Samsung «BESPOKE AI-ға қош келдіңіз» іс-шарасында жасанды интеллектпен жұмыс істейтін жаңа тұрмыстық техниканы таныстырады

05.04.2024
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Samsung Electronics компаниясы 3 сәуірде Сеул (Корея) қаласында өткен «BESPOKE AI-ға қош келдіңіз» БАҚ өкілдеріне арналған шарасында өзінің 2024 жылғы Bespoke AI тұрмыстық техникалар желісін ұсынды. Озық жасанды интеллект технологияларымен және SmartThings мүмкіндіктерімен жабдықталған бұл жаңа өнімдер, гипербайланысқан экожүйенің арқасында, тұтынушыларға ыңғайлы болу үшін маңызды қадам болып табылады.

 

Samsung Newsroom шараға қатысып, жасанды интеллект күнделікті үй шаруасын қалай өзгертетінін біліп қайтты.

 

Bespoke AI «барлығына арналған AI» принципін бейнелейді

 

Директорлар кеңесі төрағасының орынбасары және бас директор Чон Хи Хан «BESPOKE AI-ға қош келдіңіз» конференциясында кіріспе сөз сөйлеу сәті.

 

Чон Хи Хан (Jong-Hee Han), Samsung Electronics компанияның Device eXperience (DX) бөлімшесінін төрағаның орынбасары және бас директоры кіріспе сөз сөйлеп, Bespoke AI компанияның «барлығына арналған AI» – қауіпсіздікті, тұрақтылықты және қолжетімділікті арттыру арқылы өмір сапасын жақсарту – тұжырымдамасын қамтитынын атап өтті.

 

 

«Біз AI-көру, AI-дауыс және AI-деректер технологияларын қолданамыз және жаңа мүмкіндіктер ұсынамыз, соның арқасында тұрмыстық техниканы бақылауға және интуитивті түрде қосуға болады», – деді ол.

 

Bespoke AI жаңа өнімдері пайдаланушылардың өмірін қалай өзгертетіні туралы Су Хён Сон айтып жатыр.

 

Samsung Electronics компаниясының Digital Appliance (DA) бөлімінің қызметкері Су Хён Сон (Su-Hyeon Seong), жасанды интеллект пен қосылу технологияларындағы соңғы жаңартулар жекелендірілген пайдаланушы тәжірибесін жасауда жаңа инновацияларға әкеледі деп санайды.

 

«Мен күнделікті өмірімізде көбірек еркіндікті тағатсыздана күтемін», – деді ол.

 

Чол-Мин Ём тұрмыстық техниканың 2024 Bespoke AI желісін ұсынуда.

 

«Соңғы өнімдер қазір жоғары өнімді AI чиптерімен, камераларымен және сенсорларымен жабдықталғандықтан, біз пайдаланушының өзара әрекеттесуін айтарлықтай жақсарттық», – деді Чол-Мин Ём (Cheol-Min Yeom), DA бөлімшесінің қызметкері.

 

SmartThings пайдаланушыларға энергияны үнемдеуге қалай көмектесетінін Се-Рим Чон түсіндірді.

 

«Біз қоршаған ортаға жүктемені азайтатын және тұтынушыларға қауіпсіз, тұрақты тұрмыстық техниканы қолайсыздықсыз пайдалануға мүмкіндік беретін технологияларды дамытуға инвестиция салуды жалғастырамыз», – деді DA бөлімшесінің қызметкері Се-Рим Чон (Se-Rim Jeong).

 

Жасанды интеллект арқылы үй кеңістікке жаңа көзқараспен қарау

 

Келушілер Security & Easy Connection Zone аймағындағы SmartThings мүмкіндіктеріне қызығушылық танытуда.

 

Experience Zone аймағында қонақ бөлме, кір жуатын бөлме және ас үй сияқты таныс үй кеңістіктері құрылған – мұнда Samsung өзінің ең пайдалы қызметтерін көрсетті. Security & Easy Connection Zone аймағында келушілер Smart Forward құрылғыларын үнемі жаңартып отыратынын, ал Samsung компаниясының бірегей қауіпсіздік жүйесі Samsung Knox пайдаланушылардың жеке ақпаратын қалай қорғайтының көрді. Сонымен қатар, келушілер Calm Onboarding құрылғыларды SmartThings-ке қалай қосатынын және сатып алғаннан кейін құрылғыларды тіркеу қиындықтарын азайтатынын білді.

 

BESPOKE AI Experience Zone аймағында ұсынылған AI 2024 тұрмыстық техникасы.

 

Смартфонды Family Hub™ қолданбасына түрту арқылы тоңазытқыш экранында бейнелерді қараңыз.

 

Bespoke AI Experience Zone аймағында келушілер AI Family Hub™+ бар 4 есікті Bespoke Flex тоңазытқышындағы Tap View функциясын және 2024 жылғы Bespoke AI өнімдерін сынады. Енді пайдаланушылар фильмді немесе телебағдарламаны көруді жалғастыру үшін, жай ғана есікті түрту арқылы смартфон экранынан суреттерді немесе бейнелерді тоңазытқыш дисплейіне аудара алады.

 

Сонымен қатар, пайдаланушылар AI Vision Inside көмегімен азық-түлік пакеттеріндегі жарамдылық мерзімін тексере алады немесе Samsung Food арқылы жеке рецепт ұсыныстарын сұрай алады.

 

3D Map View көмегімен SmartThings-ке қосылған тұрмыстық техниканың орны мен күйін тексеріңіз.

 

Келушілер Bespoke AI Combo™, «барлығы біреуінде» кір жуғыш және кептіргіштің демонстрациясын көруде.

 

Bespoke AI Laundry Combo™ кір жуғыш пен кептіргіштің функцияларын «барлығы біреуінде» шешімге біріктіреді. Жасанды интеллект технологиясын пайдалана отырып, Bespoke AI Laundry Combo™ пайдаланушының қажеттіліктеріне негізделген оңтайлы жуу циклдарын ұсынады. Сонымен қатар, 7 дюймдік СК-экраны және AI қосылған Bixby дауысты тану пайдаланушы ыңғайлығын арттырады.

 

Bespoke Jet Bot Combo™ робот шаңсорғышы зарарсыздандыру функциясымен жабдықталған.

 

Bespoke Jet Bot Combo™ шаңды кетіреді, еденді жуады және швабраны бу арқылы зарарсыздандырады. Кедергілерді тану және айналып өту арқылы шаңсорғыш есеп береді, осылайша пайдаланушы тазалау қаншалықты жақсы орындалғанын анықтай алады.

 


Bespoke AI Experience Zone және AI Technology Zone аймақтарында AI Saving Mode және Samsung Rewards режимдері ұсынылған.

 

AI Energy Saving Zone және AI Technology Zone аймақтарында келушілер AI көмегімен электр қуатты үнемдеуді үйренді. AI Energy Mode режимі жиналғандардың ерекше назарын аударды – қоршаған ортаны қорғау және электр қуатты үнемдеу мүмкіндіктерінің арқасында.

 

Осы жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған Samsung Rewards бағдарламасы пайдаланушыларды күнделікті өмірде энергияны белсенді түрде үнемдеуге шақырады.

 

For a Sustainable Future Zone аймағында экологиялық таза технологиялар ұсынылған.

 

For a Sustainable Future Zone аймағында энергия тиімділігі саласындағы инновациялық шешімдер ұсынылды, соның ішінде қуатты үнемдейтін инверторлы AI-компрессоры, Reduced Fire Risk (Өрт қаупін төмендету) сертификаты және микропластиктерді азайтатын сүзгілер. Bespoke AI Hybrid тоңазытқышы гибридті салқындату технологиясын, термоэлектрлік элементтері бар инверторлық AI-компрессормен біріктіру арқылы максималды қуат үнемдеуді қамтамасыз етеді.

 

 

«BESPOKE AI-ға қош келдіңіз» шарасында Samsung тұрмыстық техниканың болашағына деген көзқарасын білдірді. Samsung тұрмыстық техникасы – бұл күнделікті өмірде қолданылатын құралдар ғана емес, ол тиімділік, қосылу және жекелендірудегі инновациялар арқылы пайдаланушылардың өмірін өзгертуге уәде береді.

 

Компанияның жаңалықтары > Әлемде

Өнімдер > Тұрмыстық техника

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары