдерде сатып алынған сағаттарда және смартфондарда жұмыс жасайды (алайда қызмет көрсетуді ұсынбайтын елдерге көшкен кезде қызмет көрсету шектеулі болуы мүмкін). Бұл қосымша тек 22 жастан және одан асқан пайдаланушылар үшін арналған.

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Өнімдер > Ұялы құрылғылар

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары