Samsung компаниясы The Frame атты атақты суретші Кит Харингдің топтамасын ұсынады

01.12.2023
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Бүкіл әлем бойынша миллиондаған пайдаланушылар үшін Samsung Art Store дүкенінде Кит Харингтің он екі заманауи әйгілі өнер туындысы енді қол жетімді

Дисплейлерді өндіріп шығару облысындағы әлемдік көшбасшы Samsung Electronics компаниясы 1 желтоқсаннан бастап Samsung Art Store1 дүкенінде Кит Харингдің (Keith Haring) әйгілі туындыларының жаңа топтамасының сатылымының басталуы туралы жариялайды. Топтамада ХХ ғасырдың аңызға айналған суретшінің 122  ең танымал өнер туындысы ұсынылған, осының арқасында оның ұмытылмас мұрасы бүкіл әлем бойынша үйлерде пайда болады.

 

«Біз Samsung Art Store дүкеніне бұл заманауи шебердің күшін және өмірлік энергиясын алып келуге қуаныштымыз» – дейді Samsung Electronics компаниясының визуалды дисплейлер бөлімшесінің атқарушы вице-президенті Селин Сангсук Хан (Seline Sangsook Han). Ол сондай-ақ: «Кит Харинг бүкіл әлем бойынша танылатын визуалды тілді ойлап тапты және біз осы туындыларды сандық платформада ұсынуға қуаныштымыз, себебі бұл жаһандық аудиторияға үйлерінде олармен тамсануға мүмкіндік береді» – деді.

 

Кит Харинг – өз заманының ең танымал жас суретшілерінің бірі. Ол өз туындыларында 1980 жылдардың Нью-Йорк қаласының қалалық көше мәдениетін шоғырландырды. Қалаға тән көше өнерімен шабыттанған Харинг өз туындыларын бүкіл әлем бойынша галереяларда, мұражайларда көпшіліктің назарына шығара бастады. Ол сондай-ақ сауатсыздыққа және ЖИТС-ке қарсы күрес кампанияларын қосқандағы әлеуметтік жобаларға қатысты.

 

Енді пайдаланушылар Samsung Art Store дүкенінде «Сәуледей жарқын бала», «Ретроспектива» және «Атауы жоқ (Билеп жатқан иттер)» сияқты туындыларды орната алады, бұл Харингтің аңызға айналған өнер туындыларын бүкіл әлем бойынша сатып алушылар үшін одан да қол жетімді етеді. Сонымен қатар, арнайы жасалған жиынтық қабырғаларының 16:9 арақатынасымен The Frame экраны үшін іріктелген және оңтайландырылған.

 

«Samsung Art Store дүкенімен ынтымақтастық – әлемдік аудиторияға Кит Харингтің аңызға айналған туындылары туралы баяндаудың тамаша мүмкіндігі» – дейді Кит Харинг студиясының мүддесін білдіретін Брендтерді лицензиялау және консалтинг бойынша халықаралық агенттік Artestar компаниясының президенті және негізін қалаушы Дэвид Старк (David Stark). Оның сөзінше, Кит «өнер – баршаға» принципін басшылыққа ала отырып өмір сүрді және The Frame оның туындыларына жанкүйерлердің және жаңа қызушылық білдірген жандардың үйлерінде орын табуға мүмкіндік береді. Ол сондай-ақ «Біз осы топтама Харингке және оның мұрасына қызушылықты арттырады деп үміттенеміз» – деді.

 

Харинг өзінің мансабы бойы өнер туындыларын тек шығармашылық мақсатта ғана емес, сондай-ақ өз қоғамының өмірін жақсарту үшін жасады. Ол ауруханалардың, панасыз балалар топтарының және денсаулық саласының әр түрлі қоғамдық ұйымдарының пайдасына көптеген фрескаларды, мүсіндерді жасаған, суреттерді салған. Оның қоры Харингтің туындыларын естелікте қалдыру үшін мұражайлармен, галереялармен, баспалармен және шығармашылық білім беру бағдарламаларының тәлімгерлерімен ынтымақтастықта жұмыс жасайды. Харинг бірнеше халықаралық ретроспективалардың нысанына айналды, ал оның туындылары ірі жеке меншік және мемлекеттік топтамаларда, соның ішінде Заманауи өнер мұражайында, Уитни американдық өнер мұражайында және көптеген басқа жерлерде орнын тапты.

 

2017 жылы Samsung Art Store дүкені құрылған сәттен бастап, ол пайдаланушылар әйгілі өнер туындыларымен және құнды топтамалармен үйден шықпай танысу үшін атақты суретшілермен, мұражайлармен және шығармашылық галереялармен ынтымақтастықта жұмыс жасады. Осы топтамамен қатар, Samsung Art Store дүкенінде Густав Климт, Кандинский және Ван Гог сияқты шеберлердің мыңдаған қосымша сандық өнер туындылары, сондай-ақ онда Лондондағы Тейт мұражайын, Мадридтағы Прадо мұражайын және Венадағы Бельведер мұражайын қосқанда ірі әлем өнер ордаларының сандық өнер туындылары ұсынылған.

 

The Frame және Samsung Art Store туралы қосымша ақпаратты samsung.com сайтынан таба аласыз.

 

Samsung Art Store дүкенінде жазылымның болуы қажет.

Қол жетімді туындылардың саны аймаққа тәуелді әр түрлі болуы мүмкін.

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Өнімдер > Теледидар мен аудио

Жүктеу

  • Keith-Haring-Radiant-Baby_dl1-1.jpg

  • Keith-Haring-Retrospect_dl2-1.jpg

  • Keith-Haring-Retrospect_dl3-1.jpg

  • Keith-Haring-Untitled_Dancing-Dogs_dl4-1.jpg

  • Keith-Haring-Untitled_Dancing-Dogs_dl5-1.jpg

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары