Samsung Electronics 2024 жылғы Odyssey OLED, Smart дисплейлер және ViewFinity желілерін ұсынады

04.06.2024
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Odyssey OLED сериясының соңғы үлгілерінде ұсынылған жаңа Samsung технологиясының арқасында OLED күйіп қалудан қорғаудың одан да жоғары деңгейі

M8 Smart дисплейі және Odyssey OLED G8 Smart үлгілеріндегі жасанды интеллект (AI) негізіндегі Smart функциялар ойын-сауық тәжірибеңізді жақсартады, ал жаңа ViewFinity үлгілері жұмыс үрдісінің тиімділігін арттырады

 

Samsung Electronics жаһандық деңгейде өзінің 2024 жылғы OLED ойын мониторы желілерін іске қосты: Odyssey, Smart Monitor және ViewFinity.

 

Жаңа элементтер геймерлерді көптен күткен функциялармен қуантып, олардың кейбіреулері жағымды тосын сый болады. Пайдаланушыларды жаңа тәжірибелер күтеді, мониторларын не үшін пайдаланса да. Odyssey желісі жаңа буын OLED дисплейі бар OLED G8 үлгісімен және жаңа AI мүмкіндіктермен кеңейтілді.¹ M8 дисплейдің Smart үлгісі жасанды интеллект қолдауының арқасында кеңейтілген ойын-сауық функцияларын қамтамасыз етеді.

 

«Біздің соңғы мониторлар топтамалары бүкіл әлемдегі пайдаланушылар үшін мол мүмкіндіктер ұсынып, барлық пайдалану жағдайлары үшін ең жақсы тәжірибені ұсынады, – дейді Хун Джонг (Hoon Chung), Samsung Electronics компаниясының Дисплей шешімдері (Visual Display Business) бөлімінің атқарушы вице-президенті. – Жасанды интеллект қолдайтын революциялық Odyssey OLED ойын мониторынан Smart және ViewFinity үлгілеріне дейін бір уақытта бірнеше қосылған құрылғылармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Samsung бүкіл әлемдегі пайдаланушыларға ең озық технологияларды жеткізе отырып, нарықты қайта анықтауды жалғастыруда.

 

Odyssey OLED: көрнекі артықшылық және күйіп қалудың алдын алу үшін жаңа функциялар

 

 

2024 жылғы Odyssey OLED желісі үлгілері – Odyssey OLED G8 (G80SD үлгісі) және Odyssey OLED G6 (G60SD үлгісі) – жаңа буынның Samsung OLED дисплейлерінің желісін кеңейтті.

 

Odyssey OLED G8 – бұл Samsung компаниясының 4K UHD (3840 x 2160) ажыратымдылығы және 16:9 арақатынасы бар бірінші жалпақ 32 дюймдік OLED ойын мониторы. Оның  өте тегіс және жылдам ойын тәжірибесін қамтамасыз ететін 240 Гц жаңарту жиілігі және 0,03 мс жауап беру уақыты (GtG) бар. Odyssey OLED G6 – QHD ажыратымдылығы (2560 x 1440) және 16:9 арақатынасы бар 27 дюймдік монитор. 360 Гц жаңарту жиілігі және 0,03 мс жауап беру уақыты (GtG) ойыншыларға динамикалық ойынға толығымен енуге мүмкіндік береді.

 

 

Жаңа Odyssey OLED G8 – Samsung компаниясының жасанды интеллект қолдауы бар бірінші OLED ойын мониторы. Samsung өзінің 2024 жылғы 8K теледидарында қолданатын 3-ші буын NQ8 AI процессоры Samsung Gaming Hub² және ойындар мен ойын-сауыққа арналған³ кірістірілген Smart TV қолданбаларын пайдаланған кезде ажыратымдылықты 4K дейін арттыруға мүмкіндік береді.

 

Екі жаңа OLED үлгісінде Samsung OLED Safeguard+ функциясы бар – компания әзірлеген жаңа патенттелген күйіп қалуға қарсы технология. Бұл пульсирленген жылу құбыры арқылы дисплейдің күйіп кетуіне жол бермейтін әлемдегі бірінші технология. Бұған қоса, динамикалық салқындату жүйесі графит парағын салқындатудың алдыңғы әдісіне қарағанда жылуды бес есе тиімді тарату үшін салқындатқышты буландырып, конденсациялайды. Осылайша өзектегі температураны төмендету арқылы қызып кетудің алдын алады. Монитор сонымен қатар логотиптер мен тапсырмалар тақталары сияқты статикалық кескіндерді танып, жарықтылықты автоматты түрде азайтады және мониторды күйіп кетуден қорғайды.⁴

 

Odyssey OLED G8 және OLED G6 250 нит жарықтығымен теңдесі жоқ OLED сурет сапасын береді (типтік мағынасы), ал FreeSync Premium Pro технологиясы үзілістілікті, кешігу және кескіннің жыртылуын болдырмау үшін графикалық процессордың жұмысы мен дисплей тақтасын синхрондайды.

 

Samsung компаниясының жаңа OLED Glare Free⁵ жарқылға қарсы технологиясы түс дәлдігін және жарқырауды азайтуды қамтамасыз етеді, соның арқасында сурет күндізгі жарықта да анық және сапалы болып қалады. OLED дисплейлері үшін оңтайландырылған шағылыстыруды сіңіретін жабын жаңа мамандандырылған қатты қабат және жаңа қолданба үлгісі арқылы дисплей жарықтығы мен шағылысу арасындағы теңгерімді табуға мүмкіндік береді.

 

Екі мониторда стильді көрініс пен ерекше тұлға беретін өте жұқа металл корпусы бар, ал Core Lighting+ технологиясы жарықтандыруды экрандағы әрекетпен синхрондау арқылы ойын-сауық пен ойын тәжірибесін жақсартады. Реттелетін биіктік және эргономикалық тұғырды еңкейту және айналдыру мүмкіндігі монитор алдында ұзақ уақыт өткізуді ыңғайлы етеді.

 

Жаңа Odyssey OLED желісі Samsung компаниясының OLED мониторлар нарығындағы көшбасшылығын нығайтуда. Оның іске қосылуы Samsung компаниясының бірінші OLED үлгісі шығарылғаннан кейін бір жыл өткен соң, OLED мониторлары нарығындағы жаһандық⁶ сату көшбасшысы ретінде танылуының аясында өтті. Бұл жетістік Samsung компаниясының бәсекеге қабілетті OLED мониторлар нарығындағы қарқынды өсуін көрсетіп, оның ойын мониторларының топтамасын компанияның меншікті OLED технологиясын пайдаланатын үлгілермен әртараптандыру жөніндегі міндеттемесін нығайтады.

 

M8 Smart дисплеі: мөлдір бейне және аудио үшін жасанды интеллект

 

 

Ақылды дисплейлердің жаңартылған желісі жұмыс және ойын үшін бірнеше қосылған құрылғылардың қуатын біріктіреді. 2024 жылғы жаңа өнімдердің ішіне M8 (M80D үлгісі), M7 (M70D үлгісі) және M5 (M50D үлгісі) кіреді.

 

4K UHD ажыратымдылығы бар жаңартылған 32 дюймдік M8 Smart дисплейінде NQM AI процессорының арқасында жаңа жасанды интеллект функциялармен жабдықталған. Жасанды интеллект көмегімен кескін сапасын жақсарту функциясы ажыратымдылықты 4K дейін⁷ арттыруға мүмкіндік береді, ал Active Voice Amplifier Pro функциясы қарап отырған контеттегі⁸ диалогты оңтайландыру үшін пайдаланушы ортасындағы фондық шуды талдау үшін AI пайдаланады. M8 құрылғысында 360 Audio⁹ режимі қолжетімді, ол Galaxy Buds құлаққаптармен біріктірілгенде көлемді дыбыс тәжірибесін береді. SlimFit кірістірілген камерасы Samsung Dex¹⁰ көмегімен мобильді қолданбалар арқылы бейне қоңыраулар шалуды жеңілдетеді.

 

Бүкіл Smart Display желісіндегі жаңалық – жаттығуды бақылау,¹¹ ол Galaxy Watch сағатымен жұптастырылған кезде экранда нақты уақыттағы денсаулық деректерін көрсетуге мүмкіндік береді, тіпті контент көру барысында. Бұл жаттығу мақсаттарыңызды бақылауды жеңілдетіп, жаттығуды жағымды етеді.

 

Жаңа функциялар Smart дисплей үлгілерінің әсерлі мүмкіндіктерін кеңейтеді. Smart TV және Samsung TV Plus¹² қолданбалары компьютерді қоспай немесе басқа құрылғыларға қосылмай-ақ кең ауқымды ағындық қызметтер мен тікелей оқиғаларға жылдам қол жеткізуді қамтамасыз етеді.¹³

 

M7 үлгісі 4K UHD ажыратымдылығы (3840 x 2160) және 300 нит жарықтығы (типтік мағынасы) және 4 мс жауап беру уақыты (GtG) бар 32 және 43 дюймдік нұсқаларында қол жетімді. M5 үлгісі FHD ажыратымдылығы (1920 x 1080) және 250 нит жарықтығы (типтік мағынасы) және 4 мс жауап беру уақыты (GtG) бар 27 және 32 дюймдік нұсқаларында қол жетімді.

 

ViewFinity: Максималды жасампаздық және пайдаланудың қарапайымдылығы

 

 

Кәсіпқойлар мен жасампаздар үшін оңтайландырылған және жауапты тұтынуды ескере отырып жасалған ViewFinity соңғы топтамасына ViewFinity S8 (S80UD және S80D үлгілері), ViewFinity S7 (S70D үлгілері) және ViewFinity S6 (S60UD және S60D үлгілері) кіреді.

 

Жаңартылған 2024 ViewFinity¹⁴ мониторлары Samsung компаниясының қайта өңделген материалдар технологиясымен жасалған: олардың корпусы кем дегенде 10% қайта өңделген пластиктен жасалған және пластикалық компоненттерге ешқандай химиялық спрейлер қолданылмайды.¹⁵ Бөлшектеуді жеңілдету үшін қаптамада қағаз қыстырғыштардың орнына желім пайдаланады.

 

Easy Setup Stand тірегі бір рет басу арқылы жиналады, ешқандай құрал немесе бұранда қажет емес. Бұл ViewFinity мониторын тез әрі оңай орнатуға және оның жанды кескіндерін тамашалауға мүмкіндік береді. Әрбір 2024 жылғы ViewFinity мониторы нақты түсті көрсету үшін HDR10 және 1 миллиард түстерді қолдайды. Кірістірілген TÜV-Rheinland сертификатталған ақылды көзді қорғау функциялары ұзақ жұмыс уақытында көздің шаршауын азайтуға көмектеседі.

 

ViewFinity S8 27 және 32 дюймдік дисплейлермен ұсынылған, олардың әрқайсысында 4K UHD ажыратымдылығы (3840 x 2160), 60 Гц жаңарту жиілігі және 350 нит (типтік мағынасы) жарықтығы бар. Олар сондай-ақ оңай қосылу үшін USB хабы және биіктігі реттелетін тіреуішпен бірге келеді. S80UD үлгісі екі түрлі енгізу құрылғысы арасында оңай қосылуға және ауысуға арналған жаңа KVM қосқышымен ерекшеленеді, сондай-ақ 90 Вт-қа дейінгі қуаттағы құрылғыларды зарядтауға мүмкіндік беретін USB-C порты бар.

 

ViewFinity S7 мониторы әрқайсысының UHD 4K ажыратымдылығы (3840 x 2160), 350 нит жарықтығы (типтік мағынасы) және 60 Гц жаңарту жиілігі бар 27 және 32 дюймдік нұсқаларында қол жетімді. ViewFinity S6 үлгісі 24, 27 және 32 дюймдік өлшемдерде қол жетімді, олардың әрқайсысы QHD (2560 x 1440) ажыратымдылығымен, 100 Гц жаңарту жиілігімен және 350 нит жарықтығымен (типтік мағынасы), соның ішінде USB хабы және биіктігі реттелетін тіреуіш. S60UD үлгісінде кірістірілген KVM қосқышы және USB-C порты (90 Вт дейін зарядталады) бар.

 

Samsung компаниясының 2024 мониторлар желісі туралы қосымша ақпарат алу үшін https://www.samsung.com/kz_kz/ сайтына кіріңіз.

 

Техникалық сипаттама

 


Odyssey OLED cериясы
Моделі G80SD G60SD
Дисплей Экран өлшемі  32”/ 16:9 / жалппақ 27” / 16:9 / жалппақ
Экран түрі OLED OLED
Жарықтық 250 кд/м2 250 кд/м2
Жаңарту жиілігі 240 Гц 360 Гц
Өлшемі 3840 x 2160 2560 x 1440
Жарқылға қарсы жабын OLED Glare Free OLED Glare Free
Жауап беру уақыты GtG 0,03 мс GtG 0,03 мс
Интерфейс Интерфейс 2 HDMI (2.1), 1 DP (1.4), 3 USB 3.0 (1 Up, 2 Down) 2 HDMI (2.1), 1 DP (1.4), 3 USB 3.0 (1 Up, 2 Down)
Сиппатамалары Smart TV мүмкіндіктері Иә
Кірістірілген динамик Иә
Синхрондау технологиясы AMD FreeSync Premium Pro AMD FreeSync Premium Pro
Күйіп қалудан қорғау Иә (Samsung OLED Safeguard+) Иә (Samsung OLED Safeguard+)
Дизайн Тіреуіш түрі HAS/Бұрылыс/Көлбеу/Айналу/
VESA
HAS/Бұрылыс/Көлбеу/Айналу/VESA

 

Smart дисплейлер сериясы
Mоделі M80D M70D M50D
Экран өлшемі 32” 43”, 32” 32”, 27”
Экран түрі VA, жалппақ VA, жалппақ VA, жалппақ
Жарықтық 400 кд/м2 300  кд/м2 250  кд/м2
Дисплей Жаңарту жиілігі 60 Гц 60 Гц 60 Гц
Контраст қатынасы 3000:1
(Типтік мағынасы)
32”: 3000:1
(Типтік мағынасы)43”: 5000:1
(Типтік мағынасы)
3000:1
(Типтік мағынасы)
Өлшемі 3840 x 2160 3840 x 2160 1920 x 1080
Жауап беру уақыты 4 мс (GtG) 4 мс (GtG) 4 мс (GtG)
HDR Иә (HDR 10+) Иә (HDR 10) Иә  (HDR 10)
Технологии ИИ 4K ажыратымдылығы Иә
Active Voice Amplifier Pro функциясы Иә
Smart Бейне-қызметтері (Netflix, YouTube, etc.) Иә Иә Иә
Ойын орталығы  Иә  Иә Иә
IoT-хаб Иә (Кірістірілген) Иә (Адаптер қажет) Иә (Адаптер қажет)
Дауыстық көмекші Иә (Дауыспен басқару) Иә (Дауыспен басқару)
Workspace Иә Иә Иә
Multi View 2 экран
(толық экран)
2 экран 2 экран
MDE функциясы Мульти-бақылау Иә Иә Иә
360 Audio режимі Иә
Жаттығуды қадағалау Иә Иә Иә
Интерфейс Тінтуір мен пернетақта көмегімен бақылау (ESB-мен) Иә Иә
Интерфейс 1 HDMI (2.0), 2 USB-A, 1 USB-C (65W) 2 HDMI (2.0), 3 USB-A, 1 USB-C (65W) 2 HDMI (1.4), 2 USB-A
Камерасы Қорапта
(Fit камерасы)
Үйлесімді Үйлесімді
Динамиктер 5Вт x 2 43”: 10Вт x 232”: 5Вт x 2 5Вт x 2
Көзіңізге қамқорлық көзқарас Бейімделетін кескін Иә ИәИә
Көзді қорғау / Flicker Free Иә Иә Иә
Дизайн  Атақты, талғампаз дизайн Иә
Түсі Жылы ақ Қара/Ақ Қара/Ақ
Тіреуіш түрі HAS/ Айналу/ Көлбеу Қарапайым Қарапайым

 

ViewFinity сериясы
Үлгі S80UD S80D S70D S60UD S60D
Экран өлшемі 27”/32” 27”/32” 27”/32” 24”/27”/32” 24”/27”/32”
Панель түрі IPS (27”) / VA (32”) IPS (27”) / VA (32”) IPS (27”) / VA (32”) IPS IPS
Жарықтық (тип.) 350 nits 350 nits 350 nits 350 nits 350 nits
Дисплей Жауап беру уақыты 60 Гц 60 Гц 60 Гц 100 Гц 100 Гц
Өлшемі 3840 x 2160 3840 x 2160 3840 x 2160 2560 x 1440 2560 x 1440
Түс гаммасы sRGB 99% sRGB 99% sRGB 99% sRGB 99% sRGB 99%
Интерфейс Интерфейс 1 USB-C (90W)     1 HDMI (2.0)

1 DP (1.2)

USB Hub (Up/3Dn)

1 HDMI (2.0)        1 DP (1.2)USB Hub (1Up/3Dn) 1 HDMI (2.0)        1 DP (1.2) 1 USB-C (90W) 1 HDMI (2.0)

1 DP (1.4)

1 DP out (1.4)

USB Hub (1Up/3Dn)

1 HDMI (2.0)1 DP (1.4)

HDMI, DP, USB Hub (1Up/3Dn)

Сипаттамалары LAN Иә Иә
Daisy Chain Иә
KVM-ауыстырғышы Иә Иә
Көруді интеллектуалды қорғау Иә Иә Иә Иә Иә
Дизайн  Тіреуіш түрі HAS Easy Setup Stand

Бар

Тіреуішті оңай орнату

HAS Easy Setup Stand SimpleEasy Setup Stand HAS Easy Setup Stand HAS Easy Setup Stand
VESA 100 x 100 100 x 100 100 x 100 100 x 100 100 x 100

 

 

1 Жасанды интеллект функциялары тек G80SD және M80D үлгілерінде қолжетімді.
2 Gaming Hub шектеулі елдерде қолжетімді.
3 Жасанды интеллект көмегімен сурет сапасын жақсарту кірістірілген Smart TV және Samsung Gaming Hub қолданбаларын пайдаланғанда ғана жұмыс істейді (PQ басымдық режимі).
4 Логотипті анықтау тек AV режимінде жұмыс істейді.
5 UL растауы өнімдерді Халықаралық жарықтандыру комиссиясы (CIE) белгілеген Unified Glare Rating (UGR) сынау стандартына және Халықаралық стандарттау ұйымы белгілеген сынақ стандартына сәйкес бағалау арқылы “жарықсыз OLED” шағымын растайды.
6 IDC Q4 2023 Worldwide Quarterly Gaming Tracker.
7 Жасанды интеллект көмегімен сурет сапасын жақсарту кірістірілген Smart TV және Samsung Gaming Hub қолданбаларын пайдаланғанда ғана жұмыс істейді (PQ басымдық режимі).
8 Active Voice Amplifier Pro функциясы тек кірістірілген Smart TV қолданбаларында қолжетімді.
9 360 Audio және басты бақылауды қолдау функциясы қолданба мен контентке байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Қолдау көрсетілетін құрылғыларға Galaxy Buds 2 Pro/2/Pro/Live кіреді және ескертусіз жаңартылуы мүмкін.
10 Samsung DeX-пен SlimFit камерасының үйлесімділігі One UI 6.1.1 немесе одан кейінгі нұсқасы бар Galaxy S23 немесе одан кейінгі, Fold 5 немесе Tab S9 құрылғысына USB-C қосылымын қажет етеді.
11 Қолдау көрсетілетін құрылғыларға ең соңғы бағдарламалық жасақтамасы бар Galaxy Mobile (One UI 4.1.1 және одан жоғары) орнатылған Galaxy Watch 4 немесе одан кейінгі нұсқасы кіреді. Құрылғылар бір Samsung тіркелгісінде тіркелуі керек. Жаттығуды бақылау функциясын пайдалану үшін сағат пен мобильді құрылғыны экранның жанына қойыңыз.
12 Қолдау көрсетілетін Samsung құрылғылары мен арналары аймаққа байланысты әртүрлі болуы және ескертусіз өзгертілуі мүмкін. Бұл функцияларды пайдалану үшін қосымша параметрлер қажет болуы мүмкін. Samsung TV Plus экранында жарнама пайда болуы мүмкін.
13 Интернетке кіру қажет.
14 Тек S60UD, S60D, S70D, S80UD, S80D үлгілерінде.
15 Құрамдас бөлікке байланысты өзгеруі мүмкін қайта өңделген материалдардың пайызы өнімде пайдаланылған пластиктің жалпы салмағына (қайта өңделген салмақ/жалпы пластик салмағы) негізделген./span>

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Өнімдер > Дисплейлер мен мониторлар

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары