Samsung компаниясының тұрмыстық техникасы Carbon Trust ұйымының «Өнімнің көміртек ізі» сертификатын иеленді

11.01.2024
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Сертификат тоңазытқыштар, кір жуғыш машиналар және кондиционерлер сияқты өнім санаттарында 10 моделдің толық қолданыс циклі ішінде шығарылатын көміртегі газының шығыс көлемін нақтылайды.

 

Samsung Electronics компаниясы өндіріп шыққан тұрмыстық техниканың он моделі (Digital Appliances Business) үш өнімдік санатта Carbon Trust ұйымынан «Өнімнің көміртек ізі» (Product Carbon Footprint) атты сертификатты иеленді. Ол Carbon Trust  ұйымы PAS 2050:2011 әлемдік стандартының негізінде аталған өнімдерді өндіруге және пайдалануға байланысты шығарылған көміртегі газдарының шамасын өлшеп растағанын дәлелдейді.

 

«Біздің тұрмыстық құралдарымыздың Product Carbon Footprint сертификатын иеленуі – біз үшін өте маңызды жетістік» – дейді Samsung Electronics компаниясының атқарушы вице-президенті және сандық тұрмыстық техника (Digital Appliances Business) бөлімшесінің ҒЗТКЖ командасының жетекшісі Чжон Сын Мун (Jeong Seung Moon).

 

Carbon Trust – бұл климаттың өзгеруімен күресу мәселелері жөнінде кеңес беретін халықаралық ұйым. Оның мақсаты көміртегі газы шығарылмайтын болашақты құруды жақындату болып табылады. Оның негізі Ұлыбританияда қаланды және ол халықаралық стандарттарға сәйкес әр түрлі өнімдердің көміртек ізін сертификациялау арқылы бүкіл әлем бойынша жұмыс істейді.

 

Samsung өнімдері алған сертификат өнімнің қолданыс циклінің барлық кезеңдерінде: шикізат алынған сәттен бастап өндірілген, дистрибуцияланған, пайдаланылған және жойылған сәтке дейін шығарылатын жылыжай газдарының шығыстарын ескереді.

 

Сертификат он модельге берілді, соның ішіне төменгі мұздатқыш камерасы бар тоңазытқыштардың1 үш моделі, Еуропада сатылатын тұрмыстық бөлмелерге арналған WindFree™ желсіз режімі бар кондиционердіңбір моделі, Оңтүстік Кореяда сатылатын Bespoke Grande  кір жуғыш машинасының3 алты моделі кіреді.

 

Samsung Electronics компаниясы болашақта алынған деректерді аталған өнімдік санаттардағы кейінгі модельдерді өндіру кезінде шығарылатын шығыстарды бағалау және олардың көлемін реттеу үшін пайдалануды жоспарлап отыр.

 

RB38A7CGTS9/EF, RB38A7CGTS9/EU, RL38A7CGTS9/EG.

AR12CXCAAWKNEU.

WF25CB8895BV, WF25CB8895BG, WF25CB8895BF, WF25CB8895BB, WF25CB8895BE, WF25CB8895BW.

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Өнімдер > Тұрмыстық техника

Жүктеу

  • DA-Product-Carbon-Footprint-Certication_dl1.jpg

  • DA-Product-Carbon-Footprint-Certication_dl2.jpg

  • DA-Product-Carbon-Footprint-Certication_dl3.jpg

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары